Тақырып: Экономика және оның қоғамдағы ролі” Білімділік мақсаты



бет3/5
Дата11.03.2022
өлшемі20,68 Kb.
#135075
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экономика және оның қоғамдағы ролі
Ағымдағы білімді бақылау тест сұрақтары
Дәріс.
1 сұрақ.
Бізді қоршаған ортаға үңіле қарайтын болсақ, ол тым күрделі және онда болып жататын әртүрлі өзгерістер бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеу ісімен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономика ғылымының орны ерекше.
Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды.
Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тағысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді.
Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.
Төртіншіден, «экономика» сөзімен оқыту пәні ретінде түсіндіріледі.
Қоғамдық қатынастар жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқада қоғамдық, өмір саласының мазмұнын анықтайды. Экономикалық саясат экономиканың шоғырланған мағынасын білдіреді. Генетикалық көзқарас тұрғысынан алғанда, саясат экономикадан өрбиді деген сөз. Саяси қөзқарастар, мекемелер мен қатынастар екінші реттегі байланыстар болып табылды. Себебі олар экономикалық қатынастардан туындайды., олармен анықталады. Және соларға қызмет жасайды. Өз кезегінде саясат әрдайым қоғамдық дамуда ерекше роль атқарады. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» («ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін ІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д. 430-355 ж.ж.) және Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөз ретінде - (үй шаруашылық) Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген. Кейінірек, осы бір талаптарға сүйене отырып, феодалдық иелікті жүргізу үшін ұсыныстар жиынтығы жасалды.
Экономикалық (тауарлы-ақша) байланыстардың дамуы феодалдық тұйықтылықты жоюға және мемлекеттің пайда болуына әсер етті. Сол кездері жеке иеліктерді жүргізумен шектелмеді және мемлекеттегі (мемлекет грекше – «полис», «политейя» деген сөз) барлық шаруашылықты жүргізудің жалпы ұлттық ережесін анықтаудың алғашқы талпыныстары пайда болды. Мемлекеттік шаруашылықты жүргізудің жалпы ережесі «саяси экономия» деген атқа ие болды. Алғаш рет «саяси экономия» деген ұғымды француз сарай қызметкері Антуан Мокретьен қолданды. Ол «Саяси экономия трактаты» (1965ж) кітабында Франция елінің шаруашылығын мемлекеттік тұрғыдан басқарудың субъектісі ретінде қарастырды. Бірақ мұны ғылым деп айтуға ерте болатын. Экономикалық теория ғылым ретінде ХVІ-ХVІІ-ші ғасырлар тоғысында пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет