Тақырып: Ультра дыбысты, радиоизотопты ямрт,кт зерттеу әдістері Ультра дыбысты диагностика


Науқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау



бет2/3
Дата11.01.2022
өлшемі11,62 Kb.
#110993
1   2   3
Байланысты:
comPopularAppInstaget
11 сынып әдебиет. ЖМБ 3-тоқсан
Науқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау.

  1. Тексеруден 3 күн бұрын тағамнан жаңа сауылған сүтті, көкөністерді, бұршақты, үрмебұршақты, қара нанды, ащы ас қатықтарын, консервлерді тоқтатады.

  2. Ақ нанмен, пісірілген етпен, балықпен, ботқалармен, сырмен,көжелермен тамақтанады.

  3. Тазалық клизмасының тексерудің қарсаңында және тексеру күні таңертең жасайды.

  4. Іш қатуда тексеруден 2-3 күн бұрын іш жүргізетін кастор майы, 2 табл. х 3 рет карболен тағайындалады.

  5. Тексеретін күні таңертең тамақтанбайды.

  6. Бүйрек пен көкбауырды тексергенде арнайы дайындықтың қажеті жоқ.

  7. Зәр қуығын, қуық асты безін, жатырды және оның қосалқы мүшелерін тексергенде зәр қуығы толған күйінде тексеріледі.

Томография – әр қабатты бөлек түсіретін рентгенография. Томография кезінде рентген түтікшесінің белгілі жылдамдықпен қозғалып тұру нәтижесінде алдын ала белгіленген көрініс айқынырақ болады.

Компьютерлік томография – яғни ЭВМ- ді қолдану арқылы тіндерді және олардағы азғана өзгерістерді рентген сәулесінің жұтуымен болатын сәл ғана айырмашылықтарға сүйене отырып анықтайды.

Ядерлі – магнитті резонанстық томография:

ЯМР – томография, ЯМР – интраскопия болып табылады. Ол тіндердің әр түрлі қабылдау қасиетіне негізделген. Бұл әдіспен тіннің кез келген бөлігін зерттеуге болады, соның ішінде жұмсақ тіндердегі өзгерістерді де дәл анықтайды.



Ішкі мүшелерді ультра дыбысты зерттеу: кеуде клеткасын УДЗ.

Тексеру мақсаты: кеуде клеткасындағы сұйықтықты анықтау.

Көрсетілімдері:

1.R-граммада көрінетін патологиялық өзгерістер.

2.базальді плевритке күдіктену.

3.пункция алдында плевральді қуыстағы сұйықтықтың орнын анықтау.

Арнайы дайындықты талап етпейді.
I-нұсқа

1.Рентгенді толқын ұзындығы:

а)10-12-ден 10-15см дейін

б)15-тен 16см дейін

в)18-ден 19см дейін

г)20-дан 21см дейін

д)20-дан 23см дейін

2. Рентгендік зерттеулер ... қолданылады.

а)қалыпты және патологиялық жағдайдағы ағзалардың қызметі мен құрылысын үйренуде

б) емдеуде

в) инфузиялық терапияның жүргізілуінде

г )плазмоферездың жүргізілуінде

д ) лапорацентездың жүргізілуінде

3. Рентгендік зерттеулер жүргізіледі...

а) рентген кабинеттерінде

б) қарау бөлмелерінде

в) егу бөлмелерінде

г) ота жасау бөлмелерінде

д) таңу бөлмелрінде

4. Ішек- қарын жолдарының моторлы-эвакуаторлы қызметі ... көмегімен зерттеледі.

а) рентгеноскопия

б) венепункция

в) рентгенография

г) флюрография

д ) томография

5. Рентгенологиялық зерттеулерде ережелерді сақтамағанда... дамуы мүмкін.

а) сәуледен зақымдану

б) менингит

в) бронхиальді астма

г) плеврит

д ) күйік

6. Холеграфия- бұл... .

а ) рентгентконтрастты заттарды венаішіне енгізу арқылы өт жолдарын рентгенологиялық зерттеу

б ) зәр қуығын зерттеулері

в) өт жолдарының қабынуы

г ) өт шығару жолдарының дискинезиясы

д) бауырдың қабынуы

7.Асқазанды рентгенологиялық зерттеуде қолданылатын контрастты заттар:

а ) барий сульфаты

б ) билигност

в ) урогрофин

г ) йодамарин

д ) йод-актив.

8. Бронхографияда ... анестезия үшін қолданылады.

а ) дикаин, лидокаин

б ) Нитроглицерин

в) но-шпа

г) раунатин

д ) кофеин

9. Балаларда бронхографияға ... рентгеноконтрастты заттарды қолданады

а) суда еритін

б ) майлы

в ) барий сульфаты

г ) урографин

д ) лидокаин

10. Жүректің тәж артериясын рентгенологииялық зерттеу әдісі ...деп аталады.

а ) коронарография

б ) ангиография

в ) электрокардиография

г) бронхография

д) спирография



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет