Тексерген: Әбдиманұлы Ө

Дата11.12.2023
өлшемі80,03 Kb.
#196222
Байланысты:
СӨЖ ЕРКЕЖАН МАДАЛИМ 20-ғ
!25-СОР Жаратылыстану 6 сынып ком (2) (1)(1), лекц по соц каз (2) (1), Әдістемелік құрал, Лекция 12

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әңгіме-повестеріндегі ұлттық құндылықтар көрінісі бойынша

Орындаған: Мадалим Е.М

Тексерген: Әбдиманұлы Ө.

Алматы, 2023

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әңгіме повестеріндегі ұлттық құндылықтар көрінісі бойынша

Бүгінгі таңда бүкіләлемдік көркем ой дамуындағы гуманистік және ұлттық өлшемдердің, тарихи-рухани өмірдегі көркем шығармашылықтың адам тұлғасын қалыптастырудағы орнын қайта бағамдау мәселесі өз-өзінен күн тәртібіне шығып отыр. Сондықтан да біз ұлттық әдебиетіміздегі, оның идеялық-көркемдік бағыттарын, жалпы поэтикалық мәселелерін әлемдік әдебиет контексінде қарауға мәжбүрміз. Осы тұрғыда бүкіләлемдік көркем ой қол жеткізген межелерді саралай отырып, қоғам мен рухани өмірдегі жаңашылдықтардың әдебиетімізде бой көрсетуін анықтау арқылы ұлттық көркемдік дамудың нақты көрсеткіштерін айғақтай аламыз. Әдебиетті зерттеу барысында шығармашылық үдерістің қос мәнін: әдебиет дамуындағы жаһандық құбылыстар мен ұлттық әдебиеттер арасындағы ортақ тенденцияларды және нақты бір дәуір мен нақты бір ел әдебиетіндегі қайталанбайтын ерекшеліктерді үнемі қаперде ұстау аса қажет. Адамзат архаикалық-ұжымдық, фольклорлық-поэтикалық ойлаудан авторлық ойға, жеке сана көріністеріне дейінгі динамикалық даму жолында бірнеше сатылардан өтуі арқылы көркемдік танымның ең күрделі формаларына қол жеткізе алды. Әлемдік әдебиеттің тарихи даму жолында өзіндік орын алатын қазақ әдебиеті де рухани өркендеудің адам баласы жүріп өткен белестерін бағындыра отырып, көркемдік дамудың биік сатысына көтерілді. Барша әдебиеттерге тән ортақ заңдылықтар сырын игере алу мен өзіндік ұлттық ерекшелігін нығайту арқылы көркемдік-идеялық жаңа сапа танытудың жарқын мысалы – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің эстетикалық құрылымы мен жанрлық жүйелеріне шешуші өзгерістер келді. Әсіресе қуатты қарқын таныта бастаған проза батыл түрде жаңа тәжірибелер жасай берді. Бұл ұлттық прозадағы көркемдік әдістердің күрделенуінен, жаңа әдеби ағымдардың орын тебуінен де айқындалады.

Әдебиеттің даму жолында тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар – ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салсақ, бірізділікті аңғару қиын. Бірнеше суреткерлер шығармашылығына тән әлеуметтік- идеялық, танымдық-эстетикалық ұқсас сипаттардан туындайтын аталмыш әдеби-теориялық категориялардың табиғатын тану бүгінгі таңға дейін қайшылықты пікірлерден арыла алған жоқ. Тіпті әлі күнге дейін «әдеби бағыт», «әдеби ағым», «әдеби топ», «әдеби мектеп» түсініктерін бір-бірінің орнына қолданып келе жатқанының куәсіміз. Әлемдік әдеби үдерістегі ортақ құбылыстар табиғатын тарихи-салыстырмалы тұрғыда қарастыру барысында зерттеушілерді үнемі тығырыққа тіреп отырған терминологиялық мәселелердің ішінде аталған ұғымдар ерекше көзге шалынады. Әсіресе «ағым» мен «бағыт» бір-бірінен толық ажыратылмаған күйінде, кей тұстарда бір-бірінің синонимі ретінде сипаттала береді. Сонымен бірге романтизм мен реализмнің бағыт ретіндегі мәні мен әдіс ретіндегі мағынасы да ала-құлалықтардан арыла алмай келеді. Осы кезеңге дейінгі әлемдік және ұлттық әдеби-теориялық білімдер жетістіктерін пайдалана отырып, аталған ұғымдардың өзіндік табиғатын анықтау, теориялық тұрғыдан нақты баға беру аса маңызды.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті өзіне дейінгі әдеби дәстүрлер негізінде жанрлық жағынан да, көркемдік жағынан да дамыған әдебиет болды. Оның даму сатылары шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлінеді: 1) ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет (1900-1920); 2) ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы әдебиет; 3) ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы әдебиет. 1937-1938 жылдардағы қанды қырғын (репрессия)қазақ әдебиетін қаусатып кеткені көпке аян. Алдыңғы буын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов қоғамдық-саяси өзгерістердің бағыт-бағдарымен келісе алмаған алмаған пікірлеріне орай жазықсыз жазаланды. Социалистік қоғам орнауына адамдық-азаматтық ниетімен үн қосқан С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ғ.Тоғжанов сынды кеңестік әдебиеттің көрнекті өкілдері сталиндік жеке басқа табынушылықтың құрбанына айналды. Осы жылдары қазақ әдебиетінің ең талантты, ең дарынды өкілдері әдеби шығармашылық еңбектен аластатылып, әдеби ортадан шеттетілді. Бұл әдеби үрдістің тежелуіне орасан зор әсер етті. Әдебиет, көбінесе шығармашылық еңбектен гөрі, үгіттік деңгейдегі ұраншыл кейіпке көшті. Қазақ әдебиетінің озық өкілдері тудырған шынайы көркем туындылар тарихтың ақтаңдағына айналып, оларды оқуға тыйым салынды. ХХ ғасырдың қырқыншы жылдарынан кейінгі қазақ әдебиетінің басты тақырыптарының бірі Отан қорғау болды. Көркемсөз шеберлері өз шығармаларында Отан қорғау жолындағы ерлікті жырлауды басты міндет санады. Қазақтың ақын, жазушылары кеңестік жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қаһармандық еңбек жетістіктерін жеріне жеткізе жазды деуге болады.
Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабидендер замана ұсынған мідеттерді атқарып шықты. Сондықтан да өз уақытына лайық қаһармандық тұлға, өз уақытының жемісі іспетті эпикалық туындылар – қазақ әдебиетінің тарихи миссиясы іспетті. Қазақ романының тарихындағы айрықша көңіл аударарлық басты бір ерекшелік ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы қазақ тарихи романдарының ерекше тездікпен дамығандығы. Ол прозалық шығармашылықта ең алдыңғы қатарға шықты. Халықтың өткен тарихы, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, қиын-қыстау заманда ел бастаған, ел намысын қорғар тұста қол бастаған азаматтар жайында білуге құмарлық тарихқа деген қызығушылықты оятты. Және де бұл ұлттық сана оянып, кеңестік қатаң режимнің тоңы жіби бастаған тұсы еді. Сөйтіп қазақ жазушылары дәстүрлі қазақ тарихына шығармашылық шабытпен қарап, тарихи тұлға-әдеби кейіпкер мәселесінің көркемдік шешімін табуға ұмтылды. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы кезеңдегі тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқының арғы-бергі тарихын кеңінен қамтып, көркем бейнелеуде С. Мұқанов, I. Есенберлин, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Ә. Әлімжанов, С. Жүнісов, Д. Әбілев, С. Сматаев, Ш. Мұртаза, Д. Досжанов, т.б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ойдың ауыр салмағын әдебиеттің көтеруі, оның руханият саласының көшбасшысына айналуы жоғарыдағы авторлар шығармашылығына тікелей байланысты. Сондай-ақ, аталмыш кезеңдегі кеңестік романдар дамуына қазақ әдебиетінің қосқан үлесі М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, Ә. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Р. Тоқтаров, т.б. қазақ қаламгерлерінің романдары арқылы таразыланары сөзсіз. «Белгілі бір дәуірлік шындықтан көркем шығарма туғызу үшін, бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару «тірі документтерді зерттеу» [3, 368 б.], – дейді академик 3.Қабдолов. Ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, халқымыздың тарихын тереңдей танытатын, ұлы тұлғалармен олар өмір сүрген ортаны елестететін тарихи туындылардың әдебиеттегі орны орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі биіктен бағалау қажет. Суреткердің терең қабілетін тану мен шығармашылық болмыс-бітімін анықтаудың, бағалаудың, жүйелеп зерттеудің дағдыға айналған, арнайы ізге түскен дәстүрі бар. Ол үшін сол кезең үлесіндегі, яғни авторды қоршаған орта мен уақыттың тыныс-тіршілігінен хабардар болып қана қоймай, өткеннің өнегесін ұғынып зерттеудің құндылығы зор болмақ. Жазушы көркемдік негіз болып табылатын өмір шындығымен шығармашылық үрдістің нәтижесі ретіндегі образдық әлемді адам, қоғам, табиғат үштігі арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын өзіндік мәдени құбылыс жасайды. «Әлеуметтік талдау жазушының өзі алып отырған объектісіне өмірлік-қоғамдық нақты шындыққа объективтік көзқарасынан, тарихи материалистік дүниетанымынан толық аңғарылады» [2, 15 б.]. Бұл арада тамыры тереңде жатқан тарихи зерттеулердің, сол уақыттағы нақты фактілердің, ауызша немесе жазбаша тарихи материалдардың да маңызын жоққа шығармау керек. Осындай бай материалдық үлгілерді пайдалана отырып жазылған тарихымыздың көркем шежіресі іспеттес тарихи романдарымыз – ерінбес еңбек пен жазушылық шеберлік бірлігінің жемісі. Халқымыздың өткендегі өмір белестерін, мақсат-мұраттарын көркем бейнелеуде қазақ әдебиеті тарихындағы жиырмасыншы ғасырдың 50-80 жылдарының алар орны ерекше. Осы кездердегі қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне әсер етті. Әрбір шығарма көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың өзара қақтығыстары мен психологиялық өзгерістерін ашуды көздейді. Тарихи романдар өз дәуірінің көркем шежіресі.
Ықылым замандардағы бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау болды. Елуінші-тоқсаныншы жылдары қазақ прозасында тарихтағы ірі тұлғалар мен өнер адамдары, сал-сері, әнші-сазгерлер өмірін арқау еткен шығармалар аз жазылған жоқ. Осы шығармалардың биік шыңында, қайнар бастауында атақты «Абай жолы» эпопеясын тудырған ұлы суреткер М. Әуезовтың өнегесі, қаламгерлік дәстүрі тұрды.ұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабидендер замана ұсынған мідеттерді атқарып шықты. Сондықтан да өз уақытына лайық қаһармандық тұлға, өз уақытының жемісі іспетті эпикалық туындылар – қазақ әдебиетінің тарихи миссиясы іспетті. Қазақ романының тарихындағы айрықша көңіл аударарлық басты бір ерекшелік ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы қазақ тарихи романдарының ерекше тездікпен дамығандығы. Ол прозалық шығармашылықта ең алдыңғы қатарға шықты. Халықтың өткен тарихы, ел болу дәстүрі, бостандық, азаттық идеяларының таралуы, қиын-қыстау заманда ел бастаған, ел намысын қорғар тұста қол бастаған азаматтар жайында білуге құмарлық тарихқа деген қызығушылықты оятты. Және де бұл ұлттық сана оянып, кеңестік қатаң режимнің тоңы жіби бастаған тұсы еді. Сөйтіп қазақ жазушылары дәстүрлі қазақ тарихына шығармашылық шабытпен қарап, тарихи тұлға-әдеби кейіпкер мәселесінің көркемдік шешімін табуға ұмтылды. Тарих үлгісін өз дәстүріне сүйене отырып дамытты. Осы кезеңдегі тарихи роман жанрының жедел өсіп, ондағы қазақ халқының арғы-бергі тарихын кеңінен қамтып, көркем бейнелеуде С. Мұқанов, I. Есенберлин, М. Мағауин, Ә. Кекілбаев, Ә. Әлімжанов, С. Жүнісов, Д. Әбілев, С. Сматаев, Ш. Мұртаза, Д. Досжанов, т.б. жазушылар белсенді еңбек етті. Қазақ тарихына жұрт назарын аударуда әдебиеттің жетекші рөл атқарып, қоғамдық ойдың ауыр салмағын әдебиеттің көтеруі, оның руханият саласының көшбасшысына айналуы жоғарыдағы авторлар шығармашылығына тікелей байланысты. Сондай-ақ, аталмыш кезеңдегі кеңестік романдар дамуына қазақ әдебиетінің қосқан үлесі М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, І. Есенберлин, Ә. Нұрпейісов, Т. Ахтанов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Р. Тоқтаров, т.б. қазақ қаламгерлерінің романдары арқылы таразыланары сөзсіз. «Белгілі бір дәуірлік шындықтан көркем шығарма туғызу үшін, бәрінен бұрын материал керек. Ал материал табудың суреткерлік тәсілі – сол дәуірдегі адам тағдырын қазу, қопару «тірі документтерді зерттеу» [3, 368 б.], – дейді академик 3.Қабдолов. Ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, халқымыздың тарихын тереңдей танытатын, ұлы тұлғалармен олар өмір сүрген ортаны елестететін тарихи туындылардың әдебиеттегі орны орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі биіктен бағалау қажет. Суреткердің терең қабілетін тану мен шығармашылық болмыс-бітімін анықтаудың, бағалаудың, жүйелеп зерттеудің дағдыға айналған, арнайы ізге түскен дәстүрі бар. Ол үшін сол кезең үлесіндегі, яғни авторды қоршаған орта мен уақыттың тыныс-тіршілігінен хабардар болып қана қоймай, өткеннің өнегесін ұғынып зерттеудің құндылығы зор болмақ.
Жазушы көркемдік негіз болып табылатын өмір шындығымен шығармашылық үрдістің нәтижесі ретіндегі образдық әлемді адам, қоғам, табиғат үштігі арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын өзіндік мәдени құбылыс жасайды. «Әлеуметтік талдау жазушының өзі алып отырған объектісіне өмірлік-қоғамдық нақты шындыққа объективтік көзқарасынан, тарихи материалистік дүниетанымынан толық аңғарылады» [2, 15 б.]. Бұл арада тамыры тереңде жатқан тарихи зерттеулердің, сол уақыттағы нақты фактілердің, ауызша немесе жазбаша тарихи материалдардың да маңызын жоққа шығармау керек. Осындай бай материалдық үлгілерді пайдалана отырып жазылған тарихымыздың көркем шежіресі іспеттес тарихи романдарымыз – ерінбес еңбек пен жазушылық шеберлік бірлігінің жемісі. Халқымыздың өткендегі өмір белестерін, мақсат-мұраттарын көркем бейнелеуде қазақ әдебиеті тарихындағы жиырмасыншы ғасырдың 50-80 жылдарының алар орны ерекше. Осы кездердегі қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне әсер етті. Әрбір шығарма көтерер тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың өзара қақтығыстары мен психологиялық өзгерістерін ашуды көздейді. Тарихи романдар өз дәуірінің көркем шежіресі. Ықылым замандардағы бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи романға берік арқау болды. Елуінші-тоқсаныншы жылдары қазақ прозасында тарихтағы ірі тұлғалар мен өнер адамдары, сал-сері, әнші-сазгерлер өмірін арқау еткен шығармалар аз жазылған жоқ. Осы шығармалардың биік шыңында, қайнар бастауында атақты «Абай жолы» эпопеясын тудырған ұлы суреткер М. Әуезовтың өнегесі, қаламгерлік дәстүрі тұрды.
Тарихты көркем әдебиетте бейнелеудің әлем әдебиетіндегі тамаша үлгілерін негізге алаған біздегі, яғни қазақ әдебиетіндегі бірегей шығарма деп ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романын айта аламыз. «Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, үлкен бір энциклопедиясы, тұтас бір дәуірді жан-жақты толық бейнелеп берген, мазмұн-мағынасы, көркемдік бітімі, сипат-ерекшелігі жағынан да үздік шығарма. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — әлемдік сөз өнеріне қосылған асыл мұра. Өзінің шығармашылық ғұмырының ширек ғасырын арнаған бұл ұлы туындысын жазушы көп ізденіс, терең зерттеу, ұзақ дайындықтан кейін жазды. Яғни М.Әуезов Абайға бүкіл ғұмырын арнады десе болғандай. Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаевтың сөзімен айтқанда, «жарты ғасырлық Қазақ өмірінің энциклопедиясын жасап шықты». Роман-эпопея Абай жайлы болғанымен, ғасырлық даму жолымен бірлікте алынып көрсетіледі. Кең құлашты суреткер Абайдың өсу жолы арқылы ұлтымыздың рухани өсу жолын көз алдымыздан өткізеді. Абайдың азамат, ақын, ел тұтқасы биігіне көтерілуі қоғамның дамуымен қатар өріледі. Төрт томдық эпопеяның әр тарауы Абай өмірінің әр кезеңін суреттейді. Жас Абай, ақын Абай, аға Абай, дана Абай – міне, Абай образы осылай күрделене түседі. «Әдебиетте халықтың тағдырын, елдік сипатын барынша айқын суреттеудің творчестволық ең өзекті жолы – өз бойына сол халқының ең жақсы, жарқын қасиеттерін мол сіңірген кесек те көркем, дара-дара образдар жасай алу». М.Әуезовтің шығармашылық мұрасы қазақ әдебиеті көлемінде ғана емес, әлемдік әдебиеттің дамуы арнасында сирек, дара құбылыс ретінде бағаланғаны белгілі. Әлемдік әдебиеттану ғылымында М.Әуезов шығармаларының бұлайша өте жоғары бағалануы, ең алдымен, оның жаңашыл сипатына байланысты. М.Әуезов жаңашылдығы тар ая, шектеулі шеңбердегі құбылыс емес, бергісі, шығыс халықтары әдебиеті, арғысы, әлемдік әдебиет көлеміндегі жаңашылдық. Ұлы суреткердің шығармашылық танымының мұншалық кең құлаштылығы мен қуаттылығы оның өзіне үлгі тұтқан дәстүрінің өміршеңдік қасиетімен сабақтас. Өз туған халқының және шығыс халықтарының ғасырлар бойғы көркемдік ойларын жаңа шығармашылық әдіс тұрғысынан жете саралап, әрі зерттеушілік, әрі суреткерлік зердемен игерген жазушы европалық әдебиеттің де озық білгірі болатын. Шығыс пен Батыс, Азия мен Европа әдебиеттерінің классикалық дәстүрінен үйрену, оны ұлттық және жалпы адамзаттық дүниетаным негізінде ойшылдықпен еркін меңгеру нәтижесінде ғана ол «Абай жолы» секілді әлемді таңғалдырған ұлы мұра қалдыра алды. Абай туралы роман жайында «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» деген баға бірінші рет 1949 жылы айтылды. Кейіннен айтылған ой сол бағаны кеңейтілген көлемде қайта тиянақтады: «...Бұл ерекше энциклопедия – халықтың рухани өмірінің, философиясының энциклопедиясы...», – деп жазады ғалым Г.И. Ломидзе. Энциклопедиялық эпопеяның бірінші кітабы бала Абай, жас Абайдың адамдық, адамгершілік, ақындық негізінің қалануын ашады. Ол – өскен орта, ұлттық тәрбие, өмірдің ащы-тұщысын көргенінен, көңіліне түйгендерінен қалыптасады. Елге билік жүргізуді жүзеге асыруда қатыгездік танытатын әке қаталдығын өз жүрегінен алыстатуы, әже мен ана мейірімінің шуағы, Тоғжан сезімінің бүкіл ғұмырына дәру болар тазалығы – бәрібәрі тоғыса келіп, Абайды, азамат, ақын ретінде қалыптасуға алып келеді. Екінші кітапта біз ақын Абайды, өз поэзиясымен адамгершілік рухын себуге арнаған азамат Абайды танимыз. Бұған айрықша әсер еткен өз халқын терең тануы және өзге жұртта бар озық үлгіден үйрене отырып, оны өнеге етіп шашуы. Үшінші, төртінші кітаптардан қоршаған ортаның келеңсіздігімен, адамдықты алға қойған ұлы мұратына кедергі келтірмек болған дұшпандарымен күрескен қайраткер, ақын, дана Абайды танимыз. Абай – дәуір тұлғасы, оның өмір жолы – дәуір айнасы. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақ қоғамының бүкіл тыныс-тіршілігі ұлы данышпанның өмірімен өзектес алып көрсетіледі. Оның танымы, терең ой-пікірі, ұлтын өрге сүйреген сана-сезімі, көңіл-күйі дәуір келбетімен ұштастырыла суреттеледі. Азамат Абай – ұлт даналығының, ақын Абай – ұлт рухының жемісі. Осының бәрін ірлікте алып, көркемдік келісімін тапқан Мұхтар Әуезов – мәңгілікке жалғасқан рухани биіктік өлшемі. «Сол себепті әрбір әдеби-көркем туынды- жазушының өмірді түйсіну-түсінуінің, талғап тануының образды нұсқасы» «Абай жолында» сан алуан образдардың бай галереясы жасалған. Қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген түрлі әлеуметтік топтардан шыққан типтік бейнелер мен түрлі характерлер бар мұнда. Романның басты кейіпкері, орталық тұлға – ұлы Абай. Абай өмір жолы күнделікті тіршілікпен, шектеліп қала алмайды. Ол жол – өсу, даму жолдары. Ойшыл ақынның ой-сана өрісінің өсу жолы. Ол жалаң ғана баяндалып қоймай, кейіпкердің жан дүниесіне, ішкі сезім иірімдеріне, мінез-құлық астарына бойлау арқылы ақынның көркем образы жасалады. Ақын болғандықтан да, романда Абайдың ішкі толғанысы, көңіл күйі, шабытты шақтағы тебіренісі кеңірек көрініс табады. Эпопея толық жазылып, баспадан шыққаннан кейінгі алғашқы сын еңбектердің бірінде «Абай жолы» секілді шығарманың қарыштап өсумен, жетілумен келе жатқан қазақ әдебиетінің өнімді топырағында туып, табиғи пайда болған жеміс» екендігі және осы құбылыстан кейін «әдебиетіміздің аңғарлы өріс алып, енді алдағы шұғылалы жаңа биіктерге меңзейтіндігі» көрсетілген еді. Абай танымы – өзгеше таным. Ол айналадағы қоғамдық өмірге, құбылмалы өмір құбылыстарына ақындық сезіммен қарайды, азаматтық көзбен таниды. Сондықтан да ол қашанда халықпен бірге. ұлтының бүкіл қайғы-мұңы мен қасіреті Абай жүрегіне батады. Ақынды толғантқан жай – халқын отаршылдық қасіретін құтқару жолы. Абайдың ұлылық тұлғасы осыдан бастау алады. Халықтың Абайға деген сүйіспеншілігі нақты көрсетіледі. Досы Ербол, қарт Дәркембай, өжет Базаралы – Абай қадір тұтқан халық өкілі. Олар Абай тұлғасымен әр қиырдан тоғысады. Ербол – Абайдың жастан өскен досы, ақылшысы, сырласы. «Мұңдасарға бұл қазақтан жан таппаған» Абайдың қарапайым халықтан тапқан данагөйі – Дәркембай. Бұлар Абайдың халқымен тығыз байланысының, халық қамқоры ретіндегі азаматтығының куәсі. Абайдың ел азаматына еткен ықпалы Базаралы сияқты батыр мінез азаматтарға еткен әсері арқылы анықталады. Дала көкжалы бойындағы, мінез-құлқындағы артық-кем тұсты жөнге салушы, ақыл-кеңес беруші Абай. Сол арқылы оның данагөйлік қыры ашыла түседі. Содан бері де біршама уақыт өтті. Ал М.Әуезов шығармалары кейінгі суреткерлерді сол «аңғарлы өріске, шұғылалы жаңа биіктерге» шақыратын тұғырында тиянақты орнықты. Ал қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың айтуынша, кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер еткен болса, Орта Азия көркемдік ойы мен ондағы халықтардың бар рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов те сондай әсер етті. Шығарманың көп бөлігінде Абайдың ақын болып қалыптасуы суреттеледі. Абай ақындығының өнеге алған қос арнасы – ұлттық сөз өнерінің, орыс, батыс әдебиетінің әсері терең ашылады. Романда Абайдың ақындығы мен сазгерлігі, азаматтығы мен күрескер қайраткерлігі біте қайнасып, біртұтас бүтіндік тапқан. Абай тұлғасының дем берер қуаты – ақындық, сенер үміті — халық. Ұлттық тарихтың көрнекті тұлғаларын, олар өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік ортаның қайшылықты, тартысты күрделі болмысын шығармашылық психологиясы көрігіне салып оқырмандарға ұсыну жауапты іс. Бұл орайда, әдебиеттанушы-ғалым А.Ісімақованың пікірі назар аударарлық: «Шығармашылық психологиясы (психология творчества) – суреткердің өмірді танудағы, мәдени қазынаны жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және жекелеген заңдылық процесі».
Сөз зергері Ғабит Мүсірепов таныған романда кездесетін өзге де образдар мен бейнелер өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді.Әр кейіпкердің қысқаша сипаттамасы былайша болып келеді: «Сүйіндік – жалтақ, Байдалы табанды, қырыс адам. Бөжей сыр бермес. Қаратай – жеңген топтың қасында. Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар – патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар. Зере – ел анасы, Ұлжан – соның жалғасы. Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай – сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ. Құнанбай – елдің ескі ойы болса, Абай елдің алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы». Бұлар дәл де нақты көркем бейнелер. «Образ шындығы ең алдымен оның бойына шығармаға автордың арқау етіп отырған объекті, уақыт ерекшелігіне сәйкес түрлі көркемдік тәсілдер арқылы ұлттық дәстүр әдет-ғұрып, наным-сенімдерді сіңіре білуіне тәуелді» [9, 15 б.]. Романдағы шебер жасалған аса күрделі образдың бірі – Құнанбай бейнесі. Ол – өмір танымы мол, дала саясатының әдісайласын терең меңгерген, билік тізгінін қолдан шығармау үшін нендей қатыгездікке болса да бара алатын, айлакер де қатал жан. Құнанбай тағдыр соққысын тайсалмай қарсы алатын батыл да батыр бейне. Заманының өтіп бара жатқанын жақсы біледі, біле тұра, ашына айқасқа шығады. Елді Құнанбайша билесін деп билікті Абайға ұстатпақ ниеті – Құнанбайдың әріден ойлайтын ақылды адам екендігінің белгісі. Құнанбай жолының жеңілуі – Абай жолының нұрлылығын танытады. Романда Құнанбайдың құлдырау, Абайдың өрлеу жолы толық ашылған. Мұны кезінде Ғ.Мүсірепов дәл басып тауып айтқан еді: «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деген әр бөлімнің аттарын бірбіріне жалғап, бір саты етсең, өрге шығып келе жатқан Абайдың жолы, сонымен бірге аяғынан басына қарай оқысаң, бұл жоғарыдан ылдилап келе жатқан Құнанбайдың жолы болып шығады. Сонда Абайдың жолы – «қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы – «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда болады. Бірі – көтерілу, бірі – түсу, төмендеу жолы, үшіншіден, бұл – Құнанбай тобының да, Абай тобының да жолы». Роман-эпопея – өз бойына роман жанрының барлық қасиетін үйлестірген өте көлемді шығарма. Мұнда психологиялық, әлеуметтік, философиялық, т.б. роман жанрының белгілері көрініс тапқан. Роман кейіпкерлері – көп қырлы. Мазмұны – кең көлемді. Ғалым Ж. Дәдебаевтың жазушының Абайдың өмірі мен өнері, заманы мен адамы, елі мен жері туралы мәліметтерді, деректерді іздеу, табу және тану бағытындағы еңбегін үш түрлі деңгейге сәйкес сипаттауға болады. Бірінші деңгей аясында қаламгер өзара байланыссыз жекелеген деректерді, мәліметтерді барын бардай жинап, жинақтайды. Екінші деңгейде қолда бар мәліметтерді, деректерді зерделеп, оларды іштей белгілі бір сипаттары бойынша даралай бастайды. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде бір тақырып бойынша мол мәліметтер жиналғанын, ал басқа бір тақырып бойынша жиналған мәліметтердің аздығын, толымсыздығын немесе мүлде жоқтығын анықтайды. Енді бір мәліметтердің бірі екіншісіне мазмұны жағынан қарама-қайшы келіп жатқанын аңғарады. Анықталған жайларға байланысты жазушы өзінің іздену жұмыстарының бағыты мен бағдарына, мақсатына тиісті өзгертулер, толықтырулар енгізіп, жиналған мәліметтерді дара, ерекше немесе ортақ, тектес белгілері бойынша қайта даралаған. Алғашқы деңгейді ж и н а қ т а у дер болсақ, екінші деңгей д а р а л а у деуге лайық. Үшінші деңгей – с а р а л а у деңгейі. Саралау үстінде жиналған, жинақталған, тиісті белгілері бойынша дараланған мәліметтер, деректер тұтас парықталып, олардың өзара қатынасы, өзара сабақтасу сырлары мен байланысу қырлары, бәріне ортақ мән мен мағына жүйесі анықталады. Романның тілі де аса бай. Дәуір тынысын нақты жеткізу мақсатында автор бай тілдік материалды қолданысқа енгізген. Ағып тұрған шешендік те, жоғары пафостағы өрт-жалын монолог та, ұстайтын жерін аңдып баққан сөз сайыс та мұнда жетерлік. Сонымен бірге М.Әуезовтың қаламына ғана тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу заңдылықтары да бар. «Құбылыстың мән-жайын авторлық баяндаудың өзі суретке, мінездеуге ұласып кетіп отыратындық шығармада жиі кездесетін ерекшелік. Құбылыстың кейде автордың сөзімен, кейде кейіпкердің көзімен суреттейтін тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне айналған. Шығарманың сөз кестесінің жалпы тұлғасынан бояудың кейде тым мол жағылғанын, оның өзі қайсыбір ретте сөздердің толық мағынасын тасаландырып тұратынын аңғарар едік. Бұны біз дарыны дәуірлеп, суреткерлік қуаты толысқан жазушының табиғи қадамы деп білеміз».
Әр кейіпкердің, әр топтың өзіндік сөйлеу мәнері, сөз саптасы ерекшеленіп-ақ тұрады. Құнанбай тобының сөзі – тақпақты шешендікке, өткір тартысқа бейім, сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі үлгідегі сөз. Ал Дәрмен, Мағауия, Кәкітай сынды жастардың жалынды лепке, жоғары мәдениетке толы сөйлеу мәнері өзгеше. Бұл – Абай мектебінен нәр алған тағылым жемісі. Романда адамның көңіл-күйімен астасқан табиғаттың естен кетпес керемет те әсем суреті молынан орын алған. Бұл жазушының суреткерлік шеберлігінің құдіретінен жаралған сұлу өрнектер. «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де үздік туындысы. Ол қашанда, қай кезеңде болсын классикалық шығарма болып қала береді. Онда Абай тұлғасы арқылы елін еркіндікке, бостандыққа ұмтылдырған күрескер бейнесі нақты айқындалған. Белгілі бір талғаммен тарихи туындылар тудыруда әдебиет тарихынан дәстүр жалғасуын көруге болады. Әр түрлі уақытты белгілейтін, жазылу мезгілдері өзгеше туындылардың үндестікпен жалғаса жазылуы ерекше құбылыс. Қазақ әдебиетіне тарихи тақырыпты игеруге өзгеше үлес қосқан жазушы – Сәбит Мұқанов. Ол жаңа заман тарихи романдарын туғызды. Оның XlX ғасыр басындағы қазақ даласындағы қоғамдық-саяси өзгерісті сипаттауға, қазақ тарихи-революциялық романдарының негізін қалаған алғашқы шығармасы, жазушы ретіндегі биік белесі – «Ботакөз» романы. Патшалық Россияның отары ретінде өмір сүріп жатқан Қазақ қоғамының қасіретті тұрмысы, қазан революциясына ұласқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс романда кеңінен көрініс тапқан. Роман композициялық құрылысы жағынан желілес үш үлкен бөлімді біріктірген. Бірінші бөлім «Тұңғиықта», екіншісі «Таң атарда», үшіншісі «Күн күлгенде» деп аталып, әрқайсысы дәуірдің ірі оқиғаларын бейнелейді. Роман кейіпкерлері – жаңа заманның көшіне ілесе білген Ботакөз, Асқар, Амантай, Кузнецов және заманы өткен бай болыстар мен орыс шенеуніктері – Итбай, Кошкин, Кулаковтар. Романда олар іс-әрекеттері, тартысы, күресі арқылы көрсетіледі.

отырып гуманистік идеяларды насихаттау дәстүрі ертеден қалыптасқан. Күн өткен сайын жаңаша қырларын аша түсетін, уақыт озған сайын басқа бір тұңғиық-тереңдеріне тарта беретін Шекспирдің трагедияларын айтсақ та жеткілікті. Жазушы өмірдің трагедиялық суретін жасай отырып, сол өмірге жеке адамның панасыздығы мен қорғансыздығын, жалғыздығын, тағдырының талайсыздығын меңзейді. Жалпы трагедиялық пафос – Д. Исабековтің бірнеше повестеріне ортақ қасиет. Оны профессор Р. Нұрғалиев те атап өтеді [2, 285].

Д. Исабековтің «Гауһар тастан» бастап кейінгі повестерінде көбінесе ізгілік, сұлулық, жақсылық зорлық-зомбылықтан жеңіліс тауып жатса да, автор үшін нақты қазір қол жеткізген табан асты жеңістен гөрі адам баласының рухани жеңісі қымбат – ол рух мықтылығын дәріптейді. Д. Исабеков кейіпкерлері басқалардан оқшауырақ қалса да, өз өмірінде өтіп жатқан оқиғаларға белсене араласады. Жазушы дағдыдан тыс ситуацияларды бейнелеуге шебер. Оқиғалары адам болмысы айқынырақ танылатын қалыпты ортадан тыс жерлерде өтіп жатады. Тосын іс-әрекеттер арқылы олардың болмысы ашылады.

«Қарғын» романындағы Жасын – тікелей жазушының осы бағыттағы ой-толғамдарын арқалаған кейіпкер. Шығармадағы авторлық «меннің» айрықша қызметіне тоқтала кеткен орынды. «Қарғын» романында қаһармандарының болмыс-бітімін, дүниетанымдық, мінездік табиғатын, психологиялық-эмоционалдық халін айқындау үшін диалогқа айрықша жүк артатын Д. Исабеков авторлық ремаркалар арқылы әңгімелесуші тұлғаларға өз көзқарасын андатып отырады. Шығармада Жасынның арғы болашақ өмірі белгісіз күйде қалған. Суреткер роман соңында оқиға шешімін оқырманның өз үлесіне қалдырады, әркім өз түйсігіне орай өрбітер кең желі тастайды. Д. Исабеков стиліне өз оқырманын болып жатқан оқиғаға бей-жай қалдырмай қатыстырып отыру тән. Д. Исабековтің «Қарғын» романында нақты реализм мен нәзік символика, рухани максимализм үйлесім тапқан.
ХХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ ұлты үшін ұлттық ой-сана оянуының жаңа кезеңі, әдебиет үшін рухани жаңару мен түлеудің, сол кезең жазушылары үшін азатшыл ойды, тәуелсіздік идеяны асқақтату дәуірі болды. Қазақ қоғамының жаңа тарихи кезеңге қадам басқан сәтіндегі өмір шындығын кемел көркемдікпен суреттеп, шынайы шындықпен бейнелей білген әдебиет күрделі де қызықты болғаны даусыз. Ол қазақ әдебиетінің жаңа асқарға көтерілуінің алтын көпіріне айналды

Әдебиеттер:

1 Бөпежанова Ә. Дүние – имани құбылыс. – Алматы: Өлке, 2001. –160 б.
2 Нұрғалиев Р. Арқау. – Алматы: Жазушы, 1991. – 2 т. – 576 б.

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет