Тақырып Ежелгі заман географиясындағы қазақ жері туралы мағлұматтар Б. з д. парсылықтардың Қазақстан жерін зерттеуі Б. з д. VI-V ғғ «Бехустин жазбасы»



бет6/8
Дата21.01.2017
өлшемі2,82 Mb.
#7523
1   2   3   4   5   6   7   8


өтетін-ді. Тұрғарттан керуен биік таудағы Шайыркөлге бет алды.

Ол көл жөнінде ғалым ел аузынан толып жатқан тарихи əңгімелер

мен аңыздар естіген-ді. Шоқан осынау бір керемет əсем көлге кел-

ген тұңғыш саяхатшы еді. Ол арадан керуен Атбашы жəне Үзген

өзендерінің аңғарлары арқылы Нарын өзенінің оңтүстік жағасында

орналасқан Қоқанның Құртқа бекінісіне шықты. Одан əрі керу-

ен Нарын өзенінің бойын өрлеп, солтүстік-шығысқа қарай шеру

тартты. Содан 6 сəуірде Жетімшоқы маңында Зəуке асуы арқылы

Ыстықкөл алқабына баратын үлкен керуен жолын кесіп өтті. Ақыры

Ыстықкөлдің шығыс жағалауы, Іле алқабы арқылы 12 суəірде Вер-

ный қаласына оралды.

Қашқарияға саяхат кезінде жолда шеккен ауыр азап

Ш.Ш.Уəлихановтың денсаулығын өте-мөте əлсіретіп, ауруға ду-

шар етті. Сөйтіп, оның Петербургқа есеппен баруға шамасы кел-

мей қалды. Ал ондағы ғалымдар жас саяхатшыны тағат тап-

пай күткен еді. Генерал И.Ф.Бабков былай деп жазды: «Сыртқы

істер министрлігіндегілер бұған дейін құлақ естіп, көз көрмеген

Қашқарияға Уəлихановтың сапары жайында толық баяндауды

дегбірсіздене əрі аса ынтыға күтті. Осы іске мұрындық болған

Е.П.Ковалевский елден ала-бөтен құштарлық білдірді... Біздің

жансыздың Қашқарияда болуы жəне Шығыс Түркістан яки Кіші

Бұхар жайында оның өте қызғылықты деректер жинағаны туралы

лақаптар, Е.П.Ковалевскийдің граф Блудовпен етене таныс болуы

себепті, Петербургтың жоғарғы топтарына жетіп жатты. Сондай-

ақ сыртқы істер министрлігіндегілер сол тұста Қашқарияға

Үндістаннан ағылшын тыңшысы белгілі Адольф Шлагинтвейттің

жіберілгенінен кейін оның Қашқарияда кісі қолынан қаза

тапқанынан хабардар-ды. Міне, осы жағдай Шоқан саяхатының

беделі мен əсерін одан бетер күшейте түскен-ді».

Ш.Ш.Уəлиханов Петербургқа тек 1859 жылдың аяқ шенінде

ғана келді. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы, Орта Азия мен

Қазақстанды терең білетін зиялы зерттеуші ретінде қарсы алды.

П.П.Семенов-Тян-Шанский Уəлихановты Петербургта ғылыми

жұмысқа қалдыру жөнінде үкіметке өтініш білдірді. Шоқан Азия

департаментінің штатына тіркелді. Сонымен қатар Бас штабтың

Əскери-ғылыми комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде, Орыс Ге-

ография қоғамында қызмет атқарды. Мұнда жас ғалым өз еңбектерін

География қоғамының басылымдарында жариялауға əзірледі.

Шоқанның «Жоңғар очерктері», «Алтышаһардың немесе Қытайдың

Нан-Лу провинциясындағы (Кіші Бұхардағы) алты қаланың 1858-

1859 жылдардағы жай-күйі туралы» жəне т.б. еңбектері 1861 жылы

«География қоғамының жазбаларында» жарық көрді.

Денсаулығының нашарлауына байланысты Ш.Уəлиханов 1861

жылы көктемде Петербургтен кетуге мəжбүр болды. Дəрігерлердің

ақыл-кеңесі бойынша ол өзінің туған даласына аттанды. 1864 жылы

Шоқанды генерал Черняев өзі жасақтаған əскери экспедицияға

шақырады. Бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстанды Ресейге

бағындыру мақсатын көздеген-ді. Бірақ көп кешікпей Уəлиханов

одан кетуге мəжбүр болды. Шоқанның ойы бойынша қосылу

бейбіт жолмен жүзеге асырылуы тиіс-ті. Бірақ патша өкіметінің

отаршылдық саясатын қызғыштай қорушы патша генералы Черняев

жиі-жиі озбырлық жасап, бейбіт халықтың жазықсыздан-жазықсыз

қанын төкті. Мұндай бассыздыққа наразылық білдірген Шоқан экс-

педицияны тастап, Верный қаласына қайтып кетті.

1865 жылғы сəуірде қазақ халқының аяулы ұлы, аса көрнекті

ғалымы, əрі саяхатшысы мезгілсіз дүние салды.

Орта Азияны, Қазақстанды жəне Шығыс Түркістанды зерттеуші

ретіндегі Ш.Уəлихановтың ғылыми еңбегін əлемдік ғылым

бірауыздан мойындады. Оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс

жəне француз тілдерінде басылып шықта. Тамаша қазақ ғалымының

толымды туындыларында орыс ғалымдары П.П.Семенов-Тян-

Шанский, И.В.Мушкетов, Н.Н.Веселовский, Н.А.Аристов,

Н.И.Березин, Г.Е.Грум-Гржимайло, Г.Н.Потанин жəне басқалар

лайықты баға берді.

1904 жылы География қоғамы Ш.Ш.Уəлихановтың шығар-

маларын жарыққа шығарды. Басылымның алғы сөзінде академик

А.И.Веселовский былай деп жазды: «Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов

шығыстану көкжиегінде жарық жұлдыздай жарқ ете түсті. Орыстың

шығыстанушылары оның керемет ғажайып құбылыс екенін мой-

ындады жəне одан түрік халықтары хақында ұлы да аса маңызды

жаңалықтар ашады деп күтті. Амал нешік, мезгілсіз ажал біздің бұл

үмітімізді үзіп кетті».

Ш.Уəлиханов артында мол ғылыми мұра қалдырды. Ол Орта

Азия мен Қазақстанның тарихына, географиясына жəне этногра-

фиясына арналған аса маңызды қыруар еңбектер жазып үлгерді,

сондай-ақ оның қаламынан қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған

көптеген шығармалар туды. Ш.Уəлиханов бірқатар шығыс жəне еу-

ропа тілдерін жақсы білді. Мұның өзі оған Орта Азия мен Қазақстан

халықтарының тарихы мен географиясына қатысты шығыс жəне еу-

ропа көне деректер мен ескерткіштерін түпнұсқа бойынша зерттеу-

ге мүмкіндік берді. Сол сияқты ол парсы, араб жəне түрік тілдерінде

жазылған бірқатар кітаптарын «Бабыр-наме», «Тарихи-Рашида»,

бургта Азия департаменті жанындағы жоғары мектепте ол Азияға

қызмет істейтін адамдар үшін түрік тілдерінен сабақ берді.

Ш.Уəлихановтың ғылыми еңбектері арасында оның Жетісу,

Ыстықкөл, Тянь-Шань жəне Шығыс Түркістан бойынша тарихи-

географиялық шолуға арналған зерттеулері өте-мөте құндылығы

бүгінгі күннің талабына сай келеді. Орта Азияны зерттеп білу оның

ежелгі арманы болатын. Сондықтан да ғалым өзінің қысқа өмірін

осы игі іске бағыштады.

«Орта Азияның үстін күні бүгінге дейін қандайда бір тылсым

күңгірттік торлап тұрғандай көрінеді, – деп жазды Шоқан «Жоңғар

очерктерінде». – Аса қуатты екі державаның – Ресей мен Англияның

ұрымтал орналасқанына қарамастан, Орта Азияның көп бөлігі еуро-

па ғылымы үшін əлі де болса көп жағдайда беймəлім болып қалуда.

Біздің қоғамдас ғалым жолдасымыз П.П.Семенов өзі аударған

«Epdkunde von Asien» атты Риттер кітабының ІІ томын бастырып

шығару үстінде Орта Азия Ішкі Африкамен пара-пар ғана деңгейде

зерттелген деген тұжырымға келді. Расында да, Орта Азия тура-

лы біздің географиялық əдебиетте орын алып келген дүдəмал əрі

кереғар деректер, бұл ел, бұрынғылар айтқандай, жабулы күйінде

қала берсін terra incognita дегенге саймаса да, бері салғанда өлкені

шешуі қиын ғылыми жұмбаққа айналдырып отыр. Ал ортаазиялық

адам жөнінде ауыз тұшырлық біз ештеңе білмейміз».

Міне, сондықтан да Ш.Уəлихановтың өзі зерттеген аймақтың

табиғаты мен физикалық-географиялық ерекшеліктерін танып-білуге

ғана емес, сонымен қатар оның адамдарына, əдет-ғұрыптарына,

салтына, тіліне, көне аңыздарына да қызыға зер салуы өзінен-өзі

түсінікті.

Жүріп өткен жерлердің зерттелу деңгейіне жəне олардың танып-

білуге қолайлылығына қарай Шоқан өз саяхаттарын екі кезеңге

бөледі: бірінші кезең Жоңғарды аралап, Жетісу, Іле өлкесі арқылы

Ыстықкөлге барған жолды қамтиды. Бұл жерлердің физикалық-

географиялық сипаты орыс саяхатшыларының зерттеулері бойынша

жақсы белгілі деп есептеген Уəлиханов өз еңбектерін олар елемей

немесе аңғармай кеткен деректермен толықтырды.

«Менің саяхатымның екінші кезеңі Сырдария өзенінің негізгі са-

ласы болып табылатын Нарын өзенінің жоғарғы сағасынан баста-

лады. Бұл ара – осы меридианда Семенов сапарының ең шырқау

шегі. Одан əрі менің алдымда əлі зерттелмеген, адам аяғы баспаған

мүлде меңіреу terra incognita өңір жатты», – деп жазды Шоқан

Уəлиханов саяхатының бұл кезеңі өте-мөте жемісті əрі географиялық

жаңалықтарға толы.

Шоқан сапарда жүргенде ұдайы күнделік жазып отырды, аса зор

қауіп-қатерге қарамастан, ол тіпті Қашқарияда да осы дағдысынан

əсте жаңылған жоқ.

Өз ізденістерінде, сондай-ақ күнделіктерінде Шоқан зерттеген

өлкелерінің географиясына көп көңіл бөледі. Оның жүрген жолда-

рын суреттеген жазбалары саяхатшы ат ізін салған аймақтардың ба-

рынша қызғылықты географиялық очерктері іспетті. Оларда жер

бедерін тап басып нəзік түсіне білу де, өсімдіктер мен жануарлар

дүниесін сипаттау да, өзендер мен көлдерді тамаша суреттеу де бар.

Жазбаларға схемалық карталар қоса берілген. Сонымен қоса Шоқан

өсімдіктердің, жануарлардың, тау жыныстарының коллекцияларын,

сондай-ақ түрліше сирек кездесетін бұйымдарды; ежелгі грамота-

ларды, халықтың əсем қолөнерінің, көркем ыдыс-аяқтың жəне т.б.

үлгілерін жинаған.

Ш.Уəлиханов белгілі бір елді сипаттағанда əуелі оның

географиялық орнын анықтайды. Айталық, «Қырғыз туралы жаз-

баларда» елдің территориясының, шекараларының толық сипатта-

масы берілген. Əсіресе Тян-Шаньның жəне Ыстықкөл бассейнінің

физикалық-географиялық жағдайлары неғұрлым молырақ суреттел-

ген. «Іле өлкесінің географиялық очеркінде» осы өлкенің шекарала-

ры, жер бедерінің ерекшеліктері туралы, Алатау таулары, аймақтың

өзендері мен көлдері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында

мағлұматтар жақсы келтірілген. Сол сияқты Шығыс Түркістанның

табиғат жағдайлары жөнінде ғылым үшін мəнді деректер берілген.

Ш.Ш.Уəлихановтың өзі зерттеген аймақтардың географиялық

шекараларына неғұрлым дəлірек белгілеуге ұмтылған талабын ерек-

ше атап өткен жөн. Мəселен, ол Іле өзенінің шекараларын «Іле мен

Күнгей Алатауының қар басқан жоталары арасында ұзыннан-ұзақ со-

зылып жатқан «алқап» ретінде анықтап, «алқаптың» батысқа қарай

кеңейе түсетінін» атап көрсетті. Шығыс Түркістанның шекарала-

рын белгілегенде Шоқан былай деп жазды: «Шығыс Түркістанды

үш жағынан таулар қоршап тұр: солтүстігінде Тянь-Шань, батысын-

да Болор, ал оңтүстігінде – Кунь-Лунь. Бұл таулар ішкі Азияның ең

биік шыңдарының қатарына жатады жəне Қытай империясы батыс

өлкесінің табиғи шекарасы болып есептеледі. Ал шын мəнісіндегі

шекара деп тау бөктерлерінде орналасқан бекеттер белдеулерін

атаған дұрыс. Өйткені сол белдеулердің арғы бетін қоқан хандығын

мойындайтын көшпелі қырғыздар жайлайды. Шығысында Шығыс

Түркістанның шекаралары Махай жəне Қомыл Гобиінің шөлейт, ми-

дай далаларымен астасып жатыр. Кеңістік жағынан алғанда, Кіші

Бұхар солтүстік ендіктің 36 жəне 43 о аралығындағы, сондай-ақ Па-

риж меридианынан есептегенде шығыс бойлықтың 70 жəне 92 о

аралығындағы алқапқа орналасқан».

Бұдан ғалымның өзі зерттеген аудандардың шекараларын

анықтағанда белгілі бір аймақтың физикалық-географиялық

жағдайларын ескеретінін байқауға болады. Ал бұл жағдайлар жер

бедеріне, топыраққа, климатқа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне

жəне т.б. байланысты.

Зерттеген аймағының географиясын қарастырған кезде Шоқан

ең əуелі жер бетінің құрылымын, сондай-ақ жалпы сол ауданның

табиғи жағдайларының ерекшеліктерін айқындап алады. Семей

өңірінің «сортаң шөлейт даласы», Арқаты шоқысы, Жоңғар Алата-

уы жəне Солтүстік Тянь-Шаньның алқаптары мен жоталары туралы

оның байқаулары, міне осыны дəлелдейді.

Уəлихановтың Ішкі Тянь-Шаньның жер бедеріне жүргізген

бақылаулары өте-мөте ден қоярлық. Бұл атыраптың геоморфоло-

гиясын ол қыратты, үстіртті түрге немесе, өзі айтқандай, Сыртқа

жатқызады. Шоқан жер бедерінің мұндай түрі басқа өңірлерге

қарағанда Қашқария меридианынан шығысқа қарай жатқан

аудандарға тəн екенін атап көрсетеді. Ал батысқа қарай Тянь-Шань

үзік-үзік биік-биік бірнеше тау тізбектерінен тұрады.

Географиялық əдебиетте Уəлиханов тұңғыш рет Тянь-Шань

Сыртын ашты жəне оның климат ерекшеліктері мен жаратылы-

сын негізінен дұрыс сипаттады. Оның ойынша, Тянь-Шань Сырты

Зəуке асуынан Теректі Дауанға дейінгі кеңістікті алып жатыр жəне

ол «биік таулы əрі құзды-шыңды атырап» болып есептеледі. Сырт

4000 м биіктікте орналасқан, сондықтан оның климаты өте қатаң бо-

лып келеді.

Ұлан-ғайыр Сырт таулы өлкесінде Шоқанға дейін ешбір саяхат-

шы болып көрмеген-ді. Сондықтан жас ғалым бұл өңірге барын-

ша ден қойып, мұқият бақылау жүргізеді жəне көрген-білгендерін

түгелдей күнделігіне жазып алады. «Бүгін Зəукеден астық, – деп

жазды Шоқан; – енді бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген, тыл-

сым жатқан елдерге аяқ басамыз. Бұл елдер бимəлім болғандықтан,

неғұрлым толық əрі дəлме-дəл күнделік жүргізуім керек... Айна-

ла заңғар таулардың аппақ шыңдары көз тартады, төменде шатқал

қарауытып жатыр, ал оның түбінде шағын көл көзге шалынады. Қар

жауып тұр, күн суық. Мен бұл жолдарды көш аялдаған жерде жол-

жөнекей жаққан оттың жарығымен жазып отырмын».

Шын мəнісінде Ш.Уəлиханов Қашқарияға барар жолында

Орталық Тянь-Шаньды меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке

қарай кесіп өтіп, оның жоталарын түгелдей дерлік аралап шықты.

Осы сапарда ол бірнеше жаңалықтар ашып, оларды тұңғыш рет

суреттеп жазды. Жетімшоқы, Шаһарқорым тауларын, Нарын,

Қарасай, Қаракөл өзендерінің алқаптарын жəне т.б. ғалым ашқан сол

жаңалықтардың қатарына жатқызуға болады. «Жетімшоқы сланецті,

саздақ жəне ұсақ шақпақ тасты жыныстардан, сондай-ақ диориттен

түзілген; мұнда əктас пен құмдақ тас та ұшырасады, ал бір ғажабы

– гранит, тіпті гранит сынықтары мен ірі тастар атымен жоқ», – деп

жазды ол.

Ш.Уəлиханов Атбашының, Арпының жəне Нарынның кең де

көгалды алқаптарын қызыға зерттеді. «Сырт таулы өлкесінде тек

ойпаң əрі жылы Атбашы, Арпы жəне Нарын алқаптарында ғана би-

дай мен арпа өседі. Ежелгі заманда бұл араларды отырықшы неме-

се жартылай отырықшы халықтар мекендеген деп жорамалдауға бо-

лады, өйткені, қырғыздардың айтуы бойынша, Атбашының төменгі

жағында үлкен шəһардың қираған орны бар, ал Нарында көне

дəуірдің диқаншылық ізін көзімізбен көрдік», – деп жазды Шоқан.

Ш.Ш.Уəлиханов тұңғыш рет Шығыс Түркістанның – «Кіші

Бұхардың» географиялық мінездемесін берді. Оның географиялық

шолуы жер бедерін суреттеуден жəне географиялық жағдайын

анықтаудан басталады. «Терімкөл (Еркөл) өзенінің... бассейні

Шығыс Түркістанның алқабын түгелдей алып жатыр». Автордың

мəлімдеуінше, Кіші Бұхар дадалы жазық іспеттес ойпаң болып келеді,

ол Еркөл өзенінің ішкі бөлігі Жаңасор мен Жəркенттің арасында

адыр-қыратты жіңішке келген құмайтты шөлейт түрінде басталады

да, шығысқа қарай бірте-бірте аумағы кеңейіп, ұлан-ғайыр құмды

шөл далаға (Гоби) айналады. Мұнда өсімдік атаулыдан тұлдыр жоқ,

суы тұзды сортаң, тау-тау болып үйілген құм жоталардың биіктігі

соншалық, жергілікті тұрғындар оларды «таг» (тау) деп атайды... Те

су түскен ойдым-ойдым жерлер ғана құнарлы болып келеді... Ай-

наласы кейде жазықпен астасады да, Кіші Бұхар сахарасындағы

құмдақ жоталар сияқты, онша биік болмайды. Үш заңғар тау тізбегі:

Тянь-Шань, Болор жəне Кунь-Лунь Шығыс Түркістанды құшағына

алып, қоршап тұр».

Ш.Уəлихановтың Алтышаһардың жайы туралы еңбегінде Шығыс

Түркістанның өзендері жөнінде құнды мағлұматтар баяндалған.

Ол Кіші Бұхар өзендерінің Теміркөл жүйесіне жататынын атап

көрсетеді. Олардың негізгілері: Ақсу, Файзабаддария (Қашқадария),

Жəркентдария жəне Қотандария. Одан əрі ғалым өзендердің

тармақтары мен бастауларын, олардың ағу бағытын суреттеп жа-

зады. Шығыс Түркістандағы барлық өзендердің жоғарғы сағасы

негізінен алғанда таудан аққан тасқындарға ұқсайды да, онша терең

болмайды, бірақ тастақ түбін қуалай шулап ағады. шілде мен тамыз-

да таудағы қар ериді де, су едəуір молаяды, дегенмен ол өзендерді

жылдың əр уақытында өткел арқылы кешіп өтуге əбден болады, тек

бірнеше тармақ тоғысқан тұстарда ғана олар анағұрлым тереңдеп,

ені де кеңи түседі. Қызыл өзенінде Қашқария мен Қытай бекінісінің

аралығында жəне Файзабаддарияда (Түрмен мен Қызылдың

қосылған тұсы) өткел жасалған. Ал соның өзінде Қашқадария мен

Жəркентдарияда суы молыққан кезде жəне Темірде жылдың барлық

уақытында шағын кемелер мен қайықтар өзендердің өн бойымен

тоқтаусыз қатынайды.

Аспанмен таласқан Ақсу меридианының батыс беткейіндегі Кіші

Бұхар жазықтығымен астасқан оңтүстік баурайы сан-қилы тау жы-

ныстарынан құралған саздақ сланецті болып келеді. Ол беткейдің

жалаңаш жартастарында əр жерінде əлжуаз қырбық шөп өседі не-

месе мүлде жалаңаш болады. Кіші Бұхар жазықтығының ішкі жағы

сексеуілден басқа тұлдыры жоқ құм төбелер, немесе ақтаңдақтанып

тұз сіңген ұлан-ғайыр тап-тақыр дала.

Қашқария экспедициясы туралы есебінде Шоқан былай деп атап

көрсетеді: «І ғасырдағы қытай жылнамалары ескерткендей, сондай-

ақ Риттер көңіл аударуды ұсынғандай, Қашқарияда ешбір жер-

де қант құрағы өспейді. «Біздің ойымызша, – деп сөзін сабақтайды

жас қазақ ғалымы, – қытайлар жергілікті тұрғындардың балалары

сабақтарынан шыққан тəтті шырынын сорып дағдыланған қант сор-

госын немесе жүгеріні солайша атаған болса керек».

Ішкі Тянь-Шань мен Қашқарияның Ш.Ш.Уəлиханов берген си-

паттамасы сол уақыт үшін үлкен жаңалық еді. Бұл орайда Шоқан

«Тянь-Шаньның солтүстік беткейі ең жаңа заманда Ресей тарапы-

нан зерттеле бастағанымен, біздің əріптесіміз П.П.Семенов Яксарт

тармақтарының бірі болып саналатын Нарын өзенінің бастаулары-

нан əрі аса алмады; ал мен болсам Тянь-Шаньды екі бағытта кесіп

өттім. Қашқария мен Жанашардың төңіректерін түгел шарлап, сол

Жанашар мен Жəркенттің аралығындағы құм жоталарына дейін

жеттім»-деп жазды.

Ш.Ш.Уəлиханов өз еңбектерінде Жоңғар Алатауының, Солтүстік

жəне Ішкі Тянь-Шаньның өзен торлары жөнінде аса маңызды

мағлұматтарды мəлімдейді. «Ыстықкөлге сапар күнделігінде» ол

Қазақстан өзендері – Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек, Шарын жəне

т.б. жөнінде көптеген қызғылықты деректер келтіреді. Өзендерді

жалпы сипаттаумен қатар Шоқан олардың геологиялық құрылымын,

алқаптарының жаратылысын, ағу бағытын анықтап, климатын жəне

өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттап жазды.

«Іле өзенінің орта ағысындағы жағалары көбіне құмайтты

адырлы-дөңесті болып келеді де, оларда бірен-саран дала өсімдіктері

ғана өседі», – деп жазды Шоқан.

Тау өзендерінің бастаулары мен тармақтарын ғалым өте толық

сипаттаған. Ол былай деп мəлімдейді: «Шелек өзені Талғар өзені

бастау алатын Алатау шоқыларынан басталып, содан таудың ара-

арасынан Жіңішке өзенше келіп құятын сағаға дейін батысқа қарай

ағады; одан əрі Іле өзеніне барып қосылғанша солтүстік-шығысқа

бұрылады. Оңтүстігінде: Қуғантер, Делқарағайбұлақ, Сүттібұлақ,

Үшбайсары, Күдерсі, Құрметі, екі Сарыбұлақ (Күлді Сарыбұлақ,

Асусарыбұлақ), Шатылы (Сатылы) жəне Қарабұлақ; солтүстігінде:

Үшбұлақ, Текжол, Жіңішке, Сарыбұлақ жəне Асу Шелек өзеніне

құяды немесе тіпті оларды Шелек жүйесіне жатады деу дұрыс. Ғалым

Шелек жүйесіне қарайтын барлық асулардың аттарын келтірген.

Одан əрі ғалым былай деп жазады: «Шелек біршама жыл-

дам ағатын өзен: жылдың əр кезінде оның суы мол болады да, суы

жан-жағына кең жайылады. Өзен тау басындағы қар мол еритін

маусымның аяғынан бастап тасиды да, тамызға дейін арнасынан

асып, телегей теңіз болып жатады».

Ш.Ш.Уəлиханов Шарын өзенінің жүйесіне де соншалық толық

сипаттама береді.

Алатау өзендерінің бастаулары тек Шоқанға дейін ғана емес,

тіпті одан кейінгі кезеңде де соншалық тəптіштеліп əрі дəлме-дəл

сипаттап жазылған емес. Бұл орайда қазақ ғалымы тұңғыш жаңалық

ашушылардың қатарында тұр. Оның деректері бұрыннан қолда

бар мағлұматтарды сөзсіз толықтырды жəне көп жағдайда дəлме-

дəл айқындады. Саяхатшы ғалым Сырдария, Шу,Талас жəне Іле

өзендерінің жүйелерін де жан-жақты сипаттап жазды.

Ішкі Тянь-Шанды аралап сапар шеккен кезінде Ш.Ш.Уəлиханов

сондай-ақ Сарыжаз, Көкшағала жəне Нарын өзендерінің жүйелері

туралы бізге келтірілмеген қолда бар жеке мағлұматтарды

дəлдестіріп, Ақсай, Терек, Көкқия, Сарқырама, Опарға, Кішінарын

жəне т.б. бұрын беймəлім болып келген бірқатар өзендер бар екенін

айқындады. Ол Нарын өзенін толық суреттеп жазды.

Орта Азия мен Қазақстанның көлдерінің ішінде Ш.Ш.Уəлиханов

Алакөлге, Балқашқа жəне Ыстықкөлге көптен-көп көңіл бөлді.

«Алакөл мен Балқаш көлдері бірге біршама бертін кезге дейін

біртұтас су қоймасы болғанға ұқсайды, өйткені, көптеген географ

ғалымдардың айтуы бойынша Алакөл қазірдің өзінде көктемде су

жайылған шақта сортаң алқап арқылы Балқашпен қосылып кетеді»-

деп жазды ғалым.

Ш.Ш.Уəлиханов Ыстықкөлдің бассейнін қолда бар дерек-

терге сүйеніп жəне өз зерттеулері негізінде суреттеді. Ыстыкқөл

алқабының биіктігін ол П.П.Семеновтың гипсометриялық анықтауы

бойынша, 4400 фунт деңгейінде деп белгіледі. Көлдің аумағын ша-

мамен болжап, 450 шақырым мөлшерінде (ұзындығы – 200, ені 80)

деп топшылайды. Көл жағалауының бітімі жаңадан түсірілген су-

реттер бойынша белгіленген. Алайда ғалымның анықтағанындай,

көл солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып, оңтүстік

бағытта иіле сүйірленген шығанақ түрінде бітеді. «Ал оның бер

жағында, – деп жазды Шоқан, – көл шын мəнісінде шығыстан тіп-

тіке батысқа созылады да, Қытай карталарындағы Тұзкөлден айны-

майды».


Кейбір дəлсіздіктеріне (көл шұңқырының шамамен алын-

ған аумағы, тереңдігі жəне т.б.) қарамастан, тұтас алғанда

Ш.Ш.Уəлихановтың аталмыш еңбегі Ыстықкөл жайында тұңғыш

очерк тердің бірінен саналады.

Қашқариядан қайта оралған жолында Шоқан тұңғыш рет биік

таудың арасында жатқан Шатыркөлді ашты. Оның аумағы шамамен

берілген: ені 10, ұзындығы 20 шақырымдай, ал биіктігі кемінде 7000

фунт. «Шоқанға дейін бұл көл Сеңгіркөл деген атпен Қарадария

өзенінің сол жағасында белгіленетін-ді. Көлдің кейбір қолданылып

жүрген атауы жəне шын мəнісіндегі орны Уəлихановтың суреттеуі

арқасында мəлім болып отыр. Көлдің аумағы туралы оның деректері

шындықтан онша алыс емес... Уəлиханов сондай-ақ көлдің өте биік

орналасқанын да атап көрсетеді», – деп жазды қырғыз тарихшы-

географы С.Өмірзақов.

Ш.Ш.Уəлиханов өсімдіктер мен жануарлардың географиялық та-

ралу ерекшеліктері жайында өте қызғылықты бақылаулар жүргізген.

Ыстықкөлге барған сапары кезінде ол орнитологитялық (құстар

дүниесі) жəне энтомологиялық (жəндіктер дүниесі) коллекциялар

жинаған. «Сол жинағандарымды өзім жоқта таныстарымның бірі

Дрезденге жіберіпті, бірақ одан əлі хабар алғаным жоқ» – деп жазды

Шоқан «Жоңғар очерктерінде».

Қазақстанның жазық далаларына жасаған саяхаттарын суреттеуді

аяқтай келіп, Ш.Ш.Уəлиханов жазық жерлердің өсімдіктері қырғыз

даласының оңтүстік бөлігіндегілерге ұқсастығын, ал қыратты-

адырлы аймақтардағы өсімдіктер көп жағдайда таулы өңірдегілерге

ұқсайтындығын атап көрсетеді. Ғалым Тянь-Шаньның солтүстік жəне

оңтүстік беткейлеріндегі өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығын

да сөз етеді.

Ш.Ш.Уəлиханов тұңғыш рет Тянь-Шаньның сүтқоректі жану-

арлары мен құстарын зерттеді жəне олардың таралу заңдылығын

анықтап, алғаш рет аудандастырды. Ғалымның деректері бойынша,

Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның биік белдеулерінде Оңтүстік

Сібір мен қырғыз даласының таулы аймақтарына тəн сүтқоректілер

таралған. Шоқан бұл пікірін Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньның

тауларында да бұғы, тауешкі, арқар, қарақоңыр жəне қызғылт түлкі,

ақтөс сусар жəне т.б. кездесетінін айтып дəлелдейді.

Жоғарыдағы қырғыз жеріндегілерге тəн кейбір жануарлардың,

мысалы, киіктер мен құландардың жоқтығын Шоқан ондағы

жануарлардың қырғыз өңіріндегіден айырмашылық ерекшелігі

деп есептейді. Құландар мен киіктердің таралу аймағы ретінде

ғалым Балқаш көлі мен таулы алқаптың арасындағы шексіз-шексіз

құмдарды атайды. «Бетпақдала мен Шу өңірінің аңғарындағы қалың

құмда қаптап жүрген құландар мен киіктер Иткешу меридианы-

нан əрі қарай шығысқа əсте аяқ баспайды», – деп тұжырымдайды

Шоқан. Сонымен қатар Уəлиханов сол жануарлардың мекен алма-

стыруы жайында да мысалдар келтіреді.

Қашқарияда Шоқан тағы түйелерді аулау жөнінде естіп біледі.

Ол былай деп жазады: «Жергілікті тұрғындардың біздің қолымызға

түскен қолжазбалары бұл тамаша фактіні барынша дəлелдегенімен,

бірақ сол жергілікті елдің өзі тағы түйелердің дəл қазір тіршілік

ететіні жайында мардымды ештеңе айта алмады, сондықтан

бүгінгі таңда тағы түйелер елде құрып біткен, немесе Кіші Бұхар

сахарасының ит тұмсығы өтпейтін жыңғылына сіңіп жоғалған».

Ш.Ш.Уəлиханов – өзі зерттеген елдерді картаға түсіру ісіне

елеулі үлес қосқан ғалым. Оның архивінде толып жатқан чертеждер,

карталар, схемалардың сызбалары сақталған, олардың көпшілігі

осы күнге дейін сыры ашылмай жəне қалпына келтірілмей жатыр.

Ш.Ш.Уəлиханов еңбектерінің тап осы бөлігі күні бүгінге дейін ең

аз зерттелген сала болып қалуда. Ғалымның картографиялық мате-

риалдарын жақсырақ біліп, оларға лайықты баға беру үшін оның

Жетісуға, Тянь-Шаньға жəне Шығыс Түркістанға қатысты негізгі

еңбектерімен жалпылама түрде болса да танысып, талдау жасап

көрелік.

Тəп-тəуір сурет сала білген Шоқан жас шағынан бастап туған

өлкесінің көз-тартар көрікті жерлерін, өз ауылының күзгі-қысқы

қоныстарын жəне т.б. суретке салуымен əуестенген. Олардың

қатарына «Сырымбет таулары», «Сырымбет тауларынан батысқа

қарай Есіл өзенін мекендеген қазақтардың күзгі-қысқы қоныстары»,

«Құсмұрын дуаны ауылдарының қоныстану планы», «Құсмұрын

бекінісінің планы», «Құсмұрын мен Үй бекініс аралығындағы бе-

кет жолдың схемасы» жəне т.б суреттер мен чертеждерді жатқызуға

болады. Олар 1852 – 1853 жылдарда сызылған. Мұның өзі балауса

Шоқанның өлкетанушы-географ болуға талпынған өзінше тұңғыш

қадамы іспеттес еді.

1855-1856 жылдары Орталық Қазақстанға, Тарбағатайға, Жетісуға

саяхат жасаған ғылыми экспедицияның құрамында Ыстықкөлге са-

пар шеккен кезінде Ш.Ш.Уəлихановтың алдында ғылыми қызметін

өрістету үшін кең өріс ашылды.

Ш.Уəлихановтың сол саяхаттарының күнделік жазбалары жүрген

жолдарының схемалық карталарымен жəне түрліше схема, чертеж-

дермен толықтырылған. Мəселен, «Ыстықкөлге сапар күнделігінде»

«Хоментовский отрядының Торайғыр таулары арқылы маршруты»,

«Торайғыр тауларынан Күнгей Алатаудың көрінісі», «Отрядтың

Мерке өзенінде түнеуі», «Шарын өзенінің шатқалы» атты суреттері

келтірілген. Ол тұңғыш рет «Қарқара өзені алқабының схемалық

картасын», «Солтүстік Тянь-Шань асуларының карта-схемасын» жа-

сап, оларда осы күнгі Алматы облысы оңтүстік-шығыс бөлігінің оро-

графиясы мен гидрографиялық торын өте-мөте дəлдікпен бейнелеп,

суретке салады. Ыстықкөлдің шығыс жағалауын топографиялық

съемкаға түсіру арқасында алғаш рет сол көлдің шығыс беткейінің

дəлме-дəл карталары қолға тиді. Айтылмыш карталарды құрастыруға

Уəлихановтың белсене қатысқаны күмəнсіз.

Ш.Ш.Уəлиханов дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға са-

пар шеккен кезінде өте құнды картографиялық материал жина-

ды. Ол Алтынемел шоқысынан Құлжа қаласына дейінгі жолдың

схемалық картасын жасады. Құлжа қаласының жобасын, Зəуке

өзенінің жоғарғы сағасын, Орталық Тянь-Шаньның асуларын,

Қашқар қаласының сұлбасын, Жаркент қаласының толық жоба-

сын, Ақсу қаласының шаһар дарбазалары мен қолөнер орындары

жайғасқан кварталдары қоса түсірілген жобасын, Қашқария қаласы

төңірегінің сұлбасын, Қашқариядан Тəшкентке дейінгі жолдың кар-

тасын жəне т.б. суретке салып алды. Ш.Уəлиханов өз саяхаттарына

əзірлік кезінде тарихи ескерткіштер мен деректерді зерттеу негізінде

бірқатар карталар жасады. Олардың қатарына «Тарихи-Рашиди»

кітабы бойынша жасалған «Монғолстанның схемалық картасы»,

«М.Ғабдулмажитовтың Ыстықкөлден Қашқарияға дейінгі маршру-

ты» атты жəне т.б. еңбектері жатады.

Ш.Уəлихановтың бірқатар еуропа тілдерін жетік білгені баршаға

мəлім. Сөйтіп мұның өзі оған көне ескерткіштер мен деректерді

түпнұсқалары бойынша зерттеуге мүмкіндік берді. Орта Азия мен

Қазақстан халықтарының тарихы мен географиясына байланысты

орысша ескерткіштерге қоса ол еуропалық жəне шығыс тілдеріндегі

деректердің де бəрін дерлік жете меңгерді. Ғалым алғашқылардың

бірі болып 1375 жылы Италияда құрастырылып, 1742 жылы Фран-

цияда басылып шыққан Католон картасына назар аударды. Ол кар-

та Дешті-қыпшақтармен, Орта Азиямен жəне Шығыс Түркістанмен

сауда-саттық жүргізуші итальян көпестері үшін маршруттық құрал

ретінде практикалық мақсатта жасалған-ды. Уəлихановтың онымен

француз басылымы бойынша танысқаны сөзсіз. Қазақстан мен Орта

Азияның қалалары мен халықтарын зерттеп білу үшін картаның зор

маңызы болды, сондай-ақ ол Қазақстан территориясының тарихи то-

пографиясы бойынша құнды əрі сирек кездесетін ескерткіш болып

саналады.

Петербургта болған кезінде (1858 – 1861) Шоқан бірқатар кар-

таларды қайта қарап, оларға дəлме-дəл толықтырулар енгізді жəне

сонымен қатар бас штабтың тапсыруы бойынша бүкіл Орта Азия

мен Шығыс Түркістанның картасын құрастырумен шұғылданды.

Сол картаны жасау үстінде ғалым толып жатқан тарихи құжаттарды,

бұрын шыққан карталарды, Орта Азия мен Шығыс Түркістан

жөніндегі сан алуан көне əрі жаңа деректерді пайдаланды. Архив

құжаттары, міне, осыны дəлелдейді. Соғыс министрінің Бас шта-

бы департаменті Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Х.Гасфортқа

1860 жылғы 21 суəірде жолдаған хатында былай деп мəлімдеген:

«Санкт-Петербургқа келген штабс-ротмистр Уəлихановтың

жəрдемімен Соғыс министрінің бұйрығы бойынша бұл күнде кіші

Бұхардың жəне Ыстықкөл көлі алқабының картасы жасалуда».

Бұл фактілер Орта Азия мен Шығыс Түркістанның картасын

құрастырған кезде Ш.Ш.Уəлихановқа көптеген ескі деректер мен

материалдарды ақтарып зерттеуге, өз ізденістерімен қатар ғылыми

əдебиетке де сүйенуге тура келгенін дəлелдейді.

Архивте сол сияқты Ш.Ш.Уəлиханов құрастырып, əскери-

топографиялық депоның архивіне түскен (1860 жылдың 1 наурыз-

дан 1 суəіріне дейін) кейбір карталардың тізімі келтірілген. Олардың

арасында мыналар бар:

1. Құлжа қаласының планы (бір парақ, бір дана, №52854).

2. Балқаш көлі мен Алатау жотасының аралығындағы кеңістіктің

картасы (бір парақ, бір дана, №52853).

3. Іле өзенінің төменгі сағасының картасы (бір парақ, №52824).

4. Іле өлкесінің батыс бөлігіне əскери барлау (бір парақ, №52855).

Азия бөлімшесінің қорында экспедиция жұмысының нəтижесі тура-

лы есепке қоса Ыстықкөлдің картасы да сақталған.

Ш.Ш.Уəлиханов құрастырған карталардың осынау толық емес

тізімінің өзі-ақ оның Бас штабпен, Азия департаментімен жəне

басқа мекемелермен бірлесіп, Петербургте қаншалықты зор іс

тындырғанын көрсетеді.

Ғалым жасаған схемалық карталар негізінен оның саяхаттарының

маршруттарын бейнелейді. Əлбетте, оларда осы заманғы

картографиялық ғылымға тəн жетістіктер жоқ. Соның өзінде ол

карталар жүріп өткен жолдар жайында алғашқы мағлұматтарды

берген. Олар географиялық негізгі нысандарды: тауларды, адыр-

қыраттарды, өзендерді, елді мекендерді көрсетті.

«Орталық Тянь-Шань асуларының» схемалық карта-

сы сол аймақтың зерттеу тарихында осы тектес карталардың

тырнақалдысы болды. Ш.Ш.Уəлиханов онда жоталардың орнала-

су қалпын біршама дəлме-дəл берді. Ондағы таулардың бағыты осы

заманғы картадағыларға мүлде дерлік сəйкес келеді. Орталық Тянь-

Шаньнан бастау алатын өзендердің, олардың салаларының атаулары

берілген. Теріскей Алатаудың солтүстік беткейінен ағып шығатын

өзендердің (Зəуке, Қызылсу, Жырғалаң, Түргенақсу, Текес, Түп) ба-

стаулары дұрыс көрсетілген. Картадан Нарын өзенінің қайнар көзі

Шəһарқорым тауының оңтүстік беткейінен басталатын өзендерде

11–1673


жатқаны байқалады. Толып жатқан салалары бар ең үлкен өзен Са-

рыжаз өзені болуға тиіс, ол картаның шығыс қапталында бейнелен-

ген.

Алайда аталмыш картада кейбір жаңсақтықтар жіберілген. Оның



ең басты кемшілігі – кеңістік ауқымының бұрмалануы. Солтүстік-

шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатқан Шəһарқорым ту-

ралы жəне басқа жоталар, яғни Уəлиханов картасының орта тұсы

ұзынырақ болып бейнеленген. Бұл арада мына жəйітті бірден ескерте

кеткен жөн. Ш.Ш.Уəлиханов Нарын өзенінің бастауынан Хантəңірі

шыңына дейінгі жолмен жүрген жоқ. Сол себепті ғалым ол екі

араның қашықтығын тап басып біле алмады. Бəлкім, Шоқан көзбен

шамалағанда жаңсақтық жіберіп алған болар. Ғалым Жетімасу асу-

ында тұрып Орталық Тянь-Шаньның басқа тауларынан шоқтығы

əлдеқайда биік алып Хантəңіріге көз тастады делік. Заңғар шың

алақанында тұрғандай айқын көрінгендіктен, саяхатшының ол онша

зəулім емес деп жорамалдауы ықтимал. Сондықтан Шоқан «Хан

тəңірінің» ұшар басы əрі салғанда 20 мың фунттан (6095 м) артық

емес, ал оның солтүстік беткейіндегі қар жатқан белдеуі 11530 фунт

(3520 м) шамасында шығар деп ойлаған болуы мүмкін.

Егер бұл деректерін осы заманғы көрсеткіштермен салыстырсақ

істің жəйі төмендегідей: Хантəңірісінің биіктігі 6955 м, (Уəлиханов

белгілегендей 6095 м.), ал Орталық Тянь-Шандағы қар жатқан

белдеудің шырқау шегі Шоқан айтқан 3520 м орнына 4200 м-ге

дейін көтерілген. Ал егер таудың кейбір тұсында қар жатқан белдеу

төменірек екенін ескерсек, онда Шоқанның жорамалынан алшақтық

тым көп емес.

Ш.Ш.Уəлиханов зерттеулерінің ішіндегі ең маңыздысы əрі

қызғылықтысы – оның Шығыс Түркістанда жинаған материалдары.

Ғалымның қолжазбаларының архивінде Шоқанның күнделіктерінде

жазғандарымен қоса толып жатқан суреттемелер, топографиялық

жəне географиялық карталар бар.

Бұл орайда «Орталық Азияның картасы» өте-мөте көңіл

аударарлық. Оны саяхатшы өз күнделігінің беттерінде салған. Кар-

таны Шоқан өзі жүргізген зерттеулерге сүйеніп, сондай-ақ басқа де-

ректер (сан қилы көпестерден, қытай ескерткіштерінен, жергілікті

тұрғындардан алынған мағлұматтар) негізінде құрастырған.

Бұлайша жорамал жасауымызға бір себеп – Жоңғардың солтүстік

жағындағы аймақтарда – Қашқарияның оңтүстік пен шығыс

бөлігіндегі аудандарда Шоқан Уəлиханов болған емес. Солай бола

тұрса да, картада Батыс Қытайдың жəне оған ұрымтал жатқан

облыстардың: Монғолияның оңтүстік-батыс, Орта Азияның шығыс,

тіпті Үндістанның солтүстік бөліктерінің көп жерлері қамтылған.

Сөйтіп, мұның өзі беймəлім Қашқария мен оған шектес

аудандардың тұңғыш дəлме-дəл картасы болды. Онда тек тау жота-

лары, көлдер, өзендер жəне елді мекендер ғана белгіленгенімен, сол

бір тамаша карта заманында зор қызмет атқарды. Ресейдің Шығыс

елдерімен экономикалық қарым-қатынастары барынша өрістеген

кезде жас ғалымның картографиялық қосымша берілген еңбегі

көптеген орыс ғалымдары, мемлекеттік жəне əскери қайраткерлер

үшін аса маңызды анықтамалық құрал болды.

Орталық Азияның Ш.Ш.Уəлиханов құрастырған картасы құнды

жақтарымен қатар кейбір кемшіліктерден де құралақан емес-ті.

Қашқарияны қоршап тұрған негізгі тау жоталарының орнала-

су қалпы мен бағытын Шоқан асқан дəлме-дəлдікпен берген. Тек

кейбір тауларды, атап айтқанда Нань-Шаньды, Тарбағатайды жəне

Моңғол Алтайын белгілеуде жаңсақтық жіберілген.

Мəселен, Уəлихановтың картасында Нань-Шань таулары Қотан

қаласының оңтүстік жағында Шығыс Түркістанды оңтүстіктен

қоршап тұрған болып көрсетілген. Шын мəнісінде Нань-Шань

едəуір шығысқа қарай орналасқан, ал картадағы оның орнында

Кунь-Лунь таулары тұр. Бірақ мұның өзі картаны сызу барысында

кеткен ағаттық сияқты. Өйткені «Алтышаһардың жағдайы туралы»

есебінде Шоқан былай деп айқын жазады: «Шығыс Түркістанды

үш жағынан таулар қоршап тұр: солтүстігінде Тянь-Шань, баты-

сында – Болор жəне оңтүстігінде – Кунь-Лунь». Бұл айтылғаннан

Қашқарияны оңтүстігінде Нань-Шань емес, Кунь-Лунь таулары

қоршайтынын Шоқанның жақсы білгенін байқаймыз.

Монғол Алтайы Зайсан көлінің ендігінен Үрімші қаласының

параллеліне дейін созылып, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа

қарай бағытта орналасқан. Ал Уəлихановтың картасында олай емес.

Онда Монғол Алтайы Тянь-Шаньның шығыс сілемдеріне жалғасып

астасады да, бір шығысқа қарай созылып кетеді. Сол сияқты

Тарбағатай жотасы да, жас ғалым белгілегендей, бойлық бойынша

емес, ендік бағытта орналасқан.

Аталмыш картада су жүйесі толық көрініс тапқан. Онда

Шоқан Кіші Бұхардың негізгі өзендері мен олардың ірі-ірі са-

лаларын түгелдей бейнелеген. Алайда мұнда да жаңсақтықтар

бар. Мысалы, басын Мүсірдаба тауларынан алатын Жұлдыз өзені

Ш.Ш.Уəлихановтың картасында Текес өзенінің саласы ретінде

сызылған. Ал шындығында, ол – Хайдыкөлдің (Кеншедарияның) са-

ласы. Онда Текес өзендерінің бастауы да дұрыс берілмеген. Бірақ

бұл өзеннің жоғарғы ағысы Мұзарт тауларында емес, Теріскей Ала-

тауда екенін Шоқан жақсы білген. Ғалым өзінің «Орталық Тянь-

Шаньның асулары» атты картасында Текес өзенінің бастауын өте

дəл берген. Ал бұл картаны ол Орталық Азияның картасынан бұрын

жасаған ғой. Демек, оның қолында Текестің бастауы жайында дұрыс

дерек болған.

Шоқан Терім өзені салаларының құйылысын дəл белгілеген.

Атап айтқанда оның басты салалары – Қашқадария, Жəркентдария,

Қотандария, Ақсу бір тұста дерлік жоғалып, Терім өзенін түзеді.

Картада Лобнор көлі де бейнеленген.

Бір қызық жері: Бостаннор (Бақырашкөл) көлінен ағып шығатын

Көкшедария Шоқанның картасында Терім өзеніне құяды. Қазіргі

уақытта Көкшедария тікелей Лобнор көлінің солтүстігіне құяды,

ал Теріммен құрғап қалған арна бойынша ғана жалғасады. Рас, су

тасыған кезде бұл екі өзеннің арасы қосылып кетеді. Бұл жағдайдан

өзендердің біршама қысқа мерзім ішінде бағытын өзгеріп, жаңа арна

жасап алатынын аңғаруға болады.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, кейбір жаңсақтықтарына

қарамастан, Орталық Азия картасы Шоқан Уəлихановтың

картографиялық еңбектерінің ішіндегі өте-мөте сəтті туынды екенін

батыл атап көрсетуге болады.

Ұлы қазақ ғалымының карторграфиялық шығармалары

арасындағы «Қазақ даласының ХVIII ғасырдағы картасы» (1850)

ерекше бағаланады. Ол масшатбы белгіленбей, қауырсынмен

сызылған. Картаның оң бұрышының астыңғы жағына «Уəлиханов»

жəне «1850 жылы 27 қаңтар» деп жазылған.

Карта батыстан шығысқа қарай Каспий теңізінің шығыс

жағалауларынан бастап «Қытай империясының» шекараларына

дейінгі жəне солтүстіктен оңтүстікке қарай Батыс Сібірден бастап

Орта Азияның шекараларына (Əмудария мен Сырдарияның төменгі

сағаларына) дейінгі осы күнгі Қазақстанның бүкіл территориясын

түгел дерлік толық қамтиды.

Біздің ойымызша, картаның құндылығы мынада: Ш.Ш.Уəлиханов

тарихи деректер негізінде Қазақстан территориясында XVIII

ғасырда мəлім болған маңызды географиялық нысандарды, бəрінен

бұрын гидрографиялық торды, жер бедерінің бітімін, қазақ далала-

рын Семей қаласынан Ыстықкөлге дейін, Ертіс өзені бойындағы Ко-

ряковск бекінісінен Баянауыл қыстағы мен Жаман Сарысу арқылы

Түркістанға асатын, Петропавл қаласынан (екі жол) Атбасар қаласы

жəне Ұлытау арқылы Сырдария өзеніне, сондай-ақ Есіл мен Торғай

өзендерін бойлап Қарақұмға (Арал төңірегіне) жəне Райым бекінісіне

(одан жол Бұхар əкімшілігіне кетеді) баратын басты-басты транс-

порт тамырларын қалпына келтіреді. Бұлардың қатарында Троицк

бекінісінен Тобыл, Торғай өзендері арқылы Райым бекінісіне жəне

одан əрі Қызықұм арқылы Бұхараға баратын жолдарды да атауға

болады. Қызылқұм арқылы кететін жол Сырдария өзенінің құрғап

қалған арналарын басып өтеді (олардың картада аттары жоқ, ол

жерлер қысқа-қысқа сызықшалармен белгіленген). Ол арналардың

Жаңадарияның қазіргі уақытта кеуіп қалған табандары екені бірден

байқалады. Демек, Ш.Ш.Уəлиханов зерттеген кезде бұл өзеннің

суы тартылып қалғанға ұқсайды. Кейінгі уақытта да оның арнасына

бірде су түсіп, бірде құрғап қалып жүргені белгілі.

Картаның оң жағына Шоқан тарихи тұрғыдан ден қоярлық өте-

мөте қызықты жазулар жазған: «1717, 5 январь,... 3000 түндік»,

«1717 Абылай өзін Орта жүздің ханымын деп жариялады», «1781

жылы 70 жасында Абылай дүние салды», «1779 жылы Абыл-(ай) Та-

лот (?) пристанін (?) өз ұлы Əділге бекініс салдырды» (?)». Сірə, бұл

тарихи деректерді автор XVIII ғасырда туған халқының өміріндегі

маңызды оқиғалар деп есептеген болуы керек.

Ш.Ш.Уəлиханов 1852 жылы құрастырған тағы бір карта бар.

Ол – Торғай даласы мен Құсмұрын дуанының қауырсынмен

сызылып жасалған схемалық картасы. 1850 жылғы картамен

салыстырғанда, екінші карта шағынырақ территорияны қамтиды.

Бірақ елді мекендерді – қыстақтарды, қалаларды, бекіністерді жəне

т.б. сондай-ақ табиғи нысандарды – өзендерді, көлдерді, əрі жер

бедерінің жағдайларын біршама толығырақ бейнелеуі жағынан

алғашқыдан асып түседі. Оған қоса, 1852 жылғы схемалық

картаның 1850 жылғы тарихи картадан тағы бір айырмашылығы

– онда сол уақытқа дейін мəлім болған географиялық нысандар

неғұрлым көбірек берілген.

«ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ даласының картасы»

айрықша көңіл аударарлық. Парақтың сол жақ бұрышындағы жазуға

қарағанда, картаны Шоқан 1856 жылғы 9 қаңтарда, яғни небары 20

жасында сызғанға ұқсайды.

Картаның практикалық зор маңызы бар, өйткені оны Қазақстанның

осы күнгі картасымен салыстыра отырып, кейбір географиялық

объектілердің ол кезде қандай рөль атқарғанын түсінуге болады.

Бəрінен бұрын бұл картаның Уəлиханов жасаған басқа да

құралдардан аса маңызды бір артықшылығын атап өткен орынды.

Ол – картада масштаб көрсеткішінің біршама сақталуы. Сондықтан

ол практикада қолдану үшін өте құнды құрал болып табылады.

Кеңістікті бұрмалап көрсеткен сол кездегі схемаларға тəн

кемшіліктен Ш.Ш.Уəлихановтың осы картасы да құралақан емес.Мы-

салы, Қалба тауының орналасу қалпы солтүстік-шығыстан оңтүстік-

батыс бағытта белгілеп, Шоқан қатеге бой ұрған. Шындығында тау

солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.

Арал теңізінің, Балқаш, Ыстықкөл жəне Алакөл көлдерінің жалпы

сұлбасы дұрыс көрсетілгенмен, осы су көздерінің бітімі бұрмаланған.

Уəлихановтың картасында орталық жəне оңтүстік бөліктердегі

көптеген көлдердің аумағы біршама үлкейтіліп салынған. Өйткені

саяхатшы өз сапарлары кезінде негізінен көзбен шамалап алған

мөлшерлерге сүйенген. Мəселен, Қашқарияға барған сапарында

геодезиялық немесе астрономиялық құралдармен пайдалануға мүлде

мүмкіндік болмаған. Ал солай бол тұрса да, жоғарыда айтылғандай

қиын-қыстау жағдайларда Шоқан көзбен шамалаған жерлерін су-

реттеп, сипаттауда жəне оларды картаға түсіруде асқан шеберлік

танытқан.

Ресейдің шығыс елдерімен экономикалық байланыстары нығайып,

барынша шарықтаған кезде Ш.Ш.Уəлихановтың шығармалары,

соның ішінде картографиялық еңбектері талай-талай орыс ғалымдары

мен мемлекет қайраткерлері үшін маңызды анықтама құрал қызметін

атқарды. Оның еңбектерінің қолжазбалары мен карталарының то-

лып жатқан оқымыстылар мен жоғары мəртебелі шенеуніктердің

қолдарынан өткенін архив құжаттарынан айқын көруге болады. Жас

қазақ ғалымының тамаша туындыларын Бас штабтың офицерлері,

Соғыс министрлігінің, Сырты істер министрілігінің басшыла-

ры, Мемлекеттік Советтің жəне Министрлер кабинетінің мүшелері

қызыға оқыған. А.Ф.Голубев, Д.И.Романовский тəрізді білікті ав-

торлар Ш.Ш.Уəлихановтың материалдарымен сусындап, кеңестер

алған. П.П.Семенов-Тянь-Шанский, М.И.Венюков, Ф.Р.Остен-

Сакен, Е.П.Ковалевский, А.А.Татаринов сынды алыптардың өздері

де Шоқан еңбектерін кəделеріне жаратқан.

П.П.Семенов-Тянь-Шаньский мен Жетісуды аралаған сапа-

рын аяқтағаннан кейін 1857 жылғы 20 қазанда Орыс География

қоғамының Кеңесіне жолдаған хатында: «мұндағы қырғыз тұрмыс

тіршілігінің таңдаулы білгірі поручик сұлтан Шоқан Уəлиханов пен

аудармашы Бардашев мəлімдеген деректер мен үшін пайдалы бол-

ды», – деп жазды.

Ш.Ш.Уəлихановтың саяхаттар кезінде Н.А.Северцовпен қыз-

меттес болғаны жайында суретші Знаменский мағлұматтар

қалдырған. Оның 1864 жылғы 24 майдағы күнделігінде: «Ертең зо-

олог, этнограф, Уəлиханов жəне тау-кен офицері штабты тастап, ро-

тамен, тау-кен қару-жарағымен жəне казактармен тауға аттанады»,

– деп жазылған. Автор Уəлихановтан басқа ешкімнің де фамилия-

сын атамайды. Бірақ оларды полковник М.Г.Черняевтің жорығына

қатысқандар жайында баяндайтын əдебиет бойынша айқындауға

əбден болады.

Ш.Ш.Уəлихановтың А.Ф.Голубевпен, М.И.Венюковпен, И.Ф.Баб-

ковпен, В.В.Обухпен жəне басқа саяхатшы ғалымдармен дос ты ғы

əрі қызметтестігі туралы Н.П.Ивлев неғұрлым толық жазған.

Ш.Ш.Уəлиханов жинастырып, ғылыми мекемелерге тапсырған

зоологиялық, геологиялық, нумизматикалық (ескі ақша, медальдар-

ды зерттеу) жəне басқа коллекцияларды іздестіріп табу ісі əзірше

ойдағыдай нəтиже бермей отыр. Ал көптеген ғалымдар ондай

материалдардың бар екенін айтады. Мысалы, И.В.Мушкетов былай

деп жазған-ды. «Ш.Ш.Уəлиханов Орталық Тянь-Шань арқылы сая-

хат жасаған кезінде жолай ұшырасқан тау-кен жыныстарының кол-

лекциясын жасаған. Сондай-ақ Жəркент маңындағы Міржай таула-

рынан жəне Қарақас өзенінің бойынан нефрит түйірлерін, Болор яш-

масын, мраморын, хрусталін, Керия өзенінің құм арасындағы алтын

түйіршіктерін жинаған». Өкінішке орай, сол бір сирек кездесетін

коллекциялар қолға түспей, жоғалып кеткен.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, Шоқан орнитологиялық жəне

энтомологиялық коллекцияларының өзі жоқта Германияға (Дрезден)

жібергені жайында жазған.

Уəлиханов жинастырған көне ақшалар мен медальдар туралы

В.В.Вельяминов-Зернов мақала жариялаған-ды.

Ш.Ш.Уəлихановтың географиялық мұрасы осынай бір ғажайып

қазақ ұлының ғылымға жан-тəнімен берілген саяхатшы, əрі

ғалым екендігін дəлелдейді. Шоқан сапар кезінде қиын-қыстау

жағдайларда асқан батылдық пен ержүректілік танытты. Өзінің

жан-жақты асқан дарындылығы, тапқырлығы, еңбекқорлығы

арқасында ол өз дəуірінің өте білгір де парасатты саяхатшы-

географы, тамаша дипломаты дəрежесіне көтерілді. Шоқан ат ізін

салған аймақтардың географиялық сипаты құбылыстарды ауқымды

қамтуымен ерекшеленеді. Зерттеген жерлерін дəлме-дəл əрі толық

баяндау, Орта Азия халықтарының тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын

бүге-шігесіне дейін суреттеу жөнінен Шоқан Уəлихановтың бірегей

туындыларының шоқтығы өзінің көптеген замандастарының

еңбектерінен əлдеқайда биік тұр. Əсіресе Орта Азия мен Қазақстан

халықтарының этнографиясын, материалдық жəне рухани

мəдениетін танып-білуге Шоқанның сіңірген еңбегі орасан зор.

Сондықтан да бір кезде мешеу қалған халқтың жарқырап туған

жұлдызы болған ол өз заманының аса көрнекті ғалымдары арасында

тарих ұсынған лайықты орнында тұр.

4. Н.А.Северцовтың Қазақстан табиғатын зерттеуі

Николай Алексеевич Северцов (1827 – 1885) аса ірі жаратылы-

станушы орыс ғалымдарының қатарына жатады. Терең білімділігі,

ғылымға кең құлаш сермеген алуан қырлылығы жөнінен ХІХ

ғасырдың екінші жартысындағы саяхатшы-географтар арасында

оның шоқтығы əлдеқайда биік тұр. Н.А.Северцовтың шəкірттерінің

бірі М.А.Мензбир былай деп жазды: «Өзінің ден қойған мəселелерін

жан-жақты зерттеуге бейімділік əі бастан табиғатына біткен, неге

болса да жүрдім-бардым қарауға атымен дағдыланбаған Николай

Алексеевич Стенли мен Пржевальский тақілеттес саяхатшы бола

ламас еді жəне болған да жоқ: ол алуан түрлі мағлұматтарды миына

тоқыған нағыз білімдар əрі алуан қырлы зерттеуші болды».

Н.А.Северцов өзінің ғылыми өмірінің денін Орта Азия мен

Қазақстанды зерттеуге бағыштады. Ғалым 57 жасының 23 жы-

лын осы өлкелерде саяхатта өткізді. Ол мұнда жеті экспедиция

ұйымдастырды, олардың төртеуі қазіргі Қазақстанның оңтүстік

жəне батыс облыстарының территориясын қамтыды. Н.А.Северцов

өз зерттеулерінің негізінде Тянь-Шань тау жүйелерінің, Арал

төңірегіндегі Қызылқұмның, төменгі Сырдарияның жəне басқа

аудандардың тұңғыш рет толық географиялық жəне геологиялық кар-

таларын жасап, олардың табиғат жағдайларын ғылыми тұрғыдан ба-

яндап берді. Н.С.Северцовтың өз мəлімдеуі бойынша, оны саяхатшы-

географ болуға алғаш рет баулып, Орта Азия мен Қазақтанды зерт-

теуге бағыт сілтеген ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жасалған

белгілі зерттеуші Г.С.Карелин еді.

Мерзімі жағынан Н.С.Северцовтың Қазақстанды зерттеуге кірісуі

П.П.Семеновтың Тянь-Шаньға экспедициясымен дөп келеді. Бірақ

П.П.Семенов Қазақстанды зерттеуді таулы ауймақтардан бастаса,

ал Н.А.Северцов Арал төңірегіне жəне Сырдария өзенінің төменгі

сағасына сапар шекті.

Н.А.Северцов экспедициясы (1857-1859) жасақтаған Россия

Ғылым академиясы оған «осы өлкеде зоологиялық жəне геологиялық

зерттеулер жүргізуді» тапсырды.

Өз жұмысын Орынбор қаласында бастаған Н.А.Северцов онан

кейін Мұғалжарды, Үстірт қыратын, Арал теңізінің солтүстік

жағалауын байқап қарады, Сырдария өзенімен сапарға шығып, Пе-

ровск (қазіргі Қызылорда қаласы) портына дейін жетті. Ол Солтүстік

Қызылқұмды аралаған сапарынан кейін экспедиция жұмысын

тəмамдады. Н.А.Северцов пен оның жолсерігі ботаник И.Г.Борщев

осы аудандардың жаратылысы, геологиясы, климаты жəне зоология-

сы жөнінен сол уақытқа дейін беймəлім болып келген толып жатқан

жаңа ғылыми деректер жинады.

Қоқан хандығының Россияға өшпенділігінің өршіп, шиелініске

түсуіне байланысты Н.С.Северцов экспедицияның өте қиын

жағдайда жұмыс істеуіне тура келді. Сырдария өзенімен сапар

шегіп жүрген Н.А.Северцовты қоқандықтар тұтқынға алып, ол

дұшпандардың қолында бір айға жуық отырып шықты.

1860 жылы Н.А.Северцов Оралдағы казак əскерлерін орнала-

стыру жөніндегі комитеттің мүшелігіне сайланып, «Оралдағы казак

жерінің жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеу» ісіне кіріседі.

Ол комитеттің тапсырысымен қоса өзі жасаған бағдарлама бойын-

ша дала зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат сұрап алады. Ғалым

тексеру бағдарламасына зоологиялық бақылаулар жүргізіп, коллек-

циялар жинаумен қатар топырақты, өсіміктерді, климатты зерттеуді,

сондай-ақ геологиялық барлаулар мен этнографиялық бақылауларды

да кіргізеді.

Зоологиялық жұмыстарының жоспары жөнінде Н.А.Северцов

академик Брандтқа былай деп жазады: «Мен Оралда да қырғыз дала-

сында кездесетін жануарлардың таралуын жəне тіршілік қарекетін,

сондай-ақ Орал жануарлар дүниесінің қырғыздардікімен байланы-

сын зерттеп бақыламақпын. Оның үстіне Орал жануарлар дүниесі

туралы Карелиннің жарияланбаған жазбаларынан бөтен арнайы

еңбек болған емес... Арал төңірегіндегі далаларда болмаған Каре-

лин ол жерлерді Орал өңірімен салыстырып, ғылыми тұжырымдама

жасай алмаған. Ал Орал табиғатын зерттеу үшін маған байсалды

ғылыми нəтижелер қажет .

Үш жыл бойы (1860-1862) экспедициялық жұмыс кезінде ғалым

құстардың жəне сүтпен қоректенушілердің мол коллекциясын

жинаған. Бұған қоса ол Орал балықтарының мыңға жуық данасын

əкелген. Ол Гурьев қаласында Г.С.Карелиннің бай коллекциясын

қолына түсіріп, оны Ғылым Академиясына тапсырған.

1864 жылы Н.А.Северцов Тянь-Шань экспедициясына аттана-

ды. Ол Тянь-Шаньның батыс жəне солтүстік сілемдерін зерттейді.

Солтүстік Тянь-Шанның көз тартарлық ғажайып көрінісіне қайран

қалып сүйсінген. Н.А.Северцов Іле жəне Қырғыз Алатауын та-

машалап, коллекция жинау ісін онан əрі жалғастырды, сондай-ақ

геологиялық бақылауларын тексеріп анықтайды. Ол өз сапарын Вер-

ный қаласынан бастап, Шымкент, Əулиеата Жамбыл) қалаларының

төңіректерін, Мерке селосын зерттейді, Талас өзенінің бассейніне

бақылау жүргізеді. Бұл аралдарда ол өзендердің геологиялық жа-

ратылысын, табиғи ерекшеліктерін, өсімдіктері мен жануарлар

дүниесін зерттеді. Сонымен қатар ол Қаратау тауларына да спар

шекті.

Н.А.Северцовтың Орта Азияға жүргізген басқа да зерттеулерінің



Қазақстан территориясын физикалық-географиялық тұрғыдан

танып-білуге тікелей қатысы бар. Айталық, Түркістан ғылыми экс-

педициясы жұмыс істеген кезде ғалым Тян-Шаньның геологиялық-

географиялық жəне жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеп,

оларды таудың қазақстандық

бөлігімен жалпы ортақтастыра, сабақтастыра қарастырды.

Н.А.Северцовтың Амудария экспедициясы (1874-1875 жылдар)

Арал-Каспий бассейні мен Қызылқұмды зерттеу жолында саяхатшы

Қаратау тауларында, Іле Алатауында, Түрген, Үшмерке жəне басқа

өзендердің алқаптарында зерттеу жұмыстарын жүргізді, ал Амуда-

рия өзеніне бет алған сапарында ол Сырдария өзені мен Арал теңізі

туралы өз бақылауларын толықтырды.

1879 жылы Н.А.Северцов Жетісуға тағы бір рет, бұл жолы

ақтық рет сапар шекті. Н.А.Северцовтың шығармасын зерттеуші

Р.Л.Золотницкаяның деректері бойынша, «экспедицияның жү-

рер маршрутын да, атқаратын жұмысының бағытын да еш-

кім белгілемеген» бұл сапарын саяхатшы өз қаражатымен

Н.А.Северцовтың маршруттары

ұйымдастырған. Экспедицицяның міндеттері мен маршрутын

автор дың күнделіктегі жазбаларына қарап, қалпына келтірген.

Р.Л.Золотницкая былай деп жазады: «Тянь-Шаньда жүргізген

зерттеулерінің қортыдыларын тиянақтап, ертеден ойында жүрген

сүбелі еңбегін жасау үшін Северцовқа кейбір жағдайларды тағы да

анықтап, көзге түскен бірен-саран олқылықтардың орнын толтыру

қажет болды. Яғни, ілгеріректе жиналған деректер, атап айтқанда,

Жетісу жөніндегі мағлұматтар өзіне-өзі талап қойғыш Николай

Алексеевичке жетісміз сияқты болып көрінсе керек. Сондықтан

ғалым бірлі –жарым қосымша зерттеулерсіз қол жеткен нəтижелерді

терең тұжырымдау мүмкін емес деп есептегенге ұқсайды.

... Орта Азия тауларының биіктік белдеулерге бөлінуін толық си-

паттап жазу үшін Северцовқа өзінің бұрынғы жүрген маршруттары-

нан солтүстік-шығысқа қарай жатқа аудандар туралы мағлұматтарды

толықтыру қажет болды. Бұған қоса, ол өзі ертеректе қадағалап

белгілеген құс жолдарын айқындай түсуді мақсат тұтты.

Осы экспедицияның тұсында Н.А.Северцов Қапалда, Балқаш

төңірегіндегі құмдарда, Лепсі мен Аягөз өзендерінің алқаптарында,

Арқаты құмдарында болды. Сөйтіп, Семей мен Омбы қалалары

арқылы Петербургке қайтып оралды.

Жетісу экспедициясында орнитологиялық (құстарды зерттеу)

бақылау ерекше орын алды. Саяхатшының экспедициядан оралған

бойда «Түркістан құстарының жаңа түрлері» атты жаңа еңбегін жа-

зуы жоғарыдағы пікірдің айғағы болса керек.

Н.А.Северцовтың экспедиция кезінде жинақтаған ұлан-асыр

мол материалы толық қорытылмай, жарияланбай қалды. Даладағы

жұмыс уақытында ғалымның оларды өңдеуге қолы тимеді. Ал сапар

шегуден қолы босағанда жасының ұлғаюына əрі денсаулығына бай-

ланысты мұршасы келмеді. Атақты саяхатшы дүние салғаннан кейін

оның материалдарының бірсыпырасын өзінің ізбасары əрі досы про-

фессор М.А.Мензбир өңдеді. Н.А.Северцовтан қалған ғылыми мұра

Ресей Ғылым академиясына тапсырылды.

Н.А.Северцовтың басты-басты еңбектері Қазақстан мен Орта

Азияның табиғат жағдайларын танып білуде зор рөль атқарды.

Негізінен оның зоологиялық-географиялық еңбектерінің шешуші

маңызға ие болғаны баршаға мəлім.Ал жалпы алғанда зерттеудің

кешенді əдісін қолданған ғалым жануарлар дүниесінің өсіп-

өнуіне жəне таралуына ықпал ететін физикалық-географиялық

жағдайларды зерттеуге де барынша назар аударды.

Саяхатшы ғалым Қазақстанға аттанған алғашқы экспедициясының

өзінде-ақ физикалық-географиялық зерттеу жұмысына үлкен

ден қойған-ды. Арнайы зоологиялық ізденулермен қатар ол Жем

өзенінде, Үстірт қыратында, Мұғалжарда жəне Сырдария өзенінде

геологиялық-географиялық бақылаулар жүргізді.

Жем өзені, Мұғалжар тауы жəне Үстірт қыраты арқылы Орын-

бордан Қазалыға барар жолында ол геологиялық мəселелерге

баса көңіл бөлді. «Зоологиялық жəне ботаникалық бақылаулар

жүргізіп, коллекциялар жинаумен қатар, – деп жазды ғалым, –

біз геогностикалық (геологиялық) жəне климаттық байқаулар

жүргізумен де шұғылдандық. Геология тұрғысынан біз ашық жатқан

тау жыныстарының бəрінің үлгілерін жинадық жəне ең соңғы дəуірде

пайда болған өзгерістерге, Каспий теңізінің деңгейінің ауытқуына

айрықша назар аудардық».

Н.А.Северцов Жем өзенінің бойынан бірнеше жерден мұнай

көздерін тапты. Бұл жаңалық оны өте қызықтырды. Ол мұнай

шыққан жерлерді мұқият зерттеп, Жем өзенінің ең жоғарғы сағасына

дейін барды. Ғалым Мұнайлы, Қарашұңғыл жəне Қондыарал мұнай

көздерін ең тəуір кен орындары деп есептеді.

Мұнайдың пайда болуы мəселесінде Н.А.Северцов жаңсақ

қорытындыға келіп, оны вулкандық құбылыстың нəтижесі деп түсінді.

Ол Арал жəне Каспий бассейндерінің бөлінуі де тектоникалық жол-

мен емес, вулкандық құбылыстың салдарынан болған деп санады.

Н.А.Северцов сонымен қатар Үстірт қыратының Мұғалжар

арқылы Орал тауларымен геологиялық байланысына да ден қойды.

Бұл мəселе жөніндегі өз пікірін ол «Үстірт Орал тауларының сілеміне

жата ма?» деген белгілі мақаласында баяндайды. Сөйтіп, өзі қойған

сауалына Н.А.Северцов Үстірт Орал тауларының сілемі екенін

мақұлдап жауап берді. Бір кезде А.Гумбольдт та осындай пікірде

болған-ды. Амал нешік, бұл мəселеде Н.А.Северцов А.Гумбольдтың

қатесін қайталады.

Үстірт қыратының геологиялық тарихын сөз ете келіп, Орал

жəне Маңғыстау таулары вулкандардың əрекетінен пайда болған

деп санаған Н.А.Северцов вулканның əрекетінен үштік дəуірдің

жыныстары ығысып күшті жарылыстарға ұшыраған, сондықтан

ол Үстірт қыратының геологиялық құрылымы да тік қатпарлардан

түзілген деп түсіндіреді. Кейінгі зерттеулер Н.А.Северцовтың

Орал мен Маңғыстау тауларын вулкандық əрекеттен пайда бол-

ды деген тұспалын дəлелдемегенімен, ғалым-саяхатшының Үстірт

қыратының пайда болуына бұл вулкандық əрекет ықпалы жөніндегі

пікірі кей жағдайда біршама дұрыс болып шықты. Демек, кейінгі

зерттеулер Оңтүстік Орал мен Шығыс Маңғыстау тауларының ерте

замандарда Үстіртпен байланысты болғанын растайды.

Арал-Каспий ойпатына жүргізген геологиялық бақылаулары

Н.А.Северцовқа бұл өңірде пермь, юра дəуірлерінде, бор, үштік

жəне үштік дəуірден кейінгі уақытта пайда болған жыныстардың

бар екенін анықтауға мүмкіндік берді.

Қошқарата маңында ғалымның назары таскөмір (лигнит) шыққан

жерге ауды да, мұның өзі бұл жерді онан əрі терең зерттеуге себеп-

кер болды.

Сырдария өзенінде экспедиция метеорологиялық зерттеу-

лер жүргізді. Ғылым Академиясы тарапынан берілген басты

тапсырмалардың бірі жануарлардың тіршілігіне климаттың ықпалын

айқындау еді. Зерттеу жұмыстары жүргізілген аудандарда ол кез-

де метеорологиялық пункттер мен станциялар жоқ еді, сол себепті

бұл тапсырманы орындау қиынға түсті. Дегенмен Н.А.Северцов

өз қызметкерлеріне ауа райын қалай бақылау жөнінде тиісті кеңес

беріп, ұдайы үйретіп отырды. Соның нəтижесінде қыруар құнды де-

ректер жиналып, ғалым климатқа байланысты бірқатар маңызды

тұжырымдар жасады. Мəселен, ол климаттың өзгеріп тұратынын,

Орта Азияда құрғақшылық белең ала бастағанын жəне т.б. анықтады.

Арал теңізін зерттеген кезде теңіз суының ұдайы немесе мезгіл-

мезгіл тартылуы жəне климаттың қуаңшылыққа айнала бастауы

туралы мəселелерге баса назар аударылды. Арал теңізінде оның

деңгейі төмендеген тұста болған Н.А.Северцов Арал шын мəнісінде

бірте-бірте əрі үнемі тартылып барады деген байламға келді. Теңіз

жағасының жылжып, барған сайын қусырыла түсуі де мұның айқын

айғағы еді. Ғалым теңіз суының тартылғанын дəлелдейтін басқа да

бірқатар мысалдар келтіреді. Ол бірде Арал теңізінен 50 шақырымдай

жерден Солтүстік Қарақұм маңынан, теңіз деңгейінен 70 фут (21

метр) биіктіктен ұлу (Pecten u Mytilus) қабыршағын тауып алады. Ал

дəл осындай қабыршақты ол ертеректе Сарышығанақ түбінен көрген

екен. Қабыршақтардың күнге, желге қаңсып бұзылмай, құм арасын-

да жақсы сақталуына қарап саяхатшы солтүстік Қарақұм мен батыс

Қызылқұм тіпті бертінде ғана Арал теңізінің табаны болған деген

ойға келеді. Аралдың қазіргі шекарасы белгілі бір тарихи дəуірде,

Каспий теңізінен гөрі əлдеқайда беріде қалыптасқаны байқалады.

Теңіз түбінің құрғап, тақыр, құмға айналуы Аралдың ұдайы тарты-

лып бара жатқанының тағы бір куəсі сияқты еді. Н.А.Северцов бұл

құбылысты да өзінің негізгі тұжырымының кепілі деп түсінді.

Сайып келгенде, Арал теңізі ұдайы тартылуда деген теория

ғылымда қолдау таппағаны мəлім. ХІХ ғасырдың басында Л.С.Берг

теңіз ұдайы тартылып бара жатқан жоқ, ал оның деңгейі тек мезгіл-

мезгіл ауытқып тұрады деп дəлелдеді.

Сырдария экспедициясы жүргізген жұмыстардың нəтижесінде

Орынбордан Қазалыға дейінгі жəне Арал теңізінің оңтүстік-шығыс

жағалауын бойлай жүретін жолдың бəрі түгелдей картаға түсірілді.

Бұл жолдың көп бөлігі оған дейін белгісіз болатын-ды. Н.А.Северцов

Ғылым Академиясына үш географиялық карта табыс етті. Олар: экс-

педиция маршрутының деректері келтіріліп, тұңғыш рет Жаңадария

өзені белгіленген Орынбор төңірегінің картасы; қапталдас жатқан

құм жоталар мен сортаң көлдер бейнеленген Арал теңізінің шығыс

жағалауының картасы; 1847 жылмен салыстырғанда теңіз деңгейінің

өзгеруін көрсететін карта.

Н.А.Северцовтың жолсерігі ботаник И.Г.Борщовтің Арал-Каспий

ойпатының табиғатына арналған еңбегі өте қызғылықты. И.Г.Борщов

аталмыш аймақты физикалық-географиялық жағынан толық сипат-

тайды, геологиясы мен жаратылысын суреттейді. Ол Мұғалжардың

пайда болуын палеозой дəуіріне жатқызып, тау тым бертінде жарлаған

деген А.Гумбольдтың пікіріне қарсылық білдіреді. Үстірт қыратының

ең жаңа дəуірде пайда болған қабаттары Мұғалжар тауларының шөгуі

нəтижелерінде кристалдық негізде түзілген, сөйтіп, И.Г.Борщев ол

қабаттар үштік дəуірде жердің көтерілу салдарынан жаратылмаған

деген болжам айтады. Арал-Каспий төңірегінің климатын сипаттай

келіп, зерттеуші оның шұғыл континентальды екенінің себептерін

дұрыс пайымдайды. Мұның басты себебі Арал-Каспий ойпатының

құрлықтың ортасында жатуынан деп топшылайды.

И.Г.Борщевтың еңбегінің негізгі бөлігі Орал-Каспий бассейні

маңындағы өсетін өсімдіктер түрлерінің таралу заңдылықтарын

анықтауға арналған. Ол алғашқылардың бірі болып топырақ пен

өсімдік өсетін қабаттың арасындағы байланысты тексерді, өсімдіктің

өсіп-өнуіне əсер ететін жағдайлардың бəрін (климат, жер бедері,

аналық жыныстарды жəне т.б.) тұтас алып зерттеді.

И.Г.Борщевтың еңбектері Н.А.Северцовтың Арал-Каспий ой-

паты жөніндегі зерттеулерін, сондай-ақ жануарлардың таралуы

географиялық ортаға жəне əр өлкенің геологиялық тарихына байла-

нысты деген пікірін толықтырып, кеңейте түсті.

Сырдария экспедициясының зоологиялық коллекциясын-

да құстардың 96, аңдардың 35, жылан-кесірткелердің 26 түрі,

балықтардың 15 түрі жəне омыртқасыз жəндіктердің 400 данасы

жинақталған.

Экспедиция Оралда жұмыс істеген кезде Н.А.Северцов Жайық

өзенінің гидрологиялық жағдайын тексеруге көптен-көп көңіл

бөлді. Өйткені өзі егжей-текжейлі зерттеген қызыл балықтың өрісі

судың аз-көптігіне байланысты еді. Сол кездегі ғылымда Жайық

өзені Еуропа мен Азия аралығындағы табиғи шекара болып табыла-

ды деген көзқарас қалыптасқан-ды. Ал Н.А.Северцов өзі жүргізген

бақылауларына сүйеніп, бұл пікірді жоққа шығарды. Зерттеуші бы-

лай деп жазды: «Табиғи-тарихи тұрғыдан алып қарағанда Жайық

өзенінің екі жағалауы да бірдей. Жайық ештеңені бөлмейді, ол

Қырғыз даласымен ағып жатқан əшейін ғана өзен».

Н.А.Северцовтың бұл қағидасы осы заманғы ғылымның

дəрежесіне лайық екенін атап көрсеткен жөн. Еуропа мен Азияның

шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтеді деу əшейін шартты ұғым

екенін кеңес ғалымдары да жоққа шығармады. Олай деп үзілді-

кесілді айтуға физикалық-географиялық тұрғыдан еш негіз жоқ.

Н.А.Северцов Оралда өте-мөте ден қойып шұғылданған

мəселелердің бірі – Каспий теңізі деңгейінің ауытқып тұруы

жөніндегі мəселе. Экспедиция жұмыс істеген екі жылдың ішінде

ғалым талай-талай қызғылықты деректер жинап, солардың негізінде

теңіз деңгейінің ауытқуының заңдылықтары жəне оның жиегінің

өзгеруі туралы бірқатар құнды пікірлер айтты. «Саяхатшы «1772,

1834, 1862 жылдарда Жайық өзенінің жоғарғы сағасы тұсында Ка-

спий теңізінің тартылуы туралы картасын» жасады. Бұл картада

П.С.Паллас зерттеген уақыттан бері теңіздің солтүстік жағалауының

шекарасында болған өзгерістер берілген. Картаны 1891 жылы

Н.Бородин жарыққа шығарды.

Оралда Н.А.Северцов сонымен қатар сол өңірдің кли-

мат жағдайларын зерттеумен де айналысты. Оның баспасөзде

жарияланбаған, Ғылым академиясының архивінен Р.Л.Золотницкая

тапқан «Орал əскерлері тұрған жердің климаты жəне оның

шаруашылық маңызы» деген мақаласы жоғарыда айтылған мəселеге

арналған.Н.А.Северцовтың тұжырымдары жылдың əр маусымын-

да сан рет қайталанған жан-жақты бақылаулар (ауа райы жағдайын,

жауын-шашынның көп-аздығын жəне т.б.) арқылы дəлелденген. Осы

деректерге сүйеніп, ғалым Арал-Каспий ойпатының төңірегіндегі

далалы жерлер мен орманды–далалы аудандардың арасындағы кли-

мат айырмашылығын дəлме-дəл анықтаған.

Н.А.Северцов экспедициясының келесі бір міндеті Орал өңірінің

суларындағы балықтардың тіршілік жағдайын зерттеу еді. Зооло-

гия маманы ретінде ол бұл мəселемен шұғылдану ісіне айрықша мəн

берді. Жайық өзені суының жағдайын жан-жақты зерттеп, саяхатшы-

ғалым онда балықтың, əсіресе қызыл, яғни бекіре балықтың үнемі

азайып бара жатқанына назар аударды. Бұл жөнінде ол «Орал

суларындағы қызыл балықтың тіршілік жағдайы» атты мақаласында

жазды. Ал айтылмыш мақала Орал экспедициясының нəтижесінде

Н.А.Северцовтың қаламынан шыққан өте-мөте елеулі еңбектерінің

бірінен саналады. Ғалым өз бақылауларына сүйеніп, сулардағы

балықтарды қорғау жəне балық аулау ісін жақсарту жөнінде бірқатар

ұсыныс жасады. Ол балықтардың тіршілік етуіне кеме қатынасының

тигізетін зияны туралы жазды.

Саяхатшы-ғалымның зоологиялық-географиялық зерттеулерінің

тағы бір айтарлықтай нəтижесі – оның «Орал төңірегіндегі өлкенің

аңдары» атты кітабы. Мұнда жануарлардың 35 түріне сипаттама

беріліп, олардың тіршілік ететін жерлері, жыл маусымдары бойына

орын ауыстыруы, халық шаруашылығындағы маңызы жəне климат

өзгертуге жарамдылығы жайында тұжырымды сөз болады.

Тянь-Шань тау жүйелерінде талай рет болған ғалым оның

физикалық-географиялық ерекшеліктерін бес саусағындай білді деп

айтуға болады. Əсіресе ол Орталық Тянь-Шаньды егжей-тегжейлі

зерттеді. Н.А.Северцов бұл таулы өлкенің бітімі мен геологиялық

жаратылысын оның барлық сілемдерімен, соның ішінде Қазақстан

жерінде жатқан солтүстік жəне батыс бөліктерімен жалпы байланы-

стыра зерттеді.

Саяхатшы Тянь-Шаньды ежелгі дəуірде қалай мұз басқанына,

таудың пайдалы қазба байлықтарына, биіктік белдеулерге, зоналарға

бөлінуіне кешенді түрде сипаттама берді. Ғалым өз бақылауларының

нəтижесіне сүйеніп, Тянь-Шаньды ежелгі дəуірде мұз басуы жөнінде

пікір ұсынды. Ол Альпі тауларына қарағанда Тянь-Шаньның мұз

басқан аумағы едəуір аз болған деген болжам айтты.

Н.А.Северцов климатты, топырақты жəне өсімдіктер

дүниесін зерттеуге зор маңыз берді. Сөйтіп, бұл мəселелер оның

экспедициясының жұмысында айтарлықтай орын алды.

Саяхатшы таулардың төбелері мен етектеріндегі климат

айырмашлығы жер мен көктей екенін байқап, бұл құбылысқа өте

12–1673

қайран қалды. Ол Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі қалың ор-



ман алқабын зерттеді. Ғалым таулардағы ормандар ылғалдылықты

молайтып, өзендердің қоректенуіне дұрыс жағдай жасап, олардың

егістік алқаптарында ылғалдылық сақталуында маңызы бар екенін

атап көрсетіп, əділ баға берді. Жетісуда, атап айтқанда, Қапал

төңірегінде орман алқаптарының азайып бара жатқандығын байқаған

саяхатшы-ғалым мұның өзі Азия құрлығында жауын-шашынның

кеміп, ылғалдың азаюына əкеліп соғатынын ескертті. Н.А.Северцов

Тянь-Шань ормандарында алуан түрлі жеміс ағаштарының көптігін

тұңғыш рет атап көрсетті.

«Түркістан өлкесіне саяхат» атты кітабында автор жануарлар

мен өсімдіктер дүниесінің сан түрлі екенін, əрі олардың бір-бірінен

айырмашылығын қызыға баяндайды. Ол мың құбыла құлпырған

қыр гүлдеріне, қол ұсынса кісі бойы жетпейтін өсімдіктерге не-

месе жермен жексен қырбақ бұталарға қарап таңырқай зерттеді.

Анда-санда жерде бір бұта ғана шыққан тап-тақыр құз-жартасты тау

беткейлерімен қатар ол түгін тартсаң майы шығатын қара топырақты

жерлерге (Мерке атырабында) кезігеді. Н.А.Северцов бұл құнарлы

өңірлер тау арасында мұз дəуірінен қалған сары топырақты аңғарлар

деп қателесті.

Жануарлар дүниесінің беймəлім əрбір жаңа түрін кездестірген

сайын саяхатшының қуанышында шек болмаған. Н.А.Северцов

үшін зоологиямен шұғылдану табиғаттың алуан түрлі күрделі

құбылыстарының өзара байланыс заңдылықтарын бір-бірінен ажы-

ратпай, тұтастай зерттеу тəсілдерінің маңызды саласына айналды.

Н.А.Северцовтың өз заманындағы ғалымдардың көпшілігінен бір

ерекшелігі – ол құбылыстарға терең талдау жасады, оларды өзара

байланыста əрі даму үстінде зерттеді, сайып келгенде, табиғат

байлықтарын қорғауды қалпына келтіруді жəне тиімді пайдалануды

ұсынды.

Қазақстан мен Орта Азияда экспедицияда болған кезінде



Н.А.Северцов аңдардың 15 жаңа түрі мен тұқымдарын жəне

құстардың 49 жаңа түрі мен түр тектестерін тауып, сипаттап жазды.

Олардың арасында Тянь-Шань аюы, арқарлар, таутекелер, марал-

бұғы жəне т.б. бар-ды.

Қазақстан мен Орта Азияның материалдары бойынша

Н.А.Северцов жазған зоологиялық-географиялық еңбектердің

ішінен оның арқарлар (1873 жыл) жəне бүркіттер (1885-188 жыл-

дар) туралы монографияларын айрықша атаған жөн. Ғалым

экололгиялық-географиялық талдау əдісіне сүйеніп, аталмыш

еңбектерінде сол аңдардың таралуына экологиялық жағдайлардың

қаншалықты əсер еткенін көрсетті. Ол былай деп жазды: «Түрлердің

əрбір географиялық тобы өзге географиялық топтардан тек өзіне ғана

тəн кейбір төл белгілерімен оқшауланатын ерекше топтар жүйесіне

жатады». Н.А.Северцов жануарларды табиғи іріктеуге, олардың

жастарының өзгеруіне, жергілікті географиялық тектердің пайда бо-

луына жəне түрлердің географиялық таралуына баса назар аударды.

Ғалымның зоологиялық-географиялық еңбектерінде табиғи,

соның ішінде зоологиялық-географиялық аудандастыру мəселелеріне

көптен-көп маңыз беріледі. Бұл мəселелер оның «Түркістан

жануарларының əр аймақта таралуы» атты кітабында (1873 жыл)

толық сипатталды. Көршілес өлкелердің жануарлар дүниесі туралы

материалдардың тапшылығына қарамай, автор қолда бар деректерді

салыстыра зерттеп, жануарлар мен өсмідіктер таралуының табиғи

шекарасын шеберлікпен анықтап білді. Іргелес жатқан жерлердің

байланыстарын тексеріп қарастырған Н.А.Северцов жануарлар

бір-бірімен аралас-құралас өсетін екі жаққа да бірдей зоологиялық-

географиялық аралық болады деген пікірге келді. Ғалым салыстыр-

малы талдауға сүйене отырып, Солтүстік-Батыс Қытай мен Орта

Азияның шығыс аудандарының табиғи жағдайлары біршама ұқсас

екеніне ден қойды. Ол Түркістан жануарлары тараған шекараны Ги-

малай, Гиндукуш арқылы, ал онан əрі Копет-Даг тауларының бойы-

мен Каспийге дейін белгіледі. Тұран өлкесінің жануарлары тараған

аймақтар жөніндегі осы заманғы ұғым, əлбетте, Н,А,Северцов

анықтаған шекараға сəйкес келмейді. Қазіргі шекара Оңтүстік Орал

таулары мен Солтүстік Қазақстаннан басталып, Үстірт қыраты,

Арал теңізі арқылы Сырдария өзенінің алқабымен өтеді. Ал оңтүстік

шекара Северцовтың көрсеткеніне дөп келеді. Қалай болғанмен

де Н.А.Северцовтың зоогеографиялық мəселелерді жоғарыда

айтылғандай белгілеуі ғалымның асқан зерделілігін жəне негізінен

дұрыс бағыт ұстағанын көрсетеді.

Зоологиялық зоналар жөніндегі мəселе онан сайын өрбітіліп,

бұрынғыдан да зор географиялық сипатқа ие болған Н.А.Северцовтың

екінші бір маңызды теориялық еңбегі – біздің материктің тропикалық

емес зоологиялық (көбіне-көп орнитологиялық) аймақтар екені ту-

ралы (1877 жыл) мақаласы. Ғалым бұл еңбегінде өз материалда-

рын қорытып, оларды басқа зерттеушілердің бақылауларымен салы-

стырып талдай келіп, Түркістанды зоологиялық-географиялық ішкі

аудандарға бөлуді шешу мəселесінен бүкіл Палеарктика жүйесінде

Түркістан өлкесінің алатын орнын анықтауға ұмтылады.

Аса көрнекті ғалым-саяхатшы өз зерттеулерінде істің

практикалық жағына əрдайым баса назар аударған. Ол зерттеген

аймақтарының физикалық-географиялық жағдайларын олардың

экономикалық даму міндеттерімен сабақтастырып, толғағы жеткен

көкейтесті мəселелерді шешуге мүмкіндігінше атсалысқан. Ғалым

экспедициясымен жұмыс жүргізген кезде өз бақылауларына сүйеніп,

балықтарды қорғау жəне балық аулау тəсілдерін жақсарту жөнінде

бірқатар ұтымды ұсыныстар енгізген. Саяхатшының «Жаңадарияның

арнасын қалпына келтіру арқылы Сырдария мен Амудария ара-

сында жол салу туралы» 1875 жылы Түркістан өлкесінің генерал-

губернаторы К.П.Кауфманның атына жазған арнайы хаты өте-мөте

көңіл аударарлық. Мұнда ол айтылмыш екі өзеннің аралығында

шөліркеп жатқан мидай даланы суландырудың негізгі жолдарын

атап көрсетеді. Сондай-ақ оның Сырдария, Орынбор мен Қазалы

аралығында кеме қатынасын ұйымдастыру туралы К.П.Кауфманға

жолдаған басқа ұсыныстары да ден қоярлық.

«Орынбор өлкесінде жол қатынасын жетілдіру туралы»

мақаласында Н.А.Северцов Қазақстан арқылы Ташкентке темір жол

тарту мүмкіндіктерін асқан білгірлікпен талдайды, өйткені Ресейдің

еуропалық бөлігімен байланыстыратын жол салуға қолайлы

жерлерді белгілейді. Оның жоспары өндіргіш күштерді дамытып,

жолдың экономикалық тиімділігін арттыруды көздеген.

Бірақ керенау патша үкіметі Н.А.Северцовтың жобалары мен

пікірлерін дер кезінде қолдамады жəне бағаламады, оларды жүзеге

асыруға көбіне немқұрайлы қарады. Ғалымның Орынбор – Ташкент

темір жолын тарту арманы орындалды. Оның өзінде де арада отыз

жылға жуық өткен соң, ХІХ ғасырдың басында ғана осы жолды салу

тұсында Н.А.Северцовтың пікірлері ескеріліп, кəдеге жаратылды.

Н.А.Северцовтың ғылыми мұрасы өте мол, олардың дені

жарияланған, бірсыпырасы қолжазба күйінде сақталған. Бұл ара-

да біз ғалымның тек Қазақстан табиғатын сөз еткен еңбектерін ғана

ауызға алып отырамыз. Аса көрнекті орыс оқымыстысының ұшан-

теңіз шығармашылық мұрасы Р.Л.Золотницкаяның «Н.А.Северцов-

географ жəне саяхатшы» (1953 жыл) атты мазмұнды еңбегінде

толығынан баяндалып, оған мұқият талдау жасалған. Мұнда автор

Н.А.Северцовтың баспасөзде жарық көрген ғылыми мұрасымен

қоса оның КСРО Ғылым академиясының архивтерінде сақталған

қолжазбаларын да тілге тиек етеді. Р.Л.Золотницкая саяхатшы-

ғалымның бірқатар еңбектерін архив қазынасынан тауып алып,

тұңғыш рет баспаға ұсынып жариялаған.

Ұлы орыс оқымыстысының Орта Азия табиғаты тура-

лы жазғандарын неғұрлым толық зерттеген А.А.Азатьян «Орта

Азияның аса көрнекті зерттеушілері» (1966 жыл) атты кітабында

Н.А.Северцовтың еңбектеріне талдау жасап, оның орталық Тянь-

Шаньда, Памирде жəне Амударияға жүргізген экспедиялық

жұмысына көбірек тоқталған.

Н.А.Северцов парасатты теоретик, əрі ойшыл практик ретінде

таразының екі басын тең ұстай білген, ғылым мен еңбекті өте

шеберлікпен ұштастыра білген сегіз қырлы, бір сырлы ғалым əрі

саяхатшы болғанын атап айтқан дұрыс. Физикалық-географиялық

кешенді зерттеу əдістерін жете меңгеріп, оны жаратылыстанумен

тығыз ұштастыра жүргізгенде ғана бұл салада айтарлықтай ғылыми

табысқа жету мүмкін екенін Н.А.Северцов өзінің іс тəжірибесімен

дəлелдеп берді. Ғалымның Қазақстан табиғатын зерттеудегі қол жет-

кен нəтижелері – осының айғағы.

5. Қазақстанның табиғатын физикалық-

географиялық тұрғыдан зерттеудегі

А.В.Мушкетовтың ролі

Аса көрнекті орыс ғалымы Иван Васильевич Мушкетов (1850

– 1902) тамаша геолог болумен қатар, аса ірі физик-географ еді.

Ресейлік сейсмологияның негізін қалаушы, орыс геоморфологиясы

ғылымын құрушылардың бірі, ол ірі-ірі геологиялық-географиялық

экспедициялар ұйымдастырды, геологиялық-географиялық зерттеу-

лер əдісі бойынша бірқатар құнды нұсқаулар жазды.

С.И.Никитин И.В.Мушкетов туралы «оның геология мен гео-

графияны тығыз ұштастырып, тең білгендігі соншалық, осы екі

мамандықтың бірінен-бірін кем игерген деп айтуға ауыз бармай-

тын», – деп жазды. Соның өзінде И.В.Мушкетов «физикалық гео-

графияны Жерді табиғаттың тəні ретінде танитын неғұрлым кең

ауқымды ғылым, жертанудың тек бір ғана бөлігі» деп қарады.

И.В.Мушкетовтың Орта Азия мен Қазақстандағы ғылыми

жұмысы 1873 жылдан басталды. 1874 жылы И.В.Мушкетов алғашқы

жұмысын Қаратау тауларын жəне Тянь-Шаньның батыс сілемдерін

зерттеуден бастап, бұл өңірде тас

көмір шығатын кен орындарын

бақылады жəне жалпы ғылыми

іздестіру ісін жүргізді. Мұнда ол

Боролдай, Арыс, Бадам өзендерінің

алқаптарында жəне Қазығұрт тау-

ында болды.

1875 жылы И.В.Мушкетов

Тянь-Шаньның солтүстік шеті мен

Жоңғар Алатауына үлкен саяхат

жасап, Əулиеата (қазіргі Тараз)

қала сының маңын, Александр жо-

тасын, Сусамыр өзенінің алқабын,

Боам шатқалын, Ыстықкөл көлін

тексерді. Ілені, Күнгей жəне

Теріскей Алатауды бірнеше жерден

қиып өтті.

1876 жылдың басында И.В.Мушкетов өз бақылауларының

нəтижесі жөнінде Минерологиялық қоғамға экспедиция жұмысы ту-

ралы қысқаша есеп жазып берді.

1877 жылдың жазында ол Орта Азияға қайтадан сапарға шықты.

1878-1880 жылдары Түркістанға сапар шегіп, мұнда Ферғананың

алқаптары мен жоталарын, Жетісуды, Алтай тауының батыс бөлігін

зерттеуді аяқтады. Амудария өзенімен жүзіп отырып, Қызылқұм

шөлін басып өтті жəне Зеравшан өзенінің жоғары ағысындағы

мұздықтарды тексерді.

Бұл зерттеулердің нəтижелері жеке-жеке мақалалар түрінде жа-

рияланды.

1881 жылы И.В.Мушкетов Г.Р.Романовскиймен бірлесіп, 1:120000

масштабпен Түркістан өлкесінің тұңғыш геологиялық картасын жа-

сап, оны 1884 жылы бастырып шығарды.

1886 жылы И.В.Мушкетовың негізгі еңбегі – «Түркістан»

атты үлкен монографиясының бірінші томы жарық көрді. Онда

Тұран (немесе Арал) бассейнінің геологиялық тарихы егжей-

тегжейлі баяндалған. Бұл еңбегін жазу үстінде автор сол өлкеде

өзі болған кезінде жинаған өте мол нақтылы зерттеу материлда-

рын пайдаланған.

И.В.Мушкетов Қазақстанға соңғы рет 1887 жылы Верныйда

болған жер сілкінудің іздерін зерттеу үшін келді. «Түркістан» моно-

И. В. Мушкетов

графиясын жазу үстінде ғалым кенеттен дүние салды. Бұл еңбектің

екінші томы автор қайтыс болғаннан кейін 1905 жылы жарияланды.

И.В.Мушкетовтың Орта Азия мен Қазақстанды зерттеулеріне

ғылыми жұртшылық өте-мөте ден қойып, қызыға қадағалады.

Өйткені бұл өлкелердің көп аймақтары физикалық-географиялық

жəне геологиялық құрылымыдық жағынан əлі де болса жете

зерттелмеген-ді. Бұл орайда П.П.Семенов 1856-1857 жылда-

ры тұңғыш рет ғылыми ізденіс жұмыстарын қолға алған Тянь-

Шань таулары айрықша беймəлім болатын-ды. Одан кейін мұнда

Ш.Уəлиханов пен Н.А.Северцов зерттеу істерін жалғастырды.

Негізінен зоология маманы Н.А.Северцов физикалық-географиялық

мəселелерді кеңінен зерттегенімен, өзі нағыз геолог болмағандықтан,

Тянь-Шань тауларының геологиялық дамуын терең əрі айқын ашып

көрсете алмады. Өзінен бұрынғылардың қателігіне ұрынбас үшін

И.В.Мушкетов əуелі бүкіл Түркістан өлкесінің жалпы геологиялық-

географиялық құрылымын анықтап алуды, сөйтіп, осының негізінде

аймақтың геологиялық дамуы жəне пайдалы кен қазбаларының жа-

ратылысы туралы тұжырым жасауға ұйғарды.

И.В.Мушкетов 1880 жылғы 8 суəірде Түркістан генерал-

губернаторы К.П.Кауфманға жолдаған хатында осы ойын білдіріп,

былай деп жазды: «Алуан-алуан ғажайыбына көз тоймайтын Тянь-

Шань, өткендегісі қайғы-қасіретке толы Қызылқұм, адамзаттың ал-

тын бесігі іспеттес əрі Азиядағы телегей-теңіз сулардың қайнар көзі

Памир сынды құдіретті алыптардың тіршілік тынысын анықтау –

соншалық маңызды ғылыми міндет болып есептеледі жəне тіпті бұл

абыройлы міндетті алдынала шешудің өзі-ақ осы заманғы ғылымды

қарышты қадаммен алға бастыруға айтарлықтай ықпал етеді, жуықта

ғана ұлы Гумбольдтың тамаша, бірақ жаңсақ тұспалы негізінде

Орталық Азия вулкандық өлке деп саналды, сөйтіп, вулкандық

құбылыстың жалпы теориясын дамыту тежеліп келді, жуықта ғана

Азияда Меридианды жоталар бар деген теріс ұғым белең алды,

сөйтіп таулардың жаратылу теориясы шатастырылып келді, жуықта

ғана дəл Еуропадағыдай Азия да мұз дəуіріне жатқызылды, соның

салдарынан бүкіл материктің геологиялық тарихы бұрмаланып

келді...

Менің ізгі арманым – Орталық Азияның геологиялық тарихын,

оның руда байлығының сипатын, жер қабаттарында рудалардың пай-

да болуын жəне т.б. айқындау. Бұл парызымызды ойдағыдай орындау

үшін бар күшімді сарп етуге əзірмін. Ал менің еңбегімнің нəтижелері

И. В. Мукшетовтың Қазақста мен орта Азияға саяхаты

дəйім мүлтіксіз бола бермеуі ықтимал, бірақ олардың қара қылды

қақ жарған əділ əрі шыншыл жəне осы заманғы ғылымының нағыз

талабына сайма-сай келеріне күмəнданбауға болады».

Басқа да зерттеулер сияқты, «Түркістан» монографиясында

да И.В.Мушкетов Орта Азия мен Қазақстанның оған ең іргелес

аудандарының геологиясы мен орографиясына өз көзқарастарын

негіздеді. Монографияда автор ең ежелгі замандардан бастап

1884 жылға дейін Түркістанға жүргізілген зерттеулерге егжей-

тегжейлі шолу жасады. Онда 1840 жылдан бергі неғұрлым

жаңа еңбектер айрықша толық əрі жан-жақты талданды. Орта

Азия мен Қазақстанның геологиясымен жəне географиясы-

мен шұғылданушы ғалымдардың бəрі бір ауыздан бұл шолуды

И.В.Мушкетовтың зор табысы деп бағалады, əрі осы күнге дейін

жоғары бағалап келеді.

И.В.Мушкетов өз еңбегінде орыс география ғылымында тұңғыш

рет «Орта Азия немесе Түркістан бассейні» деген ұғымды айқындап,

«Орта Азия» терминіне жаңа анықтама берді. Бұл орайда ғалым

Азия құрлығын аймақтарға бөлу жөнінде «China» атты классикалық

еңбегінде П.В.Рихтгофен негіздеп ұсынған жобаны басшылыққа

алды.


П.В.Рихтгофеннің пікірі бойынша, Орталық Азия теңізбен ешбір

байланысы жоқ, құрғап бара жатқан немесе кеуіп қалған тұйық

бассейнді аймақ болып табылады, ал Азия құрлығының шеткі

бөліктеріне келетін болсақ, олардың теңізге құятын өзендері бар.

Орталық Азиядағы үгітілген жыныстардың қалдықтары негізінен

тау арасында қалған, мұнда олар желмен ғана ұшып кете алады,

ал керісінше, шеткері аймақтарда ондай жыныстар ағын сулар-

мен теңіздерге ағып кетеді. П.В.Рихтгофеннің айтуынша, Орталық

Азияда орталыққа тартқыш күш басым да, ал шеткері аймақтарда

орталықтан тепкіш күш басым. Осының салдарынан Орталық Ази-

яда үгітілген жыныстары жойылып кетпей, бір орыннан екінші

орынға ғана ауысып кетеді де, сол жердің жер бедерін өзгертуге əкеп

соқтырады. Мұның өзі сонымен қатар осы өңірдегі өсімдіктер мен

жануарлар дүниесінің түрлерінің біркелкіліктеріне себепкер болып,

осы араларды мекендейтін тайпалардың мəдени өсіп-өркендеуіне

де қолайсыз əсер етеді. Ал шеткері аймақтарда адамның жəне басқа

органикалық дүниенің тіршілігі үшін жағдай мүлде басқаша. Онда

оған сулар бəрін жаңғыртып, қоршаған айналаға ылғал да, көрік те

береді. Осы айтылған аймақтарда (орталық, шеткі) П.В.Рихтгофен екі

аралықтағы кеңістікті өтпелі белдеуге қосады да, Азия материгінің

ұлан-ғайыр бөлігін соған жатқызады.

Атақты неміс географы əрі геологы ұсынған Азияны аймақтарға

бөлу тəсілін орынды бағалай отырып, И.В.Мушкетов жоғарыда

айтылған екі өтпелі белдеудің құрамына сан алуан түрліше

элементтердің (тау, тас, су жəне т.б.) кіретінін ескертті, оның жеке-

леген бөліктері белгілі бір дəуірде шеткі немесе ішкі аймаққа жатуы

мүмкін екенін атап көрсетті. Сондықтан И.В.Мушкетов шынтуайтқа

келгенде Азия құрлығы табиғи жағдайына, сипатына жəне жара-

тылысына қарай бір-бірнен мүлде өзгеше екі бөлікке ғана бөлінеді

деп есептейді. Олар: сыртқы немесе Шеткі Азия жəне Ішкі неме-

се Орта Азия. Соның өзінде ғалым Азияның мұхитпен байланы-

сы жоқ тұйықта жатқан аудандарының бəрін қосып, соңғы аймаққа

– Ішкі немесе Орта Азияға жатқызады. Осылайша бөлгенде Орта

Азияның шығыс бөлігі Рихтгофеннің бөлуіндегі Орталық Азияға не-

месе оның Хан-Хай бассейніне сəйкес келеді, Орта Азияның батыс

шетін И.В.Мушкетов «Түркістан» немесе «Түркістан бассейні» деп

атағанды мақұл көреді.

«Түркістан немесе Түркістан бассейні деген атпен, – деп жазды

автор, – мен Азия құрлығының батысында Мұғалжар таулары мен

Үстірттен бастап, шығысында Жоңғар Алатауына, Тянь-Шаньға

жəне Памирге дейінгі, оңтүстігінде Күрең-тагтан, немесе Копет-

Дагтан жəне Хорасан тауларынан бастап, солтүстігінде Шыңғыстау

жəне Арал – Ертіс суайрығына дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып

жатқан байтақ өлкені түсінемін».

Орта Азия мен Түркістанда геологиялық біршама бергі дəуірде

айдын-айдын ішкі теңіздер болғанын жəне олардың бір-бірімен

тікелей байланысып жатқанын ескертіп, Мушкетов Түркістан

бассейнін ажыратып бөледі де, олардың айналасындағы таулардың

да шекарасын анықтайды.

Ғалым Тұран немесе Арал бассейнінің геологиялық тарихын

өте-мөте толық зерттеп, монографиясының екінші бөлімін түгелдей

осы өңірге арнаған. Мұнда автор осы атырапты өзі аралаған кезде

жинаған аса мол төл материалдарына сүйенген.

Тянь-Шаньның батыс етегін зерттеген кезде И.В.Мушкетов

мұндағы тау жыныстанының бітімі тым күрделі екенін атап

көрсетеді. Табиғаттың көзіміз көріп жүрген шым-шытырығы заңды,

бірақ бізге түсініксіз құбылыстар екенін жадына түйген ғалым

тау құбылыстарының шимай-шатпақ түзілуі қапталдас екі қатапр

қабаттың (No, hy жəне N, w, h 8 ) бір-бірімен жанаса немесе айқыш-

ұйқыш бітуінен болатынын біршама толық баяндайды.

Қызылқұмдағы тұнба шөгінділерді сипаттай келіп, И.В.Муш-

кетов ондағы петрографиялық, палеонтологиялық, сондай ақ

стратиграфиялық өзгерістерді атап көрсетеді. Ежелгі конгломерат-

пен əктастың орнына үштік дəуірге тəн құмдақ пен мергель жыны-

старынан тұрады. Бұл жыныстардың өзгеріп тасқа айналуы мүлде

дерлік кездеспейді, сондықтан бұл – жыныстар қат-қабат болып го-

ризонтальды жатыр.Төрттік дəуірдегі жыныстар негізінен Арал-

Каспий шөгінділері мен эолдық жыныстардан пайда болған.

Ғалымның бұл зерттеулерінің Қазақстан жерінің физикалық-

географиялық жəне геологиялық тарихына тікелей қатысы бар.

И.В.Мушкетовтың Орта Азияның Қазақстанмен көршілес басқа ау-

дандарында жүргізген бақылауларының да маңызы еш кем емес.

Өйткені оларда да қазақ жерінің геологиялық өткен дəуірі жан-

жақты сипаттайды.

И.В.Мушкетов өз зерттеулеріне, сондай-ақ əдеби деректерге

сүйеніп, Тұран бассейні негізінен алғанда (95 пайызға жуығы) жаңа

дəуірдегі тұнбалардан: бор, юра, үштік дəуірдегі жəне үштік дəуірден

кейінгі уақыттағы шөгінділерден жаралған деген қорытындыға

келеді. Бұл алқаптың қалған жері палеозой шөгінділерінен,

метоморфоздық жəне кристалл жер жыныстарынан тұрады. Олар

Тянь-Шань мен Нұра таудың жалғасы ретінде ойдым-ойдым шағын

аралдарға ұқсаған тау жондары. Тянь-Шаньдікіне қарағанда əлгі

жоталардың тау жыныстары метаморфизмге көбірек ұшырағаны

анық байқалады.

Сол сияқты И.В.Мушкетовтың таулардың жаратылысы жөніндегі

пікірі де өте ден қоярлық. Ол Азия құрлығының ішіндегі сулар тар-

тылып, құрғаумен қатар бір мезгілде тауларда пайда болған деп

есептейді. Оның ойынша, бұл құбылыс осы заманғы геологиялық

дəуірдің басында өте-мөте жедел дамыған жəне тіпті əлі күнге дейін

бітпеген тəрізді. Орта Азия мен Қазақстандағы тау тізбектерінің жа-

ратылуы, құрылымы, болашағы туралы И.В.Мушкетовтың көзқарасы

оның ғылыми тұжырымдау парасатының кеңдігін дəлелдейді.

Жоғарыда ескерткеніміздей, Азиядағы тау тізбектерінің

құрылымы жөнінде ғылымда ұзақ уақыт бойы А.Гумбольдтың

пікірі үстемдік құрып келген-ді. Ол Орта Азия тауларын бес жүйеге

бөлді. Оның айтуынша, жаңағы бес жүйенің төртеуі: Гималай, Кун-

Лун, Тянь-Шань жəне Алтай əдеттегіше жалпы бағытпен шығыстан

батысқа қарай созылып жатыр да, ал біреуі – Болор оларға кесе

көлденең орналасқан. Кейбір зерттеушілер, солардың қатарында

А.П.Федченко да, кесе көлденең біткен Болор жүйесінің барлығына

күмəн келтірсе де, география ғылымында көпке дейін Н.А.Северцов

та қостады. Ал И.В.Мушкетов Орта Азия тау жүйелерін мұхият

зерттеу нəтижесінде мұнда кесе көлденең жатқан жота жоқ екенін

дəлелдеді.

И.В.Мушкетовтың монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань

тауларының жүйесін, оның мұз басуын зерттеуге, сондай-ақ тау

етектеріндегі жазық жерлер мен жота-жотаның аралығындағы

аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты жəне саздақ

балшықты өңірлердің пайда болуын əрі олардың шекараларын

анықтауға арналған. Ғалым Тянь-шаньда вулкандық құбылыс бар деп

есептеген А.Гумбольдтың көз-қарасының терістігін дəлелдейтін өз

деректерін келтіреді. (бұл жөнінде толықырақ IV тараудан қараңыз).

И.В.Мушкетовтың 1887 жылғы 28 мамырда Верный (қазіргі Ал-

маты) қаласының маңында болған күшті жер сілкінудің зардаптарын

тексеріп жазған есебі өте-мөте көңіл аударарлық. Ол жарияланған

мақалалар осы заманғы əдіс бойынша жазылған бұл саладағы

тұңғыш зерттеулер болды. «Жергілікті өзгерістер» тектоникалық

жағдайларға байланысты пайда болған деген автордың тұжырымы

осы күнгі ұғымға сəйкес келеді. Ол Іле Алатауының теріскей беткейі

құрылымының ерекшеліктерін тексеріп жазды, сондай-ақ жер

сілкінген кездегі дүмпулердің бағытын, тау ішіндегі ең көп зардапқа

ұшыраған жерлерді анықтады. И.В.Мушкетовтың еңбегінде тау

көшкіні құбылысы тұңғыш рет егжей-текжейлі сипатталып жазыл-

ды.


И.В.Мушкетовтың Орта Азия мен Қазақстанды геологиялық-

географиялық тұрғыдан зерттеуге қосқан үлесінің нəтижесіне

талдау жасағанда оның бұл сапарындағы аса маңызды, өзекті

қағидаларды дамытудағы зор рөлін атап көрсеткен дұрыс. Мəселен,

П.П.Семенов пен Н.А.Северцовтың зерттеу нəтижелерін онан əрі

дамытып, ол Орта Азияның жəне қазіргі Қазақстанның оңтүстік

облыстарының құрылысы мен тектоникасының тұңғыш ғылыми əрі

сол кез үшін озық схемасын жасады. Ол орыс география ғылымында

алғашқылардың бірі болып жер бедерін жаратылыс жағдайына

қарай, оның географиялық тарихымен байланыстыра зерттеу қажет

деген тұжырымға келді


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет