Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
3.2 Қаңқалы пресс сүзгі 
(сурет 4) қысыммен жұмыс істейтін мерзімді жұмыс 
істейтін сүзгілерге жатады.
Сүзгі арасында сүзгі мата плиталар мен рамалар кезектесіп бекітілген 
жиынтық болып табылады (сурет. 5). Плиталарда сүзгіш матаның плиталарға 
жабысуын болдырмайтын және сүзгіштен ылғалдың ағуын қамтамасыз ететіндей 
беттері тік кедір-бұдырлы (рифленный) болады. 
Пресс-сүзгінің іші бос қуыс қаңқасы шөгуге арналған камераны құра отырып, 
екі плитаның арасында орналастырылады. Плиталар мен қаңқалардағы тесіктер 
суспензия, сүзінді (фильтрат) және жуу сұйықтығының өтуі үшін арналарды құрады. 
Плиталар мен қаңқалар арасында сүзгі қалқалар қысылады. Плиталар мен 
қаңқаларды қысып бекіту бұрандамен немесе гидравликалық қысқыштар арқылы 
жүргізіледі. Тұнбаны шығарып тазалау үшін қысқышты босатып, плиталар мен 
қаңқаларды жылжытады. 
Пресс-сүзгілердің артықшылықтарына сүзу бетінің үлкен ауданы, жоғары 
қысымда (1,5 МПа дейін) процесті жүргізу мүмкіндігі, конструкциясының 
қарапайымдылығы, қозғалатын бөліктердің болмауы, жекелеген жарамсыз тозған 
плиталардың жұмыс арналарын жабумен ажырату мүмкіндігі жатады. Плунжерлік 
сорғының көмегімен пресс-сүзгіге суспензияны беру тұрақты жылдамдық кезінде 
сүзуді орындауға мүмкіндік береді, бұл ретте қысым (қозғаушы күш) артады. 
Кемшіліктері қолмен қызмет көрсету, қаңқалардың шөгіндімен тез толуынан қою 
суспензияларды сүзу мүмкін еместігі болып табылады. 
Пресс-сүзгілер әдетте құрамында қатты фазалар құрамы көп емес 
суспензияларды тазалау үшін қолданылады, бұл үшін ұсақ кеуектері бар сүзгіш 
Сурет 3 – Жабық НУТЧ-сүзгі: 1 – тұрық; 2 
– тірек торы; 3 – сүзгі мата; 4 – тұнба; 5 
– тұнбаны шығаруға арналған люк
Сурет 4 – Қаңқалы пресс-сүзгі 


матаны пайдаланады. Мұндай сүзгі қалқасының гидравликалық кедергісі өте 
үлкендігіне, қарамастан, қозғаушы күш мен сүзу беті ауданы үлкен болғандықтан 
бұндай сүзгі өнімділігі жоғары болады. 
Сурет 5 – Пресс-сүзгінің жұмыс істеу 
принципі: 1 – плиталар; 2 – қаңқалар; 3 – 
сүзу қалқалары 
Сурет 6 – Таспалы вакуум-сүзгіні схемасы: 
1 – вакуум-камерлар; 2 – перфорированная лента; 3 
– натяжной барабан; 4 – лоток для подачи 
суспензии; 5 – фильтровальная ткань; 6 – 
натяжной ролик; 7 – валик для перегиба ленты; 8 – 
приводной барабан; 9 – форсунки промывной 
жидкости 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет