Танатарова А. Д. Қабылдаған: Баймахан С. Н


Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері



бет3/5
Дата16.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#112228
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ұyymdaғy-bilіk-zhәne-kommunikatsiya

Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері.


Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да, қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар. 

Кедергілердің бірі — хабардың бұрмалануы. Кәсіпорын ішінде мәліметтің бұрмалануы жеке адамдар арасында жөнді қарым-қатынас орнатылмаудан немесе басқарушының біреуі хабармен келіспегенде болуы мүмкін. Екінші бір себебі — мәліметтің екшелік сүзілуінен (фильтрациялануынан), былайша айтқанда мәліметтін. дұрыс сұрыпталмауынан оның мазмұны бұрмаланады. 

Келесі кедергі мәліметтің тым көп келуінен болады. Мұндайда басшы қажетті, қажетсіз мәліметтерді өңдеуте әуестенеді. 

Кәсіпорынның тиімсіз құрылымы басшының қойылған міндетті жоспарлау және жүзеге асыру мүмкіндігін шектейді. 

Жоғарыда аталған кедергілерден басқасына жататындары — басқарма кадрларының құрамы, әрі оларды қабылдай білуі т.б. 

Кәсіпорында мәлімет алмасуды жақсартуға болады, ол үшін кері байланыс жүйесі құрылуы, мәлімет тасқыны реттеліп отыруы, басқару әрекетінің белсенділігі арттырылуы, ұсыныс жинау жүйесі өрістетілуі, алынған мәліметтерді бастырып, ұйым ісінде пайдалануы, сондай-ақ мәлімет алу үшін казіргі технология жетістіктерін қолдануы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет