Тақырыбы: Рота бойынша кезекшінің міндеттері



бет1/2
Дата21.11.2023
өлшемі15,39 Kb.
#192540
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
KGTLAWVCBTSM20112023124710
Пиримбет Шапагат, Жекелей қорғаныс құралдарын сақтау және үлестіру тәртіптері. НИЯЗ 2 БОЖ, Документ Microsoft Word, 63500894, Жергілікті жерде картасыз ба дарлау. Магнитті азимутты аны тау

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: Рота бойынша кезекшінің міндеттері


Орындаған: Күнқожа Нияз


Қабылдаған: Алмазхан Асанов


Тобы: БӘД-011

Тәуліктік кезекшінің құрамы және тағайындалуы

Тәуліктік наряд- әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға арналған.


Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы:


бөлім бойынша кезекші;


— бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;


— қарауыл;


— кезекші бөлімше;


— парк бойынша кезекші және тәуліктік кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің механик-жүргізушілері;


— кезекші фельдшер және медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер;


— бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;


— бөлім штабы бойынша кезекші;


— өрт наряды


Ротаның тәуліктік нарядына:


Рота бойынша кезекші

— Рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.


Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп белгіленеді.


Бөлімшелер нарядқа өздерінің командирлерімен бірге тағайындалады. Бөлім офицерлерінің және бөлімшелерінің арасындағы кезектілікті бөлім штабының бастығы белгілейді.


Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімшелердің командирлері жеке құрамды іріктеу және қызмет атқаруға, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.


Ротаға нарядтардың кезектілігін ротаның старшинасы, ал взводта – взвод командирінің орынбасары белгілейді.


Тәуліктік кезекшінің жабдықталу орны.


-белгі қабылдайтын және бөлімшелерге хабарлайтын техникалық құралдар


-байланыс құралдары


-жарықтандырудың резервтік көздері


-медициналық аптечка


-өрт сөндіру құралдары


-тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд


Тәуліктік кезекшінің құжаттары


— кезекшіге және оның көмекшісіне химиялық қару қолдану қаупі төнген жағдайындағы нұсқаулар


— күн тәртібі


— телефон стансаларының және лауазымды адамдарды шақыру кестесі.


— өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқау.


— құжаттар мен мүліктердің тізбесі;


-кезекшілікті қабылдап алу және тапсыру кітабы.


— ҚРҚК жарғылар жиынтығы


Рота бойынша кезекшіде


— кезекші беретін үлгілік пәрмендер мен белгілердің тізбесі.


— ротаның казармадан тыс тұратын әскери қызметшілердің мекен-жайлары;


— таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім нысандарының үлгісі.


— аумақтық тазарту үшін ротаға бекітілген учаскенің сызбасы;


— қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді беру,науқастарды сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы.


дабыл бола қалған жағдайда ұрыс машиналарының оталдыру құлптарымен люктерінің мөрленген жәшіктегі кілттерінің жиынтығы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет