Тандамалы



бет11/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
< - Атажаным, мен кешірек оралатын болармын, күтпеңіздер, - деді де, үйден жүгіріп сыртқа шығып кетті.

  • Айналайын-ау, қайда барасың түнделетіп?- деді қарт






артынан жүгіре шығып, бірақ Илько оның сөзін ести алмады, ол Болыной Букринге зыта жөнелді.
Стратон қарт көз жасын сүртіп, оған қайғылы түрде, уайымдай қарады.

  • Әкесі марқүм жасында нақ осы Илько сияқты еді. Ол да жасында осындай шапшаң, зерек еді,- деді де, ол ауыр күрсініп, үйге сүйретіліп әрең кірді.

Ал Илько бұл кезде шапшаң басып, достарына кетіп бара жатты. Оның катты жүргеннен өкпесі алкынды, бірак жүрісін үдетпесе кеміткен жоқ, өйткені оған өз жүрісі тым баяу секілді көрінді.
«Михайло бірден-ақ сенеді, ал Михайло Тимофеевич толғанатын болар» деп ойлады Илько ішінен.
«Алдымен Михайлоға соғайындеп үйғарды Илько,- ал сонсоң екеуіміз Михайло Тимофеевичке барамыз. Олар менің мұншалықты қуанышты хабар әкеле жатқанымды қайдан білсін. - Илько достарына асыға басып жүріп келеді.
Михайло үйінде жок боп шыкты, сондықтан Илько Михайло Тимофеевичке қарай бет алды. Келсе, екеуі де осында екен. Олар Ильконың келуін күтіп отыр еді.
Білте шамның сығырайған күңгірт жарығы Михайло мен Михайло Тимофеевичтің үстелге үңілген бастарына әлсіз сәулесін ғана түсіріп тұр.
Илько үйге қуана, көңілдене кірді, оның жүзінен іштегі жасырын күлкінің ізі көрінгендей еді, ол амандасып болы- сымен, партизандармен кездескені жайында бастан-аяк асығыс түрде әңгімелей бастады.
Демін іштеріне тартып, Илькодан көздерін аудармай, Михайло мен Михайло Тимофеевич оның эңгімесін зейін қоя тыңдады. Баланың эрбір сөзін естіген сайын Михайло Тимофеевичтің жүзіндегі кою эжімі жазыла, ал Михайлоның көк көздерінде шаттық күлкісі ойнай түсті.

  • Демек, біз жұма күні кешқүрым жаңағы айтылған жерде болуымыз керек,- деп, Илько сөзін аяқтады, достарына мақтана бір карап.

  • Жүма күні кешке біз сонда болуымыз керек қой,- деп, Михайло Ильконың сөзін қайталап айтты,- Жігітсің сен! Нағыз барлаушысың. Әйтеуір, ақыры, партизандарды таптың ғой.


Михайло орнынан атып тұрып, Ильконы қолтьщтап алды да, жарқын күлкімен, куанышты түрде үй ішінде шыр көбелек айналды.
Бірақ Михайло Тимофеевич саусақтарымен үстелді мазасыздана тықылдатып, элі ой үстінде отыр.

  • Балалар, бүлай болғаны өте жаксы болған, бірақ партизан жолдастар бізге осыған дейін не істедіңіздер деген заңды сұрақ қоймай ма? Сонда не дейміз, қол қусырып бос отырдык дейміз бе?- деп, Михайло Тимофеевич балаларға «не дейсіңдер» дегендей сұрақты жүзбен қарады.

  • Оларға не істегенімізді түк калдырмай айттым,- деді Илько түнжырап.

  • Балалар, біздің істегеніміз аз, тым аз. Бұл жеткіліксіз. Біз мұнан да гөрі көп істей алатын едік қой.

  • Отрядка барған соң, жетімсіз жағын толтырармыз, аз істегенімізді мойындармыз, ал енді партизандар кандай тапсырма берсе де, орындайтынымызды білдірейік, біздің жаңа достарымыз не десе, екі дегізбейтін боламыз, осы адал ниетімізді айтайық,- деді Михайло.

  • Ал жарайды, балалар, айтқандарың болсын, партизандар- ға барайық. Елімізге айуандық пен басқыншылық жасаған, бақытымызға сұғанақ колын сұккан, адамдарымыздың талай жылдар бойы жасаған байлығын өзінің лас аяғымен таптаған бұл залымдардың сазайын тартқызайық, - деп, Михайло Тимофеевич балаларды өз ұлдарындай бауырына басып, қатты қысты.

  • Ал отрядқа біз өзімізбен бірге не ала барамыз?- деп сұрады Михайло.

  • Әрине, жинаған қару-жарақты, киім-кешектерімізді аламыз. Сонсоң, элгі өздерің айтатын «шоқпыттарыңды» ұмытып кетпегейсіңдер,- деді Михайло Тимофеевич.

  • Иә, оны жақсы білемін,- деп күрсінді Михайло Тимофеевич,- Ол жағын өзім қарастырармын, қажет нэрселерді табуға тырысармын.

  • Менің басыма бір ой келе қалды, білесіңдер ме, ол қандай ой екенін? Бізге партизандарға барудан бұрын партизандыққа емтихан беру керек болады. Менің мұғалімдігім есіме түсіп кетті,- деп жымиды Михайло Тимофеевич- Бізге партизандардан оқып үйрену керек, ал емтихансыз окуға калай кірісуге болады?




  • Е, бізге қандай емтихан беру керек?- деп таңырқай сұрады Илько мен Михайло, нақ бір осы сұраққа берер жауапты келісіп қойғандай-ак-

  • Ол оп-оңай. Бізде екі граната бар. Осы екі гранатаны жексұрын жауға ойсырата зиян келтірерлік жерге коюымыз керек,- деп жауап берді Михайло Тимофеевич.- Міне, біздің партизандыққа берер емтиханымыз осы болмақшы. Біз мұны абыроймен орындауға тиістіміз.

  • Е, мұндай емтиханды бере аламыз ғой. Мұнда тұрған қиын ештеңе де жок,- деді Илько сеніммен.

  • Жоқ, Илько, бұл емтиханды беру, сенің ойлағанындай тым оп-оңай болмас. Бұл жерде мынадай бір жағдайды ескеру керек болады: біріншіден, жауды көбірек жайрату жағын, екіншіден, өз адамдарымызға ешқандай зиян келтірмеу жағын, үшіншіден, осы үшеуіміз де аман қалу жағын ескеруіміз керек болады. - Ол үнсіз тұрып қалған балаларға қарады да, сөзін әрі жалғастыра берді.

  • Ал, балалар, кәне, қандай объектіні тандап алуымыз керек, соны ойластырындар.

Илько мен Михайло терең ойға шомды. Бірақ үнсіз минуттер көпке созылған жок.

  • Михайло Тимофеевич, мен таптым,- деп Илько дауыстап орнынан атып тұрды.- Гранатаны біздің үйдің іргесіне қояйык, өйткені онда комендатура орналасқан, неміс кұзғындары мен жергілікті «басшылар» онда күн сайын арак-шарап ішііі жығыла мас болады. Менің өз үйімді талкандағым келетін тағы бір себебім сол - ата-анамның қолымен тұрғызылған бұл үйде енді бір күн болса да, жау тұрмайтын болсын!

Илько күйіне сөйледі. Қазір немістер алып қойған өз үйінде өткізген бакытты балалык шактарын бала қабырғасы сөгіле есіне түсірді. Бірак артынша-ақ катуланып, ширай түсті.

  • Сен мұны дұрыс ойлап таптың,- деді Михайло Тимофеевич- Объект кай жағынан болсын лайықты, бірак біздің уақытымыз тым аз, ал істерлік ісіміздің ұшы-қиыры жоқ.

  • Кәне, қимыл-эрекетіміздің жоспарын жасайық, егер мұны біз тыңғылыкты етіп орындайтын болсақ, онда біз бэрін де дер кезінде істеп үлгіреміз,- деді Михайло.

  • Мұны мен де ойлаған едім,- деді Михайло Тимофеевич,- Менің жоспарым былай. Ертең - сәрсенбі. Жұмаға дейін біз




бәрін де тындыруымыз керек. Илько, Михайло екеуің, бүгін түнде қару-жарақты Трахтомировка селосының ар жағына, элгі орманның карсысындагы бұталардың ішіне апарып жасырыңдар. Ал мен киім-кешектерді, жолға азык, ол-пұл эзірлейтін болам. Сэрсенбі күні кешке сендер Малый Букринге кайтып ораласыңдар, объектіні қарап шығасыңдар, мені Стратон қарттың бағында күтесіңдер.
Михайло Тимофеевич балаларға қарады. Илько мен Михайло оның әрбір сөзін калт еткізбестен, ықыласпен тыңдап отыр екен.

  • Мен сендерді гранатамен күтетін боламын. Емтиханды біз он бір, он екі шамасында беретін боламыз, сонсоң Большой Букринге қарай бет аламыз. Ол жерден киім- кешектерімізді алып, Трахтомировкаға тартамыз. Сол түні таң атқанша жүретін боламыз. Бұл бейсенбі болады. Далада демалып аламыз да, эрі карай жүреміз, жұма күні кешке айтылған жерге жетеміз ғой деп ойлаймын. Егер кездейсоқ бірдеңеге килігіп, шырмалып қалмасақ, онда біз жүма күні партизандарға қосыламыз. Ал бүл жоспарға қалай қарайсыңдар, келісесіңдер ме?— деп сөзін аяктады Михайло Тимофеевич.

  • Әрине, келісеміз!- деп екеуі қосарлана жауап катты.

  • Бізге бөгеу болар жан жоқ. Егер бір пэлеге ұшырамасак, бұл емтиханды да «бестікке» тапсыратынымызға мен шүбэланбаймын,- деді Михайло сенімді дауыспен.

  • Ал осы тоқтамға келдік. Уақытты бөлістік. Енді бір минутті де босқа жіберуге болмайды,- деп токтады Михайло Тимофеевич,- Тамактанып алайык та, сонсоң жолға шығайық.

Илько мен Михайло өздеріне берілген тапсырманы дер кезінде орындады. Қару-жаракты Трахтомировка селосының ар жағындағы Панитов ормандарына таяу жерге апарып жасырды, сәрсенбі күні сағат төртте олар Малый Букринге келді.
Илько өзінің туған селосын алғашқыда танымай да калды. Немістердің осы кожалық жасаған аз айларының ішінде селоның калай өзгергенін, тіпті ол аңдай алмай қойды, бүгін өзінің туған, өскен үйін, өзінің бақытты балалық шағы өткен, өзінің экесі мен анасы түрған мекенін — өз үйін талқандауға бел байлағанда, бұл село оған бүрынғыдан да ыстық, қымбатты көрінді.
Бүдан бұрынырак, эр кезде, жастардың эні мен күлкісіне,
125




карттардың жарқын сөздеріне, ойын-сауык думандарға толы болатын селоның кең, әдемі көшелері каңсып тұр. Ән де, күлкі де, жарқын сөз де, тіпті бейсауат жүріс те көрінбейді. Селоның бұл түрі оба ауруы баскан аймакка көбірек үқсайтын.
Тірі жан көрінбейді! Бұл маусым айының жадыраған шүғылалы күні, сағат төрттің кезі еді. Үрейлі, көзге жат, еңсені басарлық меңіреу тыныштық басқан село адыра қалғандай қаңырап тұр. Ал тіпті таяуда ғана еді ғой аласа тақтай дуалдардың ішінде аппак үйлер көңілдене, шоқтығы көтеріле анадайдан көрініп түратыны. Әрбір үйдің алдында қаптаған түрлі түсті - кызыл, сары, ақ, көк гүлдер басын төмен иіп, адам көзін өзіне тартып түрушы еді. Көшені алуан түрлі көкшіл өсімдіктер әшекейлейтін. Көшеде гүлдердің хош иісі аңкып тұратын, ал бал аралары гүлдер үстінде ызындап ұшып жүретін-ді. Қалың шие бақтарының ішінен күні-түні тынымсыз алуан түрлі кұбылған қүстардың сайраған дауыстары естілетін- ДІ.
Көшені басына көтеріп шулаған бақытты, шат, көңілді ала- қүла киінген балалар ертеден кешке дейін асыр салып ойнаушы еді. Міне, енді қарашы. Несі қалған! Илько жүдырығын түйді,- «Жоқ, бүл ұзаққа бармас» деп ойлады ол.
Қаңырап қалған туған селосына қайғыра карап, Илько бір жерде ұзак түрып калды, кенеттен баяғысындай жадырап. өзінен-өзі рақаттанып сала берді.

  • Сен неменеге қуанып келе жатырсың, Илько?-деп сұрады Михайло.

  • Мен бе?- деп Илько Михайлоға карады. — Жексұрын жаудан өз елімізді азат еткеннен кейінгі жаңа, бакытты өмір туралы ойлап келемін.- Илько өзінің соңғы күндерде не жайында ойлағанын бастан-аяк айтып берді. Жауды жеңгеннен кейін олар қалай өмір сүреді, сол туралы екі бала кызу эңгімелесіп келеді.

Әңгімелесіп, пікір алысып, болашак бакытты өмірдің жоспарын қүрып келе жатып, Илько мен Михайло Стратон қарттың үйіне қалай жеткенін де аңғармай қалды. Бақ ішінде оларды Михайло Тимофеевич күтіп түр екен.

  • Балалар, қалай бэрі реттелді ме?- деп сұрады Михайло Тимофеевич абыржып,- эйтеуір, бірдеңеге килікпедіндер ме? Сезіктендіріп алмадыңдар ма?

  • Бэрі ойдағыдай,- деді Илько көңілденіп.




  • Мен де керек-жарақтың бэрін таптым. Бэрін буып-түйіп жолға әзірлеп қойдым,- деп хабарлады Михайло Тимофеевич.

  • Енді көз байлануды күтеміз, қалай комендатураға фашистер жиналады, солай гранаталарды лақтырамыз да, жолға шығамыз,- деді Илько.

  • Лақтыруын лактырамыз-ау, ал оны қалай лақтыру керек, мүны біздің біреуіміз де білмейміз. ¥ят болса да, айтайын, өмірімде мүнымен істес болмап едім,- деді Михайло Тимофеевич күрсініп.

  • Міне, партизандар,- деді Михайло алақанын жайып,- біреуі де граната лақтыруды білмейді.

  • Таптым!- деді қуана Илько - Біз гранаталарды бір байлам сабанға ораймыз, біреуін шатырдың бір бүрышына, екіншісін екінші бұрышына қоямыз. Сонсоң от қоямыз да, өзіміз зытып береміз! Біздің үйдің шатыры сабан, ол оттан бірден лап ете түседі.

  • Иә, граната лақтыра алмайтын адамдар үшін бұл бірден- бір дұрыс жол,- деді Михайло Тимофеевич, Ильконың тапқырлығына риза болып,- бірак бұл жағдай біздің операциямызды қиындатады. Барлығы есі шығып мас болып, ұйқыға кеткенше түн ортасына дейін күтуге тура келеді. Олай етпейінше болмайды.

  • Қайтеміз, түнді күтейік,- деді Илько.

Түн қараңғылығын жамылып, үшеуі комендатураға қарай беттеді. Запалды гранаталардың біреуі Илькода, біреуі Михайлода еді. Тәжірибесі аз жас балаларға ешкімге білдірмей шатырға секіріп шығу едэуір-ақ киын! Бірақ көп кешікпей Илько мен Михайло комендатураның дуалына шығып та үлгерді. Демдерін іштеріне алып, олар дуалға жабысып, жан- жаққа құлақ салды.
Даурыққан айқай-шу, ұлыған аңға ұқсас күлкі құлақ жарады. Олардың нағыз қызған, даурыққан, есінен тана бастаған кезі.
¥зақ күтуге тура келді. Ыза кернеген Илько мен Михайло тістеніп, комендатураның есігі мен терезесінен көз алмай тұр. Бірақ гранаталарды тұтандыру қазір қауіптірек еді. Жаудың Қорылдап, өле ұйқыға кеткенін күту қажет.
Әлден уақытта, түнгі сағат бір-екі шамасында есік ашылды, староста Гердюк пен екі полицай көрінді. Олар сенделе басып, түн қараңғылығына сүңгіп, ғайып болып кетті.
Илько ызаланғанынан айқайлап жібере жаздады. Ең қас




жау қолынан кетіп қалды. Бірақ бұған көнуге тура келді. Комендатурада неміс офицері - комендант, оның жәрдемшісі, тағы да солармен қоса бірнеше солдаттар қалып қойды.
Бір кезде айғай-шу, даурығу да басылды.
Балалар мысык секілді аяқтарын ептеп басып, шатырға шықты. Гранаталарды сабанға орап, екеуін екі бұрышқа орналастырып, шатырға от қойды. Жұмыстарын тындырып. олар жерге түсті де, дуалды калқалап, Михайло Тимофеевичке карай жөнелді, олар ұзап кеткеннен кейін, тыныштықты бұза кенеттен тарс еткен дауыс естілді, сонсоң бір секундтен кейін екінші бір гұрс еткен дауыс шықты. От тілі аспанға шапшыды, өрт жалыны бүкіл селоны жап-жарык кып жіберді. Ал он бес минут өткен соң, комендатураның қоймасына жанған дөңбек түскенде, тағы да тарс-тарс еткен дауыс естілді.

  • Қалай, Михайло Тимофеевич, мұнымыз мінсіз істелген жұмыс болмады ма?- деп сұрады Илько, өз ісіне риза болғандай.

  • Михайло Тимофеевич, емтиханды «отличноға» тапсырдық қой деймін, сіз қалай ойлайсыз?- деп сұрады Михайло.

  • Бізге бағаны бара жатқан достарымыз береді, жоғары баға берер деп ойлаймын,- деді Михайло Тимофеевич көңілденіп.

Жау комендатурасының түгі қалмай өртенді. Өрт күлінің ішінен коменданттың, оның жәрдемшісінің жэне басқа солдаттардың көмір боп қалған өлігі шықты. Комендатура қарауылшысы тірі қалыпты. Ол дәлізде жататын еді, үйден шығып үлгеріпті.
Партизан кұрамасының байланысшысы Татьяна Матузько сол күні түнде Малый Букринде еді, селодағы уақиғаны құрама штабына ең алдымен сол хабарлады.
Партизандар қайран қапысты. Малый Букриндегі бұл секілді батыл қадам жасаған кімдер екен? Комендатураны ішіндегі адамдарымен қоса өртеп жіберу оңай жұмыс емес. Бұл оны істеген адамдардан соншалық зор батылдықты, ұйымшылдықты, тапқырлықты керек етеді.
Михайло Тимофеевич, Илько жэне Михайло үшеуі партизан лагеріне келгеннен соң, бәрі де анықталды. Партизан құрамасының командирі Иван Кузьмич Примак пен комиссар Емельян Демьянович Ломакоға олар партизандар қатарына қосылу үшін ұзақ эзірленгенін, кешегі Малый Букринде болған




уакиға партизандыққа тапсырған емтихан екенін, оны қалай ұйымдастырғанын бастан-аяқ баяндап шықты.

  • Жігіт екенсіңдер, енді сендер партизансыңдар. Емтиханды өте жақсы тапсырдыңдар,- деп мақтады Ломако күле сөйлеп.

  • Совет Одағына кызмет етеміз!- деді үшеуі де бір адамдай эскери тэртіппен.

Құрама командирінің бұйрығы бойынша Михайло Тимофеевич штабқа қалдырылды, ал Илько мен Михайло Болатовтың отрядына берілді.
Отрядта олар барлаушылар тобына бөлінді. Көп кешікпей- ақ Илько барлаушылар тобы командирінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл топта он екі жас жауынгер бар-тын. Оның ең үлкені жэне топ командирі Иван Гаманның жасы он тоғызда еді, ал ең кішісі оның орынбасары Илько Витряктің жасы он бесте болатын.
Он екі жас жауынгерлердің бэрі де батыл, өжет, ержүрек болды. Қай минутта болсын, олар партизандар құрамының ең күрделі, ең қиын тапсырмаларын орындауға эзір еді.
Илько өзін барлаушылар тобы командирінің орынбасары етіп тағайындағанына зор жауапкершілікпен карады, парти- зандардың заңдары мен әдет-ғұрыптарын тез үйреніп алды, әскери адамша жинақы, ширақ болды және өзінің шолак мылтығын бір минут те тастамайтын болып алды.
Кешқұрым кұрама командирі Примактың тапсырмасы бойынша отряд командирі Иван мен Ильконы жерүйге ша- қырып алған.

  • Міне, балалар, сендерге бір аса маңызды тапсырма бергелі отырмыз,- деді оларға командир, - Днепрдің Ходоров пен Ржищев пристаньдары қыруар астық қабылдау үшін әзірленіп жатыр деген хабар алып отырмыз. Сол жерлерді барлап көрген жөн болар еді, олардың эзірлігінің қандай екенін, астық тиелген баржалардың қанша екенін, күзет бөлімдерінің санын жэне күшін білу керек болады. Осылар- ДЫң бэрін анықтап білу үшін және оны бізге тезірек хабарлау үшін жер жағдайын жақсы білетін, жеңіл қол екі адам керек.

  • Тапсырмаңыз орындалады, командир жолдас,- деп жауап берді Иван Гаман, командирдің алдында тартылған сымдай созылып.




  • Бұл тапсырманы Гаман екеумізге орындауға рұқсат етіңіздер,- деді Илько командирге.

  • Қарсылығым жоқ,- деді командир.

Илько куанғанынан землянкадан секіріп шыкты.

  • Иван, алғашқы тапсырманы Илько екеуміз орындаймыз деп неге сен командирге бірден айтпадың,- деп кінэлай қарады Илько Гаманға.

  • Бұл барлауға тек екеуміз ғана барамыз деп мен онсыз да ұйғарған болатынмын,- деп жауап қатты Гаман.

  • Менің басқа ойым бар деп ойлайсың ба сен?

«Кішілер тобының» бастығы етіп Михайлоны қалдырып,
Илько Витряк пен Иван Гаман таңсәріден жолға шықты. Екеуі де әбден қаруланды: Иван автомат, ал Илько өзінің сүйікті серігі - шолақ мылтығын алды. Бұл екеуі елеусіз болу үшін жол жиегімен, бұта-бұталардың араларымен ептеп басып жүріп келеді. Малый Букрин төңірегіндегі тоғайға барып, сонда қайыршы бала боп қайта киініп, сол қалпымен барлау мақсаттарына қарай ақырын беттемекші боп ұйғарды.
Алғашқы алған бағыттары Ходоров селосы болды.
Төңірек таңғы тұманнан аздап айыға бастады. Біраздан соң күн де шығуға тиіс. Илько алысқа үңіліп, төңірекке көз жіберді. Жол үстінде бұларға қарсы келе жатқан үш адамның тұлғасын көздері шалды. Олар эзірше ешқандай қаннен- қаперсіз келе жатыр.

  • Иван, қарашы, біреулер жолмен келе жатыр,- деді Илько, әлдебіреу естіп кояр ма дегендей сыбырлап.

  • Ие, үш адам келе жатыр, кімдер екен?

Иван көзін көлегейлеп, келе жатқан үшеуге тесіле қарады...

  • Жау солдаттары ма деймін. Қарашы, иықтарында асынған қарулары бар,- деді Илько, келе жатқандарға түйіле қарап.

  • Ие, бұлар - неміс солдаттары,- деді Иван Гаман даусын бәсеңдетіңкіреп.- Кел, анау бұтаның түбіне тығыла тұрайык.

  • Ой, сонда, сол бұтақ бізге пана болар деп тұрсың ба? - деді Илько.

  • Тап үстімізге келіп қалмаса, олар бізді байқамай қалуы мүмкін. Ал оларға не істеу керек деп ойлайсың, Илько? Егер өлтірсек, мылтык даусы естіліп қала ма деп қоркамын, онда басқалары естіп, ізімізді білдіріп аламыз ғой. Болмаса, каруларын тартып алып, қоя берсек пе екен? Қалай ойлайсың?

  • Жок, ең дұрысы, олардың құралдарын алып, өздерін




лагерьге айдап бару керек. Меніңше, осылай істеген жөн болар,- деді Илько.

  • Дұрыс, солай істейік,- деп келісті Иван.

Барлаушылар бұтаны бетке ұстап жата қалды, екеуі де
таянып қалған солдаттардан көз алмай, демдерін іштеріне алып күтіп жатты.
Ешбір күдіксіз бейқам келе жатқан жау өзара даурыға сөйлеп, қарқылдап күліп, кең жолмен еркін жүріп келеді. Бұл жерде бір пәлеге тап боламыз ғой деп ойламаған болар. Олар пистолеттерін кабурларына салып, ал винтовкаларын иықтарында асып алыпты.
Бұтамен қатарласа берісімен-ақ, Илько Витряк пен Иван Гаман жер астынан шыққандай, жарқ етіп алдарынан шыға келді де:

  • Тоқта! Қолдарынды көтеріндер!- деп, оларға қаруларын кезенді.

Жау тілге келмей колдарын көтерді. Олар үрейленгеннен қалш-қалш етеді, дамыл-дамыл көздерін жыпылықтата берді, қалтыраған еріндерімен элдене деп күбірлейді, шамасы кешірім сұрап тұрған болса керек, бірақ тілдері күрмеліп, ештеңе дей алмайды.
Гаман автоматының аузын оларға тура қадап тұрды, ал Илько оларды әп-сәтте қарусыздандырды. Илько затворла- рын алып қалтасына салды, винтовкаларды жол жиегіне лақтырып тастады. Пистолеттерін алып, сумкасына салды, сонсоң:

  • Қолдарынды арттарыңа ұстаңдар!- деді Иван.

  • Менің соңымнан еріп отырындар! - деді Илько.

Естері кеткен жау мойындарын салбыратып Ильконың соңынан салпактап еріп отырды, ал артынан автоматын дайын ұстап, Иван Гаман жүріп отырды.
Тұткындарды, олжаларды партизандар кұрамасына табыс етіп, өздері сол сэтте-ақ тапсырманы орындауға қайта жолға шықты.
Барлау жұмысы ойдағыдай орындалды. Ержүрек парти- зандар Илько мен Иван бар кажет мэліметтерді алып келді.
Шынында да, бұрынғы хабарланғандай, Ходоров пен Ржищев пристаньдары баржаларды қабылдауға бүтіндей эзір екен. Астык кұю үшін жаңа қоймалар да даярланған боп шықты.




Ходоровта астык тиелген бір баржа жүк түсіруді күтіп тұр. Мүнда күзет күшейтілген. Астық тиеген баржаларды түсіріп, кайта жөнелтуге, оны күзетіп бакылауға немістер бір ротадай солдат әкеліпті. Сөйтіп, Ржищевтегі гарнизонның адамы екі жүзге жеткізілген.
Барлаушылар осы жау күзеттерінің тұратын жатақтары жайлы көп мәлімет жинапты, бұған қоса олар жауға шабуыл жасаудың ыңғайлы жерін де тапқан.
Партизан құрамасының командирі Ходоровқа шабуыл жасауға бұйрык берді. Содан кейінгі кезекте Ржищев. Сосын пристаньға шабуыл жасап, ондағы фашистер қорлауынан өлім халінде жатқан жиырма астыртын ұйым мүшелерін босату керек болды.
Ходоров операциясына отряд командирі Болатовтың бастауымен жүз он сегіз жауынгер жіберілді, оларға екі пулемет берілді. Бұл отрядқа жол көрсетуші Илько.
Неміс гарнизонына тұтқиылдан тап берген партизандар, лезде-ақ олардың тас-талқанын шығарды.
Гарнизон орналасқан үйді басып алып, ондағы қару- жарақты алды, сонан соң пристаньді, ондағы тұрған баржаны түгел қопарып, быт-шытын шығарды да, екі неміс офицерін тұтқынға алып, лагерьге оралды.
***
Украинаның еңбекке жарамды жастарын кұлдықка айдап әкету үшін қолынан келген бар әдіс-айланы колданды. «Германияда жақсы өмір сүресің» деп, жастарды өз еркімен баруға үгіттеп те, айла жасап та көрді, бірак ондай аңқаулар табыла қоймады. Содан соң зорлауға, қоркытуға көшті.
Неміс солдаттары түнде тінту жүргізді. Қолға түскендерді зорлап вагондарға қамады. Бірақ мұның да жөні келмеді. Жастар деревнялардан қашып, орманға, партизандарға кетті.
Акыры, фашистер Германияға адам жіберудің тағы да бір айуандық тәсілін ойлап тапты. Олар вагондарды тас кылып жауып, күшті күзет қоятын болды. Мұндай эшелондардын сыртына: «Украина еріктілері ұлы Германияға көмектесуге бара жатыр»,- деген әшекейлі үлкен плакаттар ілініп койылған.
Жастар жағы неміс құлдығынан кұтылу үшін талай




айла-амал жасап күресті. Көпшілігі орман ішіне кетті. Каншалык қатты қуғын жасағанымен, жастар күресін токтатпады. Олар қас дұшпанга карсы белсенді күрес жүргізді, эрбір ыңғайы келген жерде жауға зиян келтіріп отырды.
1942 жылдың қыркүйек айы. Күн жылы, жауын- шашын жок, жер кұрғак еді. Ұлтарақтай жердегі егін орағы аякталып калды. Фашисттерге тісін кайрап жүрген жұмыс күші босады. Төңіректегі селолардың бэрінде тұтқындау күшейді, немістер Германияға жіберу үшін үлкен эшелон әзірлеп жатыр деп, байланысшылар партизандарға хабарлады.
Бір күні құрама командирі Примак Болатовты өзіне шақырып алды да:

  • Вася, әзірленіп жаткан эшелон жайындағы сыбыстың дұрыстығын анықтау керек. Хабар үстіне хабар келіп жатыр, шын болар, дегенмен қай күні қанша адамды, қай жерден жөнелтпек? Міне, осының бэрін білген жөн!- деді ол.

  • Жаксы, командир жолдас!- деді де, ол өз орнына келіп, барлаушылар Илько мен Михайлоны шақырды.

  • Балалар, тапсырма өте шұғыл жэне маңызды. Дереу аттану керек!

  • Жақсы!- деді де екеуі қосарлана, сонсоң асығыс күркеден шықты.

Үш күннен кейін барлаушылар қайтып оралды, олар Мироновка станциясында жастарға лық толған жиырма жеті вагоны бар үлкен эшелон тұр деп хабарлады. Станцияға күшті күзет қойылған. Эшелон ертең күндізгі бесте сапарға шыкпакшы екен.

  • Жау құлдығының шырмауына түсіп отырған жастары- мызды кұгкаруымыз керек! - деді командир.

Басын салбыратып бір минут үнсіз отырып калды, сонсоң камыққан көздерімен Болатовқа карады да:

  • Егер поезды токтата алсақ жақсы, онда балалар аман калады, ал егер токтата алмасак, жастарымыз корлык көреді.

  • Примак жолдас, тек босатуды ойлау керек, міне, эңгіме осында,- деді Болатов.

  • Иә, бірталай адамдарымыздан айрылуымыз мүмкін,- деді командир саусақтарын сытырлатып. - Вася, олардың өлімі туралы ойлау қандай қиын, тіпті біреуін де ажалға қиғың келмейді.


Ол шаршаған көздерін жұмып, алақанымен маңцайын сүйеді.



  • Былай істе, Васек,- деді Примак орнынан дереу атып тұрып,- жүз жігіт әзірле, ішінде Илько мен Михайло да болатын болсын. Бұл каршадай екі бала маған сондай ұнады. Шабуылды өзім басқарамын, ал сен штаб бастығының жұмысын атқарасың. Жоба былай: біз эшелонды 7-разъезден тосамыз, сол жерде оны тоқтатамыз. Күзетшілерін тұтқындап, вагондағы жастарды босатамыз. Егер бұл дегеніміз болмаса, онда разъезден үш километр шыға бергенде паровозды минаға жарылатын етіп ұйымдастырамыз, түсінікті ме? - деді ол шапшаң сөйлеп.

  • Түсінікті, командир жолдас!- деп жауап берді Болатов.

  • Бұл жоспарға калай карайсың? Қарсылығың жок па, қосарың бар ма?

  • Түгелдей қостаймын, командир жолдас!

  • Ендеше, міне, осы жоба бойынша эзірлікке кірісу керек! Нақ сағат үште козғаламыз, өйткені номері жетінші разъезде эшелонды қарсы ал деген Мироновканың жарлығын телефон- мен өзім қабылдайтын болайын,- деді командир.

Келесі күні, тап күндізгі сағат үште жүз жауынгерден жасақталған партизан отряды лагерьден 7-разъезге карай бет алды.
Бұл разъезде не бары төрт кана теміржолшы болатын. Оның екеуі неміс, екеуі жергілікті түрғындар еді. Партизандардың жоспары бойынша ең алдымен бұл төртеуін тұтқындап, жол қозғалысын басқаруды, түрлі хабарларды қабылдауды өз қолдарына алу керек.
Отряд разъезге дер кезінде келді. Жауынгерлер темір жол полотносының қалқасына барып жасырынды, ал құрама командирі Примак, Болатов, Илько мен Михайло кеңсе үйіне кіріп, күтпеген жерден келген бөтен адамдарды көріп, саскалақтаған немістерді қарусыздандырып, оларды күзетуді Михайлоға тапсырды.
Командир үн-түнсіз, трубкаға көзін кадап, телефонның қасында отыр. Сағат нақ бесте звонок шылдырады. Мироновка станциясы эшелондардың шыкканын хабарлады. Командир эшелондарды кабылдауға 7-разъездің эзір екені туралы сабырлы, байсалды түрде жауап берді.
Теміржолшы екі украин жігіттің көмегімен осы




разъезде поезды тоқтату үшін бүкіл темір жол сигналдарын пайдаланды.
Партизандардың әрқайсысына жеке-жеке тапсырмалар берілді. Оның ішінде Болатов пен Илькоға паровоз жүргізуші немісті қарусыздандыру тапсырылды.
Барлығы да эшелонды мазасыздана күтті. Бір кезде көкжиектен ақ түтін көрінді. Минут сайын будақтаған түтін қалыңдай, сұрғылттана берді. Эшелон разъезге жақындады. Созылта гудок беріп, жүрісін бірте-бірте баяулата, ауыр пысылдап, поезд келіп тоқтады.
Эшелон түнерген, күп-күңгірт. Вагондарды тас қылып жауып тастаған. Бұл вагондарда тіршіліктің нышаны да жоқ. Партизандар айғай-шусыз-ақ вагондарды күзеткен пулеметшілердің бэрінің көзін жойды. Болатов пен Илько машинист немісті қарусыздандырып, байлап тастады.
Неміс тілін білетін партизан Петро Луценко күзетшілер қай вагонда, неше адам деп машинистен сұрап еді, ол жауап беруден бас тартты.
Сондықтан Илько машинистің жэрдемшісіне келді.

  • Ей, пан, күзет қай вагонда? Онда қанша адам бар?- деп қатулана сұрады ол одан.

Даусы дірілдеген машинист жэрдемшісі:

  • Орта шенінде, соңғы вагоннан санағанда он екінші вагонда, он екі адам,- деп жауап қатты.

  • Баяғыда-ақ солай демейсің бе, фашистің сілімтігі,- деді Илько жек көре.

Болатов, Илько жэне бірнеше партизан он екінші вагонға бет алды. Вагон есіктері тарс жабылған, ішінен тірі жан жауап бермейді. Луценко немісшелеп:

  • Өз беттеріңше шықсаңдар, өмірлеріңді сақтаймыз, бол- маса, вагонды эшелоннан бөліп аламыз да, өртеп жібереміз!- деп айқайлады.

Вагон есігі ақырын ғана ашылды, қолдарын көтеріп, бірінің соңынан бірі он екі солдат шықты. Адам сияқты емес, ұсқынсыз, түстері қашып кеткен.
Эшелонды партизандардың тоқтатып, күзетшілерін тұтқын- дағанын естігенде, жиырма жеті вагоннан да «уралаган» дауыс естілді. Есікті де, терезені де, төбені де қағады, айғайлап жатыр. Жастар өз адамдары екенін сезсе де, сыртқа шыға алмады.




Вагонның барлықтерезелері мен есігі қалың тақтаймен мықтап шегеленіп тасталған екен.
Жауынгерлер лом, рельс сынықтарын алып, вагондардың есік-терезелерін ашты. Бұлардың ішінен кір-кір, жүздері сынған, корыққаннан үрейі кашкан жігіттер мен кыздар шыкты.
Біреулері қуанғанынан жылап жатыр, екінші біреулері азат еткені үшін партизандарға алғыс айтып, оларды күшақтаіі жатыр.
Өзінің көп жылдык тарихында 7-разъезд еш уақытта мүндай азан-қазан болып қуанған, мұндай көп адамды көрмеген болар, осыншама адамды, осыншама шаттықты көруі мүмкін де емес. Өйткені мүнда жолаушылар поезы тоқтамайтын да еді.
Ал құрама командирі анадай жерде перронда тұрып, жайнаған отты көздерімен осынау мол куанышқа, жастардын көздеріндегі мөлдіреген жүрек шаттығынан шыққан көз жастарына карады, уақиғаның ойлағандай сэтті болғанына ол да шексіз қуанды. Мыңнан астам жас жігіттер мен бойжеткен қыздар фашист құлдығынан азат етілді.

  • Вася!- деген комиссар Ломаконың даусы естілді.- Бала- ларды сапка тұрғызындар, бір-екі ауыз сөз айткым келеді.

Темір жолдың 7-разъезінің перронында митингі басталды.

  • Балаларым,- деп бастады сөзін көтеріңкі дауыспен ко- миссар Емельян Демьянович Ломако,- біздің даңқты Қызыл Армия жауды бүкіл майдан бойында кейін ығыстырып келеді. Жексұрын жаудан туған жерімізді азат етер күн алыс емес. Фашист тепкісіне түспеу үшін бар күштеріңді жұмсаңдар. Партизандык өмірдің киындығынан корықпайтындарың біздін адамдардың катарына қосылыңдар, бізбен бірге орманға жүріңдер, Қызыл Армия келгенше бірігіп күресеміз!

Бес жүз жас өспірім жігіттер мен кыздар партизандарға қосылды. Қалғандары өзді-өздерінің селоларына тарасты. Партизандар паровоздың, темір жолдың күлін көкке ұшырды, бар вагонды түгел өртеді. Қолда түсірген барлык олжаларын алып, лагерьге қайта оралды. Қас карая Днепрдің сол жағындағы Хоцкий орманына өтті.
Осы операцияны жүргізу алдындағы барлауда да, сондай- ак партизандар лагерін көшіру алдында да Илько Витряк өзінін досы Михайломен бірге сәтті барлаулар жүргізді.
—ЕЕЕ^Г 136




Темір жолдың 7-разъезіндегі сәтті операциядан кейін көп ұзамай-ақ, Днепр арқылы үлкен көпір салынып жатқаны жэне неміс офицерлері үшін Большой Букрин мацында демалыс үйін салып жатқаны туралы партизандар жаңа хабар алды. Бұл шараларды іске асыру үшін сол маңға немістердің көптеген жаңа күштері келіп жатыр деген хабар түсті.
Командир Болатовты шақырып алды да:

  • Васек, ертеңнен қалдырмай осы хабарды анықта, айқында, өйткені бүл хабарлардың өзі қым-қиғаш, эр түрлі айтылады,- деді Примак.

  • Сеніңіз, командир жолдас, бұл тапсырмаңыз орындалатын болады,- деп жауап берді Болатов.

Арада үш күн өткен соң, таңертеңгі тоғызда Болатов жэне оның жауынгер жәрдемшісі Илько, штаб бастығы Григорий Алексеенко, Василий Хлопов төртеуі атқа салт мініп, Болыной Букрин селосына бет алды.
Илько бүгін бәрінен де қуанышты еді. Ол жауынгерлік еңбегі үшін құрама командирінің көзі мен қүлағы атанған барлаушысы ғана емес, онымен қоса ол күндіз-түні бірдей жол көрсетіп, бастап жүріп отыратын - ізшілі еді.
Міне, сондықтан да Илько отрядтың барлық барлауларына да, ұрысқа да қатысып отырды.
Михайло да ержүрек, елгезек болды, бірақ ол тапқырлығы, ептілігі, жағдайды аңғарғыштығы жағынан өз досынан кем соға беретін-ді.
Большой Букринге партизандар тез жетті. Селоның қасындағы терең сайға келіп, олар аттарынан түсті. Күзетші жауынгерлер мен аттарын тастап, Болатов, Илько жэне Григорий Алексеенко селоға кетті. Сағат таңертеңгі он шамасы болса да, селода тіршілік жоқ, қаңырап бос жатыр. Олар бақ ішімен, жасырын жүріп, байланысшының үйіне келді. Онан немістердің эзір көпір салмайтынын, бірақ бірер күннің ішінде комиссия келіп кеткенін, сонымен бірге жаралы офицерлерге арнап, демалыс үйін салу үшін қолайлы орын қарастырып кеткенін біліп алды. Мүның бәрі барынша анық, оны енді тексерудің қажеті жоқ болды, барлаушылар орман арасымен Трахтомировкаға қарай кейін қайтты.
Трахтомировка деревнясынан жарты километр шыққаннан
137 ИЕЕЕ=—




кейін, жолда барлаушылар осы селоның негізгі тұрғыны - байланысшы Семен Григорьевич Власенко картпен кездесті.

  • Партизандармысыңдар?- деді де, қарт амандасу үшін қол көтеріп, шаттана күлді.

  • Иэ, ата, солардың өзі!- деп көп үшін Илько жауап берді. Партизандар тоқтады.

  • Қалай, қартым, бұған қуанып түрсың ба, элде жоқ па?- деп көзін қысып қулана сұрады Григорий Алексеенко.

  • Қалай қуанбайын! Өз адамдарымыз, өз туғандарымыз, азат етушілеріміз, сендер қаншама игілікті іс істеп жүрсіңдер, рақмет, жарайсыңдар!- деп қарт бэріне мейірлене қарады.- Туғандарым, бүкіл село халқының атынан өтініп сүрарым - бізді мынау келімсектерден, мынау тонағыш малғұндардан құтқарыңдар! Міне, тағы да ауданнан солдаттар келді, астық, мал беріңдер деп әкіреңдейді.

  • Сіздерге қанша солдат келді?- деді Болатов қартқа.

  • Менің көзіме шалынғаны бесеу. Қазір олар мектепте отыр, элдеқандай бір тізім жасап жатыр,- деді қарт.

Болатов жолдастарына қарап еді, олардың көзқарастарынан бірден-ақ өзінің ойлағанын мақұлдап түрғанын сезді. Олар командир айтпаса да, бұл бес солдатты қарусыздандырып, тұтқынға алу керектігін аңғарды. Бүл олардың артынан келетіндерді үрейлендіру үшін мұны істеу қажет еді. Оның үстіне отрядты разъездегі жастармен толықтырғаннан кейін қару-жарақтың жетімсіздігі сезіле бастады.

  • Жақсы, ата! Халық тілегін қадір тұттық,- деді Болатов қартқа.- Отанымыз, халқымыз үшін қызмет істеп жүрміз, оны төсімізді төсеп қорғаймыз.

  • Бэрекелді, қарақтарым!-деп қарт алғыс айтты, зор аталык сезіммен. Ол партизандарға бурыл тартқан басын төмен иіп, қүрмет көрсетті.

Партизандар аттарының шылбырын қартқа ұстатты да, төртеуі селодағы мектепті бетке ала жүріп кетті. Сағат он екі шамасы еді. Күн қак төбеде, оның сэулесі тап жазды күнгідей төңіректі қыздырып тұр.
Олар тез жүрді. Маңдайларынан сорғалаған тер беттерін жуып кеткен. Олар мектепке келді, маңында тірі жан көрін- бейді. Жап-жалаңаш үлкен алаңның ортасында жападан- жалғыз сопайып мектеп үйі тұр. Бір кезде балалардың айқай- шуына, қоңыраудай сылдыраған әсем үні мен күлкісіне




толып тұратын мектеп маңында тірі жан болсайшы, қаңырап бос тұр.
Төртеуі де шапшаң қимылдады. Илько мектепке тыс-тан жан жібермеу үшін сыртқы есікте қалды, Хлопов Днепрдегі өткелді бақылау үшін сол жақ бүрышта тұр. Болатов өзінің штаб бастығымен бірге ішке енді.
Олар екі жағы да толған есік, коридормен жүріп келеді. Алғашқы екі класта жан жоқ екен. Ал Болатов үшінші есікті ашып қалып еді, онда отырған солдаттарды көрді.
Дереу қимыл жасау кажет болды. Бөлмені кірпік қаққандай уақыт ішінде тез шолып шығып, Болатов оң жақ бұрышта тұрган винтовка пирамидасын көріп калды.
Ол қатты айқайлап:

  • Көтеріңдер қолдарыңды! Сендерді партизан отряды қоршап алды,- деп хабарлады.

Өктем айқай, партизандардың тосыннан тап болуы, олардың зәресін алып, құтын қашырды. Олар баяу ғана орындарынан тұрды да, қалтыраған қолдарын әрең-әрең жоғары көтерді.

  • Қолдарыңды жоғарырақ көтеріңдер!- деп команда берді, Болатов автоматын кезеп тұрып.

Оның қасында оларға автоматын кезеп Григорий Алексеенко да тұр. Бірақ оған қарауға Болатовтың мұршасы да болған жоқ.

  • Дереу қабырғаға сапқа тұрыңдар!- деп бұйырды Болатов.

Барлығы да бір адамдай, қолдарын көтерген бойы
Болатов көрсеткен қабырғаға барып сапқа тұрды. Тізелері қалш-қалш етеді, тістері-тістеріне тимейді. Олардың қайсысы болса да, өлген жеріміз осы болған болу керек деп үрейленіп тұр.

  • Бэрін тінт,- деп бұйырды командир штаб бастығына.

Тінткенде Григорий Алексеенко олардың қалталарынан
эбден тозығы жеткен бес пистолет жэне жүз елудей винтовка патронын алды. Сөйтті де, тағы да Болатовтың қасына үш қадамдай келіп:

  • Командир жолдас, сіздің бұйрығыңызды күтіп тұрмын,- Деді.

Сол кезде оның кысыңқы әдемі көзінен мысқыл күлкі бетіне ойнап шыға келді.
Болатов өзін-өзі буындырған күлкісін басу үшін:

  • Барлық қаруды дереу бірінші взводтың командиріне табыс






ет! Екінші взвод пен үшінші взвод командирлері анау аланда менің жарлығымды күтсін!

  • Қару бірінші взводка берілсін дедіңіз, жақсы!- деді де, Григорий Алексеенко винтовка пирамидасын сыртқа шығара бастады.

Бірінші взводтың командирі Илько Витряк штаб бастығынан каруларды қабылдады, өзі күлкіден булығып өлгелі жүр. Ал бұл кезде Болатов қолға түскендердің ішіндегі полицайларға арнап қысқаша сөз сөйледі:

  • Сендер немістерге еріктеріңмен қызмет етіп жүрген жоқсыңдар, біз, партизандар, оны жақсы білеміз. Сендердің өмірлеріңді сақтаймыз, басқа істермен шұғылдану үшін, басқыншыларға қарсы біздің жалпы күресімізге көмектесу үшін сендерді босатамыз,- ал өзі бұл кезде көз қиығымен Григорий Алексеенко кару-жаракты бірінші взводка кашан беріп болар екен деп, соған қарап кояды.

Қаруларды қабылдап алған соң, рақаттана жымиып тұрған Ильконың алдында винтовкалар үйіліп қалған кезде, Болатов полицайларға тағы да:

  • Қызыл Армия бүкіл майдан бойынша шабуылға шығып, фашистерді батысқа қарай тықсырып келеді. Фашистер Москва мен Ленинград алынды деп сендерді алдап жүр. Бұл олардың өсек-айласы.

Сонсоң қабағын қарс жауып, Болатов Григорий Давыдович Алексеенкоға:

  • Мынау азаматтарды алаңға шығарып, мектеп үйінің алдына сапка тұрғыз!- деп бұйрық берді.

Адамзаттың азғындары, ұсқынсыз жексұрындар құрдай жорғалап, бас ұрып, сыртқа шығуға бет алды.
Мектептің барлык кластарын қарап, сыртқа шыққан кезде, Болатов ғажап картинаны көрді. Алаңға көп халык жиналып калған екен, олардың алдында бастарын төмен салбыратып полицайлар тұр. Илько автоматын эзір ұстап, маңыздана адымдап, ерсілі-карсылы жүр.

  • Жағдай қалай, бірінші взвод командирі жолдас?- деп Болатов карқылдап күлді Илькоға карап.

  • Полицайларды карап тұрмын, отряд командирі жолдас!- деді Илько. Аланды жаңғыртқан күлкі басты. Ақымак болғандарын солдаттар мен полицайлар тек енді түсінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет