Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет72/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Əдістемелік  ұсыныстар:
  Жұмыстың  мақсаты – электрокоагуляция
əдісінің  негізгі  процестерін  жəне  əр  түрлі  технологиялық  параметрлердің (ток
тығыздығы, өңдеу  уақыты, рН, коагулянт  шығыны  жəне  т.б.) ағынды  суларды
тазарту тиімділігіне əсерін оқып үйрену.
Лабораториялық қондырғының сипаттамасы:
Лабораториялық  қондырғы (1-сурет), оргшыныдан  жəне  винипласттан
дайындалған  электрокоагулятор (5) болып  табылады. Электрокоагуляторға (5)
тұрақты ток  көзі  ЛАТР – лабораториялық  автотрансформатор (1) жəне  ВСА-5
немесе ВСА-10 типті ток түзеткіш (2) арқылы беріледі. Ток күші амперметр (4)
арқылы, кернеу вольтметр (3) арқылы өлшенеді.
Лабораториялық  қондырғыда  екі  түрлі  электрокоагулятор  қолданылуы
мүмкін (2-сурет);
- лабораториялық планстинка түріндегі элкутрокоагулятор (2-сурет);
- лабораториялық жаңқа түріндегі электрокоагулятор (3-сурет).
Планстинка  түріндегі  электрокоагулятор  тік  бұрышты  ыдыс (1), көлемі
500-1000мл, оргшыныдан  жасалған. Вертикальды  орналастырылған, ыдыстың
жоғарғы жағына бекітілген, алюминий немесе темір пластиналары (2) электрод
қызметін  атқарады. Электродтар  арасы  электродтардың  арасындағы  кеңістік
электрохимиялық  реакцияның  өнімдерімен  бітеліп  қалмас  үшін, 10 мм  кем
болмау керек.
Үгінді түріндегі электрокоагулятордың корпусы цилиндр тəрізді, көлемі 2
л,  оргшыныдан (4) дайындалған, түбі  тегіс  жəне  құятын  астауы  бар (6).
Электрокоагулятордың ортасында  графит  катод (1) орналастырылған, анод (2)
еритін материалдан жасалған, сондықтан анод сақиналарының арасында метал
жаңқалары  себіледі. Электрохимиялық  реакция  өнімдерінің  араласуын
болдырмау  үшін, анод  пен  катод  арасына  фильтрлейтін  қорғаныс  қабаты
орналастырылған (3).
Тазартылатын ағынды судың берілуі жəне тұнбаның шығарылуы төменгі
штуцер (7) арқылы  жүргізіледі, ал  тазарған  су – құйылатын  астау (6) жəне
жоғарғы штуцер (7) арқылы шығарылады.
Берілген  электрокоагулятордың  пластинка  тəріздімен  салыстырғандағы
жетістігі, еритін анод ретінде метал үгінділерін қолдануға болады.


94
Тазартылатын  судың  электр  өткізгіштігін  арттыру  жəне  энергия
шығынын  азайту  үшін, ерітіндіге 5 -10 г/л  есебімен  натрий  хлоридін  қосуға
болады.
Катод  пен  анодты  ВСА-5 типті  ток  түзеткішке  қосады. Ток  тығыздығы
тазартылатын  судағы  ластаушы  заттардың  концентрациясына  байланысты, 8 -
10 А/м
 2
шамасында ұсынылады.
Таза сумен статикалық жағдайда тəжірибе жасаған кезде, төменгі штуцер
(7) арқылы, микрокомпрессордың  көмегімен  ерітіндінің  жақсы  араласуы  жəне
жақсы диффузия үшін ауа беру керек.
Жұмысты орындау тəртібі:
Электрокоагуляторды  қарап  шығу, қажет  болса  электродтарын  тазарту
керек. Пластинка  тəрізді  электродармен  жұмыс  істеген  кезде, жұмыстың
алдында, құрғақ  анод  пластинкасын 0,01 дейінгі  дəлдікпен  өлшеп  алады,.
жұмыстың  соңында  электродты  құрғатып, салмағын  қайтадан  өлшейді.
Тəжірибенің  алдындағы  жəне  соңындағы  құрғақ  электродтың  массасын 1-
кестеге жазу керек.
Зерттелетін  ерітіндіні  қондырғығы  құяды. Тұрақты  ток  көзінің
полюстарын  электродтарға  жалғайды  жəне  қондырғыны  торапқа  қосады.
ЛАТР-дың  көмегімен  жұмыс  тогының  қажетті  пераметрлерін  тағайындайды.
Тəжірибенің  басталу  уақытын  белгілеп  алады. Вольтметр  арқылы
электродтардағы  кернеудің (U) төмендеуін  анықтайды. Барлық  мəндерді 1-
кестеге енгізу керек.
1-кесте
Электрокоагулятордың 
техникалық 
көрсеткіштері 
жəне 
жұмыс
параметрлері
Ерітіндінің
көлемі, V,
м
3
Анод
бетінің
ауданы,
S, м
2
Ток
тығыздығы,
і
1
,
А/м
2
Токтың
көлемдік
тығыздығы,
і
2
,
А/м
2
Жұмыс
тогы,
I,А
Кернеу,
U,B
Анод
массасы,
m
0
, m
т
,
г
Жұмыстың
басталу
уақыты
Ток тығыздығын есептеу:
Пластинка  анодтағы  ток  тығыздығын  і
1
  төмендегі  формула  бойынша
есептейді:
i
1
=


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет