Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет21/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be

Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек. Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыңи тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет. Қазір аталған үдеріс барлық білім жүйесінде ер кін пайдаланып отыр.


Субъективтік құрылымына қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады. Кейбір жағдайда әртүрлі тығыз істерге байланысты субъективтік құрылымдар өзгеріске ұшырайды.

Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.

Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда тәрбие жұмысын төмендегі бағытар бойынша жүргізу көзделді:


  1. Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.

Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іскеа сады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) негізде іске асырылады.

Ал, сабақтан тыс уақытта гимназистердің танымдық белсенділік іс-әрекетін дамытуға:



  • Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т.б.

  • Клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер.

  • Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі және үзбей бару арқылы жүзеге асады.

Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:

  1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

  2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.

  3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болыпт абылады.

  5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет