Тексерген: Сыдықова. А. С



Дата10.10.2019
өлшемі68,18 Kb.
№35 жалпы орта мектебі

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Елбасы елімнің тірегі

Тексерген:Сыдықова.А.С

Өткізген:Бозақова.Д.Н

2018-2019 оқу жылы

Елбасы-елімнің тірегі

Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: Үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер, слайд
Барысы:
1. Ұйымдастыру. Ұлтымыздың амандасу салтын көрсету
2. Психологиялық жағдаят. «От шашу»
3. Мұғалім сөзі: Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман талас - тартыспен тәуелсіздікке ұмтылды. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
- Балалар енді сұрақтарға жауап берсеңдер.
- Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)
- ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)
- Астана туралы не білесіңдер? (Астана еліміздің астанасы.Әрі әдемі,әрі жас қала)
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Мұғалім: Астана Қазақстанның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан республиканың басшы орындары Президент кеңесі, Қазақстанның үкіметі және Парламент көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылды. Енді балалар еліміздің жүрегі Астана қаласына саяхат жасаймыз.

Видеоролик «Астана – жас қала»
Мұғалім: «Халық қаласа хан түйесін сояды» дегендей Елбасы мәртебесін бекіту шын мәнінде дұрыс болды. Халықтың жүрегінен шыққан бұл шешімді мен ұлт болып ұйысуымыздың, жұрт болып жұмылуымыздың, ілгерілеуіміздің, ел ретінде жаңа деңгейге көтерілуіміздің көрінісі деп қабылдадым. Елбасы туған халқын, сайын даласын жанындай сүйетін кісі. Мұнысын сөзімен де, ісімен де, жүрегін жарып шыққан әндерімен де, өлеңдерімен де дәлелдеп келді.
«Жан шуағы» атты шағын жыр жинағында Елбасы ең ыстық сезімдерін, перзенттік тілегін туған жеріне, халқына арнайды.

Енді балалар Елбасымызға арналған тақпақтарымызды айтайық

1.Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

2.Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

3.Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

4.Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!

5.Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

6.Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

7.Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

8.Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

9.Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

10.Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

11.Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

12.Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.
1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.

Хор: «Атамекен»

Қорытынды:


 Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет