Тақырып: Жалпы дәрігерлік тәжрибе жұмысында тоқ ішек обырының алдын алу іс шаралары


Тоқ ішек обырының алдын алу іс шаралары



бет15/15
Дата07.02.2022
өлшемі2,6 Mb.
#85095
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Досанов Ш 3 ИӨЖ

Тоқ ішек обырының алдын алу іс шаралары
  • Қауіп факторлары.
  • Тоқ ішек обыры туындауның қауіп факторларына төмендегілер жатады:
  • -Тұқым қуалаушылық;
  • – Бастан өткерген аурулар. Тоқ ішектің обырға ізашар болатын немесе оның дамуына ықпал ететің созылмалы ауруларының бір тобы: тоқ ішектің бір және бірнеше полиптері, талшықты ісік, созылмалы ойық жаралы колит, аноректальді жыланкөздер және тік ішектің тыртықты таралулары. Созылмалы холецистит, геморрой, артқы өтіс сызаттары сияқты кең таралған аурулар өздігінен обырға ізашар болып табылмайды, бірақ олардан туындаған функционалдық бұзылулар (созылмалы іш қатулары, ішектің кебуі, қорылдауы және т.б.) обыр ісігінің дамуына ықпал етеді. Дәл осындай онкогендік рөлді әдеттегі іш қатулары, созылмалы спастикалық колит, жыныс мүшелердің аурулары, созылмалы простатит атқарады;
  • -Тамақтану сипаты. Колоректальді рак көбінесе семіздіктен зардап шегетін адамдар арасында жиі кездеседі. Рационда көкөніс, жеміс мөлшері төмен , мал майы көп болса, колоректальді обырдың даму жиілігі рационы теңдестірілген адамдарға қарағанда 40-50 есе жоғары. Майлы тағамды күрделі термиялық өндеуден өткізу, қақтау да қауіпті өршіте түседі.
  • – гиподинамия; адамның қимыл – қозғалыс белсенділігінің аз болуы тоқ ішек пен тік ішектің эвакуаторлық функциясының бұзылуына, кіші жамбаста қан іркіліп қалуына және тік ішектің гипоксиясына, іштің қатуына алып келеді, олардың рөлі жоғарыда айтылды.
  • – канцерогендік заттардың әсер етуі; ондай заттарға жануарлардан алынған тағамдар құрамында болатын триптофан және тирозин аминкышқылдарының ыдырау және өзгеру өнімдері жатады. Тоқ ішек пен тік ішектің шырышты қабығына әсер ететін шығу тегі техникалық канцерогендерге полиароматтық көмірсутегілер, ауыр металдардың тұздары, нотрозаминдер, полимерлік материалдар жатады.
  • – шылым шегу және алкоголь.
  • Профилактика.
  • 1.Дұрыс тамақтану. Тамақтану мәзірінде жемістер мен көкөністердің көп болуын, тмал еті мен майларды шамалап пайдалануды, алкоголь пайдалануды азайтуды ұсынады.
  • 2.Дене белсенділігін сақтау, дене салмағын қадағалап отыру қажет.
  • 3.Ішектің жағдайына және қызмет атқаруына назар аудару қажет.
  • 4.50 жастан кейін – колоректальді обыр скрингіне қатысу қажет. Скрининг әдісі: иммунохимиялық нәжістегі жасырын қанға зерттеу жүргізу (гемокульт-тест). Зерттеуге дейінгі әдіс ретінде тотальді колоноскопия.
  • Пайдаланған әдебиттер:
  • www.google.ru
  • Госпиталдық хирургия . Қ.Ғ.Сапарова Ж.Б.Бижігітов
  • Хирургиялық аурулар А.С.Ибадильдин А.А.Алмағамбетов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет