Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


– "Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары



бет140/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141

      0706000 – "Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

      Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)



Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен). Кәсіптік қарым-қатынас. Тілді дамыту.



Білімдер:

- іскерлік қазақ (орыс) тілі негіздерін;

- кәсіптік лексиканы;

- мамандық бойынша грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен);

- оқылатын мәтінді талдау;

- монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу.



БҚ 1 - БҚ 4

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі.

Кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал. Тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде). Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы.



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.



Іскерліктер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен).



БҚ 1 - БҚ 4

ЖГП 03

Қазақстан тарихы.





ЖГП 04

Дене тәрбиесі.

Маманды дайындаудағы дене тәрбиесінің ролі. Дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері.



Білімдер:

- дене тәрбиесінің ң әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;

- дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын;

- дұрыс тамақтану принциптерін;



Іскерліктер:

- әр түрлі дене тәрбиесі жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру.



БҚ 1,

БҚ 8


ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану.

Мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі. Мәдениеттің құрылуы. Мәдениет және өркениет. Конфуций және Дао мәдениетінің түрі. Мәдениеттің Үнді-буддалық түрі. Ислам мәдениетінің әлемі. Мәдениеттің христиандық түрі. Батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы. Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі. Көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі. Орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті. XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері. XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Қазіргі замандағы мәдениет.



Білімдер:

-конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін;

- Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін;

- ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін;

- христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын;

- Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, философиясы;

- көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы;

- орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы;

- Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы;

- білім, ғылым және мәдениет дамуының негізгі кезеңдері мен материалдық негіздерін.



Іскерліктер:

- ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу;

- мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану;

- көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу.



БҚ 1 - БҚ 4

КҚ 3.20.8



ӘЭП 02

Философия негіздері.

Философия, пән, функциялар. Материализм және идеализм – философияның негізгі мәселесі. Әлемдік философиялық ойдың негізгі белгілері. Адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай, адам және ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі. Құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты. Адами таным және қызметі. Ғылым және оның ролі. Ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат.



Білімдер:

- әлемнің философиялық, діни және ғылыми көрінісін, адамның тіршілік ету мәнін;

- ғылымның және ғылыми таным ролі, оның құрылымдары, түрлері және әдістері, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы түсінігін.

Іскерліктер:

- адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу.



БҚ 1 - БҚ 4

КҚ 3.20.8



ӘЭП 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері.

Саясаттану пәні саяси үкімет және билік қарым-қатынастары. Мемлекет – саяси жүйенің басты институты. Саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар. Көппартиялық. Сыртқы және ішкі саясат. Қазақстандағы билікті ұйымдастыру. Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар. Тұлға ролі және оның әлеуметтік мінез-құлқы.



Білімдер:

- саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды;

- биліктің бөліну принциптерін;

- қоғамдық ұйымдардан саяси партиялардың айырмашылық ерекшеліктерін;

- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы түсінігін.

Іскерліктер:

- үкімет маңыздылығын, саясат субъектлерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу;

- қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру.


БҚ 1 - БҚ 4

КҚ 3.20.8



ӘЭП 04

Экономика негіздері.

Мақсаттары, басты ұғымдары, қызметтері, мәні, принциптері. Меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару. Жоспарлар түрі, олардың басты кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлануы. Жоспарларды экономикалық негіздеу әдістері және болжамдарды әзірлеу. Бизнес- жоспарлау. Экономикалық талдау. Халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау. Нарықтық инфрақұрылым.



Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы жағдайын;

- еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды;

- макро және микроэкономикалық, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат негіздерін.



Іскерліктер:

- өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажет экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану.



БҚ 1 - БҚ 4

КҚ 3.20.4



ӘЭП 05

Құқық негіздері.

Құқық – ұғым, жүйе, көздері. Құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы. Құқықтың Қазақстандағы даму тарихы. ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі. Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат. Құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам. Құқықтың басты салалары. ҚР сот жүйесі. Құқық қорғау органдары.



Білімдер:

- азаматтың құқықтарын және міндеттерін, оларды іске асыру механизмдерін;

- Конституция мәні, биліктің бөліну принциптерін, парламент және үкімет қызметін;

- құқықтың субъектілері мен объектілерін;

- құқық бұзу және қылмысты.

Іскерліктер:

- өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу.



БҚ 1 - БҚ 4

КҚ 3.20.8



ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Сызу.

Сызбаларды рәсімдеу ережелері. Сызбалардағы геометриялық құрылулар. Сызбалардағы проекциялық көріністер. Сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы. Геометриялық фигуралардың жаймалары. Сызбалардағы көріністердің орналасуы. Қималар мен тіліктер. Тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау. Машинажасау сызбасы. Қарапайым машинажасау сызбаларын оқу. Алмалы-салмалы қосылымдар. Алынбайтын-салынбайтын қосылымдар. Құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу.



Білімдер:

- сызбаларды рәсімдеу ережелерін;

- сызбалардағы көріністердің орналасуын;

- сызбалардағы проекциялық көріністерді;

- қималарды және тіліктерді;

- алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды.



Іскерліктер:

- электрмеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу;

- машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау.


БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 3.20.5,

КҚ 3.20.6


ЖКП 02

Техникалық механика негіздері.

Механизмдер мен машиналар жіктеуі. Механизмдер бөліктері. Механизмдер кинематикасы (механизм және машина, киҒнематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері). Бөлшектер мен жиналмалы бірліктер. Жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар. Бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын). Айналу қозғалысының беріліс механизмдері. Айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы). Арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы. Беріліс саны. Абсолюттік қатты дене. Деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу. Сыртқы күштер және олардың түрлері. Серпімділік пен кернеудің ішкі күштері. Істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер.



Білімдер:

- машиналар мен механизмдер жіктеуін;

- бөлшектерді байланыстыру түрлерін;

- айналу қозғалысының беріліс түрлерін;

- деформацияның негізгі түрлерін;

- шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін.



Іскерліктер:

- бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу;

- беріліс сандарын анықтау;

- серпімділік пен кернеудің ішкі және сыртқы күштерін айыра білу.



БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 3.20.3,

КҚ 3.20.4


ЖКП 03

Электртехника электроника негіздерімен.

Электрлік және магнитті тізбектер. Ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері. Электрлік құрылғылар. Электрөлшеуіш аспаптар. Электронды аспаптар мен құрылғылар. Трансформаторлар. Электрлік машиналар мен аппараттар. Электрқуатын өндіру, тарату және қолдану. Электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету. Электржетек негіздері.



Білімдер:

- электрлік және магниттік тізбектерін;

- ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін;

- электрлік құрылғыларын;

- электр қуатының өндірілуін, таралуын және қолданылуын;

- электржетекті және электравтоматиканы.



Іскерліктер:

- электржабдықтары мен автоматика құралдарын жөндеуге арналған электр схемаларын оқу;

- электржабдықтары мен автоматика құралдарына қызмет көрсету және жөндеу барысында электрөлшеуіш аспаптарын пайдалану.


БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 3.20.3,

КҚ 3.20.6


ЖКП 04

Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері.

Ақпаратты кодтау. Сандық жүйелер. Бір жүйеден екінші жүйеге ауысу. Екілік арифметика. Формалды, математикалық логика. Модель түсінігі. Модельдер типтері. Алгоритм түсінігі. Алгоритмдер типтері. Бағдарламалау тілі. Бағдарлама, оны құрылымдау. Автоматты реттеу. Реттелетін параметр. Реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалары. Автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары. Басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары.

Процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшу тәртібі.


Білімдер:

- ОС WINDOWS түрлерін;

- WORD мәтіндік редакторын;

- EXCEL электронды кестелерін;

- Corel DRAW векторлық редакторын;

- вирустардан қорғануын;

- WinZip архиваторын;

- ОС DOS;

- Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын;

- бағдарламалық тілдерін;

- автоматты реттеу негіздерін;

- автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принциптерін, функциялық және құрылымдық схемаларын.



Іскерліктер:

- жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану;

- автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшіруді жүзеге асыру.


БҚ 1-БҚ 8,

КҚ 3.20.7



ЖКП 05

Геология негіздері.

Жер және ғарыш. Экзогенді және эндогенді геологиялық процестер. Минералогия, петрография және кристаллография. Минералдардың негізгі қасиеттері. Пайдалы қазбалар кенорындары. Кенорындарының генезисі, іздеу және барлау әдістері. Геологиялық барлау жұмыстары, гидрогеология.



Білімдер:

- Жер мен Күн жүйесі құрылымдарын;

- минералдар мен тау-кен жыныстарының пайда болу процестерін және олардың қасиеттерін;

- геологиялық барлау жұмыстарының тәсілдерін.



Іскерліктер:

- бос тау-кен жыныстарынан пайдалы қазбаларды айыра білу.



БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 3.20.3 -

КҚ 3.20.5


ЖКП 06

Геодезия және маркшейдер ісі негіздері.

Геодезия.

Координаттар жүйелері. Бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу, геодезиялық аспаптар. Геодезиялық тармақтар. Топографиялық түсірілімдер.



Маркшейдерлік іс.

Жерастылық теодолитті түсірілім. Қималы және тазартым қазбаларындағы түсірілім жұмыстары. Тік түсірілімдер. Маркшейдерлік құжаттама. Тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді маркшейдерлік бақылау.



Білімдер:

- координаттар жүйелерін;

- бұрыштарды, арақашықтықтар мен артықтықтарды өлшеу тәртібін;

- геодезиялық және маркшейдерлік аспаптарды;

- маркшейдерлік түсірілімдер түрлерін.

Іскерліктер:

- маркшейдерлік схемалар мен тау-кен жұмыстарының пландарын оқу;

- жұмыстарды дұрыс және қауіпсіз жүргізуді бақылаудың маркшейдерлік құралдарын қолдану.


БҚ 1- БҚ 8,

КҚ 3.20.4 - КҚ 3.20.6



ЖКП 07

Еңбекті қорғау.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. Өнеркәсіп санитариясы. Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар. Өрт профилактикасы және кеншіқұтқарушы ісі негіздері.



Білімдер:

- карьерлердегі (тіліктердегі) мінез-құлық ережелерін;

- қосалқы шығатын жерлерді;

- тау-кен қазбаларындағы газ режимін.



Іскерліктер:

- еңбекті қорғау ережелерін ұстану;

- өзін құтқару және өрт сөндіру құралдарын пайдалану;

- қауіпті және зиянды факторларды айыра білу.



БҚ 1 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 8,

КҚ 3.20. 9


АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Кен ісі.

Ашық тау-кен өндірісінің технологиялық процестері. Аршу және қазу жұмыстары. Экскаваторларды (бір шөмішті, көп шөмішті) қолданудағы қазып алу-тиеу жұмыстары. Орлар және оларды өткізу тәсілдері. Кенорындарын ашық қазу жүйелері және олардың элементтері. Үйінділеу жұмыстарының технологиясы. Теспелер мен ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері. Карьерлердің (тіліктердің) өндірістік қалыңдығы, тереңдігі және техникалық шекаралары. Ашық тау-кен кәсіпорындарын жобалау негіздері.



Білімдер:

- ашық тау-кен өндірісінің технологиялық процестерін;

- ашық тау-кен жұмыстарында қолданылатын экскаваторлар мен бұрғылау қондырғыларының типтерін;

- үйінділеу жұмыстарын жүргізу технологияларын;

- аршу схемаларын және кенорындарын ашық қазу жүйелерін.

Іскерліктер:

- ашық тәсілмен пайдалы қазбаларды өндіру барысында технологиялық процестерге құжаттама жасау.



БҚ 1- БҚ 4,

БҚ 6,


КҚ 3.20. 1,

КҚ 3.20. 2,

КҚ 3.20. 4,

КҚ 3.20. 6



АП 02

Жару жұмыстарының технологиясы мен қауіпсіздігі.

Жарылыс теориясының негіздері және жарылғыш заттардың қасиеттері. Зарядтарды жару құралдары және тәсілдері. Жарылғыш материалдарды сақтау, тасымалдау және жою. Жару жұмыстарының әдістері. Бұрғыжарылыс жұмыстарының төлқұжаты. Карьерлердегі (тіліктердегі) жару жұмыстарының ерекшеліктері. ЖЗ зарядтарын бір-бірлеп немесе қатарынан бірнешеуін жару арқылы кен жыныстарын қопару процесі. Бұрғыжарылыс жұмыстарын ұйымдастыру. Жару жұмыстарын механизациялау. Жарушының жұмысын ұйымдастыру.



Білімдер:

- жарылғыш заттар мен инициирлеу құралдарын;

- жарылғыш материалдарын есепке алу, сақтау, тасымалдау және жою ережелерін;

- бұрғыжарылыс жұмыстарын жүргізу төлқұжатын;

- бұрғыжарылыс жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шараларын;

- жару жұмыстарын жүргізу барысындағы сигналдарды.



Іскерліктер:

- жару жұмыстарының жүргізілуіне жетекшілік ету;

- бұрғыжарылыс жұмыстарын жүргізуге төлқұжат жасау;

- бұрғыжарылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін ұстану.



БҚ 5- БҚ 8,

КҚ 3.20. 1,

КҚ 3.20. 2,

КҚ 3.20. 5,

КҚ 3.20. 6,

КҚ 3.20. 8



АП 03

Кен механикасы.

Турбомашиналар теориясының негіздері. Желдеткіш, сутөкпе, компрессорлық және көтергі қондырғылары, олардың түрлері, конструкциялары, жұмыс істеу принципі. Олардың өнімділігін реттеу, оларды пайдалану.



Білімдер:

- гидравликаның негізгі заңдарын;

- желдеткіштер, сорғылар, компрессорлар, калориферлер, көтергі машиналарының типтерін.

Іскерліктер:

- ашық жұмыстарға арналған тұрақты тау-кен машиналарының бір түрін басқару.



БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 3,

КҚ 3.20. 7,

КҚ 3.20. 9



АП 04

Карьерлік көлік.

Көлік машиналары теориясының негіздері. Карьерлік көлік түрлері. Рельс және автокөлік жолдарының құрылымы. Дірілді, тақташа, ысырма, таспалы және арнайы конвейерлер. Карьерлік вагондар және локомотивтер. Технологиялық кешен. Карьерлік көлік жұмысын ұйымдастыру. Ысырма көлігі. Үйінділер мен қоймалардағы көлік.



Білімдер:

- карьерлік көлік түрлерін;

-автокөлік пен рельстік жолдардың түрлерін.

Іскерліктер:

- электровоздар мен тепловоздар жұмыстарын басқару;

- конвейерлердің барлық түрлеріне монтаждау, бөлшектеу, қызмет көрсету және жөндеуді жүргізу;

- автокөлік жолдарын салу және рельстік жолдарды төсеу кезінде қосалқы жабдықтарды басқару, монтаждау мен бөлшектеу, оларға қызмет көрсету және жөндеу.



БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 3,

КҚ 3.20. 7,

КҚ 3.20. 9



АП 05

Кен кәсіпорындарындағы электр жабдықтарымен электр қуатын жеткізу.

Кен электр жабдықтарын пайдалану және конструкциялық орындау ерекшеліктері.

1140 В дейін және одан жоғары кернеудің басқару және қорғаныш электр аппаратурасы. Кен кәсіпорындарының электр қуатымен жабдықталуы. Кен кәсіпорындарының электр желілері. Электр қондырғыларының қорғанышы. Карьерлерді (тіліктерді) жарықтандыру. Кеніштегі белгі беру мен байланыс. Электр тоғына түсуден қорғану.


Білімдер:

- электр жабдықтарының конструкциялық орындалу түрлерін;

- электр ішек сымдарын және сым тізбектерін өткізу ережелерін;

- карьерлерді (тіліктерді) жарықтандыру параметрлерін;

- қорғаныш құрылғыларын тексеру тәсілдерін.

Іскерліктер:

- қорғаныш құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

- карьерлерде (тіліктерде) ішек сымдар мен сым тізбектерін өткізу;

- электр жабдықтарын пайдалану.



БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 1 -

КҚ 3.20. 3,

КҚ 3.20. 6,

КҚ 3.20. 9


АП 06

Кен машиналары мен кешендері.

Гидро- және пневможетек негіздері. Уатқыш балғалар мен бұрғылау машиналары. Аршу және өндіру жұмыстарына арналған жабдықтар мен кешендер, құрылғы және техникалық сипаттамалар. Бұрғылау қондырғылары, жұмыс істеу принципі және қолданылу аумағы. Қазып алу-тиеу және тасымалдау машиналары, кешендер. Ашық тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтар, құрылымы, арналуы және қолданылу аумақтары. Тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын машиналар мен механизмдер конструкцияларының ерекшеліктері.



Білімдер:

- уатқыш балғалар, бұрғылау құрал-саймандары мен бұрғылау машиналарының құрылымын, арналуын;

- аршу және өндіру жұмыстарына арналған машиналар мен механизмдердің қызмет ету принциптерін, қолданылу аумағын;

- тау-кен машиналары мен механизмдерін қауіпсіз пайдалану ережелерін;

- ашық тау-кен жұмыстарына арналған қосалқы жабдықтардың арналуын және құрылымын.

Іскерліктер:

- тау-кен техникасын дұрыс және қауіпсіз пайдалану;

- тау-кен машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.


БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 1 -

КҚ 3.20. 3,

КҚ 3.20. 6,

КҚ 3.20. 9


АП 07

Инженерлік геология, гидрогеология және кенорындарын кептіру.

Гидрогеология. Инженерлік геология. Пайдалы қазбалар кенорындарын кептіру. Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы барысындағы гидрогеологиялық және инженерлі-геологиялық зерттеулер. Ашық тау-кен жұмыстары барысында геологиялық ортаны қорғау.



Білімдер:

- пайдалы қазбалар кенорындарының суландырылу жағдайларын;

- кептіру тәсілдерін және судың келуімен күресу әдістерін.

Іскерліктер:

- тау-кен жұмыстарын жүргізу орындарында карьердегі (тіліктегі) судың сағаттық, тәуліктік келімін анықтау.



БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 4 -

КҚ 3.20. 7


АП 08

Өндіріс процестерін автоматтандыру.

Автоматика мен телемеханиканың негізгі түсініктері. Сандық техника элементтері. Автоматтандырудың техникалық құралдары. Тау-кен машиналарын, шахта көліктерін және жылжымайтын қондырғыларды автоматтан-дыру. Технологиялық процестерді автоматтандыру. Тау-кен жабдықтары мен технологиялық процестерді автоматтандырудағы даму бағытының болашағы.



Білімдер:

- тау-кен өндірісінің автоматикасы мен телемеханикасы негіздерін;

- басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру принциптерін.

Іскерліктер:

- тау-кен жабдықтарын автоматтандыру схемаларын оқу;

- тау-кен автоматикасының негізгі элементтерін, оның ішінде түйіспесіз және микропроцессорлы құрылғыларын танып білу.


БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 3,

КҚ 3.20. 7


АП 09

Қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.

Зақымдану және кәсіби аурулар. Ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі. Өндірісте салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құру. Кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың басқару жүйесі. Өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі. Тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. Өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар. Зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану.



Білімдер:

- еңбек заңнамасы, қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы профилактикасы мен кен құтқару ісі негіздерін;

- зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін;

- тау-кен жұмыстарын жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын;

- өндіріс қауіптіліктері мен зияндылықтарын.

Іскерліктер:

- қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстану;

- зиянды және улы газдарды өлшеу;

- жазатайым оқиға болған жерді тергеу мақсатында ешкімнің бас сұқпауын қамтамасыз ету;

- жарақаттанған адамға алғашқы көмек көрсету.


БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 3.20. 6,

КҚ 3.20. 8,

КҚ 3.20. 9



АП 10

Сала экономикасы.

Сала және нарықтық экономика. Саланың материалдық, еңбек және қаржы ресурстары. Саланы басқару, дамудың экономикалық көрсеткіштері. Кәсіпорын – шаруашылық субъектісі ретінде. Кәсіпорын ұйымдарының формалары, олардың өндірістік және ұйымдық құрылымдары. Негізгі өндірістік және технологиялық процесстер. Кәсіпорын инфрақұрылымы. Кәсіпорын капиталы мен мүлігі. Негізгі және айналымдағы қаражат. Еңбек ресурстары. Нормалау және еңбек төлемі. Өндіріс шығындары және өнімнің шығу бағасы. Бағаның құрылуы. Бизнес-жоспар. Негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу әдісі.



Білімдер:

- өндірістік және технологиялық процестерді ұйымдастыруды;

- саланың (кәсіпорынның) материалды-техникалық, еңбек және қаражат ресурстарын, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштерін;

- өнім бағасының жасалу механизмдерін, қазіргі кезең жағдайларындағы еңбек төлемінің формаларын;

- бизнес-жоспарды дайындау әдістемесін.

Іскерліктер:

- кәсіпорын (участке) жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін әдістеме бойынша есептеу.



БҚ 5 - БҚ 8,

КҚ 3.20. 1,

КҚ 3.20. 4,

КҚ 3.20. 8



БҰАП 00

Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер

ӨО 00

Өндірістік оқыту

ӨО 01

Оқу-өндірістік шеберханалардағы практика.

Металдарды слесарлық және механикалық өңдеудің негізгі процестерімен және қолданылатын жабдықтармен, құрал-саймандармен, керек-жарақтармен танысу. Слесарь мен станокшының жұмыс орнын ұйымдастыру, еңбектi нормалау негiздерi. Металдарды өңдеу бойынша тәжірибелік іс-әрекеттің қажетті ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.



Іскерліктер:

- машинажасау сызбаларын оқу;

- нормативті-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу.

Дағдылар:

- металдар мен материалдарды танып білу;

- өлшеуіш құрал-саймандарын пайдалану;

- бөлшектерді өңдеу бойынша технологиялық процесс картасын құрастыру.



БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 3.20. 2,

КҚ 3.20. 4,

КҚ 3.20. 7



ӨО 02

Кәсіптік дағдыларды қалыптастыру бойынша практика.

Пайдалы қазбаларды өндiру бойынша технологиялық кешендер секілді тіліктермен (карьерлермен). Тіліктердегі (карьерлердегі) қауіпсіздіктің жалпы Ережелерімен, тау-кен қазбалары бойының қозғалу ережелерімен. Геологиялық құрылыммен, кенорындарының гидрогеологиялық жағдайларымен және геологиялық жұмыстармен. Маркшейдерлік жұмыстармен, маркшейдерлік түсірілімді және нивелирлеуді орындаудың негізгі әдістерімен және тәртібімен. Тіліктердегі (карьерлердегі) қазып алу-тиеу жұмыстарымен. Орларды үңгілеу тәсілдерімен. Тіліктердің (карьерлердің) тау-кен жұмыстарының жоспарларымен. Пайдалы қазбалар кенорындарын ашық қазу жүйелерімен. Орларды үңгілеу кезіндегі бұрғыжарылыс жұмыстарымен танысу.



Іскерліктер:

- ҚЕ талаптарын ұстану;

- кеніштік көліктің бөлікшесіндегі қозғалысты ұйымдастыру;

- тау-кен қазбалары бойымен қозғалу;

- электр тұтынушыларды қосу және ажырату.

Дағдылар:

- локомотивтер (электровоздар, турбовоздар, гировоздар, вагондар) типтерін айыра білу;

- қайта тиеу орындарының конвейерлік тізбектерінде жұмыс істеу.


БҚ 5-БҚ 8,

КҚ 3.20. 1,

КҚ 3.20. 2,

КҚ 3.20. 4-

КҚ 3.20. 6


КП 00

Кәсіптік практика

КП 01

Кәсіптік дағдыларды қалыптастыру және бекіту бойынша практика.

Тау-кен механикалық және электрлік жабдықтарын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерімен танысу. Кәсіпорындарға электр қуатын тарату және тарату бекеттері жабдықтарының схемаларын зерделеу. Төменгі вольтті және жоғары вольтті электр аппаратурасымен танысу. Тау-кен кәсіпорнындағы электржабдықтарды жерге қосу схемаларын зерделеу, тіліктің (карьердің) жалпы жерге қосылу желісімен танысу. Тұрақты жабдықтардың жұмысымен танысу. Желдеткіштік және компрессорлық, сутөккі қондырғылар.



Іскерліктер:

- тау-кен жабдықтарының қызмет етуін тексеру;

- нормативтік құжаттардың талаптарына тау-кен жабдықтарының техникалық күйінің сәйкестігін анықтау;

- монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау;

- қорғаныш және іске қосу аппаратурасын пайдалану ережелерін, жабдықтарды жарылыс және ұшқын қауіпсіздігіне тексеру ережелерін қолдану;

- кәсіпорындарға электр энергиясын тарату және тарату бекеттері жабдықтарының схемаларын оқу.



Дағдылар:

- тау-кен машиналары мен механизмдерін басқару;

- қондырғыларды жерге қосу;

- бекітпені орнату, рельс жолын төсеу, теспелерді бұрғылау бойынша операцияларды қауіпсіз орындау;

- монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау;

- қорғаныш және іске қосу аппаратурасын пайдалану;

- тау-кен кәсіпорындарының тұрақты жабдықтарында, карьерлік көлікте, аздаған механикаландыруда жұмыс істеу.


БҚ 5- БҚ 8,

КҚ 3.20. 1-

КҚ 3.20. 9


КП 02

Мамандықтың бейіні бойынша практика.

Карьерлік алқапты аршу және дайындау схемасы. Жаңа қабаттарды тілу. Кенорындарында қолданылатын қазу жүйелері. Аршу, өндіру, үйінділеу және бұрғыжарылыс бөлікшелері. Кәсіпорынның жер бетілік технологиялық кешені. Пайдалы қазбаларды қазып алу технологиясы. Бұрғыжарылыс жұмыстарының төлқұжаты. Осы кәсіпорында қолданылатын жарылғыш заттардың типтері. Тау-кен жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру. Бөлікшедегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тау-кен кәсіпорнында электр энергиясын өткізу және тарату. Жер бетілік қосалқы станциялар. Ішек сымдарды төсеу. Жылжымалы жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялардың және бөлікшелік тарату бекеттерінің арналуы және орналастыру. Тіліктегі (карьердегі) жерге қосу туралы ұғым. Экскаваторларды, бұрғылау станоктарын, қайта тиегіштерді, үйінділеуіштерді, конвейерлерді қоректендіру. Карьерлік көліктің түйіспелік желісі.



Іскерліктер:

- қорғаныш құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

- экскаваторлар мен бұрғылау станоктары үшін ішексым тізбектерін төсеу;

- электр жабдықтарын пайдалану;

- тоқтың қуатын, төменгі кернеулі ауыспалы және тұрақты тоқ тізбектеріндегі кернеулерді өлшеу;

- электр жабдықтары мен ішек сымдарды оқшаулау кедергісін өлшеу.



Дағдылар:

- тіреу оқшауларын, ажыратқыштарды, қайта қосқыштарды, сақтандырғыштарды, реостаттарды, трансформаторларды монтаждау және бөлшектеу;

- басқарудың электр схемаларындағы іске қосу мен тоқтату аппаратураларының ақауларын табу және жою немесе ауыстыру;

- іске қосуға электр қондырғыларын дайындау, олардың жұмыстарының қалыпты жағдайларын ұстану;

- нақты тау-кен геологиялық жағдайлар үшін жабдықтарды таңдау және пайдалануға дайындау.


БҚ 5 –

БҚ 8,


КҚ 3.20. 1-

КҚ 3.20. 9



КП 03

Біліктілік практикасы.

Бекітілген жұмыс орнында қолданылатын керек-жарақтардың және құрал-саймандардың, машиналар мен механизмдердің құрылғысы, қызмет ету принциптері және пайдаланылу ережелері. Тау-кен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және баптау. Механизмдер мен тау-кен машиналарын дистанциялық және автоматты түрде басқару. Автоматтандыру құралдары. Автоматтандыру құралдарын монтаждау және баптау, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Тау-кен электр механикалық жабдықтарын пайдалану барысындағы ҚЕ. Ертеректе алған жұмысшы мамандығының біреуі бойынша бөлікшеде жұмыс істеу. Дағдылары мен ептіліктерін жетілдіру. Қызметтік нұсқаулықпен қарастырылған барлық өндірістік операцияларды орындау. Жұмыс орнында жұмыстың әдістері мен тәсілдерін рационалдау.



Іскерліктер:

- қажетті электр жабдықтарды таңдау және есептеу;

- электр жабдықтау объектілерінің баптауын орындау.

Дағдылар:

- электр қондырғыларына, қозғалтқыштарға, генераторларға, аккумуляторларға, қуатты қалқандарға, түзеткіштерге ағымдық қызмет көрсету;

- бақылау және басқару жүйелерінің элементтеріне пайдаланушылық қызмет көрсету;

- қуатты жоғарывольтті желілерді монтаждау және бөлшектеу;

- тау-кен электр механикалық жабдықтары мен автоматты құрылғылар жұмысындағы олқылықтарды ескерту, табу және жою.


БҚ 5 –

БҚ 8,


КҚ 3.20. 1-

КҚ 3.20. 9



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет