«Технология» түсінігі объектіні өңдеу және сапалы қайта өзгерту тәсілдері мен құралдары туралыбілім жүйесі дегенді білдіреді



бет7/12
Дата22.04.2020
өлшемі197,5 Kb.
#64182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
kur -zhastarmen-zhurgiziletin-aleumettik-zhumys-adisteri-27 (1)

Жасөспірімдерге арналған баспана объективтік және субъективтік себептерге себептерге байланысты отбасында, тәрбие мекемесінде, қоғамда дамудың қолайлы жағдайынан қағажу қалған кәмелетке толмағандардың өмірінің уақытша жағдайын (тұрмыстық, психологиялық, эмоционалдық) қамтамасыз етуді, кәмелетке толмағанның әрі қарайғы отбасындағы, жұмысындағы, оқу-тәрбие мекемелеріндегі өмірінде жаңа жағдайлар жасауда немесе өзгерістер енгізуде заң жүзінде шешім қабылдауды мақсат етеді.

Жоғарыда аталғандар қазіргі ТМД елдеріндегі жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің таптырмас жалпы ұйымдастырушылық-технологиялық моделі. Тәжірибеде қазіргі шындыққа тән осындай қызметтердің аймақтық әртүрлі модельдері бар. Олар әртүрлі ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының өзіне тән ерекшелігіне, жастар саясатының қалыптасу процесінің ерекшеліктеріне, тіпті жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің мазмұны мен рөлін мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларының түсінуіне негізделген.

Қазақстан Республикасында жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүйесі республиканың Министрлер Кабинетінің «Жастарға арнап әлеуметтік қызмет көрсету орындарын құру туралы» (1993 ж.) Қаулысы негізінде және ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі, білім, мәдениет және денсаулықты сақтау Министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі бірігіп жасаған жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орындарын дамытудың Ведомствоаралық бағдарламасы (1998 ж.) негізінде қалыптасады. Қазіргі уақытта республикада жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің өзіндік құрылымы қалыптасқан:


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет