Тәжірибе жинақтау түрі: Жазғы лагерь Күні


Тәлімгерлерге психологиялық кеңес



бет2/3
Дата26.01.2022
өлшемі42,11 Kb.
#114966
1   2   3
Байланысты:
708 1473 29391
есеп Мадиге
Тәлімгерлерге психологиялық кеңес.


  • Тәлімгер әр баланы тыңдай және түсіне білуді үйренуі керек.

  • Есіңізде болсын! Тәрбиеде ұсақ-түйек болмайды.

  • Жақсы орынды әзіл балалармен қарым-қатынасты жақсарта, жақындата түседі.

  • Бұйырмаңыз, өтініңіз, себебі балалар қысымшылықты ұнатпайды.

  • Есіңізде болсын! Қарсылық көрсету, күштілігіңіздің емес, әлсіздігіңіздің белгісі.

  • Балалардың жақсы жақтарын көре біліңіз және олар да Сіздің көзқарасыңызға лайық болуға тырысады.

  • Әр баланы назарда ұстап, қамқор болуға тырысыңыз. Оны балалар міндетті түрде бағалайды.

  • Балалар арасында болатын қақтығыс, кикілжіңдерді шешу барысында әділ болыңыз, себебі жалған шешімді балалар ұмытпайды.

  • Дөрекілікке дөрекі жауап беруден аулақ болыңыз, керісінше баланың осындай әрекетке бару себебін анықтаңыз.

  • Өзіңізді бақытты, қуанышты немесе бақытсыз, көңілсіз баланың орнына жай қойып көріңіз.

  • Балаларға нотация оқымаңыз, бәрібір балалар оны қабылдамайды, оның орнына мәселені тыныш талдап қорытынды жасаңыз.

  • Баланы қандай болса, солай қабылдаңыз.

  • Балалардан бөлінбей, олардың өмірімен бірге өмір сүріңіз.

  • Жиі өзіңіздің балалық шағыңызды еске түсіре отырып, үлкендердің дұрыс не бұрыс жасаған әрекеттерін салыстыра, қорытынды шығарыңыз.

  • Баланы Сіз сөзбен емес, ісіңізбен тәрбиелейтіндігіңізді ұмытпаңыз!

  • Баланы жақсы көріңіз, бірақ арақашықтықты сақтаңыз.

  • Әдептен озбаңыз, қандай жағдай болмасын шыдамдылық танытыңыз.

  • Ата-ана, әкімшілікпен қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетіңіз бен қолданбалы қабілетіңіздің қалыптасып келе жатқандыңызды көрсетіңіз.

  • Егер, бала Сізге ғашықтық сезіммен қарайтын болса, араңызда жас ерекшелігіне сай айырмашылық бар екендігін, сезімі, көзқарасына Рақметті екендігіңізді білдіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет