Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет18/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014

Білімді жетілдіру

Дарынды және талантты оқушыларға арналған эксперименталды стратегияның мәні сыныпта және сыныптан тыс кеңейтілген оқу жоспарын ұсынумен айқындалады. Оқушылардың оқуын ынталандырып, олардың қабілетін арттыратын қызықты және маңызды тәжірибемен қамтамасыз ету мақсатында оқу жоспарын толықтыру қажеттілігі туындайды. Оқушыларды ойлануға, өз көкжиектерін кеңейтуге ынталандыру керек. Осылайша Грэм Кентке (1996: 44) сәйкес, "кеңейту үдерісі алуан түрлі жауап беріп, алуан түрлі шешім табуға мүмкіндік бере отыра, қабілетті балалардың сөйлеу қарқынына көмектесуі қажет. Бұл идеялармен, жағдайлар және әдістермен тәжірибе жасауға көмектесе отырып, балалардың ептілігін дамытпақ, балаларға ойлау қабілетін пайдалана отырып, өзіндік ерекшелігін қалыптастыруына мүмкіндік бермек. Ол балаларды өздерінің қосымша идеяларын және басқалардың идеяларын пайдалана отырып, жауаптарын жетілдіруге итермелеуі қажет".



Гудхю (2009: 80) белгілеген дарынды және талантты балаларды сыныптағы жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жалпы ұсыныстар

1. Дарынды және талантты балалар үшін жұмыс санымен емес, сапасымен ерекшеленетініне көз жеткізіңіз, дарынды оқушылар басқаларынан көп тапсырма орындамауы керек.

2. Джон Фримен атап көрсеткен «үш қайталау» проблемасынан аулақ болыңыз; бірінші – бүкіл сыныпқа тапсырманы түсіндіру, одан кейін тыңдамағандарға арнап бір қайталау, кейіннен тағы да бір рет – жай ғана, барлығының есіне тағы бір рет түсіру үшін. Қайтадан түсіндіруді соған мұқтаж оқушылар үшін ғана қайталау қажет.

3. Көбірек ынталандыруға мұқтаж және сыныптағы алуан түрлі тапсырмалармен жұмыс істей алмайтын оқушыларға тапсырма беру үшін әрбір оқушыға арнап жеке үй тапсырмасын дайындаңыз.

4. Тапсырмаларды орындауды ерте бітіретін оқушылар үшін кабинет бұрышында қызықты жұмбақтары бар қорап қойып қойыңыз (кейбір оқушылар мұғалімнің кері байланысына/қатысуына мұқтаж болады).

5. Сабақтың соңында пайдалану немесе жұмысты басқа топтартан бұрын бітірген топқа беру мақсатында ойлауды дамытуға бағытталған, тез шешуге болатын тапсырмалары бар қорабыңыз болсын. Әрбір оқушының даралығын дамыту үшін сараланған тапсырмаларды дайындау ұсынылады.

6. Тақырыпты тереңірек қарастыруды қалайтын оқушыларға арнап пайдалы веб-сайттар тізімін құрастырыңыз. Бұл істе мұғалімге мектеп кітапханашысы көмектесе алады.

7. Зерек оқушылардан талқылау кезінде айтылған негізгі ұғымдарды, ойларды тақтаға жазып отыруды сұраңыз.

8. Сабақ басында зерек оқушылар тобынан жалпы сабақты дайындауды өтініңіз.

9. Редакцияланған мәтіндерді қолданған кезде анағұрлым қабілетті деген оқушыларға мәтіннің толық түпнұсқасын қарастыруға мүмкіндік беріңіз.

10. Кейде қабілетті оқушылардың белгілі бір идеяларды нақты баяндау үшін пайдаланатын сөздер санын шектеңіз. Ол қабілетті оқушылардың тілді нақты пайдалануына мүмкіндік береді.

11. Сыныптағы оқу үлгерімін жақсарту мақсатында оқушылардың дарындары мен қабілеттерін әртүрлі салаларда қолданыңыз. Мысалы, суырыпсалмалығы бар оқушыға сабақтағы тақырыпқа байланысты рэп шығаруды ұсыныңыз; жобалаумен айналысатын оқушыға география сабағында белгілі бір ландшафттың моделін жасау тапсырмасын беріңіз.

12. Уақытты көңілді өткізіңіз.

VІI. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ СТРАТЕГИЯЛАР


  • Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде қарастыратын орта құру.

  • Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту.

  • Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белгілеу.

  • Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау.

  • Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу.

  • Оқушыларға өзара және өзін өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға мүмкіндік беру.

  • Жетістік пен жетілдірудің неден тұратынын анықтауға, түсініктемелерге сәйкес жұмыс істеуге уақыт беруге баса назар аудара отырып, оқушылар мен мұғалімдерге уақытында шолу жасап, кері байланыс орнатуға үздіксіз мүмкіндік беру.


Қалыптастырушы бағалаудың осы стратегиялары мұғалімдерге де, оқушыларға да міндеттер мен әдістерге қатысты қабылданатын шешімдерді реттеуге болатын құрылым ұсынады. Әдістер өзгеріп отырады және стратгияларды орындауда қолдануға болатын көптеген тәсілдер баршылық, бірақ қағидаттар тұрақты әрі негізді болуы қажет. Әртүрлі мұғалімдер әртүрлі жастағы балалармен жұмыс істегенде қолданатын әдістер алуан түрлі болып келеді, бірақ тиімді тәжірибе үшін соңғы критерийлер жүйесін құрастыратын стратегиялар мен қағидаттар үнемі бір.


Оқыту үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары

Сабақтағы педагогикалық стратегиялар мысалдары

Білім алуға әсері

Оқушылармен оқу мақсаттарымен бөлісу

Мұғалім:

• мақсаттарды түсіндіреді;

• жұмыс барысында сүйену үшін оқушыларға мақсаттар жазылған қағаз береді;

• түсінгенін тексеру үшін оқушыларға сұрақ қояды.



Оқушылар:

• нені оқу керектігін нақты түсінеді.



Оқушыларға бағытталған стандарттарды біліп, түсінуіне көмектесу

Мұғалім:

• табыс критерийлерін түсіндіреді;

• оқушылардың алдыңғы жұмыстарынан мысалдар келтіре отырып, жетістік моделін жасайды;

• жалпысыныптық талқылау кезінде берілген жұмыстың жақсы жақтарын атап көрсетеді.



Оқушылар:

• өздеріне бағытталған стандарттарды жақсы түсінеді;

• жақсы жұмыстың сипатын түсінеді.


Оқушыларды өзара және өзін өзі бағалауға тарту

Мұғалім:

• жұмыс барысында сүйену үшін оқушыларға мақсаттар жазылған қағаз береді;

• өз қажеттіліктерінің тұрғысынан оқытудың нәтижелерін өздерінше түсіндіруге көмектеседі;

• оқушылар өз жұмыстарын өздері сипаттап, жақсарта алуы үшін талқылауға мүмкіндік береді;

• оқушыларға не білгені туралы ойлануына уақыт береді.


Оқушылар:

• оқудағы прогресті бағалайды;

• өз жұмыстарын қалайша жақсарту керектігін анықтайды;

• сыншы дос ретінде пікір білдіреді.



Оқушыларға өздерінің келесі қадамдарын және оны қалай жасау керектігін түсінуге мүмкіндік беретін кері байланыс орнату

Мұғалім:

• топтағы оқушылардан өз жұмысы туралы сұрайды;

• ауызша кері байланысты қамтамасыз етеді;

• бір-бірінен қалып қоймауына, оқуда келесі қадамдар жасауға көмектесу үшін жауаптардан бастайды;

• барлық сыныптың талқылауы кезінде әртүрлі аспектілерді жетілдіру мүмкіндіктерін көрсететін жұмыс мысалдарын қолданады.


Оқушылар:

• алдағы уақытта не істеу керектігін барынша айқын түсінеді;

• келешекте не болатынын талқылай алады;

• сыныппен бірігіп талқылау кезінде бір-бірінен өзін өзі жетілдіру тәсілдерін үйренеді.



Әрбір оқушының өзін өзі жетілдіре алатындығына сенімін нығайту

Мұғалім:

• жағымды және сындарлы кері байланыс орнатады;

• оқу мақсаттарын оқушыларға түсінікті деңгейде белгілей отырып, олардың қажеттіліктерімен сәйкестендіреді;

• табыстарын мадақтап, алға мақсат қояды;

• ассистентпен ынтымақтастықта жұмыс істейді.


Оқушылар:

• тапсырманы орындап, қолы бос болмайды;

• өз прогресіне қуанады;

• өзін өзі жетілдіре алатындығын сезінеді.



Мұғалімдер мен оқушыларды ақпаратты бағалау үдерісін қарастыруға және талқылауға тарту

Мұғалім:

• оқушылармен қол жеткізілген жетістіктер туралы үнемі сөйлесіп отырады;

• оқу мақсаттары мен табыс критерийлері туралы үнемі оқушылардың есіне салып отырады;

• мұғалімнің бағасы мен оқушылардың өзара және өзін өзі бағалауының үндесуін қадағалайды;

• топтық ой қорыту әдістерін тиімді қолданады (мысалы, «қол көтермей-ақ» жауап алу және жұппен талқылау т.б.).


Оқушылар:

• оқуы туралы ойланады;

• оқу мақсаттары мен жетістік өлшемдеріне назар аударуын анықтайды;

• өзінің жетістіктері мен құрбыларының жетістіктерін салыстырады;

• өз оқуы үшін жауап береді;

• жоғары деңгейде жұмыс істеп, жетістіктерге қол жеткізеді.



ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚУ МАҚСАТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

Оқу мақсаттарын жазу (жалпы негіздері)

Сабақ соңына қарай оқушылар:

• ... білетін болады (білім: нақты ақпарат, мысалы, есімдер, жерлер, белгілер, формулалар, оқиғалар);

• ... жетілдіреді/істей алады (дағдылар: білімдерін қолдану, әдістерді пайдалану, ақпаратты талдау және т.б.);

• ... қалай екенін/неге екенін түсінеді (түсінік: ұғымдар, себептер, әсерлер, қағидаттар, үдеріс және т.б.);

• ... қалыптастырады/білетін болады (қарым-қатынастар мен құндылықтар: аяушылық, қамқорлық, әлеуметтік мәселелерге түсіністікпен қарау, сезімдер, адамгершілік мәселелері және т.б.).

Оқу мақсаттары оқушылардың қалай оқитындығына бағытталуы мүмкін (мысалы, өзара бағалау өзінің жұмысын жақсартуға қалай көмектесе алады).
Оқу мақсаттарын белгілеу

• Оқыту мақсаттары оқу мақсаттарын даралап оқытуға бағыттауға мүмкіндік береді.

• Негізгі пәндер бойынша жұмыс жоспарларында/зерттеу тарауларында орта мерзімді оқыту мақсаттары берілген.

• Көптеген сабақтарда екі немесе үш мақсатты көздеген дұрыс болады.

• Кейбір оқу мақсаттары оқушылардың үлгерімін жақсартуға қатысты болуы мүмкін (мысалы, ойлау қабілетін немесе оқыту стратегиясын дамыту).

• Бір оқу мақсаты оқуда бірқатар нәтижелерге қол жеткізуді көздеуі мүмкін.



• Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер оқушыға түсінікті тілмен жазылған кезде, олардың сұрақты дұрыс қойып, жалпы ақпарат дайындауға көмектесуде ықпалы зор болмақ.

Оқу мақсаттарын пайдаланудың қолданыстағы тәжірибесін жеке бағалау




Ағымдағы тәжірибені көрсетеді

Одан әрі жетілдіру қажет

Ерекше назар аудару қажет

Оқу мақсаттарымен алмасу










Сабақтардың оқу мақсаттары орта мерзімді жоспарлардағы оқыту мақсаттарымен үндес болуы мүмкін.










Әр сабақтың оқу мақсаттары оқушылардың назарына жеткізілген және бұл тапсырманы түсіндіруден бөлек мәселе.










Егер сабақ үстінде сұрақ қойылса, оқушылар нені және неліктен оқып жатқандығын түсіндіре алады.










Жауап алу мен түсіндіру сабақтың оқу мақсаттарына бағытталған.










Күтілген оқу нәтижелерімен алмасу










Оқудың нәтижелері мұғалімдердің жоспарларында белгіленген және табысты оқыту қандай болатындығын көрсетеді.










Оқудың нәтижелері барлық оқушыларға ортақ болып табылады, әрі олармен талқыланып, келісілген.











Әрбір оқушының оқу мақсаттарына жетуде табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында оқудың нәтижелері сараланған.










Егер сабақ үстінде сұрақ қойылса, оқушылар жетістікке жету үшін не істеу керектігін түсіндіре алады.










Оқу нәтижелері оқушылармен кері байланыс орнатып, олармен пікірталас жүргізудің негізі бола алады.











ӨЗАРА ЖӘНЕ ӨЗІН ӨЗІ БАҒАЛАУ

Төмендегі жағдайларда өзара және өзін өзі бағалау анағұрлым тиімді болмақ:

• оқушылар оқу мақсаты және күтілетін оқу нәтижелері туралы хабардар болған жағдайда (мақсат пен сабақтан күтілетін нәтижелер қосымша жаттығу емес, сабақтың әдеттегі элементтерінің бірі бола отырып, оқуды бақылаудың ажырамас бөлігі болып табылады);

• оқушылар неге қол жеткізгендігін және нені жақсарта алатындығын анықтау үдерісінде олар орталық фигура болған жағдайда.



Өзара және өзін өзі бағалау кезінде оқушылардың дағдыларын дамыту стратегиялары

Мұғалімдер өзара және өзін өзі бағалау үдерісін жүзеге асыру барысында қолданатын көптеген тәжірибелік стратегиялар бар. Солардың кейбіреулері төменде келтірілген.


Бүкіл сыныптың жалпы жұмысы

Егер сабақта бүкіл сынып болып жұмыс істеу кезінде негізгі мәселе тақырыпты талқылау немесе оған шолу жасау болса, балама тәсіл ретінде оқушылардың шағын тобынан сыныпқа сабақтың оқу мақсатын еске салуды ұсынуға болар еді.

Оқушылар өздерінің прогрестерін және алдағы уақытта қандай қадамдар жасау керектігін қарау үшін талқылау жүргізуі мүмкін. Бұл стратегия оқу мақсаты мен күтілетін оқу нәтижелерін оқушыларға хабарлап отыру бүгінгі күні күнделікті әдеттегі іс болып отырғанын айқындайды.

Осындай стратегияны іске асыруда төмендегідей тәсілдерді қолдануға болады:

1. Оқушыларға алда бүкіл сынып болып жұмыс істейтін жаттығулар қолданылатындығын, ондай жұмысты жүргізу тәсілдері туралы хабардар етіңіз.

2. Оқушыларға олардың нені білгенін, нені әлі де дамыту қажет екендігін анықтау мақсатында олардың қалай сөйлеуге болатынының моделін көрсетіп, оны қалай қолдануға болатынын айтыңыз.

3. Оқушылардың кез келген тобына жалпы сыныптық жұмысты өткізуге көмек сұраудан бұрын оларға ондай жұмыс өтетіндігі туралы алдын ала хабарлаңыз.

4. Жалпы сыныптық жұмысты басқаруға көмектесуді өтінген кезде, әрбір сабақ сайын олардың өзіне деген сенімі арта түседі.

5. Оқушыларға топтың ұсынған қандай да бір тұжырымдарымен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін топ ішінде қысқаша талқылау туралы өтініш жасаңыз.

6. Оқушыларға қосымша және көмекші тармақтарды ұсыну туралы өтініш жасаңыз.

7. Жалпы сыныптық жұмысты жүргізіп отырған оқушыларға өз тарапыңыздан толыққанды және сыпайы қолдау көрсетіңіз.
«Бағдаршам» әдісі

Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.

• Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді.

• Сары – біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.

• Қызыл – жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда, сондықтан ол туралы мұғалімге мәлімдейді.

Бұл әдіс мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.


«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі

Бұл оқушылардың жауаптарын жылдам қарап шығуға мүмкіндік беретін стратегия – оқушылар өз жетістіктерін қалай сезінетінін көрсету мақсатында бас бармақтарын жоғары көтереді, көлденең немесе төмен түсіреді.

• Бас бармақ жоғары – күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді.

• Бас бармақ көлденең – біршама дәрежеде қол жеткізілді, бірақ одан да жақсы нәтижеге жетуге болар еді.

• Бас бармақ төмен – жетістікке жетуде прогресс шамалы.
Жалпы шұғыл сұрақтарды пайдалана отырып өзін өзі бағалау

Бұл оқушылардың өз жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын ұдайы бақылау шеберлігін дамытуға жәрдемдеседі. Мұғалімдер төмендегі шұғыл сұрақтарды қолдана алады.

• Сіздің пікіріңізше, жұмысыңыздың қандай салаларын жақсартуға болады және неге?

• Сіз үшін ең күрделісі – не және Сіз қай жерден көмек ала аласыз?


Оқу күнделігі

Оқушылар мақсаттарына жетуге қатысты өздерінің жеке табыстарын үнемі талдап отырады (мысалы, әрбір үшінші сабақта). Оқушылардың күнделік жүргізу арқылы оқуды бақылау дағдыларын дамыту үшін мұғалім жалпылама сұрақтарды ұсына алады, оқушылар оларды ұдайы пайдалануға тиіс.



Күнделікке арналған сұрақтардың үлгілері:

• Осы аптада сабақ үстінде біз не істедік? (пән бойынша)

• Осы аптада мен нені білдім/зерделедім?

• Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет?

• Осы аптада мен неге қол жеткіздім?
Өзара және өзін өзі тиімді бағалау

Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамытудың басты критерийлері:

• Оқудан күтілетін нәтижелер оқушыларға түсінікті және айқын болуға тиіс.

• Оқушылар табыс критерийлерінің кейбіреулеріне немесе бәріне жауап беретіндіктерін түсінуге тиіс.

• Өзара бағалау кезінде оқушыларда ынтымақтастық дағдыларының қалыптасқандығы зерделенуі керек.

• Оқушылар неғұрлым тәуелсіз оқушы болу жолындағы өз білім алуының қарқынын бағалауға тиіс.


Оқытуға әсері

Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту үшін мұғалімдер:

• оқушыларға өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын қалай бағалау керектігін үйретуге;

• сабақтарда өзара және өзін өзі бағалауды өткізу шараларын жоспарлауға;

• әрбір тапсырманы оқыту мақсаттарын және одан күтілетін нәтижелерді түсіндіруге;

• оқушыларға олардың алдағы қадамдарын анықтауға көмектесуге;

• оқушылардың өз оқуына қатысты өзіндік талдау жүргізуін жүйелі түрде ынталандыруға;

• оқушыларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру үшін уақыт пен оны жүргізу жолдарын жоспарлауға тиіс.




АУЫЗША КЕРІ БАЙЛАНЫС

Кері байланыс үш бағытта жүреді:

Мұғалімнен оқушыға – мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы қадамдарға қатысты ақпарат береді;

Оқушыдан мұғалімге – мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты түсініктемелер алады;

Оқушыдан оқушыға – өзара бағалау барысында.

Аталған бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім алдағы уақытта оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс.


Оқушылар ұсынған ауызша кері байланыстың кейбір артықшылықтары

Жеделдік және нақты жағдайға байланыстылығы – енді ғана туындаған қате түсініктерді түзете алады және нақты оқу жағдайында қолданылады.

Қарқындылық және бейімдеуге болатындығы – идеялармен алмасуға мүмкіндік береді және оқудағы тиісті бір қажеттіліктерге бейімделеді.

Реттілік – үздіксіз және таныс.

Эпизодтық – сабақтың мақсаты тұрғысынан оқуды құрылымдау үшін сабақ жалпы сыныптық жұмыспен ұштасуы мүмкін.

Ынталандыру – ауызша кері байланыс көтермелеу, құлшыныс туғызуы мүмкін.

Адамның ерекшеліктері – адамның бет әлпеті (мимика) мен дене қимылдары (жесты) кері байланысты күшейтеді.

Жан- жақты – сұрақ қою, модельдеу және түсіндіру кері байланысты қамтамасыз ету құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Уәж – оқушыларға тікелей жүретін ауызша кері байланыс ұнайды және олар жеңіл жауап береді, сол арқылы өз жетістіктерін көріп, сенімі нығаяды.

Ауызша кері байланыстың үздіксіз спектрі

Лезде, еркін жауап беру






Curved Up Arrow 1


Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында сабақ барысында басты кезеңдердің соңында тағы да қарастыру




Curved Up Arrow 2


Оқушылардың мақсаттарын назарға ала отырып, жекелеген оқушылармен немесе оқушылар топтарымен жоспарлы қарастыру


Жоспарлы қарастыру кезіндегі жеке ауызша кері байланыстың реті

1. Жағымды және айқын болатын кері байланысты жоспарлаңыз.

2. Оқушылар үлесінің құндылығы мен маңыздылығын нығайтыңыз.

3. Әрбір оқушы үшін маңызды болып табылатын мақсаттар тұрғысынан оқу мақсаты мен оқу нәтижелеріне назар аударыңыз.

4. Оқушыға(ларға) ойлануға және жауап беруге уақыт беріңіз.

5.Өздері қол жеткізген жетістіктерін түсіндіру үшін оқушыны (ларды) сұрақ қоюға ынталандырыңыз.

6. Оқушының оқу мақсатын анықтау және қажет болған жағдайда қайта қарастырудың алдағы ең басты қадамдарын анықтап, келісіп шешіңіз.

7. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-әрекеттерді келісіп шешіңіз. Оларды кім және қашан қарастыратынын, қандай аспектілері ескерілетін түсіндіріңіз.



Туындауы мүмкін қиындықтардың кейбір шешімдері

Мұғалімдердің тез арада берген жауаптары кейде жан-жақты ойластырылмай, жеткілікті түрде оқу мақсаттарына бағытталмайды.

– Кері байланыс әрқашанда сабақтың мақсатымен тікелей байланыста болып, бөгде факторларға немесе салаларға түсініктеме беруден аулақ болуға тиіс; мақсат сабақтың, тапсырманың немесе эпизодтың басында қойылуға тиіс.

– Сұрақтар немесе талап етілетін жауаптар оқушыларға өздерінің жауабын мұқият әрі егжей-тегжейлі ойластыруға және оған тоқтауға мүмкіндік бергендей етіп, уақыт беріңіз. Өзіңіз жауап бермей тұрып, басқа оқушыларға өз ойларымен бөлісіп, жауапқа түсініктеме беруге мүмкіндік ұсыныңыз.

– Өзіңіздің түсініктемелеріңіздің алдында немесе олардан кейін оқушыларға өздерінің жауаптарын бағалау үшін оқу қызметінің белгілі бір нәтижелерін (табыс критерийлерін) пайдалануға мұрсат беріңіз.

– «Осы мәселе туралы бұдан көбірек айтқыңыз келе ме?» деген сияқты сұрақтарды пайдалану мұғалімге оқушы ойлаудың қандай дәрежесіне жеткендігін көруге және тиісінше өзінің түсініктемелерін құруға жәрдемдеседі. Мұғалімнің осындай жауаптары да үдерістің дамуына ықпал етеді.

– Мұғалімдер тапсырманы түсіндіру кезінде туындап қалуы мүмкін проблемалардың алдын алып, қате түсінуді болдырмауға тырысуға тиіс.

– Мұғалімдер алдын алу стратегияларын пайдалана алады, айталық, тапсырманы беру кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен табыс критерийлерін талқылай алады.

– Белгілі бір оқушылар үшін арнайы дайындалған сұрақтар немесе жалпы сыныптық жаттығулар оқушылардың қате жауаптарын азайтуға мүмкіндік береді.

– Мұғалімдер жүргізіліп отырған сабақтың мазмұны және оны беру тәсілін қадағалаған сияқты, кері байланыстың стилін де қадағалап отыруға тиіс (мысалы, дұрыс жауапты жай ғана құптау немесе ойды одан әрі дамытуды талап ететін жауапты таңдау).

Оқушылар ауызша кері байланысқа қатыспайды және оның маңызын, өзектілігін түсінбейді, кейде менсінбейді.

– Сыныпта қолайлы мәдениетті дамытып, балалардың өз қателіктері мен басқа оқушылардың қателіктері білім алуға мүмкіндік беретіндігін оқушылардың санасына жеткізу уақытты талап етеді.

– Жауаптарға түсініктеме беріп, өз жауаптарына түсініктеме алудың құнды әрі маңызды екендігін ұғындыру үшін де уақыт қажет болады.

– Оқушылардың санасында қате түсінік қалыптаспас үшін жауаптың дұрыс емес екендігін уақтылы айтып, ескертіп отыру қажет.

– Оқушыларға шешендік өнер мен тыңдаудың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тәжірибеде қолдануға үйрету қажет.

– Бір оқушымен кері байланыс орнатып жатқанда, басқа оқушыдан осы үдерісті бақылауды өтініңіз.

Жоспарланбаған жауаптар ойластырылмаған болып, құрылымдалған оқыту барысына сәйкес келмеуі мүмкін.

– Сұрақтар мен тапсырмалар ойлаудың барынша жоғары деңгейін ынталандыруға бағытталып, жауаптар кері байланысты одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс.

– Сұрақтар мен тарсыпмалар ретін кері байланыс оқуды алға жылжытуға жәрдемдесетіндей етіп біртіндеп құрылымдаңыз.

– Қолайлы жағдайда анағұрлым кеңейтілген немесе құрылымдалған кері байланысқа уақыт бөлінуін қадағалаңыз.

Ауызша кері байланыстың тиімділігі қысқа мерзімді болады.

– Негізінде бұл дұрыс, бірақ оқушыларға жауап беруге уақыт бөліп, қажет болған жағдайда кері байланысқа сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беру маңызды.

– Кейбір жағдайларда оқушылардан кері байланыс туралы ойланып, өздерінің кейінгі қадамдары немесе мақсаттары туралы дәптерлеріне жазуды, болмаса өздерінің жұмысын/нәтижелерін/оқуын кері байланыс тұрғысынан қайта қарауды бірден сұраған пайдалы болуы мүмкін.

– Оқушылардың жауаптарын ойша (немесе жазбаша) белгілеп отырыңыз және олардың тақырыпты шын мәнінде түсінгенін тексеру үшін оларға кейінірек оралыңыз.

Басқалар олардың сөздеріне қатысты түсініктеме бергендіктен, оқушылар өздерін қорғансыз сезінуі мүмкін.

– Бұл мәселені шешу үшін оқушылар сабаққа өз үлестерін қосқанына қуанатындай қолайлы орта қамтамасыз ету қажет. Оқушыларды ой жүгірте отырып, пікір білдіруге ынталандыру арқылы үдерісті құрылымдаңыз және олар қате жіберген тармақтарды тауып, оларды жою тәсілдерін анықтаңыз.

– «Қате жіберу арқылы адам білім алады» деген тұжырымның шын екендігін дәлелдеңіз.

– Қателер білім алудың оң мүмкіндіктері ретінде қабылданатын және мұндай жағдайларда күрделі тапсырмалар құпталып, оқушылар ең жеңіл нұсқаны таңдауға ұмтылмайтын ахуал құрыңыз.

– Жеке жұмысқа немесе шағын топтың жұмысына түсініктеме беруге мүмкіндік беріңіз.

– Командалық және басқарылатын жұмыс жүргізудің белгілі бір режімін құрыңыз.

– Оқушылардың қосқан үлестері құнды екендігін үнемі еске салып отырыңыз.

– Жекелеген жағдайларда, өз қатеңізді немесе арнайы біліміңіздің жетіспейтіндігін мойындауға дайын болыңыз.

Оқушыларда түсініктемелерді ой елегінен өткізіп, оларға жауап беруге уақыт жоқ.

– Барлық жауаптар ой елегінен өткізуді немесе реттеуді талап етпейді; кейбір жауаптар жай ғана мақұлданады, мойындалады немесе ынталандырылады.

– мысалы, «Сонымен, Сіз … дейсіз бе» деп, оқушының айтқанын қайталай отырып, оларға ойлануға көбірек уақыт беріңіз.

– Жұмысты түзетуге уақыт беріңіз.

– Тұрақты түрде сабаққа шолу жасаудың құрылымдалған тармақтарын енгізіңіз.

Түсініктемелер бірден қабылданбайды.

– Өз түсініктемелеріңізді мысалдармен растау үшін оқушылардың жұмыстарын пайдаланыңыз.

– Егер сенімді болмасаңыз, кейіннен тексеріңіз.

Кейбір оқушылар «сұрақ-жауап» жағдайында басым болады және олармен жүргізілетін ауқымды ауызша кері байланыс сыныптағы басқа оқушылардың оқу үдерісін бәсеңдетеді.

«Қол көтермей» жауап алу оқушыларды талқылау жұмысына тарта отырып, оларға ойлануға уақыт беретін және мұғалімге барлық балаларды назарда ұстап, қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша тәсіл болып табылады.

– Дереу болатын ауызша кері байланыс жекелеген оқушымен кеңейтілген өзара іс-қимылдың қажеттігін, алайда бұның басқа оқушыларға қызық еместігін көрсетсе, бұл мәселеге кейінірек, мысалы, жеке жұмыс кезінде көңіл бөліңіз.

– Шағын топтарға кеңейтілген кері байланыс ұсыныңыз.

– Мүмкін болған жағдайда кері байланысты бүкіл сыныппен өткізіңіз, ол үшін жауап алудан басқа әдістер, мысалы, көрсету немесе тақтаға жазу, «маған көрсет» сияқты әртүрлі әдістер арқылы оқушылардың түсінуін тексеруге болады.

Жеке түсініктеме беруге бөлінген уақыт шектеулі.

– Жалпы оқу тапсырмалары болған кезде сыныпқа ұжымдық кері байланыс ұсынуға ұмтылыңыз.

– Қажеттіліктері бірдей оқушыларға кері байланыс ұсыну үшін шағын топта жұмыс жүргізу әдісін, болмаса жұмысты басқаруға мүмкіндік беретін әдістерді пайдаланыңыз.

– Кезеңдік шолулар кезек-кезекпен барлық оқушыларға ұсынылатынын түсіндіріп айтыңыз.
Әртүрлі мақсаттарға бағытталған ауызша кері байланыс


Әртүрлі мақсаттарға бағытталған ауызша кері байланыс түрлері

Реплика үлгілері

Түзету

Жақсы талпыныс, бірақ бұл дұрыс емес, іс жүзінде бұл …

Таныстыру

Иә, Сіз айтып отырған нәрсе … деп аталады.

Бағалау,

мадақтау


Бұл ойға қонымды, ойыңыздың бағыты дұрыс!

Басқаларың осыған ұқсас шара қабылдап көрдіңдер ме?



Түрткі болу

Тағы бір рет жасап көр. Осы жолы … қосыңыз/өзгертіңіз.

Іздестіру

Түсіндіру көптеген элеметтерді талап етеді дегенде, Сіз не айтпақ болдыңыз?

Ынталандыру

Бұл зерттеуді, дәлелді одан әрі қалай қарастырар едіңіз?

Әзірлеу және дамыту

Не ... жақсырақ болар еді?

Қайта бағыттау

Бұл – мұқият зерделеу немесе иллюстрация. Енді түсіндіруге көшіңіз, өйткені бұл да маңызды.

Назар аударту немесе оқуға бағыттау

Осының бәрі маңызды, бірақ Сізге ... пайдалану қажет.

Бұл Сіздің жұмысыңызды шын мәнінде жақсартады.



Растау, зерделеуді жалғастыру

Иә, бұл дұрыс, енді Сіз … аласыз.

Келесі қадамдарды жасау

Сіз өзіңіздің … енгізетін екі түзету туралы бірнеше минут ойланып көріңіз.

Білім алу және оны жүйелеу

Өткен материалды еске түсірейік.

Біріншіден, біз … білдік.



Балаларды ойлануға ынталандыру

Біз талқыланған мәселе туралы ойлап көрейік – Сіздер қоса алатындай тағы не бар?

Оқу стратегияларына шоғырландыру

Өте жақсы! … жақсарту тәсілін дәл, нақты қолдандыңыздар?


ЖАЗБАША КЕРІ БАЙЛАНЫС


  • Тиімді кері байланыс өздерінен не күтіліп отырғанын және өздері мұғалімнен не күтетінін білетін оқушыларға байланысты. Оқушыларға белгілі бір салада жетістікке жеткендерін, олардың себептерін және әрі қарай қалай жақсартуға болатындығы туралы түсініктеме беріп отыру қажет. Бұндай түсініктемелер оқушылардың назарын оқудың мазмұнына аударуға көмектесетін болады.

  • Оқу мақсаттары мен оқу нәтижелері мұғалімнің ауызша және жазбаша кері байланысы үшін бастама ретінде пайдаланылуы тиіс. Оқушылар бөлініп, тапсырманы орындауға кіріспестен бұрын оларға оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелері анық түсіндірілуі тиіс. Мысалы, оқушы үшін оқу нәтижесі мектеп директорына мектеп кеңесін құруға келісім беру сұралатын хат жазу болса, кері байланыс орнату үшін дұрыс жазу ережесі мен грамматикаға ғана көңіл бөлу дұрыс емес, бұл жағдайда кері байланыс оқушылар осыған дейін өткен сөз өнеріне тән тиісті шартты белгілерді пайдалануға да бағытталуы тиіс.

  • Оқушыларға олардың жетістіктері мен кемшіліктерін дәл бағалауды қамтамасыз ететін, терең ойлауға және талқы жүргізуге түрткі болатын, олардың оқудағы келесі қадамдарын айқындауға көмектесетін жазбаша кері байланыс ұсыну керек.

  • Оқушылардың оқудағы келесі қадамдарын айқындау үшін мұғалімдер олардың пән бойынша прогресін түсініп, оқушылардың қате түсініктері мен қиындықтарын білуге тиіс.

Сапалы кері байланыс

• Кез келген оқушымен жүргізілетін кері байланыс оның ерекше қасиеттері мен мүмкіндіктеріне негізделуге тиіс. Оқушы өз жұмысын жақсарту үшін не істей алатындығы туралы кеңес беруге негізделіп, басқа оқушылармен салыстыруға жол бермейді.

• Кері байланыс әрбір оқушыға оның қасиеттері мен кемшіліктерін айқын көрсеткен жағдайда ғана, оның білімінің жетілуіне ықпал етеді.

Блэк және Уильям (1998). Қара жәшік ішінде.



Жазбаша кері байланыс кезінде қарастыруға арналған факторлар:

• оқушылардың үміттері;

• мұғалімдердің үміттері;

• жалпы оқу мақсаттары;

• оқудың жалпы нәтижелері;

прогресс туралы идеялар;

• оқушылардың түсінбеушіліктері мен кездескен қиындықтарын түсіну.

Сындарлы жазбаша кері байланыс сипаттамасы:

• оқу мақсатына іріктеп назар аудару;

• оқушылардың дұрыс жолда екендігін растау;

• қателерді түзегендерін немесе жұмысты жақсартқандарын марапаттау;

• оқушылар келесі қадамдарын жасаған кезде оларға қолдау көрсету;

• оқушыларға қандай да бір нәрселерді өздері ойлауға мүмкіндік беру;

• бірнеше ұмтылыстан кейін ілгерілегендеріне түсініктеме беру;

• басқа оқушылармен салыстыруды болдырмау;

• оқушыларға жауап беруге мүмкіндік беру.
ЖАУАП АЛУ ЖӘНЕ ДИАЛОГ

Тиімді диалогті іске асыруға арналған оқыту стратегиялары

Командалық диалогті тыңдау

Мұғалім идеяларды бір топтан екіншісіне беру немесе кейін жалпы сынып болып талқылау үшін оқу дәлелдемелеріне назар аударады. Осы орайда, барлық сыныптың жемісті талқы жүргізуін ұйымдастыру үшін оқушылар түсініктеме беретін кезектерін жоспарлап, ал мұғалім осыған дайындалуға жауапты балаларды тағайындай алады. Кей кездерде командалық талқылау тиімді болуына ықпал ету үшін мұғалім жұмысқа араласа алады.



Ресурстарға немесе тапсырмаларға байланысты сұрақтар

Ресурс нақты сұрақ арқылы проблеманы ашу үшін пайдаланылады. Қиын сұрақты құрастыру немесе толықтыру және қиын тапсырмаларға берілген жауап арқылы оқыту үшін таңдалған жағдайда ресурстар жақсы көмекші бола алады.



Мұғалімнің сұрағынан кейінгі күту уақыты

Оқушыларға жауап берердің алдында сұрақты өз бетінше ойластыруға, идеяларды тұжырымдауға уақыт беріледі.



Басты сұрақтар

Бірден жауап беруге болмайтын маңызды сұрақ. Табиғаты бойынша ол көптеген оқушылардан жауап беруді талап етеді және басты сұрақтың жауабын дайындау алдында оқушылар жауап беруге тиіс күрделі емес сұрақтардың тізімін жасауды ұсынады. Кей кездерде «күрделі емес сұрақтарды» мұғалім береді.



Астарлы сұрақтар

Жоғары деңгейлі ашық сұрақтар оқушылардан идеяларды байланыстыруды немесе қолдануды, себебін келтіріп, жүйелеп бағалауды талап етеді. Оқушылар сұрақтың түсіндіруді талап ететінін түсіну үшін кейбір кездерде мұғалім өзіне, яғни мұғалімге сұрақ қоюды ұсынады. Әдетте осындай сұрақтар аса кеңейтілген жауаптарды талап етеді.



Мұғалім жұмысты жалғастыру мүмкіндіктерін қарастыру үшін репликалар мен «дене қимылы тілін» модельдейді

«Дене қимылы тілі» немесе сөзбен қолдау көрсету оқушыларға өз жауаптарын дамытуға көмектеседі. Мысалы, «... жалғастыр» немесе оқушы тоқтап қалған кезде басты изеу. Мұның мақсаты – оқушылар осыған ұқсас стратегияларды өзінің командалық диалогіне енгізеді.



«Қол көтермей» жауап алу

Мұғалім сұраққа жауап беретін оқушыны көтереді (бұл жағдайда олар жауап беруге ниет білдірмейді). Оқушылардың дене қимылын байқай отырып, көптеген жағдайларда кімнің айтары бар екендігін айқындауға болады.



Өзара талқылау

Мұғалім оқушылардың арасында өзара іс-әрекетті жандандыру мақсатында көптеген жағдайда диалогті сұрақтар арқылы бастайды. Идеяларды жұп-жұбымен немесе шағын топтарда талқылау оқушыларға өз тобының жауабын барлық сыныпқа айтар алдында өздерінің арасында идеяларын нақты баяндауға және тексеруге көмектеседі. Жауапты командалық талқылау арқылы тұжырымдау анағұрлым оңай.



Белгілер және репликалар

Мұғалім оқушыларды диалогқа тарту үшін дене қимылын және қысқаша репликаларды қолданады, мысалы, «Кім келіспейді?» немесе «Осы идеяны тарқатуға кім көмектеседі?»



Қарап алуға немесе шолу жасауға арналған үзіліс

Мұғалім сыныптағы оқыту үдерісін бағалау үшін кідіріс жасайды. Бұл оған жасай алатын, жартылай жасай алатын, не жасай алмайтын оқушыларды жылдам анықтап, нәтижелерге сәйкес оқыту әдістемесін бейімдеуге мүмкіндік береді.



Оқушының жауабынан кейінгі күту уақыты

Оқушыларға өзінің қатарласының жауабын ойластыруға уақыт беріледі. Бұл оқушыларға жауапты дұрыс түсінгендігін анықтауға және айтылғанның негізінде келесі жауапты тұжырымдауға мүмкіндік береді.



Қате немесе жартылай дұрыс жауаптарды дереу әрекет ету үшін пайдалану

Мұғалім адамдар жауаптың дұрыс екендігіне сенімді болмаған моделін ұсынады, яғни мұғалім тәуекелге барып, өзінің осал жерін жария етеді; немесе мұғалім оқушыларға терең ойлануға көмектеседі, бұл оларды жартылай дұрыс жауапқа алып келеді, сонда басқалардан осы жауапқа қарсылық білдіруді немесе жауаптың әрбір нұсқасын растауды сұрайды.



Командалық талқылау стратегиясы

Мұғалім диалогтің бір мәселеге бағытталып, оқушылар топ ішінде идеялармен тиімді алмасуын қамтамасыз ету үшін «өкіл», «көңілді топтар», «пазл» және «қар кесегі» сияқты стратегияларды қолданып, команда жұмысын құрылымдайды.



Оқушылардың тиімді диалог жүргізіп отырғанын түсіну

Мұғалім тиімді диалог аспектілеріне, олар пайда болған кезде, нақты түсініктеме береді.



Қызығушылық пен құлшыныс білдіру

Мұғалім басқалардың көзқарасын мұқият ойластырып, оларға құрметпен қарайды немесе мүлдем ойланбай айтылған түсініктемелерге байыпты жауап қайтарады, болмаса жақсы жауапқа қуанады.



Күту уақытының ұзақтығын өзгерту

Күту уақытының ұзақтығы сұрақтың маңыздылығына және күрделілігіне сәйкес келеді – мысалы, ойды тұжырымдауға берілетін бірнеше секундтан, ой толғап, талқылау жүргізуге берілетін бірнеше минутқа дейін.



Жауаптардың дұрыстығын не қате екендігін талқылау және оны негіздеу

Мұғалім оқушыларға талқыланып отырған жауап бойынша дауыс беруді ұсынады; сондай-ақ талқылауға бағыт беруге көмектесу үшін немесе баламалы дәлелді ұсынған кезде туындайтын аспектілерге қатысты сындарлы пікір білдіру үшін екі жақтың пікірін жиынтықтап қорытады.







Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде қолдану


  • Оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беру үшін оқушылар жасаған жұмыстарының рефлексивтік шолуына қатысулары тиіс.

  • Өздеріне бағалау үдерісін түсінуге көмектесу үшін және алдағы уақытта күш-жігерін қай саланы жақсартуға жұмсау керектігін түсіну үшін оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге тиіс.

  • Оқушылар өздерінің жұмыстарын қалай жақсартуға болатындығын түсіну үшін өзара және өзін өзі бағалау критерийлерін қолдануға тиіс.

  • Жалпылама тестілер өткізілу керек және олар оқыту үдерісінің жағымды бөлігі ретінде қабылдануға тиіс.

Педагогикалық әдіс-тәсілдер



  • құндылықты-бағдарланған;

  • әрекетті;

  • тұлғалық-бағдарланған;

  • кіріктірілмелі;

  • коммуникативті

әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.

Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.

Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында  шығармашылық  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған.

Оқыту әдіс-тәсілдері:

Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.

Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білім алу.



Тұлғалық-бағдарланған тәсіл— педагогтің назарын оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық нышандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани дамуы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.

Жүйелік-әрекетті тәсіл— оқу-тәрбие үдерісінде оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі формаларын қолдануын көздейді.

Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді қолданып үйренуге бағытталған.

Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Бастауыш білім беру мазмұнына ортақ тақырыптарды енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық қалыптастырады.

Интербелсенді әдіс

Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу



  • өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi

  • шешендiк өнерiн жетiлдiредi

  • танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын)

  • сыни ойлау дағдыларын дамытады

  • өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады

Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:



  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • — өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • — ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • — өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • — пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • — шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • бірлескен жұмыс;

  • — танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен әрекеттері:

  • — бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),

  • — рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,

  • — ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет,

  • құжаттар, мұражай т.б.)

  • — презентациялар,

  • — тренингтер,

  • — интервью,

  • — сауалнама т.б.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді  есте сақтау қажет:

  • Бірінші ереже. Жұмысқа балалар толығымен қатысуы керек.

  • Екінші ереже. Балаларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, балаларды  белсенділігі үшін марапаттау, баланың өзін — өзі көрсетуіне жол беру.

  • Үшінші ереже.Кабинет  талапқа сай болуы қажет .

  • Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы қажет. Бала өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.

  • Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аудару қажет. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

  • Алтыншы ереже. Оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау .

Интерактивтік әдістеме өзара қарым – қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу процесінің барысында мынадай  қарым – қатынасқа түседі:

  • Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап  берген кезде);

  • Өзге балалармен  (қосақталып жұмыс істеу барысында)

  • Шағын топтармен (3-5 баламен);

  • Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сынып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

  • Балалардың  тобымен және халықпен (топ  әлеуметтік  сауалнама жүргізеді);

  • Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютермен);

Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың  сындарлы тәсілімен  тығыз байланысты, себебі  оқушылар  бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің  аралығындағы мәселелерді  талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)

Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан  мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген  жаңаша түсінік  пайда болды ма, немесе  жоспар іске  асты ма деген сияқты ……т.б.

Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.



«Маршрут» ойыны.

Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.

Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.

«Екі әріп» ойыны.

Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет