Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз



бет88/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

80. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісінің сипаты мен маңызын талдаңыз
1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлының Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындалуы көтеріліске түрткі болды.
Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді «жалға» беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді.
Жер қатынасындағы осындай әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады.
Көтерілістің негізгі себептері:
- Ақшалай салықтың өсуі;
- Әр күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттелуі;
- Шаруалардың көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;
- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды, оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарайтын Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.
Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.
Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шегаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша атқамінерлерімен байланысы салқындай бастады. Ол 1817-1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды.
Исатайдың ең жақын серігі – ақын, беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) болды.
Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, татар және орыс тілдерін үйренеді. Ол Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборда да тұрады. Жәңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары ауылына кетіп қалады. Оған соң шегаралық үкімет тарапынан «халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді» деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р.И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г.С. Карелинмен тығыз қарым-қатынаста болды.
Көтерілістің басты мақсаты:
• Хан озбырлығына шек қою;
• Шаруалар жағдайын жақсарту;
• Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту;
• Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық және отаршылдыққа қарсы.
Көтерілістің барысы. Көтеріліс үш кезеңге бөлінді.Бірінші кезең – 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең – 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларында жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.1838 жылы 23 шілдеде Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ауылына шабады. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 жылы қыргүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет