Тексерген: ф.ғ. д Сағындықұлы Б. Тақырыбы: Етістіктің есімше және көсемше категориялары


 Етісітіктердің көсемше категориясы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата08.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#195710
1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ 4 Нұрғали М
техносфераны, композитты материал
 
2.1 Етісітіктердің көсемше категориясы 
Көне түркі тілдерімен салыстырғанда, қазіргі түркі тілдерінде көсемше саны 
аз. Олардың кейбірі тілде сақталмай қалған, бір-сараны ғана жеке сөздер 
құрамына ілесіп кетіп, «өлі» элементтер түрінде ұшырасып жатады.
Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V-VIII 
ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды > 


қатды > қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық 
мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін 
сияқты шылаулар құрамында да бір кезде (V-VIII ғ.)қолданылған -ы, -и 
көсемше форманттарының ізін байқауға болады.
V-VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары 
кездеседі: 
1.
 
-а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты: 
сақынматы, қатығды. 
 
2.
 
-п, -пан, -пен: олурыпан.
 
 
Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістерге ұшыраған осы тұлғалар, 
және олардан басқа -ғач, -геч, -мадын, -мазын, -майын сияқты тұлғалары 
ұшырасады. Алтын ОРда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары молынан 
ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштерінде баяндауышы қызметінде, 
сондай-ақ әр түрі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында 
қолданылған. Көрсетіліп отырған көсемшелер форманттарын шақтық мән 
білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -и, -ү, -ыт), өткен шақ 
көсемшелері (-п, -пан) және мақсат көсемшелері (-ғалы) деп топтастыруға 
болады . 
В.Томсен Орхон жазбаларын зерттеп, бір-бірінен аздаған мағыналық 
мәнерлер арқылы ажыратылатын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы 
тұлғасы Х-ХІІІ ғасырларда ғана сақталған өлі тұлға болған.
-а, -е тұлғаларының арғы түбін А.М.Щербак қимыл есімі, бұл тұлғаның 
үстіне орта ғасыр жазбаларында -рақ жұрнағы жалғанып қолданылуы 
олардың көп мағына беруінің дәлелі деп келтіреді.
-п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық 
тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -п тұлғасын А.Н.Кононов көне бол етістігінің -й/-
а, -и/-е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте этникалық қолданылуынан 
қалыптасқан деп қарайды.
Жоғарыда аталып өткен мақсат көсемше -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде 
екі түрлі мәнде – мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. 
Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сақталып қалған. -ғалы 
қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі 
тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал.


Қазақ тілінде орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -мадын, -
майын тұлғалар сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма – етістіктің 
болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йын, -йин 
көсемшелері екені айқын көрінеді. Ескерткіштер тілінде бұл аффикстер іс-
қимылдың істелу әдісін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет