Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын


-параграф. Амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі



бет3/5
Дата18.05.2022
өлшемі29,35 Kb.
#143659
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 Nurzhas test 4 0, 1. Отбасы, оны? ?леуметтік м?ні, ??рылымы мен ?ызметі. Отбасыны?
1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі

6. Амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде белгілі бір аурулары (жай–күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.


7. Белгілі бір аурулары (жай–күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық жағдайларда ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тегін және (немесе) жеңілдікті берілетін дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 02 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) Тегін рецептілерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес жазып берілген дәрігердің рецептісі бойынша тегін жүзеге асырылады.


8. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрі–дәрмекпен қамтамасыз етуді көрсетуге арналған дәрілік заттарды босату кезінде медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы көрсетіле отырып, медициналық ұйымның мөртабанымен және "тегін" белгісімен белгіленеді.


9. Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде "Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23589 болып тіркелген) Қағидаларға сәйкес бірлесіп төлеуге болады.


10. Аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерде дәріханалар, дәріхана пункттері және жылжымалы дәріхана пункттері болмаған кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүргізіледі.


11. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар дәрілік заттармен қамтамасыз етуді есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.


12. Амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету уәкілетті органның тиісті ақпараттық жүйесінде:


1) жоспарланған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;


2) сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;


3) жазып берілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;


4) дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету не қамтамасыз етуден бас тарту олардың болмауына байланысты немесе пациенттің оны алудан бас тарту бөлігінде көрсетіледі.


Дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның рецептісі дұрыс жазылмаған немесе босатылмаған жағдайда, рецептіні түзету уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.


13. Туберкулезбен ауыратын пациенттер амбулаториялық жағдайларда емдеу кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдардың химизаторлар кабинеттері арқылы дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.


14. АИТВ инфекциясын емдеу және оның профилактикасы үшін антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Облыс орталығынан шалғайдағы елді мекендерде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар болмаған кезде АИТВ инфекциясын емдеу және оның профилактикасы үшін антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.


15. Онкологиялық аурулары бар пациенттерді таргеттік препараттармен қамтамасыз етуді онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.


16. Инъекциялық (инфузиялық) дәрілік нысандағы иммунологиялық (иммундық–биологиялық) дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медицина қызметкерінің бақылауымен амбулаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың емшара кабинеттері немесе амбулаториялық химиотерапия кабинеттері арқылы жүзеге асырылады. Препаратты ашу пациенттің көзінше жүзеге асырылады, уәкілетті органның тиісті ақпараттық жүйесінде ол туралы, оның ішінде препараттың сериясы мен жарамдылық мерзімі туралы жазба жүргізіледі және пациентке дәрілік препаратты алғаны туралы растау үшін СМС-хабарлама жіберіледі.


17. Буллезді эпидермолизді емдеу үшін көрсетілімі бар антисептикалық және дезинфекциялық препараттармен қамтамасыз ету медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің кешенін және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.


18. Мамандандырылған емдік өнімдермен, оның ішінде бейімделген емшек сүтін алмастырғыштармен қамтамасыз ету медициналық–санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің кешенін және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жүзеге асырылады.


19. Жаңадан анықталған пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету тіркелген қайта өндірілген дәрілік препараттар (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) болмауы немесе препаратты жеке көтере алмау жағдайларын қоспағанда, қайта өндірілген дәрілік препараттан (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препараттан (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) басталады. Бұрын бірегей дәрілік препараттарды алған гемофилиясы, қант диабеті, ағзаларды және тіндерді трансплантаттаудан кейінгі жай–күйі, эпилепсиясы бар пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету бір өндірушінің препараттарымен жалғасады. Пациенттерді бірегей препараттан қайта өндірілген дәрілік препаратқа (генерик) немесе биоаналогтық дәрілік препаратқа (биоаналог, биотектес дәрілік препарат, биосимиляр) немесе бір қайта өндірілген дәрілік препараттан (генериктен) басқасына ауыстыру клиникалық хаттамаларға және Формулярлық анықтамалыққа сәйкес дәрігердің тағайындауы бойынша жүзеге асырылады.


20. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарды, қандастарды, босқындарды, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды бекітілген медициналық ұйымдар арқылы және сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, ұсталғандар, күзетпен ұсталғандар және диспансерлік есепте тұрған арнайы мекемелерге орналастырылғандарды жазасын өтеу орны бойынша жүзеге асырылады.


21. Амбулаториялық жағдайларда медициналық–санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар пациенттер үшін көрнекі ақпарат орындарында және медициналық ұйымның интернет-ресурсында белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін, сондай-ақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдардың мекенжайларын және дәрілік заттарды қолдану жөнінде ақпарат алу үшін 8-800-080-88-87 тегін телефон желісінің нөмірін орналастырылады.


22. Клиникалық хаттамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуына және дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның саудалық атауына, ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына бекітілген шекті бағасына қарамастан, белгілі бір аурулары (жай–күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.


23. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, оның ішінде уәкілетті органның ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, жүзеге асырады.

2-параграф. Жедел медициналық жәрдем, сондай-ақ мамандандырылған көмек, оның ішінде стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тәртібі

24. Жедел медициналық жәрдем, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету Қазақстан ұлттық дәрілік формулярының негізінде әзірленген Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес, "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21913 болып тіркелген) Қазақстан ұлттық дәрілік формулярын қалыптастыру қағидаларына, сондай-ақ Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


25. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету кезінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


26. Стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) – (бұдан әрі – № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығы) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағына енгізген дәрігердің тағайындауларына сәйкес жүзеге асырылады. Дәрігерлік тағайындау парағы медициналық ақпараттық жүйеде, стационарлық пациенттің (сауықтырылушының санаторийлік-курорттық картасына), медициналық картасына қоса тіркеледі.


27. Жедел медициналық жәрдем стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсетуге арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар келіп түскен кезде, медициналық ұйымның атауы, оның ішінде мекенжайы, көрсетіле отырып, медициналық ұйымның мөртабанымен және "тегін" белгісімен белгіленеді.


28. Жедел медициналық жәрдем, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар медициналық құжаттамада және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламаларында (медициналық ақпараттық жүйелерде) жиынтық және сандық түрде есепке алынуға жатады.


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды пайдалану (тағайындау), азаматтарды қамтамасыз ету деректерін талдау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелердің жұмысының мониторингін жүзеге асырады, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша деректерді уақтылы енгізуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.


29. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету және ақылы қызметтер көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бөлек сақталуға және есепке алынуға жатады.


30. Жаңа туған нәрестелерге ана мен баланың дәрі қобдишасын беру босандыру ұйымдарынан шығару кезінде жүзеге асырылады. Ана мен баланың дәрі қобдишаларын беру туралы белгі № ҚР ДСМ–175/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша жаңа туған нәрестенің даму тарихына енгізіледі.


31. Медициналық ұйымдарда сақталатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды түгендеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі.



Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-89 Бұйрығына
2-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет