Талаптары: Есепің шешуі ретті, тиянақты орындалуы қажет



Дата29.04.2024
өлшемі35,92 Kb.
#201544
Байланысты:
Өнім бағасы, икемділік, Qкр-10есеп
3 СРС, лекция 6 Волков, Есептер бага икемділік

Өндіріс шығындары, өнім бағасын, икемділік коэффициенті, зиянсыз өндіріс көлемін анықтауға
Есептер

Талаптары: Есепің шешуі ретті, тиянақты орындалуы қажет.





  1. Тауар өзіндік құны 400 тг. Зауыт рентабельділігі -15% .Тауар жеткізушінің үстемесі -20%. Дүкен қосымшасы -15%. Қосымша құн салығы 12%. Бөлшек сату бағасын анықта.

  2. Тауардың тұтынушыға сатылу бағасы 550 тг, бастапқы бағаны анықта. Дүкен саудасының үстемесі 33,3% . Сақтау қызметі үшін қойма делдалдан 300 тг ақы алды. Делдалдың бағаға қойған үстемесі 25%.

  3. Станоктың өндірістік өзіндік құны 5 мың тг. Өткізуге байланысты жылдық шығындары 3216 мың тг болды. Кәсіпорынның жоспарлы пайдасы 6% . Станоктарды өткізудің жылдық жоспарланған көлемі - 1000 дана.Станоктың жоспарлы бағасын есепте.

  4. Егер бұйымның өзіндік құны 350 тг. Зауыт жұмысшыларының рентабельділігі 15% Делдал үстемесі 25%. Дүкен қосымшасы 10% . Бұйымның соңғы бағасын анықта. Қосымша құн салығы 12%.

  5. Есептік жылы келесі шығындармен 1200 бұйым шығарылды: материалдарға – 660 мың тенге; отынға – 50 мың тенге; электроэнергияға 300 мың тенге; негізгі жалақы – 320 мың тенге; үстеме шығындар – 540 мың тенге.

Жоспарлы жылы іс-шараларды енгізу нәтижесінде келесі өзгерістер болды: өндірісте шығарылым көлемі 300 бұйымға өсті, материалдық шығын мөлшері 8%-ке азайды, материалдар бағасы 5% -ке өсті, электр энергиясының бағасы 3%-ке өсті. Аталмаған шығындар өзгеріссіз қалды. Іс-шараға дейінгі және одан кейінгі бұйымның өзіндік құнын және оның төмендеу мөлшерін есепте. Бір өнімге шаққандағы төмендеуі?
Барлық көлем бойынша төмендеуі (экономия)?



  1. Өндірістің зиянсыздық көлемін (Qкр) анықта. Өнім бағасы 160 тенге, өзіндік құндағы бірлік ауыспалы шығындар 60 тенге, өндірістік жалпы шығындар 1800 мың тенге, тұрақты шығындар 70% құраған.

  2. Келесі мәліметтер бойынша икемділік көэффициентін (Кик) анықтау керек: егер бағаны 360 тг-ден 300 тг-ге төмендетсе, онда бұйымды өткізу 1233 данадан 1315 данаға дейін өседі.

  3. Келесі мәліметтер бойынша икемділік коэффициентін анықтау керек. Бағаны 360 тг-ден 300 тг-ге түсіргенде өндіріс көлемін 40%-ға ұлғайтуға болатыны белгілі.

  4. Икемділік коэффициентін келесі мәліметтер арқылы анықтау керек. Бағаны 510 тг-ден 550 тг-ге дейін көтергенде, сату көлемі 1550 данадан 1350 данаға дейін төмендейді.

  5. Өнім бағасы 1 кварталда 300 тг болған.2 кварталда 10%- ға арттыру жоспарланды. Өндірістің жалпы шығындары 1 млн тг. Соның ішінде 20%- ке тұрақты шығындар. Осы шығынды жұмсау арқылы 10000 дана өнім өндірген. Кәсіпорындағы баға өзгерісі зиянсыз өндіріс көлеміне қалай әсер етеді, өзгерісін анықта.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет