Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ



Pdf көрінісі
бет14/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   164
Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті, Тараз қ. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 12 жылдық білім беру оны енгізу мен жүргізудің 
басым бағыттары айқындалған, жан-жақты мәселе. Уақыт ӛткен сайын адамның жалпы орта білімі мен 
кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі арта әрі жандана түсуде. 
«Білім сапасы» атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте XXI ғасырға бет алған білім 
жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс кӛптеген елдердің орта білім беретін 
мектептері 12 жылдық тіпті 13 жылдық мектепке айналуынан кӛрініс тапты. Біздің елімізде қалыптасқан 
білім жүйесі академиялы және түбегейлі білім береді деп бағаланатынын ескере отырып, жыл асқан сайын 
заман талабына сай
12 жылдық білім берудің бағадарламалары бойынша жұмыс тәжірибелері жүргізіліп жатыр. Осыған 
орай, қазіргі білім беру тәжірибесінде білім кӛлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, 
сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұны жұмыс істеуде.
Мұндағы мақсат- еліміздің білім ұйымдарының бала денсаулығына жағымды ықпал етуді кӛздейтін 
білім беру ортасын құру, әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу болып табылады. Осыған байланысты 
мұнда тұлғаға қойылатын нақты талаптар бар: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, 
жоғары ой-ӛріс, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Мұнадай талаптар мектеп қабырғамынан қалыптасуы 
тиіс.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі-ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы 
оның жан-жақты дамуына, ӛз пікірін, оын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғаиынан берілген 
шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, ӛзін-ӛзі айқындауға саналы түрде дайын 
болуға, қоғамдық, эколономикалық, мәдени, саяси ӛміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін 
психологиялық-педагогикалық орта құру болып табылады. Мұнда барлығына негіз болатын- жеке 
тұлғаның генетикалық тегіне назар аудару жағы ерекше. /1/ . Сондықта да 12 жылдық білім берудегі 
мектептердің мақсатан орай оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуынан негіз болатын этно, яғни 
халықтық тәрбиенің қоршаған ортамен, яғни экологиялық әлеуетін біртұтас қалыптастырудың 
нәтижесінде этноэкологиялық мәдениетің туындап мәдениеттің темірқазыған айналуының бас қадамы 
екендігін ескеруіміз қажетті екендігін кӛрсетіп отыр. 
Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың халқына Жолдауында: «Жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңа 
серпін берген жӛн. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға
заманауи мәдениет кластерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек»,- делінген мәдени 
кредосынан жеке тұлғаның дамуы ұлттық, мәдени әлеуметте, қоршаған ортада шынайы негізде ӛмір 
сүруі бүгінгі білім беру жүйесінің алғы мәселесі болып табылады. Мәселенің темірқазығы жеке 
тұлғаның бекзатты ӛмір сүруі - ұлттық құндылықтармен сусынданып ӛмір сүруінің мәнінде болып 
табылады. /2/ 
Қазақ халық музыкасы халықтың қоғамдық ӛмірімен және табиғат байлығымен тығыз байланысты. 
Халықтың әндерінде, күй, эпостық жырлары мен аңыз-ертегілерінде туған жерге, елге деген 
сүйіспеншілік сезім, ӛсімдіктер мен жануарлар туралы философиялық толғаныстар, адамның ішкі жан 
күйзелісі, қоршаған ортаның әсем сұлулығын түйсінулер айқын бейнеленген.
Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы саласындағы рухани мәдениетін зерттеуде М.Әуезов, 
Р.Бердібаев, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, М.Мағауин, С. Мұқанов, А.Оразақын, А.Сейдімбек, 
Р.Нұрмағамбетова, Б.Уақатов және т.б., /5;6/; 
музыкатануда
— П.Аравин, М.Ахметова; Т.Бекхожина, О. 
Бейсенбекұлы, С.Елеманова, Б.Ерзакович, А.Жұбанов, А.Затаевич, Б.Қарақұлов, А.Құнанбаев, 
Т.Мерғалиев, А.Мұхамбетова, Б.Сарыбаев /4/; 
музыкалық педагогикада
Ж.Акбарова, М.Балтабаев, 
Р.Дүйсенбинова, Т.Қышқашбаев, М.Оразалиева, С.Ұзақбаева, Ш.Б.Құлманова, Р.Рысбекова және т.б. / 
2;3/, зор үлес қосты. Олардың зерттеулері қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл 
қазынасының құпиясын ашуға, қазіргі қоғамдағы халық шығармашылығының алар орнын және оның 
экологиялық, адамгершілік, эстетикалық және т.б.тәрбиелік мәнінің шынайы бағасын беруге арналған.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған сараптама біздің республикамыздағы ғалымдардың ізденістері қазақ 
халық шығармашылығы жанрларын жүйелеуге және жіктеуге бағытталғандығын кӛрсетеді. Бұл осы 


19 
саладағы білімді тереңдетіп қана қоймай, жанрлардың түрлерін ажырата білудегі мүмкіндікті кеңейте 
түседі. 
Жіктеу
/классификация/ ұғымы латын сӛзінен шыққан, белгілі бір нысананы осы саланың біртұтас 
жүйесіндегі нысаналарды классаралық заңды байланысын бекітетін, нысананың ӛзіне тән ортақ 
белгілеріне сәйкес классқа немесе бӛлімге бӛлу дегенді білдіреді /30, 235/.
Қазақ музыкатануында ән ӛнерінің анағұрлым толық жіктемесі А.В.Затаевичтің /6/ еңбегінде 
кӛрсетілген. Ол қазақ халық әндерінің негізгі жанрларын әннің сипатын, мәні мен мазмұнын терең 
сараптай отырып жинақтаған. Оған қоса, ол әндердің жанрларын мынадай топтарға бӛледі: қисса, тарихи, 
тұрмыстық (той жыры, жоқтау, бесік жыры), айтыс, әзіл әндер. Осыған ол кӛтеріліс әндерін де қосады. 
Бірақ Б.Г.Ерзакович, А.Затавич ұсынған әндерді далалық, теңіздік және теңіз жағалаулық; жылқы туралы 
және жылқыға арналған; таулық, авторлық және басқа да жанрлық бӛлінуі негізсіз деп кӛрсетеді /6;7/.
Дегенмен де, А.В. Затаевичтің қазақ музыкасы тарихында алғаш рет атақты халық композиторлары 
— Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбайұлы, Жаяу Мұса Байжанов, Біржан Қожағұлұлы, Мұхит 
Мірәлиев, Дәулеткерей Шығайұлы, Ыбырай Сандыбаев және т.б. құнды ӛмірбаяндық деректері мен 
сипаттама берген еңбегін айтпай кету мүмкін емес.
Жанрлық бӛлудің педагогикалық маңызына сәйкес, қазақ халық музыкасының қарастырылып 
отырған жанрларының мазмұндық сипаттамасын беріп, оның атқаратын қызметін кӛрсетуді жӛн кӛрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет