3. Эмиссиялық кіріс есебі. Эмиссиялық кіріс дегеніміз - акционерлік қоғам өз акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық кірісі). Мұндай капиталдың есебі 5110 «Эмиссиялық кіріс» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың кредиті бойынша акциялардың нақтылы құнынан оларды сатудың нақты құнының асқан артық соманың түсуіне қарай ақшалай қаражаттарды есепке алу шоттарының немесе 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебетінде көрсетіледі.
Эмиссиялық кіріс шоты акционерлермен дивиденд түріндегі бөлуге жатпайды. Басқаша айтқанда, эмиссиялық кірістің ақшалай эквиваленті алынғаннан кейін ол компанияда қалады.
Акционерлік қоғамның кассасына және ағымдағы банктік шоттарына меншікті акцияларын сатқаннан олардың нақтылы құнынан асқан артық сома түскен кезде бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1010, 1030 Кт шот 5310
Сатылған акциялар үшін есеп айырысу құжаттарын төлеуге ұсынғанда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
Дт шот 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» (төлеу мерзімі 1 жылға дейін болса)
2180 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» (төлеу мерзімі 1 жылдан асқанда)
Кт шот 6210, 6213, 5310
Меншікті акцияларды сатумен байланысты шығындар (андеррайтерлердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, жарнама жасаушығындары, бағалы қағаздар нарығына андеррайтерлердің қатысу үшін алымдар және т.б.) 7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шотына есепкеалынады. Тек бұл шотқа қосымша 7413 «Қаржылық активтердің істен шығуы бойынша шығындар» шотын ашу керек. Мұнда шоттардың байланысы келесі түрде көрсетіледі:
- андеррайтерлерге немесе акцияларды сатумен шұғылданатын тұлғаларға есептелген еңбек ақы сомасына есеп айырысу-төлем тізімдемесіне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 3350
- есептелген еңбек ақы сомасынан әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына:
Дт шот 7410,7413 Кт шот3150, 3210
- жарнама жасауға төленген шығындар, әртүрлі алымдар және акцияларды сатумен байланысты басқада шығындар сомасына шығыс касса ордерлеріне, ағымдағы банктік шоттардың жазбаша үлгілеріне сәйкес:
Дт шот 7410, 7413 Кт шот 1010, 1030
Эмиссиялық кірістерді мекеменің ағымдағы мұқтаждығына пайдалауға болмайды. Олар белгіленген тәртіпте, әдеттегіндей, жарғылық капиталды ұлғайтуға және меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға, яғни меншікті акцияларды сатудың нақты құны олардың нақтылы құнынан төмен болғанда пайдаланылады.
Мұндайда бухгалтерлік есеп шоттарында келесідей жазулар жүргізіледі:
- жарғылық капиталды ұлғайтуға:
Дт шот 5310 Кт шот 5010, 5020
- меншікті акцияларды сатудан пайда болған зияндардың орнын толтыруға:
Дт шот 5310 Кт шот 7410, 7413
5110 «Эмиссиялық кіріс» шоты бойынша талдаалық есеп №13 журнал-ордерде жүргізіледі.