Техника-экономикалық негіздеу


автобус маршруттарының қозғалыс жүйелігін



бет6/13
Дата16.03.2022
өлшемі79,19 Kb.
#135936
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Курсовая жол журу

3. автобус маршруттарының қозғалыс жүйелігін
жетілдіру және қысқартылған маршрутты енгізу.


3.1. Маршруттық автобустардың қозғалыс жүйелігі мен жұмыс режимін арттыру жолдары.

Автобустар қозғалысының жоғары жүйелігіне қол жетуі үшін маршруттың толық үзақтылығындағы қозғалыс интервалдарының нақты яуыткуларын орнатып, оларлыи себептерін айқындау негізінде іске асырылады. Маршруттағы қозғалыс жиілігіне байланысты есептерді шығарғанда, төжірибелік мақсаттар үшін зерттеулер нотижесінде жасалған кестелерді пайдалануға болады. Осы графиктер бойынша автобустың қозғалыс жылдамдығының кез-келген шамасында аялдама аралықтардағы қозғалыс уақыты анықталады.


Автобустар қозғалысының нақты жүйелігін айқындау әдістемесін Қызылорда қаласындағы Үміт Темір жол вокзалы - Акжарма бағытындағы қала ішілік автобус маршруты үшін қарастырайық.
Әрбір жүмыс жасап жатқан автобустың қозғалыс жүйелігін бақылау пунктілер бойынша қозғалыс интервалдарының ауытқу (нақты және кестеде қарастырылған) шамаларының негізінде ориату қажет№6 «Темір жол вокзалы - Тасбөгет кенті» б/б маршрутта 17 аялдамалы пунктілер қарастырылған. Маршруттың ұзындығы 11,4 км, екі жақты рейс уақыты автобустар үшін 1 сағат 20 мин, қозғалыс интервалы 10-15 мин.
Бақылау пунктінде тұратын алдын ала нұсқаудан өткен бақылаушыны секундомермен немесе секундтары көрсетілетін сағатпен және зерттеу картасымен жабдықтайды.
Бақылаушы графаларды алғашқы материалды өңдеу кезінде толтырады.
Тұтастай маршрут пен бақылау учаскелері бойынша әрбір автобус қозғалысының екі жақты бағыттағы нақты уақыты әрбір сағат сайын орнатылады. Оны өңдеу кезінде автобустар қозғалысының кесте бойынша максимальды, минимальды және орташа уақыттары ескеріледі.
Зерттеу карталарының өңделген мәліметтері бойынша қозғалыс кестесінде көрсетілген уақыттан ауытқан бақылау пункті үстімен өткен автобустардың нақты саны айқындалады.
Он ауытқу автобустың бақылау пунктіге кешігіп келгенін, ал теріс ауытку автобустың ерте келіп кеткенін сипаттайды.
Автобустардың аялдамалы пунктілер үстімен келіп кетудің жалпы саны ауыткусыз 17,2 %, ±1 мин ауытқумен - 27,4 %, ±2 мин ауытқумен - 18,6 %, 3-5 мин кешігіп келгендер - 21,6 %, 3-5 және одан әрі мин ерте келіп кеткен - 15,2 % көрсетеді.
Жекелеген сағаттағы белгіленген интервалдарынан максимальды ауытку едәуір дәрежеде көліктің жылдамдығы мен қозғалыс қарқындылығына байланысты болады.
Көрсетілген ауытқулар бару және қайту бағыттары бойынша 5-10 % әртүрлі болып келеді.
Зерттеу нәтижелерін өңдеу кезінде ауытқулардың қатынау жылдамдығына тәуелді екені анықталды. Атап айтқанда, ± 1 мин ауытқулар қатынау жылдамдықтарының 25,5-35,5 км/сағ, ал 20-30 с ауытқулар қатынаудың орташа жылдамдығы 30,0 км/сағ кезінде байқалады.
Бақылау пунктіге автобустардың ерте келуі мен кешігіп келуі маршрут жұмысының дұрыс ұйымдастырылмағанын көрсетеді:
егер автобус, айталық, 5 мин интервалымен, яғни 10.00, 10.05, 10.10, 10.15, 10.20 жүретін болса, ± 2 мин рұқсат етілген ауытқу кезінде аялдамалы пунктілерден автобустардың 10.00, 10.03, 10.12, 10.13, 10.22 уақыттарында келіп-кетеді. Қалыптасқан жағдайда қозғалыс жүйелігі орнатылмағандығын жолаушылар көзқарасымен көрсетеді.
Егер ерте келіп-кетуді болдырмайтын болса, ал мұндай жағдайды жүргізушілер еш қиынсыз жасай алады, осы уақыт мерзімінде автобустардың келіп-кетуі 10.00, 10.07, 10.12, 10.17, 10.22 уақыттарында құрайды. Мұндай қозғалысты жүйеленген деп есептеуге болады.
Автобустардың қозғалыс жүйелігінің едәуір ауытқулары көп мөлшердегі жолаушылар ағыны бар аялдама пунктілерінде кездеседі және олар тәулік ішінде әртүрлі болып келеді (±3) мин. Маршруттағы автобустар қозғалысының пайдаланып жүрген кестелерінде жолаушылар ағыны ескерілмейді, соның салдарынан автобустар аялдамалы пунктілерде жолаушылардың отыруы мен түсуін ұзақ кідіріп қалады. Мұндай жағдайларда маршруттағы барлық автобустардың қозғалыс жүйелігі бұзылып, жақын жерлерге сапарға баратын жолаушылар тасымалы шамамен 5 % төмендейді.
Маршруттағы қозғалыс жүйелігін арттыру үшін аялдама аралықтары мен учаскелердің нақты ұзындықтарын паспорттық берілгендерімен салыстыру қажет.
Осы көрсеткіштерде сәйкес еместіктер байқалған жағдайда жекелеген аялдама аралықтары мен учаскілер бойынша автобустар қатынауының нақты жылдамдықтарында кестеде көрсетілген жылдамдықтардан 10-30 % айырмашылықтар болуы мүмкін. Ол маршруттағы қозғалыс жүйелігін төмендетуге әкеледі.
Қозғалыс уақытының максимальды және минимальды мәндерін орташа уақытымен салыстырғанда жекелеген аялдама аралықтары мен учаскелер бойынша жүру уақытын қысқарту нәтижесінде қозғалыстың пайдалану жылдамдығының өсуіне мүмкіндік береді. Бір жақты рейс уақытын қысқарту арқылы маршрутта жұмыс жасап жатқан автобустардың бір бөлігін босатуға ықпал жасайды. Мұндай жағдайға қол жеткенде рейстер саны мен қозғалыс жиілігі, әсіресе қарбалас сағаттарда өзгертусіз қалуы қажет.
Маршруттағы автобустар қозғалысының нақты жүйелігі айқындалғаннан кейін келесі іс шараларды жүргізген жөн: маршрут учаскелері бойынша автобустар қозғалысының бақылау уақытын
өзгерту қажет; барлық аралық бақылау пунктілер бойынша тек ± 1 мин дейін рұқсатын орнатып, қалған ауытқуларды жарамсыз деп тану қажет; маршрут жұмысының орнатылған жаңа режимі бойынша әрбір автобус жүргізушілеріне міндетті түрде нұсқау жүргізу қажет. Алға тартқан ұсыныстарды іске асыру арқылы қозғалыстың жоғары жүйелігіне жетуге, жолаушылардың сапарға шығу уақытын қысқартуға және маршруттағы автобустар жұмысының экономикалық көрсеткіштерін өсіруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет