Тарихтар жеткізген тәуелсіздік ерлан русланұЛЫ



бет2/2
Дата23.07.2020
өлшемі25,27 Kb.
#75551
1   2
Байланысты:
ТӘУЕЛСІЗДІК 2
dayyn pedagogika shpor (1), «МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ, Өлке тарихын оқытудағы инновациялық стратегиялар және патриотизмге тәрбиелеу мәселелері, ЖЕТІСУ
Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздіктің бесігін тербеткен еді.Сол жылы он алтыншы желтоқсанда Қазақ КСР астанасы Алматы қаласында студент жастар бастаған «Әр ұлттың өз көсемі болу керек» деген ұранмен көшеге шыққан бейбіт шерудің аяғы қантөгіс, аяусыз басып-жаншуға ұласты.Себебі, ол кезде біздің қазіргі Тәуелсіз Қазақстан КСРО құрамындағы 15 одақтас республикалардың бірі еді. Коммунистік партия басқарған совет үкіметі барлық билікті өз қолында ұстап, маңызды шешімдерді өздері қабылдап отырды. Сол себепті, студенттер мен жастар жазықсыз жазаланып, қудалауға ұшырады. Біразы қамалып, біразы қайтыс болды, қалғандары оқудан шығарылды.

Ағайын,Тәуелсіздік жай келген жоқ,

Желтоқсан ызғарына мұз қатқан еді.

Құрбан боп бостандықтың жолында өткен,

Аташы желтоқсанның боздақтарын.

Сол уақыттағы желтоқсан қаһармандары арасында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев сынды ержүрек жастар ұлты үшін жанын пида еткен болатын. Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегінен орын алған «тәуелсіздік» сөзін есту қыршыннан қиылған сол жастарға арман еді.

1991 жылдың тамыз айында КСРО күйреді...Азаттық таңы атты...Қазақстан өз егемендігін жариялап, сол жылы желтоқсан айында Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Содан бері қас-қағым сәтте жиырма алты жыл да өте шықты. Бұл кейбіреулер үшін, жай сан болғанымен, қазақ халқы үшін ғасырлар жүгін арқалаған кезеңмен пара-пар болды.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым ертеден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек.


Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр.
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
Қазақстан – демократиялық жолмен дамып келе жатқан зайырлы жас мемлекет. Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекетіміз, халқымыздың біртұтастығын, рухани бірлігін сақтау-басты міндет. Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев айтқандай мемлекетіміздің ең негізгі мақсаты-экономикасы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті дамыған, ұлтаралық татулықты, бейбітшілікті төбесіне ту етіп көтерген демократиялық, құқықтық мемлекет құру болып табылады. Әлемдік дамудың жаңа тарихи кезеңі адамзат баласының әлемдік діндердің қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін және өркениеттердің жаңа серпінмен рухани бірлесуі қажеттілігін түсінуімен сипатталады.
Бүгінгі күні игі дәстүрге айналған бұл мереке – «Алтын бесік» деп аталады. Халқымызда туған жер – алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны – еліміздегі жүрегі бір, тілегі орақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз болып табылады. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артық. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз – елдің ынтымақ, бірлігі деді өзінің сөзінде мемлекет басшысы.

Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа замандағы егемендікке қол жеткізген сол күннен бастап жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Мысалы, шекарасын бекітіп, жан-жақтағы көршілерімен сауда және экономикалық байланыстарын нығайтты.2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.. Егемен дамудың жиырма алты жылы ішінде Қазақтан әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына кірді. «Стратегия-2030» ды мерзімінен бұрын іске асырды. «Стратегия-2050», «Жүз нақты қадам», «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» секілді бағдарламалар жүзеге асырыла бастады. Рухани жаңғыру бағдарламасы осы жылдан бастап қолға алынуда.Оның негізгі алты міндеті бар:

І.Латын қаріпіне көшу

ІІ.Жүз кітап

ІІІ.Туған жерге туыңды тік

ІV.Туған жер

V.Жалпы мәдениеттің дамуы

VІ.Жүз жаңа есім

Осыларды іске асыру- қазіргі таңда біздің басты міндетіміз.

Қазақстан бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің арасында жаңғыру мен дамудың көшбасшысы.Сонымен қатар,тағы бір жетістігіміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы аясында Аймақтық Хаб құрылып, оның орталығы Астана қаласы тағайындалды. Халқымыз онымен ғана шектелмей, екі мың оныншы жылы Қазақстан Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық төрағалық етіп, желтоқсан айында елімізде саммит өткізді. Тек саяси жағынан ғана емес, спорт бағытынан да алдамыз. Қазақстан үшін спорт саласындағы ең маңызды кезеңдердің бірі Лондондағы Олимпиадалық ойындар болды. Осы жарысқа дейін Қазақстан мұндай жоғары жетістікке жеткен жоқ еді. Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Серік Сәпиев - Қазақстанның мақтаныштары десек, қателеспейміз. Қаншама спортшыларымыз әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуда.



Осылайша, Қазақстанның бірлігі жарасқан, көне тарихқа бай, тәуелсіз мемлекет екеніне тағы да көз жеткіздік. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек». Сол себепті, тәуелсіздікті алу қаншалықты біз үшін арман болса, оны сақтап қалу да соншалықты қымбат болмақ.

Сан ғасырлар бойғы елдің асқақ арманы орындалған кез есімізден шықпайтын шығар. Себебі, ел болып күткен бұл күнді ұмыту мүмкін емес.Тәуелсіз елдің патриоты болу ,оны қадірлей білу - әр қазақстандықтың міндеті. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына жиырма бір жыл. Осы аралықта қоғамдық институт көпұлтты елiмiздегi халықтар арасындағы достықтың нығаюына зор үлесін қосты. Жылына бiр рет Ұлт көшбасшысының төрағалығымен Елордасы Астанада Ассамблеяның сессиясы өткiзiлiп, онда алда атқарар жұмыстар мен бағыт-бағдарлар нақтыланып отырады. Биылғы өткен 23-шi сессияның да қоғам мүшелерiне жүктеген мiндеттерi зор. Мемлекет басшысы Ассамблея сессиясында көптің көңіліндегі ең жылы және ізгі сезімдерді қозғап, олардың көкейіне татулық, тыныштық және тұрақтылыққа деген үміт ұялатты. Сессияда сөйлеген сөзінде Елбасы: «Қазақстан 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып, ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық. Егемен еліміз көркейіп, жан-жақты дамып, дамыған елдер қатарында болуына тілектеспін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет