Тарих 2020(143беттік нұсқадан алынды) Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет1/35
Дата11.12.2021
өлшемі392,79 Kb.
#99264
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
143-бет нақты жауап
143-бет нақты жауап

ТАРИХ 2020(143беттік нұсқадан алынды)
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
1.........мемлекетінде ұлы ханның қамқорлығындағы жер иелеріне арнаулы грамота берілді?Қарахан мемлекетінде

2.“Хұсрау мсн Шырын” шығармасының авторы: Кутб

3.«Абылай Қазақ даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдіретті билеуші болды» деп айтты: Ш. Уәлиханов

4.«Адамсуреттің көмегімен дүниені таниды. Тәжірибе-дүниетанудың бірден-бір қайнар көзі» деген тұжырым жасаған итальяндык ұлы суретші: Леонардо да Винчи

5.«Азияныңпатшасы» атанған билеуші: Александр Македонский

6.«Айнымалы шамалар» ұғымын енгізген ғалым, математик: Р.Декарт

7.«Ақжалды жүйрік атгардың иелері» сөзінің латын тіліндегі атауы: аргиппей

8.«Ақжол» ұранын.........қолданды: Орта жүз

9. «Әмірің қатты ер Есім» жырын жазған: Жиембет

10.«Бүйі» деген қосымша атқа ие болған Франция королі: XI Людовик

11. «Бүкіл Қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған: Потанин

12.«Даналық сөздер» («Хикмет») еңбегінің авторы: Қожа Ахмет Йассауи

13.«Епті адам» табылды: Кениядан

14. «Жеті жарғы» бойынша ханның атқаратын қызметі: барлық ру бірлестігінің басшысы, хандықтың басшысы, бас қолбасшысы

15.«Жеті Жарғыны» жасағандардың бірі, Әнет бабаның батасын алған би: Төле би

16.«Қазақстан -2030» стратегиясындағы басымдылықтың үшінші бағыты: экономикалық өрлеу

17.«ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды: 2004 ж

18. Халық әртісі» атағын алған қазақтың алғашқы өнер қайраткері: К.Байсейітова

19. «Қазақ» сөзінің қыпшақтар арасынан шыққандығына ешбір күмән жоқ» дейді зерттеуші: Б.Көмеков

20.«Қырғыз» поэмасының авторы, поляк азаттық қозғалысы өкілдерінің бірі: Г. Зелинский

21.«Қытайадамы» деп аталған алғашқы адамның түрі: Синантроп

22.«Қыш құмыралар заманы» деп атайды: Неолит

23.«Майордом»сөзінің латынша мағынасы: үйдің үлкені

24.«Мәденимұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды: 2004 ж

25.«Номад»сөзінің мағынасы: көшпенді

26.«Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлекеш адам» атты романдардыц авторы: В.Гюго

27.«Саналы адам» қалыптасқан уақыт: 40-35 мың жыл бұрын

28.«Тарих» атты еңбектің авторы: Геродот

29.«Төңкеріс және қазақтар» мақаласының авторы: А.Байтұрсынұлы

30.«Феод»сөзінің мағынасы: Сыйға берілген жер үлесі

31.«Энеида»дастанының авторы: Вергилий

32.1147 жылы Ресейдің астанасы Мәскеу қаласының негізін қалаған: Юрий Долгорукий

33.1185 жылы жазылған Киев Русінің әдеби мұрасы: “Игорь жорығы туралы жыр”

34.1185 жылы Киевте поэтикалық тілмен жазылған авторы белгісіз шығарма: “Игорь жорығы туралы жыр”

35.1201 жылы өзін гурхан жариялап, таққа отырған: Жамұқа

36.1217-1218 жылдары Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар

37.1485-1603 жж. аралығында Англияны билеген әулет: Тюдорлар

38.1611 жылы Есім хан... басқарган бұхар әскерін жеңді: Имамқұли

39.1611-1612 жж. Ресейде поляк басқыншыларына қарсы жасақты басқарғандар: К.Минин,Д.Пожарский

40.1635, 1643, 1652 жылдары қазақтарға қарсы жорықты басқарған қонтайшы: Батыр

41.1643 жылы Жәңгір ханның азғана жасағымен жоңғардың 50 мың әскерін жеңген жер: Орбұлақ

42.1660 жылы Англияда король билігі қайта қалпына келтіріліп, таққа отырды: II Карл

43.1684 жылы османдарға қарсы құрылған «Қасиетті лига» коалициясының құрамына енген ел (-дер): Ресей, Польша, Мальта, Австрия

44.1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны: 1 млн сом

45.1755 жылғы башқұрттардың Ресейге қарсы көтерілісін бастады: Батырша

46.1756 ж Абылай хан Қытай тарапынан жасалатын агрессияға жол бермеуіне мүмкіндік туғызатын қадам жасады: Қытаймен дипломатиялық қатынас орната бастады

47.1789-1807 жылдардағы Осман империясының сұлтаны: IIIСелим

48.1822 жылғы «Жарғы» бойынша дворян атағы берілді: аға сұлтанға

49.1828 жылы Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім: Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы бекітілді

50.1840-1842 жж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі: Пекиннің ағылшындарға апиын сатуына тыйым салуы

51.1856 жылы басталған Сыр бойы қазақтары көтерілісінің орталығы: Жаңақала

52.1858 жылы Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылды: Амур өзеннің сол жақ жағалауы

53.1860 жылы полковник Циммерман бастаған әскер басып алған бекініс: Пішпек, Тоқмақ

54.1861-1865 жылдарды қамтыған Азамат соғысы болған ел: АҚШ

55.1862 жылы Германияда бірінші министр болып тағайындалған қайраткер: Отто фон Бисмарк

56.1865 жылы құрылған «Жаңа османдар» жасырын ұйымының жетекшісі: Намык Кемал

57.1867-1868 жж. реформаға сәйкес полицияның және тыңшылардың міндетін қоса атқарды: ауыл старшындары және болыстар

58.1867-1868 жылдардағы реформаларға сәйкес өмірлік зейнетақы тағайындалды: сұлтандарға

59.1868 жылы енгізілген «түтін салығының» Орынбор жэне Батыс-Сібір генерал- губернаторлығындағы қазақтар үшін мөлшері: 3 сом

60.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары: Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы

61.1871 жылгы Герман империясының үкімет басшысының лауазымы: Канцлер

62.1876 жылы Ресей мемлекеттік банк бөлімшесі ашылған қала: Орал

63.1884-1885 жылдары Камерун, Того және Шығыс Африканы отарлаған мемлекет: Германия

64.1898 жылы наурызда РСДРП-нің I съезі өткен қала: Минск -*оқу

65.1899 жылы Африканы бөлісу туралы келісім жасаған мемлекеттер: Англия мен Франция

66.1904 жылы сәуірде Африканы бөлісу туралы Антанта келісіміне қол қойған елдер: Англия мен Франция

67.1905 жылы Успен кенішіндегі ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы: Жалақыны көбейту, Тұрмыс жағдайды жақсарту, азық -түлік бағасын түсіру

68.1905-1907 жж. Успен кенішіндегі жұмысшылар саны: 300-400

69.1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға сайланған қайраткерлер: Шәймерден Қосшығұлов, Сәлімгерей Жантөрин, Ахмет Бірімжанов, Әлихан Бөкейханов

70.1906 жылы Семей қаласында өткен қазақтардың съезінде қаралған мәселелер: Ресейден шаруалардың қоныс аударту үрдісін шектеу, Медреселер мен университеттер ашу, Дін бостандығы, Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту

71.1914 жылы тамызда Жапония кімге соғыс жариялады: Германияға

72.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы: отаршылдыққа қарсы саяси сана қалыптасты

73.1917 жылы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы: Түркістан федералистер партиясы

74.1918 жылғы Жапониядағы «күріш бүліншілігі» қамтыған қалалар саны: 144* оқу

75.1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған: Дутов

76.1920 жылы дүние жүзінде өндірілетін шойын мен болаттың 35% -ін шығарған ел: АҚШ

77.1921 жылы сәуірде Қытай Республикасының Президенті болып сайланған: Сунь Ятсен *оқу

78.1923 жыл 22 қарашада: Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді еңгізу туралы» Декрет қабылданды

79.1924 жылы Түркияның аумактык бүтіндігі мен мемлекетгік тәуелсіздігін мойындаған халықаралық келісім: Лозанна

80.1930-1932 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден халықтың ... пайызы қырылды: 40

81.1933 жылдары дүннежүзілік экономикалық дағдарыс басталды: АҚШ- та

82.1933-1935 жж. Германияның алдына қойған басты міндеті: Версаль шарттарының баптарын жойып, қарулануға жол ашу

83.1934 жылы Францияда халықтық майдан құрамына кірген партиялар: Социалистік және коммунистік

84.1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-да қабылданған құжат: Жаңа Конституция *оқу

85.1936 жылы Эфиопияны отарына айналдырған мемлекет: Италия

86.1938 ж. 30 қыркүйекте Мюнхен келісімінде бөліске салынған ел: Чехословакия

87.1939 жылғы құпия хаттама негізінде КСРО-ның «ықпалды аймақтары» ретінде аталған өңірлер: Финляндия, Латвия, Эстония, Бессарабия

88.1939 жылы сәуір айында Албанияны басып алған мемлекет: Италия

89.1944 жылы Вашингтон маңындағы Думбартон-Окста өткен конференцияға қатысушы мелекеттер: Ұлыбритания, Қытай, КСРО, АҚШ

90.1945 жылдың 26 маусымында құрылған ұйым: БҰҰ

91.1949-1963 жылдары ГФР-ын басқарды: К. Аденауэр

92.1951 ж. сәуірде Францияда көмір мен шойынның еуропалық бірлестігін құру шартына келіскен мемлекеттер: Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург, ГФР

93.1959 жылы «Мектептің өмірімен байланысын нығайту және Қазақ КСР- інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» қабылданған заң бойынша қаралған міндет: 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептер құру, Мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту, Жұмысшы жастар мектептерін көбейту

94.1960 жылдары іске қосылған өнеркәсіптер: Лениногор мырыш зауыты, Өскеменде титан-магний комбинаты

95.1960-1970 жылдары өндірістік мәні бар салаларда жетістіктерге қол жеткізген ғалымдар: А.И. Бараев, М.А.Айтхожин, У.М.Ахметсафин, Д.В.Сокольский *

96.1960-жылдары КСРО-ның беделін көтерген жетістіктер: Адамы бар ғарыш кемелерінін аспан әлеміне шығарылуы, Атом мұзжарғыш кемесінің жасалуы, Жердің жасанды серігінің ұшырылуы, Атом және сутек бомбаларының сынақтан өтуі

97.1980- жылдары қазақ театрының бетке ұстар қойылымы: Ш.Айтматов«Құс жолы», Ә.Нүрпейсов «Қан мен тер»

98.1992 ж. қаңтарда Президент бағаны босатуға шешім қабылдауына әсер еткен жағдай: Ресейде тұтынушылық бағаның босатылуы

99.1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының президенті қол қойған Жарлық: Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексі туралы

100.1998-1999 жылдары Берел кезеңінің №11 - обасын ашқан археолог: 3. Самашев

101.2000 жылғы АҚШ президент сайлауында жеңіп шыққан республикалық партия өкілі: Дж.Буш

102.2000 жылы «Еуроазиялық экономикалық қоғамдастық» ұйымын құрған мемлекеттер: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан

103.2004 жылы Еуропалық одаққа мүше болған елдер саны: 25 * оқу

104.2009 жылғы санақ бойынша қазақтардың үлесі: 67%

105.2009 жылғы санақ бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі: 67%

106.475 жылы Батыс Рим империясының императоры болып жарияланды: Ромул

107.568 ж. жасалған сауда келісімі: Түрік мемлекеті мен Византия арасында

108.800 ж. Римде Карл иеленген лауазым: Император *оқу

109.83 жорыққа қатысқан орыс князі: Владимир Мономах

110.965 жылы оғыздар Киев Русі кінәздарымен бірігіп.....қарсы одақ құрды: хазарларға

111.II дүниежүзілік соғыс болған кезең: 1939 ж. 1 қыркүйек - 1945 ж. 2 қыркүйек

112.II дүниежүзілік соғыс жылдарында «Азат Франция» қозғалысын басқарған генерал: Шарль де Голль

113.IVИван патшаның түсында Ресейде боярлар думасының орнына құрылды: Зем соборы

114.IV Мемлекеттік Думада 1916 жылғы көтеріліс жазалаушыларын әшкерелеп, патша өкіметін сынаған: А.Ф.Керенский

115.VIIғ. II жартысында Болгар мемлекетінің негізін қалаған: Аспарух

116.


117.X ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған: араб

118.X ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл: араб

119.XII-XIV ғғ. басында Еуропа елдерінде қалыптасқан билік түрі: Сословиелік-өкілдік монархия

120.XIXғ. 50-жылдарындағы Англиядағы кәсіподақ ұйымдары: тред-юниондар

121.XIX ғ. америкалық экономиканың «королі» ретінде шетке шығарылған басты тауар: мақта

122.XIX ғ. ортасында Қоқандық діни қайраткерлер қай мемлекетке ғазауат соғысын жариялау қажеттігі туралы идеяны насихаттады: Ресейге қарсы

123.XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Шыңжаң мен саудаға тартыла бастаған елді мекендер: Қапал, Верный, Аягоз

124.XIXғасырдың 80 жылдары 70-тен астам жәрмеңкелер ашылған аймақ: Шығыс

125.XIX ғасырдың аяғында Омбыда ашылған Қазақстан үшін маман кадрлар даярлайтын оқу орны: Мал-дәрігерлік фельдшерлік мектебі, Мұғалімдер семинариясы, Техникалық училище

126.XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстан жерінде құрылған кешенді зерттеу орындары: Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы, Орыс географиялық қоғамы, Статистикалық комитеттер

127.XIX ғасырдың аяқ кезінде көпке танымал болған қазақ саудагері: Жандыбайұлы

128.XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазах хандығы.........үшінкүресті: Сырдария қалалары

129.XVII ғасырдағы Англиядағы жаңа жер иелері: джентрилер *оқу

130.XVII ғасырдың алғашқы жартысында Ташкентгі билеген Тұрсын ханды өз атынан таққа отырғызған: Өзбек ханы Имамқұл *оқу

131.XVII ғасырдың аяғында Англияда каталицизмді орнықтыру үшін шаралар қолданған король: ІІ Яков *оқу

132.XVII-XVІII ғасырларда сауда факториалары мықты бекініспен қоршалған үнді қаласы (-лары): Бомбей, Калькутта, Мадрас * оқу

133.XV-XVII ғғ. хан үшін міндеткерлік атқарудан босатылды: сұлтандар

134.XXғасырдың 60 жылдарында тәуелсіздік алған Африкадағы француз отары (-лары): Нигер, Чад, Камерун, Мали, Габон, Сенегал *оқу

135.XX ғасырдың 80- жылдарында Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыс: Қызылорда, Атырау *оқу

136.XX ғасырдың басында «қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналғанын» жазған: А.Байтұрсынов

137.XXғасырдың басында Ресей жеңіліс тапқан мемлекет: Жапония *оқу



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет