Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К. Қай білеушенің температурасы жоғары?



Дата12.11.2019
өлшемі217,78 Kb.
#51648
Байланысты:
ТЖБ

ТЖБ-1, 8-сынып. 1 нұсқа

  1. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К. Қай білеушенің температурасы жоғары?

  2. Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы қандай?

  3. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?

  4. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы қандай болады (әлі мұз ба?)





  1. Мына графикте қалайыны қыздыру процессі көрсетілген. А) AB, BC, CD бөліктерін сипаттаңыз. Б) АВ бөлігінде дене қандай жылуды қабылдады. ()



  1. 100г эфирді буландыру арқылы қандай мөлшердегі суды 273К температурадағы мұзға айналдыруға болады? Судың және эфирдің бастапқы температуралары 293К. Жылу алмасу тек су мен эфир арасында жүреді. (эфирдің меншікті булану жылуы , эфир қайнау температурасына жеткен)

ТЖБ-1, 8-сынып. 2-нұсқа.

  1. Темір білеушенің температурасы 45ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 318К. Қай білеушенің температурасы жоғары?

  2. Массасы 5кг зат 12ºC-қа суыну кезінде 2820 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы

  3. Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек?

  4. Массасы m денеге қандай да бір жылу мөлшерін бергенде оның агрегаттық күйі өзгерген жоқ. Осы жағдайда денеге берілген жылу мөлшерін қандай формуламен есептейді?



  1. Суретте келтірілген график бойынша массасы 2кг мұзды суға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет екенін есептеңдер.



  1. Массасы 100г темір калориметр ішінде температурасы 15ºC, массасы 500г су бар.Калориметр ішіне жалпы массасы 150г болатын, 100ºC температурадағы қорғасын мен алюминий салады. Осының нәтижесінде судың температурасы 17ºC-қа дейін көтерілсе, онда қорғасынның мөлшері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет