Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Педагогиканың мiндеттерi



бет1/13
Дата28.01.2022
өлшемі48,7 Kb.
#115388
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Бастауыш педагогика
БАЯН КІТАП ПСИХОЛОГИЯ

Тақырыбы: «Педагогиканы оқыту әдістемесі»

 

Педагогиканың мiндеттерi

 

Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.



Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.

1.      Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi -  үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.

2.      Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократиялан­дырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.

3.      Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.

4.      Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.

5.   Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.

6.   Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет