Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Кесте 5 – Мәдениетті тұлғаның көрсеткіші (Ж.Наурызбайдың тұжырымы бойынша)



бет57/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
Кесте 5 – Мәдениетті тұлғаның көрсеткіші (Ж.Наурызбайдың тұжырымы бойынша)

Тілдік сана

Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, бояуын, әуенін санаға құю.

Тарихи сана

Этникалық және мемлекеттік сананың негізі. Ұлттық ой-сана, этностың мыңдаған жылдық аңыз-әпсанасы бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ерекшеленеді. Тарихи сананы қалыптастыру –тарихи танымның дұрыс қалыптасыуына тәуелді.

Географиялық сана

…Планеталық, ғаламдық, экологиялық саналар деңгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер, туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз.

Көркемдік сана

Ұшқыр қиял, нәзік сезім, әсемдікке құштарлық, әдемілікті бағалай білу, көркемдік талғам, өнер туындыларына тәнті болу қасиеттері.

Жоғарыда атап көрсетілген тілдік сана, тарихи сана, географиялық сана, көркемдік санамен бірге қоғамның дамуы сол қоғам мүшелерінің біліктілігі мен білімділігіне байланысты деп атап көрсетеді. “Біліктілік – адамның өмір жолында көргені мен естігенінің тиімдісін көңілге тоқудың, ал білімділік - тікелей оқудан құралмақ. Мұның біріншісінің сапасы тәрбиеге, халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, тілді біліп өсу деңгейіне қатысты болса, екіншісі – білім нәрімен ауыздандыратын оқулықтардың сапасына тәуелді екені белгілі”,- деуі теориялық білім мен тәлімдік тәжірибелерді өзара жинақтай және кіріктіре отырып, толықтай тәрбие жүйесін (адамгершілік, ақыл-ой, дене, эстетикалық, экономикалық, экологиялық, т.б.) тұтас қамти отырып, әлемдік өркениет көшіне лайықты тұлға тәрбиелеу бүгінгі қоғамның негізгі ұстанымы деп бағалайды.

Р.Төлеубекованың тәрбиелік жүйесі. Қоғам дамуының жаңа кезеніңде адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін ашуда оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде төмендегі жаңа идеялардың қажет екендігін және мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыруда осы идеяларды негізге алуды ұсынады: еркін тәрбие идеясы; жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлау идеясы; өзін-өзі танып білу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру идеясы және өзін-өзі бағалай білуге үйрену идеясы; ана тілі мен төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту идеясы; тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру және интеграцияландыру идеясы; әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы адамгершілік қарым-қатынаста болу идеясы; мектептің ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік, мәдени және ұлттық орталықтармен, мектептен тыс мекемелермен байланысты жүзеге асыру идеясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет