Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау Мақсаты



бет2/2
Дата22.11.2022
өлшемі48,5 Kb.
#159318
1   2
Байланысты:
8 лекц БББОТ
Instagramда жұмыс жасауға арналған 200 қосымшалар, Адам және мәдениет, 8 лекц БББОТ, 6-дәріс-Эндокардиттер.-Миокардиттер.-Перикардиттер.
Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады. Түзетулер енгізу білім алу нәтижесін жақсарту үшін мұғалімнің немесе оның оқушылармен бірігіп жаңа мәселелерді ұсынуы.
Формативті бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету процесін қадағалап отыруға мүмкіндік береді және оқу процесіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алуында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.
Формативті бағалау:

  • күнделікті тәжірибеде қолданылады (сабақ сайын, күнделікті)

  • оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде пайдаланылады.

Формативті бағалаубілім берудің ерте кезеңінде оқыту процесіне өзгерістер енгізу мақсатында оқушының прогресік дамуын бағалау.
Әрбір оқушының жеке жетістіктерін басқа оқушылармен салыстырмай және оқудың нәтижесінің әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, мектепке формативті (қалыптастырушы) бағалау тәсілдерін енгізу міндеті көкейкесті мәселе болып тұр.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға, оның орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталған. Педагог осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың барабар (адекватты) тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына көмектеседі. Оқушылар өзін-өзі бағалау ұстанымдарын, өзінің жұмыс нәтижелерін жетілдіру тәсілдерін меңгереді, өзінің оқуына деген жауапкершілікті мұғаліммен бөліседі.
Формативті (қалыптастырушы) бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс сыртқы кері байланыстан ішкі кері байланысқа ауысады, ал бұл оқушыны білім берудің субъектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді. Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Солайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.
Қалыптастырушы баға технологиясы мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру ресурстарының бірлігінен тұрады.
Мақсатты белгілеудің мәрелік (стартовый) нүктесін анықтай отырып, әрі қарай былайша жылжу қажет болады:

  • мақсатты өлшенетін оқу нәтижелеріне аудару;

  • нәтижеге жету деңгейін анықтау;

  • бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;

  • оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;

  • бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау.

Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:

  1. Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.

  2. Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.

  3. Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін жүргізу.

3. Суммативті (қорытынды) бағалау белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған. Суммативті бағалау көптеген тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Тексеру жұмыстарына қойылған бағалар қорытынды бағаны анықтауға негіз болады.
Суммативті (қорытынды) бағалаудың мақсаты - белгілі бір уақыт аралығында оқушының меңгерген білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау және алынған нәтижелердің стандарт талабына сай болуын анықтау.
Суммативті бағалауды практикада жүзеге асыру әр түрлі бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Бақылау – тексеру тапсырмаларын құрғанда оның сұрақтары мемлекеттік білім беру стандартының мазмұнына және пәндік оқу бағдарламасына сай құрылуы қажет. Оқушының жетістігінің деңгейін тексеру үшін мұғалімдер әдетте дайындалған сұрақтар нұсқасын, тесттерді немесе оқулықтағы әр параграфтың, тараудың соңындағы сұрақтарды пайдаланады. Сонымен қатар мұғалімдер өз тәжірибелерін, қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өздіктерінен тапсырма сұрақтарын құруға болады.
Осылайша, мұғалімнің оқушылардың белгілі бір оқу нәтижелеріне жетуін қамтамасыз ететін дәстүрлі құралдарынан (әдістемелік нұсқау т.б.) бөлек бұл технология мынадай дәстүрлі емес ресурстарды ұсынады:
Оқу нәтижелерін жоспарлау ресурстары:

  • Оқушының оқу нәтижелерін ой операцияларының күрделілігіне қарай тізбектеп қоюға (ранжирование) мүмкіндік беретін талаптар;

  • Оқушының түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға берілетін еркін мазмұнды жүзеге асыруға қойылатын талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет