Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»



бет14/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ПДД поурочки

ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ


Жүк тасымалдау мақсатына арналған көлік құралдарымен жəне көлік құралдарының құрамдарымен жүзеге асырылуға тиіс.


Автобустарда қол жүгін қоятын бөлімшеден тыс орында жүкті, оның ішінде қол жүгін тасымалдауға тыйым салынады.

Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың салмағы, жүктемені өстер бойынша бөліп орналастыру осы көлік құралы үшін даярлаушы-кəсіпорын белгілеген көлемнен аспауға тиіс.


Жүргізуші жүруді бастар алдында жəне қозғалыс кезінде олардың құлауын, қозғалысқа кедергі тудырудан сақтану үшін олардың орналасуын, бекітілуін, жабылуын жəне жай-күйін бақылап отыруға тиіс.


Жүк тасымалдауға келесі жағдайларда, егер ол:

    • көлік құралының санатына жəне түріне сəйкес келсе;

    • жүргізушіге шолуды жəне көрінуді шектшақ.есе;

    • басқаруды қиындатпаса; көлік құралының орнықтылығын бұзбаса;

    • сыртқы жарық аспаптарын жəне жарық шағылғыштары мен тіркеу айырым белгілерін көлегейлемесе, сондай-ақ қолмен берілетін белгілерге кедергі жасамаса;

    • шу туғызбайтын, жолды жəне қоршаған ортаны шаңдатып ластамайтын болса, жол беріледі.

Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші аталған тасымалдау ережелердің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса, қозғалысты тоқтатуға міндетті.

Артынан жəне алдынан 1 м. артық немесе бүйірден көлемдік жарықтардың сыртқы шетінен 40 см. артық шығып тұратын жүктер немесе көлік құралының көлемінен, ал тəуліктің қараңғы уақытында жəне жеткіліксіз көріну жағдайларында, алдынан жəне жетіліксіз көріну жағдайларында, алдынан – шаммен немесе ақ түсті жарық шағылыстырғышпен, артынан шаммен немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғышпен белгіленуге тиіс.


Ауыр салмақты, ірі көлемді жəне қауіпті жүктерді тасымалдау, жүкпен несесе жүксіз көлемдік өлшем ені бойынша – 2,55 метрден (2,6 метрге – изотермиялық қораптар үшін), жүріс бөлігінің бетінен биіктігі бойынша 4 метрден астам артқа шығып тұратын жүгі бар көлік құралының қозғалысы, сондай-ақ екі жəне одан көп тіркемелері бар автопойыздардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін арнайы ережелерге сəйкес орындалуға тиіс.
Көлік құралы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде «Қауіпті жүк» (23.1-сурет); «Негізгі ережелердің» 8-тармағында көзделген жағдай- ларда «Ұзын өлшемді көлік құралы» деген айырым белгілерімен белгіленуі керек (23.2-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет