Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет40/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   565
Байланысты:
2
1240 debi m 1201 ra prezentatsia, sor.soch-dnie-tarihy-10-synyp.-iii-tosan, instr ent 2021kz, Сарманбай А АБ 2
Keywords:
vocabulary of leaders, pragmatics, message, pragmatic function of the topic, pragmatic nature of 
language applications, estimated words. 
Өткен ғасырдың соңынан бері қарай әлемдік лингвистикада кең талқыға түсіп, көптеген ғылыми 
ізденістерге арқау болған тіл білімінің саласы – прагматика. Прагматика грек тілінен аударғанда "әрекет, 
іс" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кездегі лингвистикалық зерттеулердің қай-қайсысын алып қарасақ 
та, барлығында дерлік басты назарға үстіртін деңгейде болсын прагматика мәселесі сөз болады. Тіл 
білімінде біршама кең қолданысқа түскен "прагматика" терминінің анықтамасы Т.ван Дейкке тиесілі. 
Ғалым оны "тілді мәнмәтінде зерттеу" деп атап, прагматикалық құрылымның грамматика теориясына 
енуі тиіс, сонда ол тілдік форма, мағына және әрекетті сипаттайтын ережелер жүйесіне айналады деген
пікірді ұсынған. ХХ ғ. 30-жылдары прагматика терминін Ч.Пирстің идеяларына сүйене отырып, 


20 
семиотиканың негізін қалаушылардың бірі, америкалық ғалым Ч.Моррис енгізген болатын. Ғалым 
прагматиканы тілдік таңба мен оны қолданушысының арасындағы қарым-қатынасты зерттейді деп 
анықтайды. 
Прагматиканың негізгі мәні – тілдік факторларды адам қызметіндегі аспектіде зерттеу [1]. 
Лидер (ағылшынша leader – жетекші) – қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. 
Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына 
саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған 
мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам 
мүддесіне сай жүргізеді [2]. 
Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ 
өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән болған-
дықтан, біздің мақсатымыз – Президенттің "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы 
мен өркендеуінің негізі"
 
атты Жолдауы арқылы социум мүшесі болып табылатын адресатқа психика-
эмоционалды тұрғыдан әсер етуін, адресаттың қандай да бір әрекетке баруына қаншалықты дәрежеде 
түрткі болатындығын, автордың қай сөзге баса мән беріп, тілдік бірліктерді өз түпкі ниетіне сай етіп 
іріктей білгендігін анықтау. Осы айтылған мақсаттарға жету үшін үш міндетті шешу көзделді: 
1) Тақырыпаттың прагматикалық қызметін анықтау; 
2) Жолдаудағы тілдік қолданыстардың қызметін көрсету; 
3) Тактикаларды саралау. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған тұңғыш Жолдауы "Заман 
талабына сай тиімді мемлекет", «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету», «Қар-
қынды дамыған және инклюзивті экономика» және "Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі" деп аталатын 
төрт бөлімнен тұрады. Жолдауда мемлекетіміздегі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелер көтеріліп, оларды 
нақты шешу жолдары айқындалған, қоғамдық диалог, ашықтық басым бағыт ретінде танылған.
Тақырыпат – мәтіннің прагматикалық мүмкіндігін арттыра түсетін микрокомпоненттердің бірі. Оның 
негізгі қызметі: белгі, хабар беру; қызықтыру, мәтінді ұйымдастыру. Тақырыпат – мәтін мен оқырман ара-
сындағы байланысты күйшейтетін, оған әсер ететін мәтін компоненті. Оқылмаған мәтін коммуникативті 
қызмет атқара алмайтыны белгілі. Ал оны оқырманға оқытудың кілті – тақырыпат. Оның тартымды
мазмұнды, әсерлі болуы автордың шеберлігінің дәлелі. 
"Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"

атты 
тақырыпаттың прагматикалық қызметі: 



Тақырыпат ашық мазмұнда берілген. 

Мәтін мазмұны жинақталып, тақырып атында көрініс берген. 

Автордың көтерген проблемасы мен коммуникативтік мақсатын айқындап тұр. 
Әрбір тілдік қарым-қатынас жағдайының стратегиясы болады. Стратегияға жағдайды бағдарлау, 
табысқа жету үшін ықпал ететін бағытты анықтау, ұйымдастыру жатады. Тілдік стратегия тілдік құрал-
дарды қолданатын коммуникативтік тактикаға негізделеді. Ал тактика ортаның ерекшелігіне байланысты 
өзгеріп отырады.
Публицистикалық стильде басым қолданысқа ие коммуникативтік тактикалар: 
1) Абырой-беделді алға тарту, яғни белгілі бір адамның айтқан қанатты сөзін, мақал-мәтелдерді
пікірін негізге алып, ойды дәйектеу. 
2) Коммуникантты өзімсіну немесе интимизация. Бұл тактика грамматикалық көрсеткіштер (тәуелдік 
жалғауы мен жіктік жалғау) арқылы жүзеге асады.
3) Фактілерді қарама-қарсы қою тактикасы [3]. 
Осы тактикалардың ішінде жолдауда кең қолданылғаны – коммуникантты өзімсіну немесе интимиза-
ция тактикасы және абырой-беделді алға тарту тактикасы. «Коммуникантты өзiмсiну (интимизация)» 
әдiсi негiзiнен есiмдiктердiң, тәуелдiк, жiктiк жалғаудың көмегiмен берiледi. Мәтiн авторы бұл граммати-
калық тұлғаларды оқырмандарға өзiнiң жақындығын, көзқарастарының бiр екендiгiн көрсету үшiн 
ұтымды қолданады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   565




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет