Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет27/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   141

      Оқытудың нормативтік мерзімі: 7 жыл 10 ай

Цикл индексі (пәндер)

Практика, пәндердің негізгі тараулары мен атаулары

Қалыптасатын білім, іскерліктер және дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖБП.00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖБП 01

Қазақ тілі.

Фонетика. Лексика-грамматикалық материал. Синтаксис. Морфология. Тіл ұстарту. Терминология. Пунктуация.



Білімдер:

- лексикалылқ және грамматикалық минимум;

- тілдік нормалар;

- фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис бойынша негізгі мәліметтер

- қызметтік құжаттар;

- кәсіби терминдер.



Іскерліктер:

- ауызша іскери қарым-қатынасты пайдалану;

- әр түрлі жанрдағы жазбаша мәтіндерді құру;

- грамматикалық және сөйлеу қателіктерін түзете білу, өзін-өзі бақылау.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 02

Қазақ әдебиеті.

Қазақ халық ауыз әдебиеті;ақын және жырау; XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы әдебиет; XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы әдебиет; ХХ ғасыр әдебиеті; әдебиет дамуына әлеуметтік-саяси жағдайдың ықпалы; жанрлар; көркем әдебиет туындыларының тақырыптары мен мәселелері; қазақ әдебиетіне бауырлас халықтар әдебиетінің ықпалы; қазіргі заманғы әдебиет, оның өзіндік ерекшелігі.



Білімдер:

- қазақ авторларының классикалық мұралары;

- тұлғаны қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы.

Іскерліктер:

- халық ауыз әдебиетін және қазақ жазба әдебиет мұраларын насихаттау;

- әдебиет жанрлары мен көркем әдебиет дамуын әлеуметтік-саяси жағдайдың ықпалымен байланыстыру;

- көркем әдебиет туындыларын насихаттау.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 03

Орыс тілі.

Синтаксис және пунктуация. Фонетика. Лексика. сөзжасам және орфография. Морфология. Тіл дамыту.



Білімдер:

- лексикалылқ және грамматикалық минимум;

- тілдік нормалар;

- фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис бойынша негізгі мәліметтер

- кәсіби терминдер.

Іскерліктер:

- ауызша іскери қарым-қатынасты пайдалану;

- әр түрлі жанрдағы жазбаша мәтіндерді құру;

- грамматикалық және сөйлеу қателіктерін түзете білу, өзін-өзі бақылау.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 04

Орыс әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті. ХІХ ғасыр фольклоры және әдебиеті. ХХ ғасыр фольклоры және әдебиеті. Миф және әдебиет. Көркем әдебиет әлемі.



Білімдер:

- орыс авторларының классикалық мұралары;

- тұлғаны қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы.

Іскерліктер:

- халық ауыз әдебиетін және орыс жазба әдебиет мұраларын насихаттау;

- әдебиет жанрлары мен көркем әдебиет дамуын әлеуметтік-саяси жағдайдың ықпалымен байланыстыру;


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 05

Шетел тілі (ағылшын).

Тілдегі бейтарап сөйлеудегі ырғақ пен дыбыс артикуляциясының, интонациясының, ерекшеліктер. Аудармасын оқып-үйрену. Қолданыс аясында лексикалық дифференциация ұғымы. Ауызша және жазбаша қатынаста жалпы сипатты қамтамасыз ететін грамматикалық дағдылар; кәсіби тілге қатысты негізгі грамматикалық құбылыстар. стиль туралы түсінік және оның түрлері.



Білімдер:

- мәтін түрлері және оның ерекшеліктері;

- жазбаша тіл түрлері;

- шетел тілінің интонация, аударма ерекшеліктері;

- ауызша және жазбаша қатынастағв грамматикалық дағдылар;

- шет елдердің мәдениеті, дәстүрі, сөйлеу ерекшеліктері;

- диалог және монолог құруға қажет лексикалық минимум.

Іскерліктер:

- мамандықтарына қатысты шағын публицистикалық мәтіндерді оқу;

- аннотация, реферат, хабарлама, өмірбаян жаза білу;

- аудармасын оқи алу;

- ауызекі сөйлеу тіліне қажет лексика-грамматикалық құралдарды дұрыс қолдану.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 06

Қазақстан тарихы.

Ежелгі Қазақстан тарихы. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен көне елдер. Орта ғасыр кезеңіндегі Қазақстан. Қазақ хандығы. XVIII ғасырдың 2-ші жартысындағы азаттық қозғалыстар. ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар. Патшалық отарлау саясаты. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуы. ХІХ ғасырдың аяғындағы Қазақстанның саяси-демографиялық дамуы. Қазіргі замандағы Қазақстан.



Білімдер:

- Қазақстандағы маңызды оқиғалар, даталар;

- Қазақстан аумағына қоныстану;

- Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестік;

- тайпалардың өмірі мен тұрмысы, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері;

- әр түрлі кезеңдегі халық шығармашылығының құралдары, еңбек құралдары, киім, сәулет ескерткіштері, ту және ақша бірліктері. оларды өзара салыстыру;

- Қазақстанның саяси-экономикалық даму тарихы.

Іскерліктер:

- тарихи терминдерді дұрыс қолдану;

- тарихтағы жыл мен ғасыр айырмасын, жыл санаудың ұзақтығы мен жүйелілігін қолдану;

- мемлекеттік шекараларды, аумақтарды қалаларды картада дұрыс көрсетіп, айта білу;

- саяси тарихтың маңызды өзгерістері мен ерекшеліктерін ашу;

- хронологиялық кесте құра білу;

- тарихи әдебиеттермен жұмыстану.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 07

Дүние жүзі тарихы.

Негізгі археологиялар. Негізгі этнографиялар. Тастағы тарих. Жазбаша тарих көздері. Жыл санау жүйесі. Адамдардың пайда болуы. Алғашқы адамдардың өмір тіршілігі. Алғашқы туындылар. Рулық қауымның дамуы. тайпа, тайпалық одақтар. Санаттар мен мемлекеттердің пайда болуы.



Білімдер:

- ежелгі дүние тарихы;

- санаттар мен мемлекеттердің пайда болу себептері;

- алғашқы адамдардың, тайпалардың өмірі мен тұрмысы;

- әлем халықтарының ашылуы;

- тарихи оқиғалардың негізі даталары.



Іскерліктер: 

- негізгі тарихи оқиғалар мен даталарды анықтау;

- ұлы ойшылдар мен тарихи тұлғалардың қызметі мен өмірлері туралы айта білу;

- картада мемлекеттік шекараларды көрсете білу.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 08

Адам. Қоғам. Құқық.

Адам және оның табиғаты. Қоғам туралы түсінік. Адам және экономика. Қоғамның саяси және экономикалық өмірі. Мемлекет және құқық. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Әдеп. Мәдениет және руханият.



Білімдер:

мәдениеттің негізгі салалары мен бағыттары, қатынас түрлері, терминдер мағынасы;

ғылыми және діни көзқарастар;

қоғамдық қатынастар мен қоғам дамуының ғылыми көрінісі.



Іскерліктер:

әлеуметтік қатынастарды сипаттау, бағалау;

адамның топтағы орны, өмірдегі мақсаты, бақыты, өмір сүру негізі.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 09

Математика.

Арифметика: жай және ондық бөлшектер. Бірнеше сандардың арифметикалық ортасы. Пайыздар. Толық және толық емес сандар. Бүтін және рационал сандар.

Алгебра: сандық және алгебралық көріністер. Формулалар. Пропорция. Координаталық түзу. Теңестіру. Теңестіру жүйесі. Теңсіздік. Теңсіздік жүйесі. Функция.

Геометрия: планиметрия және стереометрия.

Стаистика және комбинаторика элементтері.


Білімдер:

- математикалық терминдер, таңбалар, формулалар;

- ереже, дәлелдеу теоремалары;

- мысалдарды есептеу алгоритмі;

- функция графикасы;

- фигураларды құрастыру.

Іскерліктер:

- сандық көрсеткіштердің мәнін есептеу;

- бөлшектермен жұмыс істеу;

- теңдіктерді, теңсіздіктерді шешу;

- геометриялық формулалардың қысқаша көбейту формасын пайдалану.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 10

Информатика.

Информатика теориясына кіріспе. ақпараттық процестер. ЭЕМ даму және жүйелену кезеңдері. Арифметикалық-логикалық – ЭЕМ құрылғысы. Жеке компьютерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету. МS Office пакеті. Информатиканы оқыту әдістемесі. Информатиканы бағдарламалы және әдістемелік үйрету.



Білімдер:

ғылымдағы информатиканың рөлі;

"ақпарат" және "ақпараттық процестер" ұғымы;

ЭЕМ базалық элементтері мен даму кезеңдері;

арифметикалық, логикалық ЭЕМ;

жеке компьтерді аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету.;

MS Office пакетін пайдалану;

"Информатика" пәнін оқыту әдістемесі;

сабақтың түрлері мен құрылымы;

электронды ресурстар мен қолдану әдістемесі;

информатика кабинетіне қойылатын талаптар.

Іскерліктер:

ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату;

ЭЕМ даму кезеңдерін ажырату;

ақпаратты кодтау және кодтан шығару;

логикалық кестелер мен сызбаларды құру;

жеке компьтерді аппараттық қамтамасыз етумен жұмыстану;

жеке компьтерді бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыстану;

MS Office пакетінің бағдарламаларымен жұмыс істеу.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 11

Физика.

Координат жүйесі, уақыт, материалдық нүкте мен қатты дене кинематикасы, сақтау заңдары, материалдық нүкте динамикасы, Лоренц заңы, тербеліс, сұйықтар мен газдар механикасы, жаппай ортадағы толқындар. Молекулалық қозғалыс, қысым, ауа және температура. Әр түрлі электрлі тізбектердегі электр тогінің заңдары. Электр тогінің жұмысы мен қуаты. Стационарлы магниттік өріс, тұрақты электрлі өріс, электрөткізгіштік, электрлі-магниттік индукция. Электрлі-магниттік толықын сипаты, изотропты ортада жарық сәулесінің көрінісі, геометриялық оптика, физикалық оптика, жарық генерациясы, оптикадағы желілік құбылыстар. Атомдық ядролардың жалпы қасиеті, радиактивтілік, атомдық ядролардың синтезі және бөлінуі, атомдық ядролардың моделі. Ядролық сәуленің заттармен байланысы. Кристалдық тордың динамикасы. Қатты заттардың ядролық сәулемен өзара қатынасы. Қатты заттардың зонналық теориясы. Жылулы кеңеюі. Кристалдардың электрөткізгіштігі.



Білімдер:

материалдық нүкте және қатты дене динамикасы, сақтау заңы;

тербелмелі қозғалыс, сұйықтар мен газдар механикасы;

молекулярлы-кинетикалық теория;

термодинамиканың І және ІІ бастауы;

электр және электр тогінің негізгі заңдары;

оптика заңдары және жарық толқындарының таралуы;

атом және ядро құрылысы;

кристалдардың физикалық құрылысы және зонналық теория.

Іскерліктер:

физикалық есептерді шешуде физикалық заңдылықтарды қолдану;

физикалық тәжірибелерді жүргізу.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 12

Химия.

Негізгі химиялық ұғымдар. Бейорганикалық қосылыстар класы. Заттардың құрылымы және химиялық байланыс. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы. Сілтілі металдар. Галлогендер. Оттегі. Сутегі. Тұздар. Қоспалар. Негіздер.



Білімдер:

химия пәні;

заттар. Заттар қасиеті. Таза және қоспалы

заттар.


физикалық және химиялық құбылыстар;

химиялық реакциялар;

химиялық элемент;

атомдық масса қатынасы;

молекулалық масса қатынасы;

қосылыстардағы химиялвқ элемент бөлшегінің массасын есептеу;

валенттілік;

заттар саны.



Іскерліктер:

химиялық реакцияларды құру;

есептік мысалдарды шешу;

ҚТ ережесін сақтай отырпы химиялық зертханалық тәжірибелерді жасау;

химиялық теңестірулерді есептеу;

заттар массасын анықтау;

қышқылдар қоспасының индикаторға әрекеті.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 13

Жаратылыстану, география.

Жаратылыстану: табиғатты тану;

Жер шары, Күн жүйесі, Жер туралы түсінік,оның қозғалысы, формасы, жоғарғы қабаты, атмосфера, гидросфера, литосфера және Жер планетасындағы адам туралы ұғымдар.

География: Жер туралы негізгі географиялық ғылымдар, табиғатқа деген көзқарас, оның дамуы, қоғам және экономика, олардың өзра қатынасы; әлемді немес бөліктерін қамститын табиғи кешендер мен экономикалық даму процесінде пайда болатын заманауи әлемдік даму бағыттарын оқып үйрену.



Білімдер:

табиғи және экологиялық жағдайды болжау;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға қажет Білімдер және Іскерліктертерді игеру;

- жер шарының физикалық, экономикалық картасы.



Іскерліктер:

оқу еңбегінің Іскерліктертері мен дағдыларын қалыптастыру;

бақылау және зейін, логикалық ойлау, есте сақтау, аумақ бейнесін жасау Іскерліктертерін қалыптастыру;

қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау;

өз білімдерін көтеруге, тұрақты дамуға және жетілуге, өмірге шығармашылық қатынас жасау;

географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпараттарды, карталарды пайдалану дағдыларын дамыту.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 14

Биология.

Органикалық әлемнің тіршілік қызметі, құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік. Даму нәтижесі ретіндегі орта шарттарына бейімделген органикалық әлем түрлілігі. Эволюциялық теория негіздері туралы түсінік, тірі ағзалардың жасушалық құрылысы, биоциноз, Жер бетіндегі биологиялық алуандық туралы ұғым. Өсімдіктер және жануарлар, тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы. Адамның, өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы рөлі.



Білімдер:

- тірі табиғат;

- "Жалпы биология", "Адам", "Өсімдіктер", "Жануарлар" курстары бойынша қажет негізгі түсініктер мен тірек Білімдердерді қалыптастыруға жағдай жасау.

Іскерліктер:

- органикалық әлемнің табиғи тұтастығы туралы ұғым қалыптастыру;

- өз Білімдердерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру;

- табиғатты, медицинаны, биотехнологияны, ауыл шаруашылығын пайдалануда және қорғауда еңбек қызметін дамыту.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 15

Өзін-өзі тану.

Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістемесі мен нысандары, даму тарихы. Тұлға дамуының ерекшеліктері. Мен – адаммын. Адамның өзін-өзі тануы. Адам өміріндегі тұлғааралық қарым-қатынастар. Рухани тәрбие. Рухани-зияткерлік құзырет. Шындық және адалдық. Эстетикалық тәрбие. Сұлулық әлемі. Өмір әліппесі. Жанұя және мен. Мен – өз Отанымның азаматымын. Махаббат. Достық. Бақыт. Ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Тәрбие бесіктен басталады. Адамдық қарым-қатынастардың сенімі мен құндылығы. Борыштық сезім. Адамзаттың рухани тәжірибесі. Адам және қоғам. Адам және қоршаған орта.



Білімдер:

пәннің негізгі мақсаты мен міндеттері;

нысандары, даму тарихы;

зерттеу әдістемесі;

тұлға қалыптасуына ықпал ететін факторлар;

"Мен" жүйесінің құрылымы;

адам сезімінің түрлері;

адам қатынасының түрлері;

тәрбие түрлері;

жалпыадамзаттық құндылықтар;

тұлғаны адамгершілікті қалыптастыру.

Іскерліктер:

пән маңызын негіздеу;

гуманитарлық ғылымдармен байланысын анықтау;

балаларды тәрбиелеуде өзін-өзі тану әдістемесін пайдалану;

өзін тұлға ретінде тану;

өзінің қарымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру;

өзіндік құрмет және келісім негізінде тұлға аралық, іскери қатынастарды орнату;

өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу;

адамдық қарым-қатынастарды білу және бағалау;

қоғамдық әдеп нормаларын сақтау;

жалпыадамзаттық құндылықтар тарапынан қоршаған орта туралы ойлау;

қиын жағдайларда жауапты шешімдер қабылдау;

рухани дамытуды жетілдіру;

қоғамдық-бағалы қатынастарға әкелетін шараларлды ұйымдастыру;

қоршаған орта және адам сұлулығын бағалау.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖБП 16

Алғашқы әскери дайындық.

Оқушыларда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қызметі туралы ұғымды және әскери іс негіздері бойынша Білімдердерін қалыптастыру;

Оқушылардың қабілеттері мен өмірлік дағдыларын дамытуға ықпал жасау.


Білімдер:

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қызметі туралы ұғым;

- оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны;

- әскери іс негіздері;

- өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және медициналық Білімдер негіздері.



Іскерліктер:

- теориялық Білімдердерін тәжірибелік дағдыларымен ұштастыру;

- әскери қару-жарақтарды дұрыс пайдалану.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 6

БҚ 7


ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсітік қазақ тілі, оның ішінде мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу.

 Ауызекі сөйлеу тілдерін, жазбаша тілдерін дамыту; мамандық бойынша терминдерді тану; аударма техникасы (сөздікпен), кәсіби қарым-қатынас; ақпарат, лексикалық минимум;

Негізгі іскери және қызметтік құжаттарды рәсімдей білу.


Білімдер:

- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқуға, аударуға лексикалық және грамматикалық минимум.

- іскери және қызметтік құжаттардың рәсімделу ережелері.

Іскерліктер:

- ақпаратты есту арқылы қағазға түсіру;

- әдебиетті пайдалану.

- нормативтік-құқықтық әдебиеттерді пайдалану;

- халықаралық стандартқа сәйкес іскери қағаздарды рәсімдеу;

- қазақ тіліндегі ақпарат, құжаттар, әдебиеттер және т.б. материалдарды пайдалана білу



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖГП.02

Кәсіптік шетел тілі.

Кәсіби қарым-қатынасқа қажет мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал;

Тіл қызметінің түрлері және формалары(ауызша, жазбаша, монолог, диалог);

мамандыққа байланысты арнайы мәтіндерді аудару.



Білімдер:

- кәсіби тілдесуге арналған мамандық бойынша лексико-грамматикалық материалдар

Іскерліктер:

- Тіл қызметінің түрлері мен формаларын ажырата білу (ауызша, жазбаша, монолог, диалог).



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ӘЭП.00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Философия негіздері.

Философия пәні, дүниежүзілік философиялық ойлардың негізгі кезеңдері;

адам табиғаты және оның болу мағынасы;

Құдай және адам;

адам және ғарыш;

адам, қоғам, өркениет, мәдениет; бостандық және адамның жауапкершілігі;

адамның танымы және қызметі;

ғылым және оның рөлі; ғылыми мәселелер алдындағы адамзат.



Білімдер:

- негізгі философиялық ұғымдар;

- әлемнің философиялық, ғылыми және діни суреті;

- ғылым рөлі және ғылыми тану, оның құрылысы, формасы мен әдістері,

- әлеуметтік және әдеп мәселелері туралы түсінігі.

Іскерліктер:

- ұғым мазмұнын талдау;

- қоғамдағы адамдар арасындағы рухани қарым-қатынас нормаларын реттеу


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ӘЭП.02

Әлеуметтану және саясаттану негіздері.

әлеуметтану ғылым ретінде;

қоғам – әлеуметтік мәдени жүйе; әлеуметті қауымдастық;

әлеуметті және этноұлттық қарым-қатынас;

әлеуметтік процестер; әлеуметтік институттар және ұйымдар;

тұлға:оның әлеуметтік ролі және әлеуметтік тәртібі; саясаттану пәні; саясатты билік және өкіметтік қарым-қатынастар; саясат жүйесі; Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестер



Білімдер:

- саясаттану және әлеуметтанудың негізгі түсініктерін;

- тұлғаны әлеуметтеу процессінің ерекшеліктерін.

Іскерліктер:

- әлеуметтік-саясат қозғалыстарын және әлеуметтің басқа да факторларының өзгерістері мен дамуына талдау жасауды;

- Қазақстанда және дүниежүзіндегі әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар мен процестердің мәнін айқындау;

- саяси жүйе мен саясаттың режимдерін талдау.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ӘЭП.03

Экономика негіздері.

Мақсаты, негізгі түсінік, қызметі, мәні, ұстанымы; меншіктің формасы және түрлері, меншікпен басқару;

жоспар түрлері, оның негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлар; болжамдарды өңдеу және экономикалық жоспарды негіздеу әдістері;

бизнес-жоспарлау;

экономикалық талдау;

халық тұтынатын тауарлар және қызметтердiң нарық күйiн талдауы; нарықтық инфрақұрылым



Білімдер:

- экономикалық теорияның жалпы ережелері;

- елдегі және шетелдегі экономикалық ахуалдары;

- макро және микроэкономика, салықтық, ақшалай-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясат;



Іскерліктер:

- өз кәсiби қызметiндегi бағыттары үшiн қажеттi экономикалық ақпаратты табу және қолдану



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ӘЭП.04

Құқық негіздері.

Құқық, түсінік, жүйе, көздері, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық жүйенің ядросы; адам құқығының барлығына ортақ декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтық негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары



Білімдер:

- пәннің негізгі түсініктері;

- құқықтың негізгі тараулары;

- адам және азаматтың құқығы мен бостандығын, оны іске асыру;

- Қазақстан Конституциясы;

- Білім құқығының аспектілері, қызметтері, ақпараттары;

- білім саласындағы мемелекеттік саясаты;

- Қазақстан Республикасының "Білімдер туралы" Заңы;

-Білім туралы нормативтік актілердің құрылымы;

- Білім саласындағы еңбек және әкімшілік заңнамаларын қолдану ерекшеліктері;

- халықаралық білім құқығы.

Іскерліктер:

- нормативтік құқық құжаттарын кәсіби салада қолдану;

- білім құқығының дерекнамаларын қолдануды;

- жасөспірімдердің құқығын қорғау.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП.01

Балет тарихы.

Әлемдік балет өнерінің пайда болуы мен даму тарихы, шетелдік және отандық балет сахналарының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық сипаттары, тарихи стильдік ерекшеліктері туралы.



Білімдер:

- әлемдік балет өнерінің пайда болуы мен даму тарихы,;

- тарихи стиль ерекшеліктері;

- шетелдік және отандық балет сахналарының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық сипаттары

Іскерліктер:

- балет өнері туындыларына, хореографиялық шығармаларға шығармашылық талдау жасау әдістемесін игеру.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП.02

Музыкалық әдебиет.

Әлемдік музыкалық өнердің және отандық мәдениеттің пайда болуы мен даму кезеңдері; шетелдік және отандық сазгерлердің шығармашылығы, кейбір классик сазгерлердің музыкаылқ шығармалары; әр түрлі бағыттағы музыкалық стиль ерекшеліктері; әр түрлі жанрдағы музыкалық шығармалардың құрылымдық қағидалары; музыкалық өнердің ерекше қыры және музыкалық көркемдегіш құралдар.



Білімдер:

- әлемдік музыкалық өнердің және отандық мәдениеттің пайда болуы мен даму кезеңдері;

- шетелдік және отандық сазгерлердің шығармашылығы.

- музыкалық классикалық мұралар үлгілері



Іскерліктер:

- музыкалық шығармалардың стилін талдауды құруда тарихи және музыкалық материалдарды игеру.

БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП.03

Әлемдік мәдениет тарихы.

Әлемдік өнердің пайда болуы мен даму кезеңдерінің тарихы, стиль, бағыт, қайраткерлер шығармашылығының ерекшеліктері, өнер туындыларының әр түрлі жанрдағы құрлымдық қағидалары және маңызды көркемдегіш құралдар



Білімдер:

- әлемдік өнердің даму кезеңдері.



Іскерліктер:

- өнер туындысын талдауды құруда теориялық білімдерді игеру;

- өнер туындыларын және стилін ажырата білу.


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП.04

Музыкалық аспап фортепианода ойнау негіздері.

Қолды қою қалпы. Дыбыс шығарудың әр түрлі тәсілдері. Бейімделген балет музыкаларының әр түрлі би жанрлары мен стильдерінің шағын көлемдерін ойнау. Музыкалық сауаттылық негіздері. Парақтан оқу дағдылары.



Білімдер:

- ноталық сауаттылық, музыкалық терминдер, метрлік-ырғақтық таңбалар.



Іскерліктер:

- фортепианода шығармаларды ойнауда теориялық Білімдерін және тәжірибесін пайдалану.



БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

ЖКП.05

Музыкалық сауаттылық.

Музыкалық сауаттылық негіздері. Негізгі музыкалық жанрлар, формалар және оларды хороеграфияда пайдалану. Музыкалық тіл элементтері (дыбыс, әуен, лад, тон, интервал, аккорд, фактура, ырғақ, метр, өлшем, екпін, динамика) және оның музыкада қолданылу қағидалары. Есту дағдылары, дыбыстау, дирижирлеу ережелері.



Білімдер:

- негізгі ноталық сауаттылық, музыкалық терминдер, метрлік-ырғақтық таңбалар, негізгі музыкалық формалар.



Іскерліктер:

- музыкалық жанрларды талдау және хореографияда қолдану.

БҚ 7

КҚ


ЖКП.06

Мамандыққа кіріспе.

Балет мамандығы туралы жалпы түсінікпен, оқу және театрлық әлем құрылымымен танысу (балет залдары, оркестр, сахна, көрермендер залы, әртістер бөлмесі, арнайы цехтар). Кәсіби жаттығатын театрлық костюмдермен танысу. Театр репертуары, либретто туралы түсінік. Балет әртісінің кәсіби әдебі.



Білімдер:

-балет кәсібі туралы жалпы дерек.

Іскерліктер:

- кәсіптік қызметке қажет мәліметтерді табу, пайдалану.

БҚ 7

КҚ


АП.00

Арнайы пәндер

АП.01

Классикалық би.

Классикалық би техникасын игеру, кәсіби дағдыларының қалыптасуы, үйлесімділік, әуенділік, әртістік шеберліктің дамуы. Дене, қол, аяқ және басты ұстау қалыптары. Станокта және зал ортасындағы экзерсис. Әр түрлі секірістер, айналулар, кейіптерді орындау техникасы. Би комбинациялары.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану;

- классикалық және қазіргі заманғы балет репертуарлары үлгілерінің негізгі комбинациялары мен элементтері;

- балеттік орындаушылықтың негізгі даму кезеңдері;

- музыкалық және хореографиялық көркемдегіш құралдардың өзара әсері;

- актерлік шеберлік негізі.



Іскерліктер:

- негізгі комбинациялар мен элементтерін орындау;

- спектакльдер мен би композицияларында хореографиялық партияларды орындау;

- классикалық мұралар және қазіргі заманғы хореографтар қойылымындағы хореографиялық шығармаларда сахналық көркем бейнелерді жасау.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.9


АП.02

Халықтық-сахналық би.

Би техникасын, сипатын, орындау мәнерін игеру(жеке және жұптық). Дене, қол, аяқ және басты ұстау қалыптары. Станокта және зал ортасындағы қимылдар мен би элементтері.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану;

- халықтық-сахналық бидің негізгі комбинациялары мен элементтері.

- музыкалық және хореографиялық көркемдегіш құралдардың өзара әсері;

- актерлік шеберлік негізі.

Іскерліктер:

-негізгі комбинациялар мен элементтерін орындау;

- хореографиялық шығармаларда сахналық көркем бейнелерді жасау;

-хореография өнері аясында алған теориялық білімдері мен тәжірибелерін балеттік және басқа да концерттік нөмірлерде халықтық-сахналық партияларды орындау үшін пайдалану


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


ҚК 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.9


АП.03

Қазақ биі.

Би техникасын, сипатын, орындау мәнерін игеру (жеке, жұптық және топтық). Дене, қол, аяқ және басты ұстау қалыптары. Станокта және зал ортасындағы қимылдар мен би элементтері.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану;

- қазақ биінің негізгі қимылдары мен кейіптері;

- актерлік шеберлік негізі

Іскерліктер:

- қазақ биінің негізгі қимылдарын орындап кейіптерін көрсету

- ұлттық хореографиялық мұра билерін орындау



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.9

АП.04

Қазіргі заманғы би.

Хореографияның заманауи стильдері мен жанрларын игеру. Дене, қол, аяқ және басты ұстау қалыптарының ерекшелігі.Би комбинациялары.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану;

- қазіргі заманғы бидің негізгі комбинациялары мен элементтері.



Іскерліктер:

- қазіргі заманғы бидің негізгі комбинациялары мен элементтерін орындау;

- қазіргі заманғы хореографтар қойылымындағы хореографиялық шығармаларда сахналық көркем бейнелерді жасау, көркемдік құралдарды пайдалану.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.2


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.9

АП.05

Дуэтті-классикалық би.

Серіктестік және ауада қолдау көрсету техникаларын игеру, сахналық әдеп, ансмбльді сезіну дағдыларын дамыту. сахналық кеңістікті дұрыс пайдалана білу. музыкалық және пластикалық мәнерлілікті дамыту. Орындаушылықтың академиялық мәнерін сезінуге тәрбиелеу.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану, серіктестік және ауада қолдау көрсету техникаларын игеру, сахналық қатынас жасау.

Іскерліктер:

- серіктестік және ауада қолдау жасаудың тәсілдерін орындау;

- көркемдегіш құралдарды пайдалану;

- классикалық мұралар шығармаларында сахналық көркем бейнелерді жасау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

ҚК 3.1.9


АП. 06

Тарихи-тұрмыстық би.

Тарихи-тұрмыстық би техникасын игеру. Дене, қол, аяқ және басты ұстау қалыптарының ерекшелігі. Адымдар, тәжім етулер. Орта ғасырлардан осы күнге дейінгі жеткен тұрмыстық билер композициялары мен элементтері.



Білімдер:

- кәсіби терминдерді тану;

- тарихи-тұрмыстық бидің негізгі комбинациялары мен элементтері;

- әр түрлі дәуірдің сиапаттары мен бишілік стильдері.

Іскерліктер:

- тарихи-тұрмыстық бидің негізгі комбинациялары мен элементтерін орындау;

- нақты дәуірдің пластикалық ерекшелігін, орындау мәнерін, стилін жеткізе білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.9


АП. 07

Музыкалық-ырғақ тәрбиесі.

Музыкалық-ырғақтық жаттығу. Ырғақты жүріс, секіріс, жүгіру және әр түрлі қол қимылдарының суретін өңдеу, бұл қимылдарды музыкалық сүйемелмен үйлестіру. Үйлесімділік, зейін, есту қабілеттерін, бұлшық ет жылдамдығын дамыту.



Білімдер:

- музыкалылқ сауаттылықтың негізгі түсініктері;

- музыкалық өлшемдерді анықтау дағдысы;

- әуенді такт арқылы әр түрлі ырғақтық суреттер қимылын құру.

Іскерліктер:

- әр түрлі музыкалық өлшемдердегі күшті әрі әлсіз бөлшектерді ажырату;

- дыбыс ұзақтығына қарай қимылдарды бөлу.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.8

АП. 08

Классикалық хореография (Сынып жұмысы).

Хореографиялық мәтіндерді, классикалық мұралар үлгісін, би этюдтерін, концерттік қойылымдарды оқып-үйрену.



Білімдер:

- классикалық вариациялар, қазіргі заманғы билердің негізгі комбинациялары мен элементтері;

Іскерліктер:

- классикалық вариациялар, қазіргі заманғы билердің негізгі комбинацияларын мәнерлі, әуенді және сауатты орындау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

КҚ 3.1.1- 3.1.9



КП

Кәсіптік практика

КП.01

Сахналық практика.

Қамтамасыз ету:

- алғашқы кәсіби дағдылар;

- хореографиялық өнер аясында жоғары кәсіби білікті мамандарды даярлау;

- таңдап алынған балет әртісі, би ансамблінің әртісі мамандықтарына деген қызығушылықтарын тәрбиелеу;

- классикалық, ұлттық және хореографиялық репертуарларды игеру;

- саханлық тәртіптің, ансамбль сезімінің, серіктесімен қатынастың, сахна алаңын дұрыс пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын, би суретін, классикалық мұраларды сақтай отырып қолдану;

- хореографиялық мамандықты оқытуда жаңа заманғы педагогикалық әдістемелер мен технологияларды пайдалану;

- орындалатын шығармалардың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін жеткізе білу;

- аса дарынды балалармен жеке тәжірибе жүргізу.



Іскерліктер:

- кәсіби тәжірибе репертуарынан негізгі композицияларды орындау;

- спектакльдер мен би композицияларында хореографиялық партияларды орындау;

- классикалық мұралар мене қазіргі заманғы хореографтар қойылымдарында көркемдік және сахналық бейнелерді жасау;

- хореографиялық оқу орындарынан алған білімдері мен тәжірибелерін концерттік және балеттік бағдарламаларда пайдалану;

- нақты хореографиялық ұжымда жұмыс жасауға бейімделу;

- балеттік қойылымдар мен концерттік нөмірлерді дайындау процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасай білу.

Дағдылар:

- ансамбльде және жеке билеу;

- би суретін сақтау;

- сахналық кеңістікті дұрыс пайдалану;

- би композицияларын бірізділікпен орындау;

- көпшлік алдында балет спектакльдерінде, концерттерде өнер көрсету;

- бейне материалдармен жұмыс істеу;

- саханлық көркем бейнені жасау, оның жанрлық, техникалық және стильдік ерекшелігін жеткізе білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

КҚ 3.1.1- 3.1.9



КП.02

Диплом алды практикасы.

Қойылымда көрсетілетін дипломдық жұмыс бағдарламасын игерумен жұмыстану (вариация, па-де-де, па-де-труа, концерттік нөмір).



Іскерліктер:

- спектакльдерде, вариацияларда жетекші партияларды, па-де-де, па-де-труа орындау.



- қойылымдық және концерттік бағдарламаларға қатысу

Дағдылар:

- сахналық көрсетілім жағдайында музыкалық-пластикалық бейнелері пайдалану тәсілдері.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

КҚ 3.1.1- 3.1.9



КП.03

Дипломдық жұмыс (сахналық көрсетілім).

Шығарылымдық біліктілік жұмысты қорғау: спектакль, дивертисмент (соло, па-де-де, па-де-труа, кордебалет)



Іскерліктер:

- қойылымның дайын репертуарын көрсету;

- балеттік спектакльдерде және концерттік би ансамбльдерінің нөмірлерінде хореографиялық партиялар бейнесін көрсету.

Дағдылар:

- сахналық көрсетілім жағдайында сахналық көркем бейненің жанрлық, техникалық және стильдік ерекшелігін жеткізе білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

КҚ 3.1.1- 3.1.9



БҰАП.00

Білімдер беру ұйымы анықтайтын пәндер

БҰАП.01

Әрлеу.

Косметиканың, сәнді шаштың пайда болу тарихы; театр гримі туралы; гримнің техникалық әдістері; әрлеу тәсілі және материалдары; сахналық әрлеуді меңгеру



Іскерліктер:

- әрлеудегі маска-бейненің пайда болу тарихын.



Дағдылар:

- әрлеудің тәжірибелік дағдыларын игеру



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

КҚ 3.1.1-3.1.7



БҰАП.02

Анатомия, балет әртістерінің еңбегін және денсаулығын қорғау.

Медициналық білімдер негізі. Адам анатомиясы және физиологиясының, тірек-қимыл аппаратының негіздері. Балет әртістерінің анатомиялық-кәсіби ерекшеліктері. Балет әртістерінің сырқаттары мен жарақаттарының алдын алу және емдеу. Балет әртісі еңбегі мен денсаулығын қорғау туралы негізгі ақпараттар. Балет әртістерінің денсаулық гигиенасы, тамақтану ерекшелігі. Дәрігерге дейінгі көрсетілетін көмектің, уқалаудың негізгі ережелері.



Іскерліктер:

- кәсіби терминдерді тану;

- балет әртістерінің тірек-қимыл аппаратының анатомиясын білу.

Дағдылар:

- сырқат түрлері мен жарақаттардың себебін және клиникасын анықтау;

- алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.


БҚ 2

БҚ 3


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

БҰАП.03

Актер шеберлігі.

Актерлік көркемдегіш құралдар. Жанр және стиль. Рөл материалын талдау. Хореография өнерінің ерекшелігін ескере отырып, К.С. Станиславский жүйесі элементтері туралы; көрермендермен қарым-қатынас.



Іскерліктер:

- актер шеберлігі теориясының негізгі ережелері.



Дағдылар:

- актер шеберлігінің негізін, таңдаған мамандығының технологиялық дағдыларының жиынтығын еркін қолдануды игереді



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.9

БҰАП. 04

Жеке практика (дарынды балалармен).

Аса дарынды балалардың орындаушылық шеберліктерін дамыту, жеке қасиеттерін ашу. Халықаралық байқаулар мен фестивальдерге дайындау.



Іскерліктер:

- қойылымның дайын репертуарын көрсету;

- жеке және жұптық қойылымда хореографиялық партия бейнесін көрсету.

Дағдылар:

- сахнада көркем сахналық бейне жасау, оның стильдік қырларын, техникалық және жанрлық ерекшеліктерін жеткізе білу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 5

БҚ 6


БҚ 7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.9


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   141




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет