Тақырыбы: технологиялық машиналарды жөндеу


Белбеулі және шынжырлы беріліс элеметтерін жөндеу



бет35/41
Дата06.09.2023
өлшемі121,81 Kb.
#180375
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
Жөндеу технологиясы
Еңбек қорғау пәнінен тест жұмыстары
Белбеулі және шынжырлы беріліс элеметтерін жөндеу
Белбеулі беріліс элементі бұл, иілгіш белбеумен қамтылған екі немесе бірнеше шкифтер. Технологиялық жабдықтарда кең таралған белбеулі беріліс түрі бұл, сыналы белбеулі беріліс, сонымен қатар дөңгелек қимадағы белбеулер кездеседі. Сыналы белбеулер үшін жұмысшы беті болып шкифтің жақтауындағы сыналы оршықтардың бүйірлік жақтары қызмет етеді.
Шкифтерді СЧ 12, СЧ 15 шойынынан және де 25 маркалы құрыштан, алюминий қоспасынан, сирек құрыштық пісірілген және пластмассалық шкифтер кез-деседі. Шкифтің күйреуі түрлі себептермен жүреді. Белбеулі берілістің жұмысшы міндетті шарты, бұл, белбеу мен шкиф арасындағы қажетті үйкелісті қалыптастыру. Ал ол, өздігінде шкиф пен белбеудің қызуын және олардың тозуын тудырады.
Бұл құбылыс белбеудің тайғанауымен күрделенеді, әдетте оларға артық күш түскен жағдайда немесе әлсіз керілуі кезінде. Сондықтан да белбеудің уақыт бірлігіндегі майысуына тәуелді кедергі шаршауымен анықталады. Белбеудің ұзақ мерзімділігіне жоғарғы температура әсерін тигізеді. Өздігінде жоғары темпе-ратура әсерін тигізеді. Өздігінде жоғарғы температура, тек белбеудің шкифке үйкелісінің салдары ғана емес, сонымен қатар белбеудегі іштей үйкелісінің нәтижесі.
Шкифтерге біршама тән жарамсыздықтардың түрлері: жақтаудың сыналық оршығының тозуы, жақтаудың, спицтің және керітпештің жарылуы, шпонкалық паз бен шлицалардың отырғызылу саңылауының тозуы, шкифтің тепе-теңсіздігі. Сына белбеулі беріліс оршығын бүйіршік жақтауының тозуы кезінде үлкен өлшемге токарь станогында жонуға рұқсат етіледі, яғни белбеудің келесі үлкен қи-масында. Бұл кезде екінші шкифте қабылданған белбеудің жаңа қимасының өлшеміне өңделеді.
Шкифте жарғыншақтың пайда болуы рұқсат етілмейтін жағдай. Жақтаудағы немесе спицадағы орын алған жарғыншақтарды жөндеу барысында алдын ала олардың қырларын өңдеп сонан соң оны қолмен атқарылатын доғалы немесе газды пісірумен пісіреді.
Шынжырлы берілістер өнеркәсіпте қоректендіргіштердегі, ленталы және сыдырмақтағы (скребковых) тасмалдағыштарда және т.б. жабдықтардағы жетектен орындаушы механизмге айналдыру моментін беру үшін кезеңінен қолданылым тауып отыр. Мұндай беріліс жетекші және жетектелуші жұлдызшаларды иіле қамтитын шынжырдан тұрады. Біршама кең таралғаны, бұл, бірқатарлық роликті ПР типтегі қалыпты сериялы және ПРА типті жеңіл сериялы шынжырлар.Жауапкершіліксіз берілістерде төлкелі шынжырлар қолданады.
Шынжыр пластиналары көміртекті және қоспалы құрыштардан ( маркалары 45, 50, 40Х, 60Г) дайындалады. Шынжыр өсі, төлкесі, роликті-цементацияланған (15, 20, 15Х, 20Х, және т.б.) HRC 40-65 қаттылыққа дейін шынықтырылған құрыштан жасалады. Беріліс жұлдызшалары сұр шойыннан ( СЧ-18, СЧ-30 және т.б.) және шынықтырылған ( 45, 40Х, 45Г және т.б.) маркалы құрыштардан жаса-лады.
Жұмыстық пайдалану процесінде абразивті заттар, өңделінетін өнім құра мындағы, шынжыр топсаларына келіп түсіп үйкелісуші беттер арасында ұзақ уақыт ұсталына отырып абразивті салмақ түзеді.
Үйкелісудің нәтижесінде шынжыр бөлшегінің тиісті беттері мен жұлдызша тістері тозады. Атап өткен жөн, яғни төлкелі тісті берілістің тозуы роликтіге қарағанда жоғары. Бұл жағдайдың орын алуы, роликтің сырғанау үйкелісін тербелу үйкелісімен ауыстыратындығынан, және де меншікті қысымды азайтатындығымен түсіндіріледі.
Топсалардың тозуы өздігінде шынжыр адымының өсуіне және оның ұзындығының ұзаруына әкеліп соғады. Және де мұның салдарынан жұмыс барысындағы шудың басым болуы, шынжырдың жұлдызшадан сырғып кету қауіпті орын алады, сонымен қатар түбінде шынжырдың үзілуі заңды.
Берілістің жұмыстық пайдаланылуы процесінде шынжыр ролик пен төлке секілді күйреуге ұшырайды. Тозу, шынжыр қысқа болған сайын және жұлдызшаның айналу жүйілігі үлкен болған сайын күшейеді.
Шынжырдың тозуы жөндеуге берілмейді, себебі, әдетте шынжырдың тозуы ұзындығы бойынша бірқалыпты жүретін болғандықтан. Сондықтан да оны жаңа шынжырмен ауыстырады.
Жұмыстық қолдану процесінде орнатылғандай, роликті шынжырлардың топсасының тозуында тозуға ішкі мүшелерге қарағанда сыртқы мүшелері көбірек ұшырайды. Аталған жағдайды ескере отырып, шынжырды бөлшектеусіз жөндеу тәсілі жасалып дайындалған. Тәсілдің мазмұны, көрші ішкі мүшелер төлкелерінің азайтумен түсіндіреді. Бұл үшін жоғары жиілік тоғымен сыртқы мүше пластинасының ортаңғы бөлігін жұмсақтық күйге дейін қыздырамыз сонан соң шынжырды сығады.
Бұл тәсілді 45% үлкен болмайтындай шамаға ұзарған шынжыр үшін қолдануға болады. Уақытша шара ретінде біршама тозған валиктерді жөнделінген валиктермен ауыстыру тәжрибеленеді.
Жөндеуден соң шынжырлы графитті жақпада немесе 50-80 С температурада 7-10% графит ұнтағы араластырылған маркалы солидолында мұқият пісіру қажет.
Бір шама тозуға көбірек берілетін шынжырлы беріліс элементінің келесі бірі, бұл жұлдызша, атап айтқанда жетекші. Мұның тозуы тістерінің қалыңдығының жұқаруымен байқалады, сондай-ақ қажалуға жұлдызшаның жұмысшы қырлары көбірек беріледі.
Тозуға ұшыраған тістерді қалпына келтіру тым күрделі мәселе. Сол себепті, әдетте тозған жұлдызша орнына жаңасын орнатады. Жөндеудің перспективті әдісі, бұл, жұлдызшаның ауыспалы күмбез орнату болып табылады. Кейбір жағдайларда тозған тістерді балқыма қабат төсеп, соңынан оны механикалық өңдейді (ажарлайды). Балқыма қабат төсеумен қалпына келтірілген жұлдызшаның сапасы жоғары емес. Жөндеуге кеткен шығындардың орасан мөлшері мен қалпына келтірілген жұлдызша жұмысының қысқа мерзімділігіне байланысты, жұл-дызшаны қалпына келтірудің бұл әдісі сирек қолданылады. Тістері симметриялы орналасқан жұлдызшалар үшін келесі айла тәжрибеленеді, мұнда жөндеу жұл-дызшаны 180º-қа бұру жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезде, алдын жұмысқа қолданылған беттер, жұмысшы бет есебінде қолданылады. Бұл тәсіл, жұлдызша жұмысының ресурсын шамамен екі есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шынжыр беріліс жұмысының шусыздығы мен бірқалыптылығы бос жүріс тәртібінде 15-20 минут аралығында жұмыстық үйреністіру барысында т ексеріледі. Сонан соң шынжырды роликтің көмегімен береді, ал жүктемені бірте-бірте жұмысшы мәнге дейін жоғарылатады. Дұрыс беріліс бір қалыпты, соққысыз және шусыз жұмыс істеуі тиіс. Шынжыр жұмыс барысында жұлдызшадан сырғып кетпеуі немесе тіске соғылуы тиіс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет