Тақырып: Логопедияның ғылыми негіздері



бет1/3
Дата02.07.2023
өлшемі24,29 Kb.
#179283
  1   2   3
Байланысты:
Логопедияның ғылыми негізждері
report (96)

Тақырып: Логопедияның ғылыми негіздері

2023 ж
Логопедия өзінің практикалық және теориялық зерттеу жұмысына қажетті мәліметтерді алу үшін өзіне жақын көршілес ғылымдармен тығыз байланыс жасайды. Логопедия тілдің механизмдерін ми құрылысындағы тілдің даму процесін, анализаторлардың құрылыстарын және олардың атқаратын жұмыстарын қарастырған кезде сөйлеу тілі қызметінің барысына тікелей қатысып ат салысатын жалпы анатомия мен физиологияның және нейрофизиологияның ілімдерін пайдаланады. Логопедия құлақтың, мұрынның, жұтқыншақтың көмейдің ішкі құрылыстарымен олардың сөйлеу тілінде атқаратын қызметтерімен және олардың ауруларын тексеріп емдеудің және болдырмаудың жолдарын құрастырумен айналысатын отториноларингологиялық және жүйке жүйелері ауруларын емдеудің және болдырмаудың жолдарын қарастырумен айналысатын невропатолог және психикалық аурулардың патологиялық процестерінің пайда болу себептерінің заңдылығын, даму барысының механизмдерін тексеріп зерттеумен және емдеумен айналысатын психопалогиямен және клиникалық олигофрения педиатриямен, сонымен қатар лингвистикамен және психолингвистикамен тығыз байланысты.


Тіл мүкістіктерінің түрлері негізінен ауызекі және жазбаша болып екі топқа бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілі мүкістіктеріне жататындар: Дисфания, Дислалия, Бразилалия, Глахилалия, Тұтықпа, Ринолалия – сөйлеу тілі мүшелерінің аппаратындағы анатомо-физиологиялық кеністіктердегі дауыстың әуелсіздігі мен дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сөйлеу тілі мүкістіктері мен психикалық әрекеттердің басқа жақтарының байланыстарын анықтап, араларын ашып алудың нәтижесі бұзылған кемістіктердің пайда болуына әсерін тигізетін психикалық процестерге ықпал жасаудың жолын қарастыруға жәрдем береді. Сөйлеу тілінің мүкістіктерін тікелей түзетумен қатар оның әдеттегідей дұрыс жұмыс істеуіне жанамалап немесе туралап кедергі келтіретін психикалық даму ерекшеліктерінің қайсысына болса да ойдағыдай ықпал жасаудың қолайлы жағдайына мүмкіндік туады.
Ринолалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынын дауыстың әуездігімен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Сөйлеу мүшелерінің бұзылуы мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофаниядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация) дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстардың айтылуы мен сөздің шапшаңдығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп бірде әртүрлі биіктікте жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылатын дыбысқа байланысты және ол дауыссыздарға қарағанда дауыстыларда аз ашылады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының аралығында 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарда мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз в дыбысында, ал ең қатты қабысуы с дыбысын айтқан кезде болады. Бұл а дыбысының қабысуы кезіндегіге қарағанда 6-7 мәрте күштірек десе болады. М, н, ң, мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаторының кеңістігіне емін-еркін кіріп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет