Тәжірибе бойынша есеп


Бақылау-өлшеу приборлары бойынша анықтау



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#97491
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Газ құбыры қуаты

1.4 Бақылау-өлшеу приборлары бойынша анықтау

Газтурбиналы қондырғының жұмыс режімін бақылап отыру үшін, КС-ның күтуші персоналына ГТҚ-ның және газайдағыштың бірнеше параметрлерін білу қажет. Пайдалану жағдайдағы ГТҚ-ның элементтерінің (компрессордың, турбинаның, регенератордың т.б.) сипаттамаларының өзгеруін білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ГТҚ-ғы және газ айдағыштың қуатын бірмезгілде және өзара тәуелсіз анықтау, есептеулердің нәтижелерін және кейбір жағдайларда пайдаланудың кезіндегі приборлардың көрсеткіштерінен анық анықтауға болады. Компрессорлы станциядағы ГТҚ-ның және газайдағыштың жұмыс принциптерін сипаттау үшін, келесі параметрлердің шамаларын білу қажет:


1) сыртқы ауаның қысым Р ауажәне температурасын tауа;
2) осьтік компрессорге кірердегі ауаның қысымын Р1 және температурасын t1; осьтік компрессорден кейінгі ауаның қысымын Р2 және температурасын;
3) регенератордан кейінгі ауаның температурасын t2' және қысымын Р2'; турбинаның алдындағы жану өнімділігінің қысымын Р3;
4) жоғары қысымды турбинамен (ЖҚТ) төменгі қысымды турбинаның арасындағы (ТҚТ) газдың қысымын Р және температурасын Т3;
5) төменгі қысымды турбинадан (ТҚТ) кейінгі газдың қысымын Р4 және температурасын Т4;
6) ЖҚТ-ның ТҚТ-ның және айдағыштың айналу жиіліктерін; майлау майының қысымын және температурасын.
Штаттық приборлардың көрсетулері бойынша ГТҚ-ды пайдаланудағы сипаттамаларды анықтау келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1) ГТҚ-ның қуатын табуға қажетті жұмысшы дененің (отынның жану өнімділігі) шығынының, ГТҚ-ның күрек жолында ешқандай диафрагмалық құрылғыларсыз тек газтурбинасын баламалылық негізінде үлкен қималы қысым айырымы негізінде бар ретінде қарастырып анықтайды.
Қорғаушы құрылғыны агрегатта қауіптілік жағдайлар болғанда апаттан қорғау үшін қолданады. Қорғаушы құрылғылар турбинаны тоқтатады, жану камерасына отындық газды дер кезінде беруді тоқтатады және компрессордан кейін ауаны шығарушы клапандарды келесі жағдайларда ашатын болады.
- ТҚТ-ның және ЖҚТ-ның роторларының рұқсат етілетін айналу жиілігі шегінен жоғарлауы;
- ЖҚТ-ның алдындағы және ТҚТ-дан кейінгі газ температураларының ең жоғарғы рұқсат етілетін шамалардан артық болуы;
ЖҚТ-ның – ТҚТ-ның және айдағыштың роторының рұқсат етілмеген осьті ығысуы;
- жану камерасындағы алаудың сөнуі;
- турбинаны майлауға және айдағыштың тығыздаушысына берілген майдың қысымының ұйғарылған қысым деңгейінен төмендеуі;
- отынды газдың қысымының ұйғарылған қысым деңгейінен төмендеуі;
- iшпектердің және таянышты мойын тіректердің қалыптарының температураларының ұйғарылған температуралар деңгейінен артуы;
- айдағыштағы помпаждық құбылыстың болуы;
- ЖҚТ және ТҚТ-дың тұрқыларындағы температураның өсуі;
- айналу жиілігінің өзгеріп қобалжуы (теңселуі) және т.б.
Агрегаттарда айналу жиілігін тахогенераторлардың және «турбина» деген сигнализаторлары бар тахометриялық түрлендірушілердің көмегімен өлшейді.
Термопарлар (термоэлектрлік түрленгіштер, термоэлектрлік пирометрлер) және қарапайым термометрлер ағын температураларын, сондай-ақ турбинамен айдағыштың металлдарының температураларын өлшеуге пайдаланады.
Аса жоғары емес температураны, мысалы осьтік компрессор алдындағы және соңындағы ауаның температурасын немесе айдағыш алдындағы және онан кейінгі газдың температурасын кедергілі термометрлердің көмегімен өлшейді, сондай-ақ ГТҚ-ның және айдағыштың мойынтіректерінің металлының температурасы, мойынтіректерден шығатын мойдың температурасы, турбинаның салқындату жүйесіндегі температуралар өлшенеді.
ГАА-дағы қысымды ГТҚ-дық күре жолында да, сондай-ақ газдыңжәне комуникациялардың алқапында да өлшейді. Табиғи газдың қысымын өлшеу үшін, бөлгіш ыдыстар, электрлік манометрлер қолданылады. Қысымды және қысым айырымын өлшеу үшін, тағы «Сапфир» типті жарылыстан қорғалған тензорезисторлы түрлендіргіштер қолданады.
Әртүрлі май багінің бөлігінде майдың деңгейін өлшеу үшін, ұшқыннан сақтайтын деңгелі реттеушілер немесе қалықтылы деңгейді сигнализаторлар қолданылады.
Компрессордегі және турбинадағы мойынтіректердің дірілін қорғау және сигнализациялау үшін, екі діріл түрлендіргішті ВВК-331 типті бақылау – сигналды құрылғы қолданылады. Айдағыш роторының дірілін өлшеу үшін, сондай-ақ сигнализацияда және қорғауда әдетте КСА-15 типті бақылау – сигналды құрылғысы қолданылады. Сонымен бірге бұл аппаратура ротордың осьтік жылжуын бақылау үшін де пайдаланады.
ГТҚ-ды от алдырғанда помпаж аймағын болдырмау үшін, компрессордан сығымдалған ауаның бір бөлігін помпаж клапаны арқылы сыртқа шығарылады, бұл осьтік компрессордың пайдалану қуатын және ГТҚ нормальді іске қосылуын төмендетеді. Помпаж клапаны ашылып ауа сыртқа шығарылғанда жұмыс сызығы оңға қарай, ал клапан жабылғанда солға қарай, яғни компрессордың помпаж сызығына қарай ығысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет