Техникалық физика және экология мәселелері Ғзи ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметіне келесі негізгі мәселелер жатады



бет1/5
Дата10.12.2021
өлшемі233 Kb.
#78856
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Рана практика отчет


Мен Еркін Рәна, ФЕК-302 тобының студенті, өндірістік іс-тәжірибесін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Техникалық физика және экология мәселелері институтында өткіздім.

Техникалық физика және экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты 2003 жылы қыркүйек айында физика Институты, кристалдар лабораториясы, Экологиялық зерттеулер мен лазер орталығы Ғылыми орталығы негізінде ашылды (15.09.2003 ж. ҚарМУ № 166 бұйрығы). Институтқа қарасты халықаралық «Eurasian Physical Technical Journal» журнал редакциясы ұйымдастырылды.

Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ материалтану, жоғары эффективті, эксплуатациялық сипаттамалары жоғары болатын конструкциялық материалдарды дайындау технологияларын жасау және қолдану саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы зерттеулерді жүргізу мақсатынды ашылды.

Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ ғылыми және ғылыми-өндірістік қызметіне келесі негізгі мәселелер жатады:

- іргелі және ғылыми ізденіс зерттеулерді жүргізуде приоритеттік дамыту, олардың негізінде келешекке қажетті жаңа материалдар және бұйымдарды жасау;

- өзекті ғылыми мәселелер бойынша дипломдық, магистрлік және диссертациялық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, оқу процесіне қатысу және т.б. арқылы ҚарМУ бірігіп жоғары білікті мамандарды дайындау;

Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ конденсирленген күй физикасының спектроскопиясы, қатты дене радиациялық физикасы, материалтанудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге арналған арнайы зертханалары бар.

Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ зертханаларында студенттер, магистранттар, докторанттар дайындықтан өтуде. Институт жұмыс мерзімі ішінде 40 астам кандидаттық диссертациялар, 7 докторлық диссертация және 5 PhD диссертация жазылып қорғалды. Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ ғылыми жұмыскерлерінің ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінде 190 астам ғылыми мақала жарияланып, 32 астам халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасалды. Бұйымға 4 патент алынды. Техникалық физика және экология мәселелері ҒЗИ таяу және алыс шетел ғылыми институттары мен университеттерімен ғылыми байланыс орнатуда (Тарту университетінің физика Институты, Эстония).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет