Тапсырма Сақтандырудың сыныпталуы



Дата19.05.2022
өлшемі14,86 Kb.
#144036
Байланысты:
2апта.сактандыру..




Тапсырма 2. Сақтандырудың сыныпталуы
1.Сақтандыру сыныпталуының қажеттілігі.
90 жж. басына дейін бізде сақтандыру облысында мемлекеттік
монополия болды. Ел ішіндегі сақтандырудың барлық операцияларын
жалғыз КСРО Мемлекеттік сақтандыру ұйымы, ал шетелдік
сақтандыру операцияларын «Ингосстрах» АҚ жүргізді.
Сақтандырудың демонополизациясы, біріншіден, мемлекеттік
сақтандырудың одақтық-республикалық жүйесінің егеменді
республикалардың сақтандыру ұйымдарына ыдырауында көрініс
тапты. Ал, екіншіден, мемлекеттік емес ұйымдардың құрылуында
көрінді. Сақтандыру төлемін төлеуді көздейтін сақтандыру келісім-
шартын жасау құнның материалдық нысанының бір уақыттағы
қозғалысымен жүрмейді. Ол сақтандырушының алдын ала келісілген
сақтандырушылық оқиғалардың келуі кезінде болашақта ақшалай
соманы алу құқығын білдіреді. Сақтандыру қызметін сату-сатып алу
сақтандыру келісім-шартын жасаумен рәсімделіп, оны
сақтандырушыға берілетін сақтандыру куәлігінің (полис) берілуі
куәландырады.

ҚР сақтандырудың сыныптамасы: салалары, сыныптары, түрлері.


Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында шетел
сақтандырушылардың қызметіне рұқсат берілген. Мұнда Қазастан
Республикасының резиденттер еместерінің қатысуымен құрылған
сақтандыру ұйымдарының сомалық жарғылық капиталына шектеулер
қойылған (жалпы сақтандыру бойынша 25%, өмірді сақтандыру бойынша 50%).
Сақтандыру қызметін сатып алушыларға
(сақтандырылушыларға) қойылатын талаптар.
Сақтандырылушылардың нарығын әдетте екі негізгі сегментке бөледі:
жеке және заңды тұлғалардың нарығы.

2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру мен


жеке сақтандырудың жалпы және өзгеше белгілері
Әлеуметтік және жеке сақтандырудың қоғамдық бағыты бойынша ұқсас, ол бағыт- халықтың табыстарын қорғау.

Әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін зейнетақылар, жәрдем ақылар халықтың минималды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған болса, жеке сақтандыру сол қажеттіліктерді толықтауға арналған.

Әлеуметік сақтандыру ҚР сақтандырудың міндетті түрі, оның келесі түрлері бар:

1 еңбекқабілеттілігін жоғалтқан жағдайға сақтандыру

2 асыраушысын жоғалтқан жағдайға сақтандыру

3 жұмысын жоғалтқан жағдайға сақтандыру


3. Сақтандыруды жүргізудің нысандары және әдістері


«Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес салаларға,
класстарға, түрлерге топтастыру қабылданған.
Екі саланы бөліп көрсетуге болады:
- өмірді сақтандыру, соның ішіне келесі класстар кіреді: өмірді
сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру;
- жалпы сақтандыру (16 класс, соның ішінде сәтсіз оқиғалардан
және медициналық сақтандыру).
Сақтандыру түрі – бұл келісімді жасау арқылы сақтандырудың
бір немесе бірнеше класстарының шеңберінде сақтандыру ұйымымен
жасалатын сақтандыру өнімі. Сақтандыру нысандары:
- міндетті (заң күшінде);
- ерікті (сақтандырушы және қамсызданушы арасында жасалған
келісім-шарт негізінде).

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет