Тақырыбы: “Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері” Дайындаған: Ботай Сан



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі1 Mb.
#96188
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ботай Сандуғаш 1 ӨСӨЖ тарих

Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады. Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады. Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады. Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады. Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет