Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет45/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
8 кл СОР 1 вариант (1), СРО1 Русский copy, Қабылдау және қарым қатынас
Қорытынды
Сыртқы сауданың өсуі, транспорттық құраушыны қайта бағалауды және жақын перспективада жұмыс істейтін стандартты тәсілдемені талап етеді, бірақ орта мерзімді жоспарда оның қарастыруын талап етеді. Сондықтан Қазақстанның маңызды міндеті Еуропа мен Азия арасында нақты транзиттік көпір ретінде өзінің географиялық жағдайын тиімді пайдалану мақсатымен осы жүзжылдықта тауар қаржы ағымында өзінің орнын табу. Тасымалдаудың өсуі өндірістік, региондарда халықтың жұмысбастылығының өсуіне әкеледі, солай болғандықтан тасу көлемдерінің бірден төмендеуі темір жол көлігі саласының қозғалмалы составын техникалық жағдайын жақсарту мен сақтауға және кадрларды дайындау мен қайта дайындауға қаражаттардан айырылды.

Қазіргі жағдайда мемлекетке келесіге негіздейтіе темір көлігі саясатын өзінің қол астына алу қажет:



  • түрлі иеліктегі темір жолдың барлық түрлері мен категорияларды алатын темір жолдарды реттеудің бір жүйеге келуі;

  • оның экономикалық мағынасында темір жолдың әлеуметтік ролі артықшылығын мойындауда;

  • басқа салалар қарқынымен салыстыру бойынша (озып келе жатқан) темір жолдың дамуын қамтамасыз етуге.

Құрылымдық қайта құрумен темір жол көлігі саласында тарифтік және салықтық саясатты жаңартуда негізгі көлемді республика территориясы арқылы өтетін және олар республиканың ішкі тұтынуын қанағаттандыруға қызмет ететін, жаңа транспорттық каридорлардың дамуына назар аудару керек.

Тасымалдауды арзандатуға бағытталған транспорттық мәселелердің шешілімінсіз, темір жол жүйесінің сапасы мен сенімдігін көтеруге экономика сферасында интеграциялық мәселелерді шешу мүмкін емес. Қазақстанға тек қана әртүрлі тасымалдау қызметін қауыпсіздендіру емес, жалпылама ел экономикасын көтеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, терең зерттелген темір жол көлігі кешенін дамытуға мемлекеттік орта мерзімді бағдарлама (инвестициялаумен қамтамасыз ететін) қажет.

Республиканың транзитті потенциялын жүзеге асыру тиімділігі үшін негізгі қауіп, өзінің территориясына транзиттік ағымдарды тарту бойынша шектес мемлекеттердің белсенді саясаты. Егер Қазақстанда темір жол көлігі объектілері салықтық түсімдердің көзі ретінде қарастырыла берсе, бұл объектілер салынады, бірақ көрші елдерде. Солай етіп, Қазақстанның темір жол көлігі өзін дамыту үшін негізгі қорды жоғалтады, ал республиканың өзі экономикалық коллапсқа ұшырайды. Нарықтық бәсекелестіктің негізінде теміржол көлігінің қамтамасыз ету (қосалқы-көмекші) қызметі одан әрі дамиды. Саланың жеке мүліктің негізінде құрылған кәсіпорындар, бөтен ұйымдар көрсететін қызметтердің көлемі артады.Қазақстан темір жолдарының желісі толығымен тұйықталады. Көлік коридорлары қажетті жүк ағындарын, соның ішінде транзиттік жүк ағындарын өткізе алады. Республика аумағында жүк және жолаушылар тасымалдары бір пунктен екінші пунктке дейінгі ең қысқа маршрут бойынша жүзеге асырылады.

Биыл 2004 жылы Қазақстан темір жолы саласына 100 жыл толу мерекесі аталып өтілмек. Темір жолдың бір ғасырлық мерейтойы еліміз үшін, барлық теміржолшылар үшін үлкен мейрам болары рас. Биылғы атқарар жұмыстардың да негізі де осы мерекені лайықты қарсы алу бағыттында болмақ. Сондықтан биылғы жыл - барлығымыз үшін тарихи жыл болып қалары анық.

Көзделіп отырған жолаушылар вагон паркін жаңарту сервистің және жолаушылардың жол жүру жайлылығының деңгейін айтарлықтай көтереді. Жылжымалы құрам паркі мен темір жол инфрақұрылымының элементтері айтарлықтай жаңартылды. Жалпы республикалық мүдде түрғысынан меншікті көлік шығаруды ұйымдастыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызады, өнеркәсіп өндірісі деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді, мемлекеттік бюджетке салық түріндегі салымдардың түсуін арттырады.

Мұның өзінде саланың корпоративтік мүддесі өзіміздің арзан қара металлургия өнімін қолдану кедендік және көлік шығындарын қысқарту есебінен түтынатын өнімнің (қызметтің) бағасын төмендетуден тұрады.

Сөйтіп, елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың басынан бастап - ақ Қазақстанның көлік коммуникация кешені өз дамуында қуатты қарқын алды. Қазірдің өзінде белгіленген жоспарларды іске асыруда қло жеткізілген табыстар таңдап алынған жолдың сенімділігін дәлелдейді. Ол «Қазақстан -2030» сратегиясында ел Президенті белгілеген басты мақсатқа – күшті әрі өсіп өркендеген Қазақстанды құру жөніндегі жұмыстарды инфрақұрылым салаларының еңбек ұжымдарына күш пен сенімділік береді.

Темір жол саласы қаншалықты ауқымды болғанмен, оның соншалықты қиындықтары да бар екенін ескерген дұрыс. Осындай үлкен күрделі мәселелерге ұлкен жауапкершілікпен қарап, істің оң өзгерістері мен атқарылуына көңіл бөлінуі керек. Кең байтақ жеріміздің асты үсті пайдалы қазбалармен мол қазынаға толы болғандықтан экономикамыздың өркендеп, қанат жая берері ақиқат. Осы байлығымызды игеріп, өндіріп, өнімін игілікке пайдалану жолында темір жол саласы үлкен рол атқаруда, атқара да бермек. Маңызды бағыттағы мағыналы қызметіміз жалғасын таба береді демекпін.

Қорытындылай айтқанда, еліміздегі ең ауқымды шаруашылықтарының қатарынан саналатын, экономиканың күре тамыры деген атауға ие болған «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ тың болашағынан күтер үміт үлкен. Оның уақыт туындатқан қиыншылықтарды жеңіп, тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы жолында абыройлы қызмет ете беретініне біздің де сеніміміз мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет