Тәңірім береді қайтадан сұрағасын



Дата13.03.2022
өлшемі15,24 Kb.
#135409
Байланысты:
Бұл әнім өзіңе


Бұл әнім өзіңе, ана,
Бұл – көз алдыңда өскен балаң.
Арманға жасап едім қадам,
Сол сапармен кетіп барам.

Анашым жыламашы, күлкімді тонамашы,


Тәңірім береді қайтадан сұрағасын.
Жаратқаным жар болған, мейіріміңді төкші
анамның алдына.

Қайырмасы:


Анашым, анатайым,
Салдым ба сізге уайым?
Кешірші ақымақ ұлыңды,
Ұлың мың құбылды.
Ана, анашым.

Анашым, сені уайымдатқан бұл – сенің балаң,


Әлі көп затты түсінбеді, көңілі алаң.
Құлыптанып әр түрлі ойларға қамалып,
Мен өзіммен қосып сізді де мұңға қамадым.
Байқамадым, байқамадым, ана,
Кетіппін бұл дүниені емес, о дүниені қалап.
Әкем екеуіңе Жұмақтан үйді армандап,
Екеуіңе иман тілеп, жету үшін арманға.
Көңілім көкке кетті жерден алыстап,
Ертең барар жеріміз түбі болғасын Аспан.
Есімде, аязды күндері бала күнімнің,
Содан шығар қазір аз күлуім.
Әкемнің кеш түсінген заттары көп шығар,
Өкінетін адам ішіп алса жылар.
Өкінгендер жынданар, ренжіткен әрбір жылдар,
Жылдар сендерді қартайтты өте жылдам.

Қайырмасы:


Анашым, анатайым,
Салдым ба сізге уайым?
Кешірші ақымақ ұлыңды,
Ұлың мың құбылды.
Ана, анашым.

Ана... ана... ана...


Ана, ана, ана...
(ана, ана, ана...)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет