Технологиясы


Ғимараттарды қоршаған орта шарттары бойынша жіктеу



Pdf көрінісі
бет8/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ
Туберкулез и алкоголизм, Киреева Релелік қорғаныс және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру. (1)
Ғимараттарды қоршаған орта шарттары бойынша жіктеу 
Электрлік техникалық құрылғыларды монтаждау өндірісіне қойылатын 
негізгі ұстанымдар Электрлік қондырғыларды орнату ережелерімен (ЭОЕ) 
және Құрылыс нормалары және ережелеріне (ҚНжЕ), сонымен қатар, 
монтаждау нұсқаулықтарымен, өндіруші-зауыттың технологиялық ережелері 
және нұсқауларымен реттеледі. 
ЭОЕ электрлік желілер мен электрмен қамту элементтеріне қойылатын 
талаптар тізімделген; өткізгіштерге қыздыру және үнемді тоқ тығыздығы 
бойынша дұрыс таңдау ережелері көрсетілген, сонымен қатар, қысқа 
тұйықталу шарттары бойынша құралдар мен аппараттарды таңдау талаптары 
беріліп, электрлік техникалық құрылғыларды орнату бойынша жалпы 
талаптар мен нұсқаулар көрсетілген, электрлік техникалық құрылғыларды 
монтаждау мен пайдалану барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері, 
электр қондырғыларының тапсыру-қабылдау сынақтарының көлемі мен 
нормалары берілген. 
ҚНжЕ электрлік техникалық құрылғылардың барлық түрлерінің 
нормалары мен негізгі технологиялық параметрлері берілген; жұмысты 
ұйымдастырудың жалпы талаптары, жобалық және техникалық құжаттамаға 
қойылатын талаптар, сонымен қатар, электрлік құрылғыларды монтаждау 
үшін қабылданған ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптар 
анықталып, 
монтаждау 
жұмыстарын 
ұйымдастырушылық-техникалық 
дайындаудың басқа да мәселелері қарастырылған. Бұдан басқа, құрылғыны 
жеткізу талаптары, оны қабылдау, сақтау және монтаждауға тапсыру 
талаптары көрсетілген. 
Электрлік қондырғылардың қалыпты жұмыс жасауы қоршаған ортаның әр 
түрлі факторларына тәуелді болады. Электрлік желілер мен электрлік 
құрылғыларға қоршаған ортаның температурасы, оның күрт өзгерісі, 
ылғалдылық, шаң, бу, газ, күн радиациясы әсер етеді. Бұл факторлардың 
электрлік құрылғылар мен кабельдердің қызмет мерзімін өзгертіп, олардың 
жұмыс 
жағдайларын 
нашарлатады, 
апатқа 
алып 
келіп, 
барлық 
қондырғысының істен шығу ықтималдығын арттырады. Оқшаулау 
материалдарының электрлік қасиеттері қоршаған орта жағдайларына әсіресе 
тәуелді болады. 
Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының электрлік құрылғыларға 
әсерін электрлік қондырғыларды жобалау, монтаждау және пайдалану 
барысында ескеру керек. Электрлік құрылғыларды және кабельді 
бұйымдарды сақтау, монтаждау және пайдалану барысындағы қолайсыз 
факторлар әсерінен қорғау талаптары ЭОЕ және ҚНжЕ мазмұндалған. 
Қоршаған орта сипаттамасына және электрлік қондырғыларды оның 
әсерінен қорғау бойынша талаптарға тәуелді ЭОЕ ішкі ғимараттар мен 
сыртқы қондырғыларды ажыратады. Өз кезегінде ішкі ғимараттар құрғақ, 
ылғалды, аса ылғалды, ыстық, шаңды, химиялық белсенді ортасы бар, өрт 


18 
қауіпті және жарылыс қауіпті түрлерге, сыртқылары (немесе ашықтары) 
қалыпты, өрт қауіпті және жарылыс қауіпті болып бөлінеді. Тек аспалармен 
ғана қорғалған электрлік қондырғылар сыртқы қондырғыларға жатады. 
Құрғақ ғимараттар деп ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % 
аспайтын ғимараттарды айтады. Егер осындай ғимараттарда температура 30 
°С аспайтын болса, технологиялық шаң, белсенді химиялық орта, өрт және 
жарылыс қауіпті заттар болмайтын болса, осындай ғимараттарды қалыпты 
орта деп атайды. Ылғалды ғимараттар ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 
60...75 % және уақытша бөлінген немесе аз мөлшердегі будың немесе 
конденсацияланған 
ылғалдың 
болуымен 
сипатталады. 
Электрлік 
құрылғылардың көп бөлігі 75 % аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта 
жұмыс жасауға арналған, сол себепті құрғақ және ылғалды ғимараттарда 
қалыпты жасалған электрлік құрылғыларды пайдаланады. Ылғалды 
ғимараттарға сорғыш станциялар, өндірістік цехтер, жылытылатын 
жертөлелер және пәтердегі ас бөлмелері т.б. жатқызылады, мұнда ауаның 
салыстырмалы ылғалдылығы 60... 75 % аралығында болады. 
Ылғалды ғимараттарда салыстырмалы ылғалдылық ұзақ уақыт бойы 75 % 
жоғары болады (мысалы, кейбір металл прокаты цехтері, цемент зауыты, 
тазарту құрылғылары т.б.). Егер ғимараттардағы ауаның салыстырмалы 
ылғалдылығы 100 % жуық болса, яғни төбе, еден, заттар ылғалды болса, бұл 
ғимарат аса ылғалды ғимараттарға жатқызылады. 
Металлургия мен басқа да өнеркәсіп салаларының жекелеген 
өндірістерінде (мысалы, құю, термиялық, прокаттық және домна цехтері) ауа
температурасы ұзақ уақыт бойы 30 °С артық болады. Мұндай ғимараттарды 
ыстық деп атайды. Олар бір мезгілде ылғалды немесе шаңды болуы мүмкін.
Шаңды ғимараттар деп өндіріс жағдайларына байланысты технологиялық 
шаң сымдарға қонып, машиналар мен аппараттардың ішіге енетін және т.б. 
мөлшерде түзілетін ғимараттарды атайды.
Шаңды ғимараттарды
тоқ өткізетін және тоқ өткізбейтін шаң дер 
жіктейді. Тоқты өткізбейтін шаң оқшаулау сапасын нашарлатпайды, 
дегенмен, оның ылғалдануына жағдай жасайды және гигроскопиялы болуына 
байланысты қасиеттерін нашарлатады.
Химиялық белсенді ортасы бар ғимараттарда
өндіріс талаптары бойынша 
тұрақты түрде немесе ұзақ уақыт бойы шөгінділер түзіледі, олар электрлік 
құрылғылардың оқшаулануы мен тоқ жүретін бөліктерін бұзады. 
Өрт қауіпті ғимараттар
деп жанғыш заттар қолданылатын немесе 
сақталатын ғимараттарды айтады. Өрт қауіптілігі дәрежесі бойынша 
ғимараттарды үш класқа жіктейді: П-I, П-II, П-На. Бірінші класқа өрт қауіпті 
сұйықтықтарды пайдаланатын немесе сақтайтын ғимараттар жатқызылады. 
Екінші класқа – өндіріс талаптарына бойынша өлшенген жанғыш шаң 
бөлінетін, алайда, жарылыс қауіпті концентрация түзбейтін ғимараттар 
жатқызылады. Соңғы класқа – қатты немесе талшықты, ауада өлшенген 
қоспалар түзбейтін жанғыш заттар сақталатын және пайдаланылатын 
ғимараттар жатады.
Жарылыс қауіпті ғимараттар
деп өндіріс шарттары бойынша жанғыш 


19 
газдардың немесе будың ауамен, оттегімен немесе басқа да жанғыш заттарды 
тотықтырғыш газдармен жарылыс қауіпті қоспасы түзілетін, сонымен қатар, 
өлшенген қалыпқа ауысқанда жанғыш шаң немесе талшықтардың қоспасы 
түзілуі мүмкін ғимараттарды айтады. 
Жарылыс қауіпті қондырғылар қауіп дәрежесі бойынша электрлік 
құрылғыларды пайдалану алты класқа жіктеледі: В-I, В-1а, В-16, В-Ir, В-II 
және В-Па. В-І класқа жататын қондырғыларда өндіріс шарттары бойынша 
жанғыш газдар немесе булардың ауамен немесе қалыпты технологиялық 
жағдайда басқа тотықтырғыштармен аз уақытқа жарылыс қауіпті қоспа түзуі 
мүмкін. В-1а класына жататын қондырғыларда бу мен газдың жарылыс 
қауіпті қоспалары тек технологиялық құрылғылардың ақаулығы немесе апат 
жағдайында ғана түзілуі мүмкін. В-16 класындағы қондырғыларға тек бу мен 
газдардың тиімсіз желдету жүйесі жағдайында аз көлемде ауада жарылыс 
қауіпті концентрация түзуі тән болады. Газдар мен булардың қауіпті қоспасын 
түзетін сыртқы қондырғылар В-1г класына жатқызылады. В-II класына 
жататын қондырғыларда технологиялық құрылғылардың қалыпты жұмысы 
жағдайында өлшенген жанғыш шаңның жарылыс қауіпті концентрациясы 
түзіледі, ал В-Па класына жататын қондырғыларда – тек апат немесе ақаулық 
жағдайында ғана түзіледі. 
Жанғыш сұйықтықтарды немесе қатты жанғыш заттарды өңдейтін немесе 
сақтайтын сыртқы қондырғыларды (ашық қоймалар, минералды майлар, 
көмір, торф, ағаш және т.б.) П-Ш санатты өрт қауіпті құрылғыларға жатады.
Ғимараттарды мұнда орналасқан қондырғылардың неғұрлым жоғары 
жарылыс қауіптілігі санаты бойынша жіктейді. Күшті, ылғалды, шаңды және 
осыған ұқсас орталар электрлік құрылғылардың жұмыс шарттарын 
нашарлатады және электрлік қондырғыларға қызмет көрсететін адамдарға 
қауіп төндіреді. Сол себепті ПЭҚ ғимараттарда адамдардың электр тоғымен 
жарақаттануына тәуелсіз үш топқа жіктеледі: қауіптілігі жоғары, аса қауіпті 
және жоғары қаупі жоқ.
Өндірістік ғимараттардың көпшілігі қауіптілігі жоғары ғимараттар 
қатарына жатады, яғни оларға ылғалдылықтың болуы (салыстырмалы 
ылғалдылығы ұзақ уақыт бойы 75 % жоғары болады) немесе шаң өткізгіш, тоқ 
өткізгіш едендері болады (металл, жер, темірбетон, кірпіш), температурасы 
жоғары (ұзақ уақыт бойы 30 °С артық) болуы тән болады, сонымен қатар, 
адамның бір мезгілде жермен жалғанған металл құрылымдармен
технологиялық аппараттармен бір жағынан және электрлік құрылғылардың 
металл корпустарымен екінші жағынан жанасу мүмкіндігімен қатар жүреді.
Аса қауіпті ғимараттар үшін аса жоғары ылғалдылық немесе химиялық 
белсенді ортаның немесе аталған екі қауіпті ортаның бірінің болуы тән 
болады. 
Егер ғимараттарда жоғары немесе айрықша қауіп тудыратын жағдайлар 
болмаса, оларды жоғары қаупі жоқ ғимараттар деп атайды. 
Әр түрлі санаттардағы ғимараттардағы технологиялық қызметтің 
түрлеріне және адамдардың электр тоғымен жарақаттану мүмкіндіктеріне 
тәуелді ПЭҚ аталған ортада қолданылатын электрлік қондырғыларды жасау 


20 
сипаты, электрлік желілердің түрлері мен жасалу тәсілдері анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   256




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет