Тақырыбы: Көшпелілік (номадизм) мәдениет типі ретінде


Қоғамдағы түрлі топтар қызметі



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі46,33 Kb.
#95494
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
културология ожсож 7

Қоғамдағы түрлі топтар қызметі
Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Жалпы, арғы заманғы дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың орны ерекше болды. Оны олардың батырлар жырындағы бейнесінен байқаймыз.
Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты.
Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сынықшылар айналысты. Олар әріден келе жатқан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды. Жалпы, көшпелі тұрмыстың жылжымалылығы, халықтың бір орында топтаспай, бытырап орналасуы, әр түрлі індет, жұқпалы аурудың тарауынан сақтады.
Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстаң әр түрлі ат әбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асыл тұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Құсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды. Бақсы-балгер ем-дом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Барымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әр түрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі шуттар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді.
Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғүрып, салт-санасымен қатты санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды. Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.

Әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет