Тақырыбы: «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» Мақсаты



бет1/4
Дата30.01.2022
өлшемі395,57 Kb.
#116033
  1   2   3   4
Байланысты:
rukhani zha 1187 1171 ru t 1241 rbie sa 1171 aty
ИКТ

Тақырыбы: «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол»

Мақсаты: 1. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру;

2.Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;



3. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер,интерактивті тақта,слайдтар
БАРЫСЫ:

Мұғалім сөзі:Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Діни келісім мен конфессиаралық бейбітшілік,бірлік тұрақтылық көпұлттық көптілді және көп конфессиялық Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрі діндердің басшылары діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Қазір қазақстандағы діни ахуал дүние жүзінде тұрақты болып табылады. Негізгі діндер ислам мен православие арасындағы байырғы және достық қатынастар қалыптасты. Құрбан айт және Рождество ресми түрде демалыс күндері саналады. Біздің ұлт аралық және конфессия аралық келісім үлгісі - Қазақстанның кемсітушілікке қарсы күрес пен өзара түсініктікті және жаһандық қауіпсіздікке қолдау көрсетуге қосқан үлесі болып табылады. Қазақстан бұрыннан келе жатқан әлемдік діндердің қиылысу жолының орталығы болып отыр. Осыған қатысты Елбасымыз Н.Ә.Н. өзінің Жолдауында «Біздің топырағымыз арғылы барлық әлемдік діндер өткен. Осынау рухани дәстүр- Қазақстандағы конфессиялар арасындағы татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі. Бұл жетістік арқылы біз күллі әлемге танылмақпыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет