«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет88/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143
Ауызша баяндау — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Үғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғы шарттары) мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының зандылығы ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
салыстыру, қатар қою, үқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Ауызша баяндау - окьіту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жүмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оңу материалының күрделеніп, оқушылардың аңыл-ой жүмы-сының мүмкіндіктері өскенде бүл әдіс кіші жастағы оңушы-лармен жүмысңа ңарағанда көбірек қолданылады.

Ауызша баяндау әдісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп, есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше танымдық әрекетін шектейтіндігінде.


Ауызша баяндау әдісінің артықшылықтары:
• ее пен тілді дамытуы;
• оқушылардьщ оңу-танымдық қызметін белсенді етуі;
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс.
Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген жеке қабілеттерін қалыптастыру.
Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бүл әдіс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейді.
Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда "жасалынған, іске асқан" деген үғымды білдіреді. М. Горький "дерек үйретеді, тәрбиелейді" деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтын фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азатгық қозғалыстың жеке дерегі.
Дерек қайталанбайды, оны бақылау, қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Бүл оның өзіндік ерекшелігі. Тарихты тану -роцесінде деректің мақызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу - тарихи танымның құралы.
Нақты деректермен тарихи материадцы баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы — негізгі, Курск шайқасы — қосалқы дерек.
Сабақта деректі қолдану үшін оның гылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін айқындау қажет. Орта буын сыныптарында дерек бейнелі, эмоциялы болса, жоғары сыныптарда ол құжатқа сүйенген, дәлелді болуы тиіс.
Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерок Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісін жатқызуға болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда, нақты адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып уйрену оқушылардың тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмектеседі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   143




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет