Тақырып Азаматтық-саяси қарсылықтар Сұрақтар: 1



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2022
өлшемі309,87 Kb.
#135359
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бекбулатова Азира КА-24 тарих 4-апта

2.
 
Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері
Қазақстанда кеңес ӛкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда 
айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта ӛткен Кеңестердің Бүкілресейлік II 
съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бӛлігіне жетпейтініне, яғни — 
390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың тӛрттен үш бӛлігіне жуығы билік 
Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға 
берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» 
ұранын қолдады..Дәл осының ӛзі большевиктердің кӛсемі В.И. Ленинге жұмысшы 
және солдат депутаттары Кеңестерінің басым кӛпшілігі съезге қатысты, шаруа 
Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) 
бұрынғы құрамы ӛкілеттігін аяқтады деп атап кӛрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның 
пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым кӛпшілігінін еркі» 
айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген 


күресі» Кеңестердің II съезінде билікті ӛз қолына алуға негіз болды. Съезд лениндік 
ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа 
депутаттарының Кеңестеріне ӛтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді 
«Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын ӛзі анықтауға 
шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық ӛңірлер үшін аса маңызды болды. Съездің 
Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық 
күйзелістен қалжыраған халықтың басым кӛпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап 
шығуын қамтамасыз етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет