Тақырып: Азаматтық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі



Дата06.02.2022
өлшемі26,08 Kb.
#80382
Байланысты:
Daniyar Kenesov


Тақырып:Азаматтық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі

1889жылғы Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы заң.
1889 ж Селолық адамдар мен мещандарды қазыналық жерлерге қоныс аудару туралы заң қабылданды.1891 және 1892 жж. Бұл заңның күші Торғай мен Орал облыстарына тарады. Осы заң бойынша қоныс аудару үшін арнайы рұқсат талап етілді; әркімнің өз беттерінше қоныс аударуына шек қойылды. Бірақ стихиялық процеске айналған қоныс аударушылықты патша өкіметінің қалай да бір ретке келтіруге тырысып баққанынан түк шықпады. Шаруалардың қазақ жерлерін өз беттерімен басып алуы жалғаса берді. 1891-1892жж. Құрғақшылық еуропалық Ресейдің шаруалар бұқарасына бос жерлер іздеп Шығысқа қарай жолға шығуларына түрткі болды. Осы кездері Орал сыртына 30 мың, Жетісу мен Сырдария облыстарына 12 мың шаруа өтіп кетті.
Темір жол магистральдары арқылы Қазақстанды Сібірмен және Еділ маңы аудандарымен жалғастыру мүмкіндігі үкіметті жаңа қадамға – Қазақстанды қоныс аударушылықпен игеруді шапшаңдатуға итерді.Осы мақсатпен Ф.А.Щербина басқарған экспедиция Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 13 уезін мұқият зерттеп шықты. Ресми жағынан алғанда Ф.А.Щербина экспедициясының басты мақсаты жергілікті көшпелі халықтың шаруашылық даму жағдайын зерттеу болатын. Әйтсе де экспедицияның қоныс аударушылар поселкелеріне көңіл бөлмей қалмағандығы сөзсіз. Экспедиция материалдарын царизм қазақтардың артық жерлерін одан әрі еріксіз алу үшін пайдаланды, ал тұтас алғанда экспедицияның жұмысы қанағаттанғысыз деп табылды.

Қазақстанды отарға айналдырып болған соң Ресей оның жер асты байлықтарын тонауға көшті. Пайдалы қазбаларды іздестіру басталды. Орыс капиталистері өз капиталдарын тау-кен өнеркәсібіне жұмсады. Өкімет тарапынан несиеге мұқтаж болғандықтан, кейбірі өнеркәсіпті тоқтатты. Заводтарда жұмысшылар мерзімдік жұмыс істеді, яғни көктем мен жазда, қазақтар рудниктер мен заводтардың жанына көшіп келгенде жұмыс істеді. Темір жолдың жоқтығы өндірілген өнімді шығарып сатуға бөгет болды. Өндіріс техникасы ескі, қарапайым болды. 90 жылдың аяғында орыс капиталының базасы Қазақстанда алғаш тау-кен өнеркәсіп өндірісін құруға әрекеттенді. 1899 ж. Воскресенск тау- кен өнеркәсібінің қоғамы құрылды. Бұл акционерлік қоғам Павлодар мен Балқашқа дейінгі алқаптағы тас көмір, мыс, күміс, қорғасын кендері жатқан үлкен жерлерді жалға алды. 90 жылдары алғашқы Ембі мұнай өнеркәсіп компаниясы пайда болды. XIX ғасырдың аяғында Қазақстан Ресейдегі Орал мен Кавказдан кейінгі негізгі мыс өнеркәсібіне айналды. Ауыл шаруашылық шикізатты өңдейтін заводтар көбейді. Реформалық Ресейде капитализм дамыды. Қазақстанның тау-кен өндірістерін басқаратын тау-кен басқармасы құрылды. Олар финанс министріне бағынды. Алғаш Қарағанды көмірін ашқан 1833 жылы Аппақ Байжанов (1824-1887). Орталық Қазақстан мен Ертіс бойындағы көптеген кен орындарын тұңғыш рет ашқан - Қосым Пішенбаев. Ол Павлодардағы миллионер-көпес А.И.Деровқа жалданып, бай кен орындарын іздеуші, сонымен бірге, маркшейдер болып жұмыс атқарған. К.Пішенбаев Баянауыл өңіріндегі Шөптікөл, Қарасор, Талды көл, Жамантұз, Майкөбен сияқты таскөмір кен орындарын ашқан. ХІХ ғ. 40-жылдары тұрғылықты қазақтардан Ресей кәсіпкерлері халықты алдап, өтірік құжат жасап, орыс кәсіпкерлері пайдалы қазба байлығы мол жерлерді қазақтардан тегін сатып алды. Мысалы, 50 жылдары қазақ байлары саудагер Ушаковқа Қарағанды көмір өңдейтін жерін 255 сомға, Саранскіні – 114, Жезқазған мыс шығатын жерін – 100 сомға сатып жіберді. Бұл - кен орындарын орыс капиталистері талан-таражыға түсіріп, жанталаса өңдеді. Оның негізінде Спасско-Воскресенский және Успенск мыс рудниктері салынды. Сонымен қатар саудагер Поповтың күміс балқытатын заводтары салынды. Бұл өндірістердің өндіру күші аз болды. Тау-кен өндірісі негізінен Қазақстанның орталық және шығыс облыстарында шоғырландырылды. 80-ші жылдардың басында Қазақстанда көмір мен металл өндіру 50 жылдарға қарағанда бірнеше есе өсті. Бұл - өсім, әсіресе Қарағанды кенінде, Успенскі руднигі мен Спасск мыс қорыту заводында байқалды. Тау-кен өнеркәсібінің ең пайдалы өндірісі алтын. Алтын өндіруден түскен табыс іс жүзінде түгелдей шетке кетіп жатты.Ол Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Реседен де тысқары, негізінен Еуропаға жөнелтілді. Олар аз уақыт ішінде көп пайда табуға ұмтылды. Бай кен орындары тез бітіп, босқа қалып жатты. Дегенмен, көптеген тау-кен өнеркәсібіндегі ең пайдалы сала алтын өндіру болып табылды. Бұл өндірісте орыс және татар кәсіпкерлері басымдылық танытты. Өскемен уезінде алтын кені қазылатын 50-ге тарта рудник болған еді. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу өнеркәсібі де дамыды, ол XIX ғ. аяғында көне тау-кен өнеркәсібін екінші жоспарға итеріп тастады. Ауыл шаруашылық шикізатын өңдейтін көптеген өндірістер қарапайым техникамен жабдықталған ұсақ қолөнер мекемелері болды. Мұндай мекемелердегі жұмысшылар саны небәрі 5-10 адам болды. Кейіннен мекемелер көбейіп, жұмысшылар да көбейді, жалпы өнім де көбейді. Егер 1886 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылық шикізатты өңдейтін 1028 ұсақ өндіріс орындары болса, 1895 ж. олар 2124 болды, соған сәйкес, жұмысшы күші де өсті, яғни 3432-ден 5493-ке жетті. XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда өнеркәсіп орталық Ресейдегі капиталистік өнеркәсіпке қарағанда баяу дамыды. Осы капиталистік қатынастардың ауылға тұтастай еніп, қазақтардың шөп шауып, балық аулап, бақша егумен айналысуына мәжбүрледі. Мал шаруашылық өнімдерін өңдейтін негізгі ошақтар Ақмола мен Семей облыстары болды. Семей облысында 1888 жылы 9 сабын қайнататын, 23 кірпіш, 2 сыра зауыты, 13 былғары, 1 май қорытатын зауыт бар еді. Қазақстандағы ірі өндіріс орындары сырттан келген капитал есебінде құрылды. Тұз, мұнай, алтын өндірісі де жоғары мөлшерде өндірілді. Мысалы, Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон, Елек кәсіпшіліктерінде және Қазақстанның Солтүстік Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Олар өздері тұтынумен қатар, Қазақстаннан тыс жерлерге сату үшін де өндірді. Мысалы, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінде ғана 4 миллион пұтқа таяу тұз өндірілді. Онда 10.000 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз Батыс және Шығыс Сібірге және Об өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп тұрды. Мұнай өндіру де шетелдік кәсіпкерлер яғни ағылшындардың қолында болды. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде Жем өзенінің бойында мұнайды көп мөлшерде өндіре бастады.

Дайындаған:Кенесов Д.Ж.
Оқытушы:Теміржанова Ш.

16.09.2020ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет