Тақырып Факультатив сабақтарын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
Дата08.04.2024
өлшемі158,76 Kb.
#200619
түріСабақ
Байланысты:
1410829946Takyryp 1 ZHanseitova S



Тақырып 1. Факультатив сабақтарын ұйымдастыру
Сұрақнама: 
1. Факультатив сабақтары математиканы оқыту үрдісінде қандай қызмет атқарады? 
2. Факультатив сабақтары математиканы оқыту үрдісінде қандай орын алады? 
3. Факультатив жұмысының жоспары қандай мәселелерді қамтуы керек? 
4. Факультативтің бірінші сабағының шамамен құрылымы қандай болуы керек? 
5. Факультатив сабақтарына есептерді қалай дайындау керек? 
6. Оқушыларға факультатив сабақтарында есептерді қалай ұсыну қажет? 
7. Факультатив сабақтарында үйге берілетін тапсырмалар қандай болуы керек 
1. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылыми 
негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық сапалы да берік игеруге қажетті 
біліктіліктермен дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осындай білім алу 
нәтижесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды. 
Математика сабақтарында ауызша есептеу оқушының логикалық ойлауын дамытады, 
математикаға қызығушылығын арттырады, тыңдай білуге, байқағыштыққа, шапшаң 
есептеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушының ойлау қабілетін дамытып, әрі пәнге 
деген қызығушылығын арттыратын жұмыс түрі факультативтік сабақ. Қызығу танымдық 
іс-әрекеттің қозғаушы күші оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында 
қабілеті мен дарыны ұшталады. Логикалық есептеулер оқушының ойын дамытады және 
математикаға деген қызығушылығын арттырады. 
Мектеп бағдарламасындағы математика пәні бір оқушының бойында қызығушылық 
тудырса, екінші бір оқушының бойында қиындық тудырады. Осы қиыншылықты 
қызығушылыққа айналдыру барысында факультативтік сабақта келтірілген тақырыптар 
арқылы жеңіске жетуге болады. 
2. Оқушылардың мектептегі математика пәнінен алған білімдері сабақтастықты талап 
етеді, яғни факультативтік сабақ курсын оқу барысында тақырыптар кеңейтіліп, 
тереңдетіледі. Қарапайым логикалық, әзіл есептер шығару арқылы күрделіге қарай көңіл 
аудара отырып, оқушының өзіне деген сенімін арттыруға болады. 
Сабақтастықтың түпкі мақсаты – оқушыларды жүйелі, сатылы дамыту, теориялық білімін 
практикамен, өмірмен байланыстырылуын сәтті ұйымдастыру. 
Факультативтік сабақ бағдарламасын оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-
үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және 
сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. 
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-
оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің 
бар 
мүмкіндігін 
жұмсайтын 
шығармашылық 
қабілетті 
жеке 
тұлға 
қалыптастыру.Сондықтан математиканы оқытуда оқушыларға оқу материалын еске сақтау 
емес,осы материалды шығармашылықпен қолдау шеберлігін қалыптастыруға көп көңіл 
бөлінеді. 
Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті жеке 
тұлға қасиеттері қалыптасады.Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық 
танымының дамуын және оның ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтап, дамытуға 
болады. 


3. 
Факультатив сабақтар дегеніміз – оқушылардың білімін кеңейту және 
тереңдету,олардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру,ойлау қабілетін дамыту 
мақсатында жүргізілетін сабақтар. 
Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп,адамгершілікке,ізгілікке, 
имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу 
қазіргі таңдағы ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі. 
Белгілі бір пән саласына икемдеу дегеніміз не? 
Бұл оқушының жекелеген пәнді игерудегі жетістіктерін одан әрі тереңдетіп,сол пәнге 
деген танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырып қана қоймай,олардың 
дүниетанымын кеңейтуге,есте сақтау қабілетін нығайтуға,тіл мәдениетінің дұрыс 
қалыптасуына,ойлау үрдісінің дамуына да септігін тигізеді. 
Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы 
қабілетті(дарынды) оқушылармен жұмысты жандандыруға болады.Өз тәжірибемде түрлі 
тақырыптарда «Жас математик», «Жүзден жүйрік…», «Бастауыш көшбасшысы», 
«Жұлдызды сәт», «Миллион кімге бұйырады?» білім сайыстарынмен Математикалық 
олимпиадаға,Мемлекеттік аралық бақылауға дайындық есептерін жиі өткіземін. Сонымен 
қатар 
дидактикалық 
ойындар,(ұлттық 
ойындар)математикалық 
ребустарды,математикалық 
фокус,жаңылтпаштар,мақал-мәтел, 
сөзжұмбақтарды 
шешу,қызықты әзіл есептерді шығару,математикалық ертегілер,логикалық жаттығуларды 
орындау оқушының ақыл –ойын, қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын 
дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі. 
Қорыта айтқанда,факультативтік сабақтарды ұйымдастыру барысында келесідей 
нәтижелерге қол жетеіздім,олар: 
*Оқушының ой-өрісі дамиды. 
*Ойлау іскерлігі қалыптасады. 
*Ақыл- ойы жетіледі. 
*Есте сақтау қабілеті артады. 
*Қызығушылық қабілеті оянады. 
*Тіл, сөйлеу мәдениеті қалыптасады. 
*Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады. 
*Шығармашылықпен жұмыстанады. 
*Даму мониторингі айқын көрінеді 
4. Сабақ құрылымы. Қазіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты 
шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу 
болып саналады. Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу 
материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық 
және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына 
(класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері 
т.б.) сәйкес құрылады. 
Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылығына сәйкес мұғалім 
үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың 
көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады. 
Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін келесілер: 
— оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау; 
— сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын 
бөлу; 


— материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй 
тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау; 
— оқытудың ұтымды әдіс — тәсілдері, амалдарын таңдау; 
— оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас; 
— оқытудың қажетті оқу — материалдық жағдайын қамтамасыз ету. 
Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін, белсенділігін арттыру: 
— оқушының оқу — танымдылық міндеттерді қабылдауы мен түсінуі; 
— шешу жолдарының жоспарын құру; 
— міндеттің іс-жүзінде шешуі; 
— міндетті шешу үрдісін бақылау; 
— үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау; 
— жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау. 
Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін 
ұйымдастыра білу қажет және оқытудың белсенді әдісін қолдана отырып меңгерілу 
үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым — қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген 
әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет. 
Сабақты өзіндік талдау деңгейі: 
1 Эмоционалдық — ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс — әрекетіне 
толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі. 
2 Бағалау — сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау. 
3 Әдістемелік — сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабаққа талдау жасау. 
4 Рефлексивті — себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың 
жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого — педагогикалық теорияны да қатыстыру 
қажет. 
Сабақты өзіндік талдау: оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде 
орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін 
бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -
тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады [6]. 
Сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптары: 
— талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті; 
дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік 
ұсыныстардың негізін білу; 
— өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу; 
— оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі; 
— сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс — тәсілдерін дәлелдеу; 
— сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу 
міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау; 
— сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінше дамуын 
бағалау; 
— сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру; 
— сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау; 
— сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу; 
— жүргізілген сабаққа (немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы); 
— сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары; 


5. Біз жалпы сабақтың оқу процесінде алатын орнына, мәні мен мазмұнына, оған 
қойылатын талаптарға, критерийлерге және т.б. қысқаша тоқталып өттік, енді 
факультативтік сабақтар жөнінде тоқталып өтсек. 
Факультативті курс немесе факультативті сабақ (фр. facultatif — лат. facultas — 
мүмкіндік) — оқушы немесе студенттің таңдауымен мектепте немесе жоғарғы оқу 
орнында өткізілетін міндетті емес оқу курсы. 
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру. 
Факультативтік сабақтар — студенттердің білімін олардың қажеттіліктеріне, 
қабілеттеріне, сұраныстарына сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту 
мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік 
сабақтар студенттердің ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық 
қызығушылығының 
қалыптасуына, 
студенттердің 
зерттеу 
қызметіне 
деген 
қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді. 
Ұйымдастыру құрылымы — жеке және ұжымдық субьекттердің жиынтығы, олардың 
арасында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі мен 
міндеттері анықталған. 
1) жоба қызметі блогы: 
oo студенттер мен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін тану 
oo факультативтік сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу 
oo факультативтік сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау 
oo факультативтік сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен 
критериилерін дайындау 
2) жүзеге асыру блогы: 
oo факультативтік сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру 
oo факультативтік сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау 
3) мониторинг және бақылау блогы: 
oo студенттердің факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау 
oo факультативтік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау 
oo факультативтік сабақтарды өткізу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету. 
4) рефлексивті қызмет блогы: 
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бойынша студенттер арасында сауалнама 
жүргізу 
oo факультативті сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша мұғалімдермен әңгімелесу 
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы туындаған негізгі 
мәселелерді анықтау 
oo факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай жасау [7]. 
Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критериилері: 
1) сабаққа уақытылы қатысу. 
2) студенттердің әр түрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына, конференцияларға 
қатысуы 
3) 
студенттердің 
қызмет 
деңгейі 
(зерттеушілік, 
шығармашылық, 
жартылай 
шығармашылық, репродуктивті) 
4) студентердің сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы 
5) құжаттама жүргізу 
Факультативтік сабақтардың құжаттамасы 


Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір 
ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі. 
Аталмыш факультативтік сабақтардың тізімін бекітерде тек студенттердің және ата-
аналардың жеке қалауымен ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін орынның 
мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс. 
Факультативтік сабақтарды жүргізетін әрбір ұстазда жоғарыда айтылғандай факультатив 
сабақтың бағдарламасы болуы қажет. Аталмыш бағдарлама құрылымына сыртқы бет, 
түсіндірмелі жазба, қысқаша мазмұны, студенттер дайындығына талаптар, пайдаланылған 
әдебиеттер тізімі. Сыртқы бетінде бағдарлама атауы, білім ордасы атауы, сағат көлемі, 
бағдарлама авторының тегі, аты-жөні, аталмыш бағдарламаны бекіткен жетекшінің аты-
жөні, лауазымы, бекіткен жылы көрсетіледі. 
Түсіндірмелі жазбада аталмыш курстың көкейкестілігі, міндеттері негізделеді. 
Түсіндірмелі жазбаны жазу барысында курстың мақсаты мен міндеттерін көрсету қажет. 
Нәтижелерін атап өту өте маңызды. 
Қысқаша мазмұнында әрбір курстың тақырыбы, оның мазмұны сипатталады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде факультатив тақырыптарын оқу әдістемесі, мазмұны 
толық ашылған мақалалар мен кітаптар көрсетіледі. Сабақ пен пәндік бағыттағы 
факультативтік сабақтың арасында өзара айырмашылықтар бар (кесте 1). 
Факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың сапасын бағалау 
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді қажет етеді: 
oo сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы және сабақты өткізудің тиімділігі 
oo сабақты өткізу барысындағы оқушылардың белсенділігі 
oo оқушылардың сабаққа толық қатысуы 
Сабақтың өткізілу тәртібі: 
Факультативтік сабақтар оқу орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес 
сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі. 
Егер де факультативтік сабаққа арналған уақыт тарификацияға сәйкес 0,5 апта сағатына 
сәйкес келетін болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізілуіне жол беріледі. 
Факультативтік сабаққа қатысушылар саны 5 адамнан аз болмауы керек. 
Аталмыш сабақтар кәдімгі сабақтардан айырмашылығы болуы керек: факультативтік 
сабақтарда оқушыларда өз беттілікке, шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін 
айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері болуы абзал. 
6. Еліміздің «Білім туралы» заңы білім берудің мемлекеттік стандартын қүрайтын басты-
басты үш саланы атап көрсетеді. Олар: ең басты білім беру бағдарламалары мазмұнының 
міндетті минимумы, оқушылардың ең жогары сабак, көлемі және оқу орнын 
бітірушілердің білім дөрежесіне қойылатын талаптар. Алайда бүл анықтамада кәсіптік 
білім беру жүйесіндегі жұмыс-шылар мен білікті мамандарды дайындау ісіндегі толып 
жатқ-ан сан-салалы бағыттар нақты ескеріле берілген. 
Кәсіптік білім берудің басты мақсаты — алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың 
мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін 
қазіргі заман талабына сай дайындау. 
Факультативтік сабақтардың тиімділігі келесілерді қамтиды: 
— оқушының белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейінің жоғарылауы; 
— оқушы ынтасының, оқуға деген белсенділігінің қалыптасуы; 
— оқушы қызығушылығының артуы; 
— оқушының танымдық қабілетінің қалыптасуы. 


Әрбір факультативті сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, 
бірақ соған қарамастан әртүрлі факультативтік сабақтардың ортақ кейбір ерекшеліктері 
ескеріледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша 
түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс іытеуге және 
тәжірибе алуға үйретеді. 
Қазiргi таңда жеке тұлғаны қалыптастыру пән мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар 
мен міндeттepінe өте жауапкершілікпен қарауды талап етедi. Оқушыларға бiлiм, бiлiк 
және кәсiптiк бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне 
шын мәніндe жауапты екендігін сезiну қажет. Осы үлкен мiндеттi aтқapy үшін технология 
пәнінің мұғалімінің өзі бiлімдi, бiлiктi, мәдениеттi, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. 
Оқушы ic-әрекет арқылы танымын жетiлдiрiп, тәжірибе мен адамгершiлiк құндылыққа ие 
болады. Оқушының мынадай ic-әрекетін ұйымдастыруға болады: 
— өмipлік мақсатты көздей бiлуi; 
— адамдық қадыр-қасиетiн сақтау; 
— қоғамдағы өз оpнын тапа бiлу; 
— ceзімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі. 
Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi — факультативітк сабақтар болып табылады. 
Факультативтік сабақтардың мaқсaты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта 
шығармашылық iзденістерін, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын 
қалыптастыру. 
Факультативтік сабақтардың мiндеттерi: 
— оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарата дамытуға мүмкiндiк жасау; 
— оқушының қоғамдық белсендiлiгiн дамыту; 
-оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке (болашақ 
мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету; 
Факультативтік сабақтардың алдына қоятын негізгі талaбы: 
— факультативтік сабақтарға қатысатын оқушының қабiлетiн ескеру; 
— бiлiм беру. Оқыту мен тәрбие берудiң өзара байланысы; 
— оқушылардың еркіндігі; 
— нарықтық экномикалық қажеттiлiктi негiзге алу. 
Факультативтік сабақтар оқушылардың сұранысы бойынша, пән сабақтарында алған 
бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiндс жүргізіледi. 
Факультативтік сабақтарға қатысатын оқушылардың практикалық бiлiм, бiлiк дағдылары 
бiрдсй болуы мүмкінемес. 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет