Тақырып: Философия, оның пәні және функциялары. «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері


тақырып. Мәдениет және өркениет, олардың арақатынасы



бет31/31
Дата26.01.2022
өлшемі144,83 Kb.
#129844
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні
Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі , 782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de

тақырып. Мәдениет және өркениет, олардың арақатынасы


Әрбір адам ұлттық, әлеуметтік топтың, таптың, ортаның өкілі, яғнинақты мєдениеттің өкілі. Мәдениет дегеніміз-адамның іс-әрекеті, оның даму формасы. Өйткені,адам табиғи заттар мен құбылыстарды өзін мүдесіне, талап-тілегіне сай өзгертіп отырады. Мєдениет адам мен табиғатың өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасының тарихи дамып өзгеруінің өлшемі. Адам табиғатының бал баласы. Бірақ оның өмір сұру қисыны басқа. Ол табиғаттан тыс өзіне жаилы ортаны, яғни өзінің болмасына иман етті қоғамды жасау керек. Обаста мәдениет деген сөз өзіндік лексикалық ұғым мағынасына «натура» /табиғат/ деген сөзге қарсы ілім ретінде қалыптасты. Табиғаттан тыс, адам қолынан шықанынның бәрі де мєдениет айғағы бола алады. Мәдениет әлемі адамның өз әлемі, өйткені ол адамның творчестволық, жасампаздық қабілеттерінің жемісі. Адамзат тарихы - мәдениет тарихы. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметік орта өзгертеді , дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады Мәдениет адамның өзіндік дамуы мен бара-бар процесс. Философия мәдениетті қоғам дамуына тән жалпы заңдылықтарға сүйеніп зерттейді. Философиялық әдебиеттерде мәдениет ұғымы саралаудың көп жақтылығын, көп мәнділігін еске ала отырып, олардың бәрін бір жүйеге келтіруді мақсат ететін болсақ, онда үрдісті анықтауға болады. Біріншіден, мәдениет дегеніміз табиғаттан өзгеше, одан тыс адам қолмен жасалған құбылыстар. Екіншіден, мәдениет дегеніміз өндірісте, ғылымда, өнерде адам қол жеткізген жетістіктер. Мысалы, осы мағынада технологиялық, мәдениет, көркем өнер мәдениеті, адамгершілік мәдениеті деп айтып жүрміз. Бұл мәдениеттің нормативті сипаты. Әрине,бұл екі ұрдіс те біржақтылықты көрсетеді, ұғымның мәні ашылмайды. Мәдениеттің өзіндік концептуалдік мәні оның адамның өзін қоршаған ортаны жетілдіріп, көркейтуге тырысқан саналы рухының ізденістерінің көрсеткіші екендігін еске алсақ, жоғарыда келтірілген В.М.Межуев анықтамасының дұрысты дәлелденеді. Өркениет туралы мәселе философия тарихында әр түрлі қырынан көрінеді. Біріншіден, өркениет дегеніміз адамзаттың даму процесіне тағылықтан кейін дүниеге келген ерекше тарихи кезең. Бүл кезеңнің негізгі ерекшелікрі еңбек бөлісуі арасында пайда болған адамдар арасындағы қарым –қатынастар онан әрі кеңейіп, товар өндірісінің пайда болуы таптардың қалыптасуы , мемлекеттің дами бастауы. Өркениет бүкіл дүние жүзілік тарихи процестің белгілі бір тиянақты даму саясаты. Археологтар мен ежелгі тарихты зерттеушілер бүл ұғымды дәл осы мағынада пайдаланып жүр. Өркениеттің тарихи дамуының нақты кезеңі деп қарастырудыңе алғаш рет Ш. Фурье ұсынған еді, осы теориялық дәстүр Л. Морган Ф. Энгельс еңбектерінде онан әрі дамытылады. Екіншіден, өркениет деп салыстырмалы тұықталған, өзіндік ерекшелігі бар қоғамдастықты атаған. Бұл дәстүр И.Я.Данилевский еңбектерінде қалыптасқан. Кейіннен осы концепцияны О.Шпенглер, К.Н. Леонтьев дамытқан. Ал өркениет ұғымы қоғамдық прогрестің кейінгі кездерінде пайда болған дамуын түсіндіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет