Тақырыбы: Сирия


Дамаскіде орналасқан шіркеулер



бет4/5
Дата11.12.2021
өлшемі35,15 Kb.
#99020
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жанел Азия 13 апта
Around the house1, Еуропа 14апта, Еуропа 14апта, 9 ТАРИХ ҚМЖ, 9 ТАРИХ ҚМЖ, Болатова Айжан, Tarikh 2, 2 5226984454886527241, Глоссарий 10, Документ (19), СӨЖ

Дамаскіде орналасқан шіркеулер


Сирия аграрлы-индустриалды ел. Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылығы. Дәнді дақылдардан бидай, арпа, сұлы, жүгері, т.б. егіледі. Мақта, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру, балық ш., жеңіл өнеркәсібі дамыған. Болат прокаттау, мұнай айыру, трактор құрастыру, т.б. өнеркәсіп салалары жұмыс істейді. Сыртқа мұнай және мұнай өнімдерін, мақта, тоқыма бұйымдарын, ауыл шаруашылық өнімдерін шығарады. Импортының негізін мәшина және жабдықтар, азық-түлік, қара металдар, ағаш құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1024 АҚШ -на . Негізгі сауда : ИспанияФранцияҰлыбританияГермания. Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды. Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді.

2007 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған бірінші ресми сапары екі ел арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі серпін берді. Сапар қортындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі мен САР Сыртқы істер министрлігі арасындағы Саяси консультациялар жөніндегі декларацияға, ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен САР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік, сондай-ақ Астана мен Дамаск арасындағы әріптестік қарым-қатынастар орнату меморандумдарына қол қойылды. Сапар шеңберінде Қазақстан-Сирия Іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Қазақстанға САР бұрынғы Сыртқы істер министрі Фаруқ Шарааның (1992 ж. наурыз), САР Экономика және сауда министрі А.Лютфидің (2005 ж. тамыз), Сирияның қазіргі Сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллимның (2007 ж. қыркүйек) сапарлары болды. Өткен жылдар ішінде Сирияда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ж.Тұяқбай (2004 ж. маусым), ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2003 ж. мамыр), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев (2006 ж. маусым), ҚР Индустрия және сауда министрі Ғ.Оразбақов (2007 ж. шілде) болып қайтты. Екі елдің мәдени саладағы өзара іс-қимылында Дамаскіде жерленген қазақ халқының көрнекті ұлдары – ғалым, ойшыл Әбу Наср Әл-Фараби мен Египет пен Сирияның ХІІІ ғасырдағы билеушісі Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың тарихи мұраларына қатысты тақырып ерекше орын алады.

2007 ж. қазанда ҚР Үкіметі мен САР Үкіметі арасындағы Дамаск қаласында Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салу, Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтірудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, ҚР Үкіметі Әл-Фарабидің тарихи-мәдени орталығының және кесенесінің құрылысын салуға 29,6 млн. теңге және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс кесенесін қалпына келтіру құрылысына 54,2 млн. теңге қаражат бөлді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 33 млн.308,2 мың АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт). 2009 ж. қаңтар мен мамыр айлары аралығындағы екіжақты сауда мөлшері 5,435 млн. АҚШ долл. жетті.[14]

2009 жылы 13 сәуірде Дамаск қаласында ҚР-ның Египеттегі Елшісі Бахтияр Тасымов Сирия Сыртқы істер министрі Уалид Әл-Муаллимге Қазақстанның Сирия Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқару жөнінде Сенім грамоталарын тапсырды.[15]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет