Тексерген: Жампеисов Д. А


Акционерлік қоғамның акциялары



бет5/8
Дата25.11.2022
өлшемі66,28 Kb.
#159768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРОП ҚҰҚЫҚ.
JasOtanAlgyrjary
5.Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция — бұл бағалы қағаз. Өз ұстаушысының (акционерлердің) акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қагаз акция деп аталады.
Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар. Атаулы бағалы қағаз дегеніміз — бұл өзі куәландырылған құықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың артықшылық берілген акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Акцияның бір түрі оған не болатын әрбір акционерге осындай акция түрлерінің басқа иелерімен бірдей көлемде береді. Заңда көзделген жағдайларда:

  • қоғамның акциялармен мәмілелер жасауға;

  • қоғамның жарғада көзделуге тиісті акцияларының бір акционерге тиесілі ең аз санына және қоғамның бір акционеріне берілетін акциялар бойынша ең аз дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.

Акционерлік қоғам — жай акциялар, немесе жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. Құжаттсыз бағалы қағаздар дегеніміз — бұл құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар. Жай акция акционерге дауыс беруге енгізілген барлық меселелерді шешкен кезде дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын және қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер алу құқығын береді.
Акционерлер — артықшылық берілген акцияларды иеленушіле) акционерлердің қоғамның жарғысында белгіленгендей күні бұрынайқындалған кепілдік мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таралылғаннан кейін заңда белгіленген тәртіппен қалған мүліктің бір бөлігін алуға жар акцияларды иеленуші акционерлер алдында айрықша құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының жалпы саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынана аспауға тиіс. Артықшылықты акциялардың меншік иелері — акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп алдын-ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидентер алуға және қоғам таратылған кезде Акционерлік қоғам туралы заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді. Бұл ережеден бірнеше өзгешелік бар. Егер:

  • қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса. Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданады деп есептеледі;

  • қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;

  • артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе, артықтышылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

Кұрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын «алтын акция» енгізілуі мүмкін. «Алтын акция» иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою кұқығы болады. «Алтын акиця1» куәландырылған вето кок: құқығын берілмеуге тиіс.
Қоғам шығарылған жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу үшін оның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап бір ай ішінде құжаттар ұсынуға міндетті. Егер қоғамның жарғысында осы мәселе акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылмаса, қоғамның акцияларын оның жариялаған акциялары саны шегінде орналастыру туралы шешімді қоғамның директорлары кеңесі қабылдайды. Акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган белгілейді.
Қоғам акциялардың шығарылуын мемлееттік тіркегеннен кейін өз акцияларын орналастыруға құқылы. Акцияларды орналастыру аукциондар, жазылым және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгеннен басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Халықтың акционерлік қоғам өзінің акцияларын жазылым арқылы таратуға құқылы емес. Қоғамнын жазылым арқылы орналастырылатын акциялары қоғамның директорлар кеңесі белгіленген орналастыруға бағасы бойынша сатылады, осыған орай акцияларды орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде акцияларды сатып алушы адамдар үшін бірыңғай болуы тиіс.
Акционерлік заңдар акциялармен мәмілелер жасау туралы ережелерді тұжырымдауда және басқа да бір қатар жағдайларда әр түрлі тұлғалардың өзара байланыстылығын білдіретін терминді пайдаланады. Қоғамның аффилиирленген (қосылма) тұлғасы — шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішіеде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттіктер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) содац-ақ өзіне қатысты акционерік қоғамның осындай құқығы бар кез-келген тұлға.
Жеке өзі немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге бағалы қағаздардың қайталама рыногынан қоғамның дауыс беретін акцияларның отыз және оданда көп пайызын сатып алу ниеті бар адам бұл жөні қоғамды және бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалау жүргізетін мемлекетін органға хабарлауға міндетті.
Әлде бір тулғаның (немесе өзара байланысты тұлғалар тобының) қоғам акцияларының отыз және одан да көп пайызын сатып алуы белгілі бір дәрежеде қалған акционерлерідің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан оларды қорғау мақсатында заң шығарушылар акционерлердің өз акцияларын отыз және одан да көп пайызын сатып алушыларға сату және тиісінше сатып алушының онымен бірге бизнес жүргізуді жалғастыруды қаламайтындардың барлығының акцияларын сатыа лауға құқығын көзден. Бағалы қағаз қайталамау рыногынан қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп пайызын сатып алған тұлға онысатып алудан кейінегі отыз күн ішінде қалған акционерлерге қолындағы акцияларын сату жөніндегі ұсынысты баспасөз басылымында жариялауға міндетті. Акционер өзіне тиесілі акцияларды оларды сату жөніндегі ұсынысты ол жариялаған кезден бастап отыз күн ішінде қабылдауға құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет